kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?рпа??а ?шпестей із ?алдыр?ан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы: « ?рпа??а ?шпестей із ?алдыр?ан »

Ма?саты: Елі ?шін пида еткен ерлерге та?зым, ?шпес ерлігіне бас ию.

К?рнекілігі: ?лы Же?іс к?ніне орай стенд жасау. Шарлар, г?лдермен безендіру. Со?ыс?а ?атыс?ан ардагерлерді? фотоларынан стенді жасау.

1-ж?ргізуші: ??тты?тау с?з беріледі.

??рметті ?она?тар, аяулы ?желер, ?стаздар,ата-аналар

Бірге: Сіздерді ?лы Же?істі? 70-жылды? мерекесімен ??тты?таймыз.                                                                              

Б?дан 70-жыл б?рын

2-ж?ргізуші: Д?ние ж?зі тарихында е? с?рапыл, е? з?лымат ?ант?гіс ая?тал?ан жыл.

Б?дан 70-жыл б?рын

1-ж?ргізуші:Еліне, жерінеоралмай жат жерді? топыра?ы б?йыр?ан ерлерді біз ?лде?ашан ??метпен еске аламыз.

(Еске алу орындарынан т?рып)

Фариза о?иды

70-жыл бейбіт к?ктем та?ы ат?алы,

70-жыл шуа?ты к?н таратты ?нін.

Есімде содан бері 70-рет

Ашылды же?іс к?нні? шуа?тары

70-жыл?зілмеді ??стар ?ні

Кетті енді с?м со?ысты? ?ыспа? ?ні

70-жыл жауымызды? ажал о?ы

Бізді? ел ?стіменен ?шпа?алы

Талай ??с содан бері ?айта оралды

Талай ба? ?леміне ?айта оранды

Со?ыста ?лгендер тек оралмайды

Келер ?рпа? олар жайлы ?н айтады

1-ж?ргізуші:

Са?атты? дыбысы естіліп т?рады. Ты?да?ыздар, Ты?да?ыздар. С?йлеп т?р?ан Москва. 1945жылы 8-мамырда Фашистік Германияны? жо?ар?ы командованиесі же?ілгенін мойындап, актіге ?ол ?ойды. 9-мамыр Же?іс к?ні.

К?рініс: Же?істі? орнауы туралы со?ыстан ?айтып келе жат?ан солдаттар к?рінісі.

?н: «Со?ыстан ?айт?ан солдаттар»

1-2 ж?ргізуші: Осы кішігірім ауылды? ?зінен ?аншама азаматтар со?ыс?а аттанып оралмады, ?аншама ша?ыра??а ?ай?ы-?асірет орнады. Бізді? ба?ытты б?гінгі ?міріміз ?шін ?з ?мірлерін ?и?ан ауылдастарымыз. А.Сапаров, Ж.Елеусинов, А.Рыс?алиев, М.Ербузов, ?.Бай?алиев, ?.Сырымов, Т.?айдалиев, А.Мырза?алиев

Та?па? о?ылады:

« Сен ??рметте оны !»

« Сол бір кез »

« Мен со?ысты жек к?ремін»

Би: «?аза? биі»

?н: «?аза? жастары»

?н: «К?ктуды? желбірегені»

Барлы?ы бірге ?атысушылар ?олдарына шар, жалауша ?стап ?н айтып ая?тайды.

?н: «?р?ашан к?н с?нбесін»

2-ж?ргізуші:

Ардагер а?алар ?ткендерді,

?мір ?шін ?ртеніп кеткендерді.

Ал б?гін ма?тан етер ?рпа?тары,

Же?іс алып жеткендерді.

1-ж?ргізуші:

Аталар саптан шы?пасын,

Аналар ?аба? шытпасын.

Ба?ыт?а жетеп бар адам,

С?билер тыныш ?йы?тасын.

2-ж?ргізуші: ?лы Же?істі? 70-жылды?ына арнал?ан «?рпа??а ?шпестей із ?алдыр?ан » атты ?деби-сазды музыкалы? кешімізді ая?таймыз.

Со?ы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?рпа??а ?шпестей із ?алдыр?ан»

Тақырыбы: « Ұрпаққа өшпестей із қалдырған »

Мақсаты: Елі үшін пида еткен ерлерге тағзым, өшпес ерлігіне бас ию.

Көрнекілігі: Ұлы Жеңіс күніне орай стенд жасау. Шарлар, гүлдермен безендіру. Соғысқа қатысқан ардагерлердің фотоларынан стенді жасау.

1-жүргізуші: Құттықтау сөз беріледі.

Құрметті қонақтар, аяулы әжелер, ұстаздар,ата-аналар

Бірге: Сіздерді Ұлы Жеңістің 70-жылдық мерекесімен құттықтаймыз.

Бұдан 70-жыл бұрын

2-жүргізуші: Дүние жүзі тарихында ең сұрапыл, ең зұлымат қантөгіс аяқталған жыл.

Бұдан 70-жыл бұрын

1-жүргізуші:Еліне, жерінеоралмай жат жердің топырағы бұйырған ерлерді біз әлдеқашан құметпен еске аламыз.

(Еске алу орындарынан тұрып)

Фариза оқиды

70-жыл бейбіт көктем таңы атқалы,

70-жыл шуақты күн таратты әнін.

Есімде содан бері 70-рет

Ашылды жеңіс күннің шуақтары

70-жылүзілмеді құстар әні

Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні

70-жыл жауымыздың ажал оғы

Біздің ел үстіменен ұшпағалы

Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлеміне қайта оранды

Соғыста өлгендер тек оралмайды

Келер ұрпақ олар жайлы ән айтады

Көрініс: Бейбіт өмір, алаңда жастар, кішкене балалар асық ойнап жүреді, әжелер диірмен тартып отырады, бидай ұшырып жатады, ауылдың тыныс тіршілігінен көрініс беріліеді. Осы кезде бір бала ауылға атпен келеді. Соғыс. Соғыс, естідіңдерме. Үлкендер жағы не дейді, шулай бастайды. Радиодан тыңдаңыздар,тыңдаңыздар. Кеше ұлан байтақ жерімізге неміс фашистері тұтқиылдан басып кірді. Олар бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ. Отанымызды жау қапыда басып кірді. Біз жеңеміз, фашистерге өлім. Отан үшін, жер үшін барлық ер азаматтар Отан қорғауға қолымызға қару алып аттанайық. Бір келін ыдысын түсіріп алады, бетін басып жылайды. Кішкене бала үрейлі. Әже, әже, соғыс,соғыс. Әжесі немересін құшақтап жылайды. Бір бала келеді аға, сізді ауылдық кеңеске шақырып жатыр. Қолындағы қағазын береді. Тез жиналсын деп жатыр. Әжесі бұл не қылған қағаз балам. Жігіт әскери комиссириатқа шақырту қағазы. (Жан-жақтан жігіттер жинала бастайды) Ата Уа халақым! Күн туады сенің басыңа, Жау кірді сенің жеріңе. Сұм фашистен қорғауға, Аттан халқым,аттан майданға. Бір қыз бала ортаға шығып тақпақ оқиды Айгерім Ағалар Жүрегімде жаңа әнім бар. Кетпесін тұншықтырып оны ағындар, Адамдар қалыпты өмір сүру үшін. Ауылға аман-есен оралыңдар, Бір жауынгер тапқпақ оқиды Біздерді сағынғанда еске алыңдар, Біздің де жүректе үміт, баста мұң бар. Арнаймын жеңісімді өздеріңе, Қара көз қарындастар. Қош болыңдар. Көрініс: Ана мен бала Ана Сен кетсең, Солды гүлім, өшті гүлім. Жайылар қос қолым, қос бұрымым. Келгенше қайта айналып, Кім бар, кім жоқ, Тапсырдым бір құдайға, Қош, құлыным. Баласы: Қайтармын, соғыстан қол босағасын. Сенемін, сен үмітпен тоса аласың, Майданға кіргеннен соң, Анашым хат жазамын бір өзіңе Қош болып тұр, қош анашым. Коммисар:

Жігіттер сапқа тұрыңдар. Ән « Свещенная война» әуені жаймен естіліп, көтеріліп барып тынады. Жауынгерлер саппен сахнадан шығып кетеді.

1-жүргізуші:

Қиылды қанаты тәтті арманның,

Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.

Әлемде ең сұмдық күн ана үшін,

Майданға азаматтар аттанған күн.

2-жүргізуші:

Аналар уайымдаса, уайымдасын.

Сұм соғыс кімге бақыт дайындасын.

Қайғыдан қара таулар қап-қара боп,

Жеткізеді жерге дейін қайың басын.

Қ-сы

О,аналар осындайсың бәріңде, осындайсың жасыңдағы кәріңде,

Бұл өмірде, болса егер құдірет, сыйынар ем ана деген тәңірге.

1-жүргізуші:

Отан Ана еліміздің азаматтарының қолына қару, бойларына қуат беріп, майданға осылай шығарып салды.

1-оқушы Саят

Солдаттың көкірегі толы арманы,

Оқжаңбыр астында жоғалмады.

Отан мен анасы үшін,

Аға деді.

Амал не,

Көпшілігі оралмады.

2-оқушы Ажар

Қанымен қорғап қалған халқын олар,

Мәңгі өмір кешіп кетті бәлкім олар,

Ерлік жайлы ұмытып бара жатсаң,

Панфиловшілер паркіне бар.

Көрініс: 28 панфиловшылардың ерлігін көрсету.

Оқтың зуылдағандаусы естіліп, гранатталар жарылған дыбыстар естіліп тұрады.

Ключков: Біздің артмллериямыздың снарядтары азайып қалғандай. Айқайлап айтады. Жігіттер: граната дайындаңдар әрбіреуіне екеуден.

Жауынгер: Дәл солай саяси жетекші

Жауынгер: Жолдас саяси жетекші, сіз жаралысыз ба? Медпунктке барыңыз.

  • Ия, мына жерімді бірдеңе күйдіріп барады, ештеңе етпес, жазылады ғой.

  • Россия кең байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ.

  • Артымызда Москва! Қолына граната алып алға, деп ұмтылады.

Көрініс: Майдан солдаттарының тынығу кезі. Бір солдат келіп листовка таратады. Жаралы жауынгер екі жағынан сүйемелдеп екі жігіт ортаға алып шығады. Жаралы жауынгер ел дегенде езілген қайран елім-ай, жау қолында қалмасын деп жүрегімізге жалын тастаған қайран Жамбыл бабам менің. Радиодан « Ленинградтық өренім» оқылады.

Көрініс: Сахынаға әскери киімде Әлия мен Мәншүк шығады.

Әлия

Отан деген сөз көкейде жатталып,

Зор айқасқа кеттік біздер аттанап.

Біз сендердей қыдырмадық кешқұрым,

Біз сендердей арман гүлін таппадық.

Мәншүк

Қатар тұрып, қатар жүріп келеміз,

Қатар тұрып қырдан гүлдер тереміз.

Біздер өлдік, өлмесін деп басқалар,

Бізді қайта туды Отан, ел егіз.

Екеуі қосылып:

Ешкім бізге жыр ұсынған жоқ еді,

Бізді туған күнімізбен құттықтап.

Айтылған жоқ махабаттың өлеңі,

Бірақ ерте, тым ертерек жандық біз.

Жанымызды құрбан еттік осылай,

Біздей ерте солмау үшін бар қыздар.

Ән «Әлия» орындалады немесе жаймен естіліп тұруы тиіс.

Қос жұлдыз Әлия мен Мәншүкке арнап тақпақтар оқылады

Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» орындалады.

Көрініс: Бирлинде.

Жауынгер Қошқарбаев, сені батальон командирі шақырады.

Командир: Жауынгерлік тапсырма бар

Қошқарбаев:Тыңдап тұрмын

Командир: Анау үйді көріп тұрсың ба. Ол- Рейхстаг. Оқпен сүйемелдеп тұрамыз.

Қошқарбаев: Құп болады. Бір жауынгер туды береді, ол ішіне тығып алады. Снарядтар даусы естіліп тұруы тиіс. Екі жауынгер еңбектеп келіп Рейхстагқа туды тигеді.

2-жүргізуші:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,

Мұхиттай жігер қысып сол бір шақта.

Сұрапылдай соқты да жау қамлын,

Жеңіс туын қадады Рейхстагқа.

Ән: «День победы.» сахна сыртынан естіліп тұруы тиіс.

1-жүргізуші:

Сағаттың дыбысы естіліп тұрады. Тыңдаңыздар, Тыңдаңыздар. Сөйлеп тұрған Москва. 1945жылы 8-мамырда Фашистік Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды. 9-мамыр Жеңіс күні.

Көрініс: Жеңістің орнауы туралы соғыстан қайтып келе жатқан солдаттар көрінісі.

Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

1-2 жүргізуші: Осы кішігірім ауылдың өзінен қаншама азаматтар соғысқа аттанып оралмады, қаншама шаңыраққа қайғы-қасірет орнады. Біздің бақытты бүгінгі өміріміз үшін өз өмірлерін қиған ауылдастарымыз. А.Сапаров, Ж.Елеусинов, А.Рысқалиев, М.Ербузов, Қ.Байғалиев, Ө.Сырымов, Т.Қайдалиев, А.Мырзағалиев

Тақпақ оқылады:

« Сен құрметте оны !»

« Сол бір кез »

« Мен соғысты жек көремін»

Би: «Қазақ биі»

Ән: «Қазақ жастары»

Ән: «Көктудың желбірегені»

Барлығы бірге қатысушылар қолдарына шар, жалауша ұстап ән айтып аяқтайды.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

2-жүргізуші:

Ардагер ағалар өткендерді,

Өмір үшін өртеніп кеткендерді.

Ал бүгін мақтан етер ұрпақтары,

Жеңіс алып жеткендерді.

1-жүргізуші:

Аталар саптан шықпасын,

Аналар қабақ шытпасын.

Бақытқа жетеп бар адам,

Сәбилер тыныш ұйықтасын.

2-жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70-жылдығына арналған «Ұрпаққа өшпестей із қалдырған » атты әдеби-сазды музыкалық кешімізді аяқтаймыз.

Соңы.


























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?рпа??а ?шпестей із ?алдыр?ан

Автор: Шаріп?алиева Ме?слу Марат?ызы

Дата: 17.09.2016

Номер свидетельства: 344218


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства