kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

 

К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны?

?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары

С?тбаева Шырын 9-сынып о?ушысы,

Жетекшісі: Буханова Динара ?сербай?ызы

№47 орта білім беретін мектеп

К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары

С?тбаева Шырын 9-сынып о?ушысы,

Жетекшісі: Буханова Динара ?сербай?ызы

№47 орта білім беретін мектеп

«Елі?ні? ?лы болса?, елі?е жаны? ашыса, азаматты? намысы? болса, ?аза?ты? ?лтты? жал?ыз мемлекетіні? ны?айып, к?ркеюі жолында жан тері?ді сы?ып ж?ріп е?бек ет! Жерді? де, елді? де иесі ?зі? екені?ді ?мытпа!» Н.Назарбаев                              

      К?дерин Ж?махан Маусымбай?лы – 1891 (1893) жылы сол кездегі Жетісу губерниясыны? Лепсі уезінде, ?азіргі Семей облысы Аяг?з ?аласында (б?рын?ы Сергиополь) д?ниеге келген ?аза?ты? ал?аш?ы биолог ?алымдарыны? бірі, ?о?ам ?айраткері, алаш арысы. К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ата ?онысы Ай?ыз селосыны? жо?ары жа?ында?ы Маусымбай ?орасы. Ескіше о?ы?ан, к?кірегі ояу, к?зі ашы? Маусымбай ?лдары Ж?махан мен Т?леубекті? болаша?ын ойлап, зерделі, білімді азамат болып ?сулеріне бар к?ш-жігерін ж?мса?ан.
     Ж?махан он жас?а тол?анда Маусымбайды? бар малы ж?т?а ?шырап, ?кесі де, а?асы Ж?ніс те жал?а т?рады. Он жасар Ж?махан ауыл молдасы М??аш Бакеновке, одан кейін ауыл м??алімі Ишен?али Жаба?ытаев?а жалдана ж?ріп д?ріс ал?ан. С?йтіп, 1911 жылы «Мамания медресесін» бітіріп, 1912ж  а?а сынып о?ушыларына саба? береді.
     Жасынан зерек, білімге ??штар Ж?махан 1913-1917 жылдар аралы?ында Талды?ор?ан облысында?ы ?апал ауыл шаруашылы? мектебінде о?ып, оны агротехник, веттехник маманды?ы бойынша ?здік бітіріп шы?ады.
     Білімін толы?тыруды ма?сат т?т?ан ол 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік Университетіні? ауыл шаруашылы? факультетіне о?у?а т?сіп, ?аза? жастарыны? арасынан ал?аш?ыларды? бірі болып ?алым-агроном маманды?ын алып, 1930 жылы о?уын бітіріп шы??ан. Университетте о?ып ж?ріп Т?ркістанны? таби?и ресурстары мен осы ??ірді аудандар?а б?луді зерттеумен айналыс?ан экспедиция ж?мысына ?атысты.

    Ж?махан К?дерин ал?аш?ы е?бек жолын ту?ан ауылы Сергиопольде жа?адан ашыл?ан ?аза? мектебінде директорды? орынбасары ?ызметінен баста?ан. ?аза? ?о?амында?ы сол тарихи кезе?ге т?н сипат ересектер арасында?ы сауатсызды?ты жою ісіне де жас маман бел шеше кіріседі.
    1917-18 жылдары Ж?махан К?дерин ?ызыл комиссар Сабыржан ?аббасов пен, ?аза?тан шы??ан ал?аш?ы партизан ?йел Ай?ыз К?шкінбаевамен ?оян-?олты? араласып, б??ара халы??а жасал?ан ?о?амды?-саяси шараларды? бел ортасында ж?рген. Алаш зиялыларымен бірге азамат со?ысы кезінде ?атты к?йзелген ?аза? ауылдарына азы?-т?лік тарат?ан. М.Тынышпаев, М.Т?леубаев, С.Аманжолов ж?не бас?а ?о?ам ?айраткерлерімен бірге Алашорда ?кіметіні? тапсырмаларын орында?ан.
      Ол 1918 жылы Лепсі ?аласында Ке?естерді? 1-ші съезіне делегат ж?не Жер комиссары болып сайлан?ан.1920 жылы «?ытай?а кеткен ?аза?тарды ?айтару» комиссиясында ж?мыс істеп, Ж?махан К?деринні? тікелей араласуымен ?ытайдан 6 мы? отабасы ?айтып елге оралады. 1920жылы уездік жер б?ліміні? басты?ы болып сайлануы Ж?махан К?деринні? саяси белсенділігіні? артуына игі ы?пал еткен.
      1921 жылы ол Жетісу ??ірін жайла?ан тырыс?а? індетіне ?атысты емдеу ж?мыстарына ?атысты.
     1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетінде ?зі білім ала ж?ріп ?аза?-?ыр?ыз жетім балалар мектебіні? м??алімі, 1925 жылы ?аза? педагогикалы? институтында математика п?ніні? о?ытушысы, 1926 жылы ?аза? ?лкесіні? Т?ркістанда?ы ?кілі, 1925-1927 жылдары ?аза? ?ылыми-зерттеу орталы?ыны? ?ылыми ?ызметкері, Рабфакты? т?рлі а?арту курстарыны? д?ріскері, 1929 жылдан ?апыланбектегі ауылшаруашылы?ы техникумыны? о?ытушысы ?ызметтерін ат?арды. 1930 жылы «?алым агроном» маманды?ына ие болды.
     Ж?махан К?дерин Ташкенттегі Орта Азиялы? ма?та ?ылыми-зерттеу станциясында ассистент (1930), ?аза? ССР Жер халкомыны? мал шаруашылы?ы ?ылыми зерттеу институтында а?а ?ылыми ?ызметкер (1935-36), «Каучуконос» тресінде н?с?аушы агроном (1937) ?ызметтерін абыройлы ат?ар?ан. Ж?махан К?дерин топыра? зерттеу экспедицияларына ?атысып, зерттеу ж?мыстарымен тікелей айналысып, ?ылыми е?бектер жаз?ан.
Ж?махан К?дерин 1936 жылы к?зде Наркомземны? тапсырмасымен жолсапармен ?апал?а келіп, жер шаруашылы?ы, егіншілік к?сібі, сол айма?ты? ?сімдіктері жайлы м?ліметтер жинап, педтехникум залында ке?естік биология ?ылымыны? жетістіктері жайлы д?ріс о?ы?ан.

     Алаш ?айраткері, ?мбебап ?алым, агротехник-зоотехник (1913-1917), ?алым-агроном (1925-1930) Ж?махан Маусымбай?лы К?дерин – биология (улы жыландар, зиянды ж?ндіктер мен ж??палы аурулар), ботаника (техникалы? ?ндірістік ?сімдіктер – кендір талшы?тары, т?т талшы?тары, к?к са?ыз бен тау са?ызы, д?нді да?ылдар-тары, ж?гері, ?ара??мы?, соя, ??мыршы?, д?рілік ?сімдіктер-к?кпек, татыран, итсигек), улы ?сімдіктер мен майлы ?сімдіктер, мал шаруашылы?ы (биязы ж?н талшы?тары) саласы бойынша ?ылыми е?бектер мен зерттеулерін жарияла?ан. Осы салада?ы ?ылыми- зерттеулері оба індеті т?сында ж?не то?ыма к?сібінде т?жірибеден ?тіп, пайдаланылу?а ?сыныл?ан.
      ?аза? мектептеріне арнал?ан о?у ??ралдарыны? болмауы болаша? ?алым?а ?лкен ой салып, сол салада ?алам тартып, ?лкен ?ылыми е?бектер жазуына ы?пал етті. ?мбебап ?алым салыстырмалы с?здік пен терминдік с?здіктерді, ?деби о?улы?тарды, мектеп о?улы?ын ??растыр?ан. Ж?махан Маусымбай?лы жаратылыстану саласында?ы ал?аш?ы о?у ??ралдары мен терминдерді? авторы. Ол жаратылыстану ?ылым саласына жа?а терминдер енгізіп, байытты.
      Сергиополь мектебінде ?ызмет ете ж?ріп н?с?асы дайындалса керек, 1927-1929 жылдары баспадан Ж?махан К?деринні? ?аза? мектептеріне арнал?ан «Ботаника» («?сімдіктану»), «География» о?улы?тары, бастауыш сынып о?ушыларына арнал?ан «?ліппесі» ж?не «?о?амды? е?бек» атты о?улы?ты? хрестоматиясы жары? к?рген.

      Ж.М.К?деринні? 1992 жылы Алматыда?ы «Рауан» баспасынан жары? к?рген «?сімдіктану» кітабы, сонау 1927 ж?не 1930 жылдары араб ж?не латын ?ріптерімен т???ыш рет ?аза? тілінде басылып шы??ан, ?сімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын о?у ??ралыны? ?айта басылымы.

Бір айта кетерлігі, «?сімдіктану» деп аталатын со??ы атал?ан екі кітап – екі б?лек д?ние. Е?бектерді? негізгі ма?саты орта? бол?анмен де, ?р кітапты? ?зіндік ерекшеліктері бар, ой-т?жырымдары да бас?а-бас?а. Авторды? с?з ?олданысы, с?йлем ??рылымы мол ізденгенін, та?ырыпты жан-жа?ты ме?гергенін к?рсетеді. ?з заманында ?о?амда ке? ?олданыста бол?ан с?йлеу т?сілі аны? та ай?ын бай?алады.  Бірегей о?улы?ты? с?йлемдері ?ыс?а, аны?тама ж?не т?жырымдары на?ты да ай?ын бол?анды?тан айтайын деген ойы да ш?кірт ??ымына, оларды? ой-жетесіне сай келіп, тартымды о?ылады.

?алымны? ?сіресе т?жірибе жасау?а ерекше назар аударуы, ?сімдіктерді? шаруашылы??а, денсаулы? са?тау?а пайда-зиянын баяндауы, ?аза?станда ?сетін ж?не к?нделікті ба?ылау?а м?мкіндігі бар ?сімдіктерді мысал?а алуы, ?ылыми терминдерді? ?аза?ша баламасын табу?а талпыныс жасауы еріксіз ?ызы?тырады. К?птеген с?здерді? ана тілінде с?йлеуі к??іл т?щынтады.
       Шы?ыс ?аза?стан облысты? Абай атында?ы ?мбебап кітапхананы? сирек басылымдар ?орында?ы «арнайы ?орда» Ж?махан К?деринні? 1927 жылы М?скеуде арап графикасымен жария к?рген «?сімдіктану» атты о?улы?ы ?за? жылдар бойы са?талып отыр. Автор кітапты ?з ?олымен безендіріп, ?сімдіктерді? жеке т?рлері мен сырт?ы ??рылымын, м?шелерді 108 сурет ар?ылы бейнелеген.
     Ж?махан К?дерин сан т?рлі ?ылым саласынан 50-ден аса ?ылыми-зерттеу е?бектерін жаз?ан. Оны? ішінде 15-і 1927-1936 жылдар аралы?ында М?скеу мен Алматы мемлекеттік баспаларынан жеке кітап болып жары? к?рген. Жиырма?а таяуы мерзімді басылым беттерінде басыл?ан. ?ал?андары ?олжазба т?рінде са?тал?ан. К?ркем шы?армалары ?алым т?т?ындал?ан жылдары т?ркіленіп, жойылып кеткен.

      Ж.К?деринні? ?у?ындалып, б?кіл отбасымен «Халы? жауы» деген жаламен ?у?ын-с?ргін ??рбаны бол?ан ?аза? зиялылары ?атарына ?алым Ж?махан Маусымбай?лы К?дерин де жатады. Осындай жемісті ?ылыми шы?армашылы? ж?мыспен айналысып отыр?ан ?алым Ж?махан К?дерин Ташкентте ?сталып жауап?а тартыл?ан. 1930-шы жылы 20 ?ырк?йекте ?келі-балалы К?дериндер Маусымбай мен Ж?махан туысы М?хамеджан Тынышбаевты? ісіне байланысты т?т?ын?а алынып, «контрреволюциялы? ?гіт таратушы» деген айыппен «?штікті?» шешімімен ?р?айсысы бес жылдан бас еркінен айрылып, ?кесі ?ар?аралы, ?лы Воронеж лагеріне айдалды.
      Ол жайлы жазушы, ?алым Т?рсын Ж?ртбай: «С?йтіп, та?дыр тау?ыметі «атадан ту?ан алтау?а», я?ни, Маусымбайды? ?зіне, б?йбішесі Айсадан ту?ан –Ж?ніс, Ж?махан, Т?леубекті?, то?алы Аядан (Ай, Ай?ыз-?) ту?ан-Асен, ?уанды? (?уаш), Мариямны? талайына б?йырды. Т?ркілеу мен мойынсерік нау?аны оларды? т??ымын ??ртты. Егіншілікпен айналыспайтын 6 т?тінге тиесілі 3 сауын сиыр, 2 б?зау, 4 тайынша, 21 жыл?ы, 3 т?йе, 101 ?ойы т?ркіленген отбасына та?ы да, ал?ашында – 40 п?т, кейіннен -200 п?т асты? салы?ын сал?ан. С?йтіп, жалпы ??ны 385 сом м?лшерінде салы? т?леуден бас тартты деген айыппен б?рыннан келе жат?ан «жер мен жесір дауыны? ?арсылас топта?ы ?айраткерлері» ауылнай Ер?алиевті?, белсенділерді? к?рсетуі бойынша б?рын?ы болыс, би, 1875 жылы ту?ан, 55 жаста?ы Маусымбай К?дерин 1930 жылы 10 а?пан к?ні «байлар?а салын?ан азы?-т?лік салы?ын т?леуден бас тарт?ан» зиянкес бай ретінде т?т?ындалып, ОГПУ-ді? ?штігіні? шешімімен 2 наурыз к?ні 58 бапты? 10 тарма?ы бойынша 5 жыл?а е?бек т?зету лагеріне жіберіліп, жер аударылыпты.». ?кесі Маусымбай ?ар?аралы т?рмесіні? тас ?амалында к?з ж?мса, Ж?махан Маусымбай?лы 1936 жылы мерзімін ?теп еліне ?айтты.
Ауыл белсенділеріні? ?штесуіне ержеткен Т?леубекті? бас?а бір руды? айттырып, ?алы?малын бая?ыда т?леп ?ой?ан Батым ?ызын алып ?ашуы себеп болып, б?кіл бір ?улетті ?асіретке душар еткен.
       Ж.К?дерин екінші рет 1937 жылды? 21 мамырында ?сталып, т?рмеге отыр?ызылды. Оны антике?естік, ?лтшыл, аума?ты? к?терілісшілер ж?не диверсиялы?-шпионды? ?йымны? жетекшісі ретінде т?т?ындайды. К?деринге ?атысты дербес іс ?оз?алады. Ол РСФСР ?К 58-2, 7, 8, 11 баптары бойынша айыпталды. Тергеуді Алматы облысты? НКВД-ні? жедел у?кілетті тергеушісі В.Я. Якупов ж?ргізді. Оны? т?т?ындар арасында «?лім періштесі» деген жасырын аты бол?ан, себебі ол ж?ргізетін істерді? барлы?ы ?лім жазасына келіп тірелетін. Ж?махан К?дерин 1938 жылды? 7 наурызында сотталды. КСРО Жо?ар?ы Сотыны? к?шпелі сессиясыны? ?аулысымен е? жо?ары жаза?а кесілді. Сол к?ні атылды.
Артында ?ал?ан інісі Т?леубекке «халы? жауы» деген жала жабылып 1937 жылы т?т?ындал?ан.

Ж?махан Маусымбай?лы жайлы м?ліметтер ?те аз кездеседі. ?алым ?міріні? бізге бейм?лім т?старына жары? с?уле т?сірген Т?рсын Ж?ртбайды? «?раным-Алаш!»- зерттеуі болды.
Ж?махан К?деринні? баласы Фирдауси с?би ша?ында шетінеген. Ал, одан кейінгі ?лы Сарым (Сырым) Ж?махан?лы бір жас?а толар-толмаста ?кесінен жетім ?ал?ан, Сарым Ж?махан?лы К?дерин ?аза? ?лты тарихында ойып орын алатын т?л?а. Сарым Ж?махан?лы К?дерин – ?аза?ты? т???ыш к?сіби альпинисі. 1962 жылы 25 жасында альпинизм саласы бойынша СССР чемпионы атанды. 1963 жылы 14 шілдеде Кавказ тауыны? Сванетия шы?дарыны? Чатын-Тау м?зда?ында ?аза тап?ан. Сарымны? есімін м??гі ?алдыру ма?сатында Алматы а??арында?ы шы??а К?деринні? аты берілген.
Оны? ш?кірттері Э.Ильинский, Ю.Голодов, В.Хрищатый 1982 жылы ке?естік т???ыш ??раманы? ?атарында Гималайды ба?ындырды. Ш?кірттері ?здеріні? т???ыш жатты?тырушысы Сарымны? суретін ала барып, Эверест шы?ыны? ?шар басына ескерткіш ретінде белгі етіп ?алдырды. ?кесі т?т?ындал?анда іште ?ал?ан Лариса Ж?махан?ызы К?дерина анасы Т.Г.К?дерина-Насонованы? ?тініші бойынша анасыны? к?лін ас?а? рухты ?лы м??гілік орын тап?ан Сванетия асуыны? Чатын-Тау м?зда?ыны? т?біне жерлеген. ?ай жерде ?ал?аны белгісіз ?келері Ж?махан Маусымбай?лы К?деринні? де портретін сонда ескерткіш етіп орнат?ан.
     Лариса Ж?махан?ызы Ресей ?ылым Академиясыны? м?ше-корреспонденті, айма?аралы? «Феникс» ?орыны? президенті, М?скеу ?аласында т?рады. Л.Ж?махан?ызы ?кесіні? 1927 ж?не 1930 жылдары араб ж?не латын ?ріптерімен т???ыш рет ?аза? тілінде басылып шы??ан «?сімдіктану» о?улы? кітабын ?азіргі ?аза? жазба н?с?асына к?шіріп, 1992 жылы «Рауан» баспасынан ?айта басып шы?ар?ан. Семей ?аласына келіп, Абай атында?ы кітапханада о?ырмандармен кездескен асылды? т?я?ы – Лариса Ж?махан?ызы ?кесіні? жа?адан шы??ан кітабын сый?а тарт?ан болатын. Б?гінде ?алым Л.Ж?махан?ызы ?кесі жайлы ?мір бойы жина?ан м?ліметтері негізінде кітап жазба?.
Ж?махан Маусымбай?лы К?дерин 1956 жылы, ал ?кесі Маусымбай мен інісі Т?леубек тек 1990 жылы ісінде ?ылмысты? белгісі жо? деп а?талды.

Пайдаланыл?ан ?дебиеттер:

1. Алаш. Алашорда. Энциклопедия /??раст.: ?.Энес, С.Сма??лова.- Алматы: «Арыс» баспасы, 1999.- 544 бет.
2. ?алымов Д. Ж?махан К?дерин //Семей та?ы, 1991.- 12 а?пан.- 4 бет.
3. Сексенбаев Б. Шай?ал?ан Ша?ыра?тар //Семей та?ы, 1991.- 24 с?уір.- 5 бет.
4. К?дерин Ж.?сімдіктану.- Алматы:Рауан, 1992.- 261б.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары»




Күдерин Жұмахан Маусымбайұлының

өмірі мен ұрпаққа қалдырған мұралары


Сәтбаева Шырын 9-сынып оқушысы,

Жетекшісі: Буханова Динара Өсербайқызы

№47 орта білім беретін мектеп


Күдерин Жұмахан Маусымбайұлының өмірі мен ұрпаққа қалдырған мұралары

Сәтбаева Шырын 9-сынып оқушысы,

Жетекшісі: Буханова Динара Өсербайқызы

№47 орта білім беретін мектеп


«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып, көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет! Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Н.Назарбаев

Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы – 1891 (1893) жылы сол кездегі Жетісу губерниясының Лепсі уезінде, қазіргі Семей облысы Аягөз қаласында (бұрынғы Сергиополь) дүниеге келген қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері, алаш арысы. Күдерин Жұмахан Маусымбайұлының ата қонысы Айқыз селосының жоғары жағындағы Маусымбай қорасы. Ескіше оқыған, көкірегі ояу, көзі ашық Маусымбай ұлдары Жұмахан мен Төлеубектің болашағын ойлап, зерделі, білімді азамат болып өсулеріне бар күш-жігерін жұмсаған.
Жұмахан он жасқа толғанда Маусымбайдың бар малы жұтқа ұшырап, әкесі де, ағасы Жүніс те жалға тұрады. Он жасар Жұмахан ауыл молдасы Мұқаш Бакеновке, одан кейін ауыл мұғалімі Ишенғали Жабағытаевқа жалдана жүріп дәріс алған. Сөйтіп, 1911 жылы «Мамания медресесін» бітіріп, 1912ж аға сынып оқушыларына сабақ береді.
Жасынан зерек, білімге құштар Жұмахан 1913-1917 жылдар аралығында Талдықорған облысындағы Қапал ауыл шаруашылық мектебінде оқып, оны агротехник, веттехник мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады.
Білімін толықтыруды мақсат тұтқан ол 1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік Университетінің ауыл шаруашылық факультетіне оқуға түсіп, қазақ жастарының арасынан алғашқылардың бірі болып ғалым-агроном мамандығын алып, 1930 жылы оқуын бітіріп шыққан. Университетте оқып жүріп Түркістанның табиғи ресурстары мен осы өңірді аудандарға бөлуді зерттеумен айналысқан экспедиция жұмысына қатысты.

Жұмахан Күдерин алғашқы еңбек жолын туған ауылы Сергиопольде жаңадан ашылған қазақ мектебінде директордың орынбасары қызметінен бастаған. Қазақ қоғамындағы сол тарихи кезеңге тән сипат ересектер арасындағы сауатсыздықты жою ісіне де жас маман бел шеше кіріседі.
1917-18 жылдары Жұмахан Күдерин қызыл комиссар Сабыржан Ғаббасов пен, қазақтан шыққан алғашқы партизан әйел Айқыз Көшкінбаевамен қоян-қолтық араласып, бұқара халыққа жасалған қоғамдық-саяси шаралардың бел ортасында жүрген. Алаш зиялыларымен бірге азамат соғысы кезінде қатты күйзелген қазақ ауылдарына азық-түлік таратқан. М.Тынышпаев, М.Төлеубаев, С.Аманжолов және басқа қоғам қайраткерлерімен бірге Алашорда үкіметінің тапсырмаларын орындаған.
Ол 1918 жылы Лепсі қаласында Кеңестердің 1-ші съезіне делегат және Жер комиссары болып сайланған.1920 жылы «Қытайға кеткен қазақтарды қайтару» комиссиясында жұмыс істеп, Жұмахан Күдериннің тікелей араласуымен Қытайдан 6 мың отабасы қайтып елге оралады. 1920жылы уездік жер бөлімінің бастығы болып сайлануы Жұмахан Күдериннің саяси белсенділігінің артуына игі ықпал еткен.
1921 жылы ол Жетісу өңірін жайлаған тырысқақ індетіне қатысты емдеу жұмыстарына қатысты.
1924 жылы Ташкенттегі Орта Азия Мемлекеттік университетінде өзі білім ала жүріп қазақ-қырғыз жетім балалар мектебінің мұғалімі, 1925 жылы Қазақ педагогикалық институтында математика пәнінің оқытушысы, 1926 жылы Қазақ өлкесінің Түркістандағы өкілі, 1925-1927 жылдары Қазақ ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, Рабфактың түрлі ағарту курстарының дәріскері, 1929 жылдан Қапыланбектегі ауылшаруашылығы техникумының оқытушысы қызметтерін атқарды. 1930 жылы «Ғалым агроном» мамандығына ие болды.
Жұмахан Күдерин Ташкенттегі Орта Азиялық мақта ғылыми-зерттеу станциясында ассистент (1930), Қазақ ССР Жер халкомының мал шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер (1935-36), «Каучуконос» тресінде нұсқаушы агроном (1937) қызметтерін абыройлы атқарған. Жұмахан Күдерин топырақ зерттеу экспедицияларына қатысып, зерттеу жұмыстарымен тікелей айналысып, ғылыми еңбектер жазған.
Жұмахан Күдерин 1936 жылы күзде Наркомземның тапсырмасымен жолсапармен Қапалға келіп, жер шаруашылығы, егіншілік кәсібі, сол аймақтың өсімдіктері жайлы мәліметтер жинап, педтехникум залында кеңестік биология ғылымының жетістіктері жайлы дәріс оқыған.

Алаш қайраткері, әмбебап ғалым, агротехник-зоотехник (1913-1917), ғалым-агроном (1925-1930) Жұмахан Маусымбайұлы Күдерин – биология (улы жыландар, зиянды жәндіктер мен жұқпалы аурулар), ботаника (техникалық өндірістік өсімдіктер – кендір талшықтары, тұт талшықтары, көк сағыз бен тау сағызы, дәнді дақылдар-тары, жүгері, қарақұмық, соя, құмыршық, дәрілік өсімдіктер-көкпек, татыран, итсигек), улы өсімдіктер мен майлы өсімдіктер, мал шаруашылығы (биязы жүн талшықтары) саласы бойынша ғылыми еңбектер мен зерттеулерін жариялаған. Осы саладағы ғылыми- зерттеулері оба індеті тұсында және тоқыма кәсібінде тәжірибеден өтіп, пайдаланылуға ұсынылған.
Қазақ мектептеріне арналған оқу құралдарының болмауы болашақ ғалымға үлкен ой салып, сол салада қалам тартып, үлкен ғылыми еңбектер жазуына ықпал етті. Әмбебап ғалым салыстырмалы сөздік пен терминдік сөздіктерді, әдеби оқулықтарды, мектеп оқулығын құрастырған. Жұмахан Маусымбайұлы жаратылыстану саласындағы алғашқы оқу құралдары мен терминдердің авторы. Ол жаратылыстану ғылым саласына жаңа терминдер енгізіп, байытты.
Сергиополь мектебінде қызмет ете жүріп нұсқасы дайындалса керек, 1927-1929 жылдары баспадан Жұмахан Күдериннің қазақ мектептеріне арналған «Ботаника» («Өсімдіктану»), «География» оқулықтары, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Әліппесі» және «Қоғамдық еңбек» атты оқулықтың хрестоматиясы жарық көрген.

Ж.М.Күдериннің 1992 жылы Алматыдағы «Рауан» баспасынан жарық көрген «Өсімдіктану» кітабы, сонау 1927 және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен тұңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу құралының қайта басылымы.

Бір айта кетерлігі, «Өсімдіктану» деп аталатын соңғы аталған екі кітап – екі бөлек дүние. Еңбектердің негізгі мақсаты ортақ болғанмен де, әр кітаптың өзіндік ерекшеліктері бар, ой-тұжырымдары да басқа-басқа. Автордың сөз қолданысы, сөйлем құрылымы мол ізденгенін, тақырыпты жан-жақты меңгергенін көрсетеді. Өз заманында қоғамда кең қолданыста болған сөйлеу тәсілі анық та айқын байқалады.  Бірегей оқулықтың сөйлемдері қысқа, анықтама және тұжырымдары нақты да айқын болғандықтан айтайын деген ойы да шәкірт ұғымына, олардың ой-жетесіне сай келіп, тартымды оқылады.

Ғалымның әсіресе тәжірибе жасауға ерекше назар аударуы, өсімдіктердің шаруашылыққа, денсаулық сақтауға пайда-зиянын баяндауы, Қазақстанда өсетін және күнделікті бақылауға мүмкіндігі бар өсімдіктерді мысалға алуы, ғылыми терминдердің қазақша баламасын табуға талпыныс жасауы еріксіз қызықтырады. Көптеген сөздердің ана тілінде сөйлеуі көңіл тұщынтады.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапхананың сирек басылымдар қорындағы «арнайы қорда» Жұмахан Күдериннің 1927 жылы Мәскеуде арап графикасымен жария көрген «Өсімдіктану» атты оқулығы ұзақ жылдар бойы сақталып отыр. Автор кітапты өз қолымен безендіріп, өсімдіктердің жеке түрлері мен сыртқы құрылымын, мүшелерді 108 сурет арқылы бейнелеген.
Жұмахан Күдерин сан түрлі ғылым саласынан 50-ден аса ғылыми-зерттеу еңбектерін жазған. Оның ішінде 15-і 1927-1936 жылдар аралығында Мәскеу мен Алматы мемлекеттік баспаларынан жеке кітап болып жарық көрген. Жиырмаға таяуы мерзімді басылым беттерінде басылған. Қалғандары қолжазба түрінде сақталған. Көркем шығармалары ғалым тұтқындалған жылдары тәркіленіп, жойылып кеткен.

Ж.Күдериннің қуғындалып, бүкіл отбасымен «Халық жауы» деген жаламен қуғын-сүргін құрбаны болған қазақ зиялылары қатарына ғалым Жұмахан Маусымбайұлы Күдерин де жатады. Осындай жемісті ғылыми шығармашылық жұмыспен айналысып отырған ғалым Жұмахан Күдерин Ташкентте ұсталып жауапқа тартылған. 1930-шы жылы 20 қыркүйекте әкелі-балалы Күдериндер Маусымбай мен Жұмахан туысы Мұхамеджан Тынышбаевтың ісіне байланысты тұтқынға алынып, «контрреволюциялық үгіт таратушы» деген айыппен «үштіктің» шешімімен әрқайсысы бес жылдан бас еркінен айрылып, әкесі Қарқаралы, ұлы Воронеж лагеріне айдалды.
Ол жайлы жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай: «Сөйтіп, тағдыр тауқыметі «атадан туған алтауға», яғни, Маусымбайдың өзіне, бәйбішесі Айсадан туған –Жүніс, Жұмахан, Төлеубектің, тоқалы Аядан (Ай, Айқыз-?) туған-Асен, Қуандық (Қуаш), Мариямның талайына бұйырды. Тәркілеу мен мойынсерік науқаны олардың тұқымын құртты. Егіншілікпен айналыспайтын 6 түтінге тиесілі 3 сауын сиыр, 2 бұзау, 4 тайынша, 21 жылқы, 3 түйе, 101 қойы тәркіленген отбасына тағы да, алғашында – 40 пұт, кейіннен -200 пұт астық салығын салған. Сөйтіп, жалпы құны 385 сом мөлшерінде салық төлеуден бас тартты деген айыппен бұрыннан келе жатқан «жер мен жесір дауының қарсылас топтағы қайраткерлері» ауылнай Ерғалиевтің, белсенділердің көрсетуі бойынша бұрынғы болыс, би, 1875 жылы туған, 55 жастағы Маусымбай Күдерин 1930 жылы 10 ақпан күні «байларға салынған азық-түлік салығын төлеуден бас тартқан» зиянкес бай ретінде тұтқындалып, ОГПУ-дің үштігінің шешімімен 2 наурыз күні 58 баптың 10 тармағы бойынша 5 жылға еңбек түзету лагеріне жіберіліп, жер аударылыпты..». Әкесі Маусымбай Қарқаралы түрмесінің тас қамалында көз жұмса, Жұмахан Маусымбайұлы 1936 жылы мерзімін өтеп еліне қайтты.
Ауыл белсенділерінің өштесуіне ержеткен Төлеубектің басқа бір рудың айттырып, қалыңмалын баяғыда төлеп қойған Батым қызын алып қашуы себеп болып, бұкіл бір әулетті қасіретке душар еткен.
Ж.Күдерин екінші рет 1937 жылдың 21 мамырында ұсталып, түрмеге отырғызылды. Оны антикеңестік, ұлтшыл, аумақтық көтерілісшілер және диверсиялық-шпиондық ұйымның жетекшісі ретінде тұтқындайды. Күдеринге қатысты дербес іс қозғалады. Ол РСФСР ҚК 58-2, 7, 8, 11 баптары бойынша айыпталды. Тергеуді Алматы облыстық НКВД-нің жедел уәкілетті тергеушісі В.Я. Якупов жүргізді. Оның тұтқындар арасында «өлім періштесі» деген жасырын аты болған, себебі ол жүргізетін істердің барлығы өлім жазасына келіп тірелетін. Жұмахан Күдерин 1938 жылдың 7 наурызында сотталды. КСРО Жоғарғы Сотының көшпелі сессиясының қаулысымен ең жоғары жазаға кесілді. Сол күні атылды.
Артында қалған інісі Төлеубекке «халық жауы» деген жала жабылып 1937 жылы тұтқындалған.

Жұмахан Маусымбайұлы жайлы мәліметтер өте аз кездеседі. Ғалым өмірінің бізге беймәлім тұстарына жарық сәуле түсірген Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным-Алаш!»- зерттеуі болды.
Жұмахан Күдериннің баласы Фирдауси сәби шағында шетінеген. Ал, одан кейінгі ұлы Сарым (Сырым) Жұмаханұлы бір жасқа толар-толмаста әкесінен жетім қалған, Сарым Жұмаханұлы Күдерин қазақ ұлты тарихында ойып орын алатын тұлға. Сарым Жұмаханұлы Күдерин – қазақтың тұңғыш кәсіби альпинисі. 1962 жылы 25 жасында альпинизм саласы бойынша СССР чемпионы атанды. 1963 жылы 14 шілдеде Кавказ тауының Сванетия шыңдарының Чатын-Тау мұздағында қаза тапқан. Сарымның есімін мәңгі қалдыру мақсатында Алматы аңғарындағы шыңға Күдериннің аты берілген.
Оның шәкірттері Э.Ильинский, Ю.Голодов, В.Хрищатый 1982 жылы кеңестік тұңғыш құраманың қатарында Гималайды бағындырды. Шәкірттері өздерінің тұңғыш жаттықтырушысы Сарымның суретін ала барып, Эверест шыңының ұшар басына ескерткіш ретінде белгі етіп қалдырды. Әкесі тұтқындалғанда іште қалған Лариса Жұмаханқызы Күдерина анасы Т.Г.Күдерина-Насонованың өтініші бойынша анасының күлін асқақ рухты ұлы мәңгілік орын тапқан Сванетия асуының Чатын-Тау мұздағының түбіне жерлеген. Қай жерде қалғаны белгісіз әкелері Жұмахан Маусымбайұлы Күдериннің де портретін сонда ескерткіш етіп орнатқан.
Лариса Жұмаханқызы Ресей Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, аймақаралық «Феникс» қорының президенті, Мәскеу қаласында тұрады. Л.Жұмаханқызы әкесінің 1927 және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен тұңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан «Өсімдіктану» оқулық кітабын қазіргі қазақ жазба нұсқасына көшіріп, 1992 жылы «Рауан» баспасынан қайта басып шығарған. Семей қаласына келіп, Абай атындағы кітапханада оқырмандармен кездескен асылдың тұяғы – Лариса Жұмаханқызы әкесінің жаңадан шыққан кітабын сыйға тартқан болатын. Бүгінде ғалым Л.Жұмаханқызы әкесі жайлы өмір бойы жинаған мәліметтері негізінде кітап жазбақ.
Жұмахан Маусымбайұлы Күдерин 1956 жылы, ал әкесі Маусымбай мен інісі Төлеубек тек 1990 жылы ісінде қылмыстық белгісі жоқ деп ақталды.

























































































Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Алаш. Алашорда. Энциклопедия /Құраст.: Ғ.Энес, С.Смағұлова.- Алматы: «Арыс» баспасы, 1999.- 544 бет.
2. Қалымов Д. Жұмахан Күдерин //Семей таңы, 1991.- 12 ақпан.- 4 бет.
3. Сексенбаев Б. Шайқалған Шаңырақтар //Семей таңы, 1991.- 24 сәуір.- 5 бет.
4. Күдерин Ж.Өсімдіктану.- Алматы:Рауан, 1992.- 261б.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
К?дерин Ж?махан Маусымбай?лыны? ?мірі мен ?рпа??а ?алдыр?ан м?ралары

Автор: Буханова Динара Усурбаевна

Дата: 13.05.2016

Номер свидетельства: 326097


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства