kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ел бірлігі - е? асыл ?асиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие са?атыны? ма?саты: Жас жеткіншектерге елімізді? т???ыш президенті Н.?. Назарбаев жайлы толы? ма?л?мат бере отырып, ?аза?стан хал?ы Ассамблеясыны? 20 жылды?ымен Елбасыны? халы??а арнап жолда?ан жолдауымен таныстыру. Елімізді? т?уелсіз ал?алы  жеткен табыстары жайында айтып ?ту. Отанын ??рметтей білетін, болаша?та ?аза?станды ?ркендетуге ?з ?лестерін ?осатын азамат т?рбиелеу.
 

К?рнекіліктер: Елімізді? т???ыш президенті Н.?. Назарбаев?а арнал?ан плакат ?анатты с?здер, шарлар, суреттер, та?ырып жазыл?ан.  Слайдтар, интерактивті та?та.
 

Барысы: І. ?йымдастыру.
 
ІІ. Ал?ы с?з (кіріспе)
Армысыздар, ??рметті  Т?уелсіз елімізді? ?ла?атты ?рпа?тары.

  Б?гінгі : «Ел бірлігі – е? асыл ?асиет» атты т?рбие са?атымыз?а ?ош келді?іздер!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ел бірлігі - е? асыл ?асиет »



Тақырыбы:«Ел бірлігі – ең асыл қасиет»

Тәрбие сағатының мақсаты: Жас жеткіншектерге еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев жайлы толық мағлұмат бере отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен Елбасының халыққа арнап жолдаған жолдауымен таныстыру. Еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстары жайында айтып өту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған плакат қанатты сөздер, шарлар, суреттер, тақырып жазылған. Слайдтар, интерактивті тақта.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Алғы сөз (кіріспе)
Армысыздар, құрметті Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.

Бүгінгі : «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Оқушылар әр ұлттың киімін киіп би билеп , ән шырқауға дайындалуда.

Тәрбие сағатымызды Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толуымен құттықтауымен бастайын:

«Барша Қазақстандықтарға бейбітшілік пен келісімнің туын биік ұстап, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін аянбай еңбек етуді» тілеймін деген. 1995 жылы 1 наурызда Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойған болса, 2008 жылы 20 қазанда « Қазақстан халқы Ассамблеясы» туралы Заң қабылданған . 20 жыл осындай елде тату- тәтті өмір сүру біз үшін бақытты әрі достығымыздың беріктігін сақтаған кезең. Қазақстанда 130- дан астам ұлт өкілдері өмір сүруде. Біз- тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған мемлекетпіз. Мұндағы татулық пен тұрақтылықты Елбасымыздың салихалы саясатының нәтижесі екенін білгеніміз дұрыс. « Отаны бірдің –тілегі бір, жүрегі бір» деп бекерге айтылмаған. Олай болса: Татулық- достық кепілі, жүзі басқа болсада жүрегі бір, тілі басқа болса да тілегі бір, атасы басқа болса да Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп, дүниежүзі мойындап отырған қазақ елі дей келе оқушылардың өнерлеріне, әсем әніне, салт дәстүрлерін,әдет-ғұрыптарын көріп тамашалайық.


Ендеше бір сәт көңіл бөліп

Қаз дауысты Қазыбек бидің мынадай сөздерін тыңдап көрейік.

Біз қазақ мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Басымыздан құт – береке қашпасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөз асырмаған елміз.
Достықты сақтай білген елміз,
Дәм – тұзды ақтай білген елміз.
Деп осылай тебіренген Қазақ елінің қамын ойлаған Қаз дауысты Қазыбек би болатын. .

ІІІ. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу.
Ал олай болса, еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
• 1991 жылы 29 тамыз. Ядролық полигонның ресми жабылуы.
• 1991 жылы 10 қазанда қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров
ғарышқа самғады.
• 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «ҚР Мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы» конституциялық Заңға қол қойды.
• 1992 жылдың 2 наурызда Қазақстан БҰҰ – ның мүшелігіне қабылданды.
• 1992жылы 4 – маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран
бекітілді.
• 1993 жылы 28 қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы
қабылданды.
• 1993 жылдың 15 қараша айында. ҚР ұлттық ақшасы «Теңге» айналымға
енгізілді.
• 1994 жылы ақпан айында Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөніндегі
шартқа қол қойды.
• 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
құрылды.
• 30 тамызда ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
• 1996 жылы Алматы қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
• 1997 жыл «Қуғын – сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жарияланды.
• 1997 жылдың 10 желтоқсанда мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары
жаңа астанаға көшіріле бастады.
• 1998 жылдың 10 маусымда Қазақстанның жаңа астанасы – Астана
қаласының тұсау кесер рәсімі өткізілді.
• 2001 жылы Тәуелсіздіктің 10 жылдығы аталып өтті.
• 2002 жыл Денсаулық жылы болып аталды.
• 2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы
• 2004 жыл – «Денсаулық жылы»
• 2005 жылдың 4 – желтоқсанда ҚР Президентінің Бүкілхалықтық сайлауы
болды.
• 2006 жылы 7 – қаңтарда жаңа әнұран қабылданды.
• 2008 жылы 6 – шілдеде. Астана қаласында «Қазақ елі» момументі ашылды.
. • 2011 жылы ҚР Ислам Конференциясына Төрағалық етті.
• 2011 жылы. Астана мен Алматыда 7інші – Қысқы Азия ойындары өтті.
• 2013 жыл. Тәуелсіздіктің 22 жылдығы. «Желтоқсан оқиғасының»
27 жылдығы.

Ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деп қолымызбен құрған Ассамблеяның дүниеге келгеніне 20 жыл толды. Осы аралықта ол өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің бейбіт қоғамның ажырамас бөлігіне айналды. Елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды. Кезінде тағдырдың жазуымен қасиетті қазақ даласына сан түрлі ұлт өкілдері қоныс тепкен еді. Бүгінде олар тегі басқа болғанмен теңдігі бір, қаны бөлек болғанмен жаны бір, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Осылай, елдігіміздің ертеңі ошақтың үш тағаны сияқты «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген үш сөзге сыйып тұр. «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп – өркендеген Қазақстан!
Ассамблеяның ең басты міндеті – еліміздегі қоғамдық келісім. Қазақстандағы қоғамдық келісім – ең алдымен қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.
Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» демейтін бе еді?! Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге этнос өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.
Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз!
V. Ой – толғаныс.
Туған жер, Отан туралы мақал – мәтелдер айтып талқылау.
1. Отанды сүю от басынан басталады.
2. Отан үшін отқа түссең күймейсің. 3. Отан оттан да ыстық.
4. Ескіні еске алмай, жаңа жадыңа түспейді.
5. Татулық табылмас бақыт.
6. Ырыс алды –ынтымақ.
7. Бірлігі жоқ – ел тозады, бірлігі күшті – ел озады.
VІ. Тәрбие сағатын қорытындылау.
Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын еліміздің барша халқы бар ықыластары мен бір ел , бір халық болып ат салысып салтанатты түрде атап өтуде. Жылдан – жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде. Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың ерен еңбегі халқына деген ықыласы, сүйіспеншілігі қаншама ұлт өкілдерін бір шаңырақ астына жұмылдыру екінің- бірінің ғана қолынан келе бермейді.Осындай Елбасымыз барда біз бақыттымыз.
Халқымның жағдайы дұрыс болсын.
Еліміз әрқашанда тыныш болсын! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызды осымен аяқтаймыз.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ел бірлігі - е? асыл ?асиет

Автор: Саникей Зоя

Дата: 17.03.2015

Номер свидетельства: 187736

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Шы?арма "Адам бойында?ы асыл ?асиет""
    ["seo_title"] => string(32) "shygarmaadamboiyndagyasylkasiiet"
    ["file_id"] => string(6) "286594"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1454354040"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Мейірімділік асыл ?асиет"
    ["seo_title"] => string(29) "mieiirimdilik-asyl-k-asiiet-9"
    ["file_id"] => string(6) "306701"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458187822"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(122) "?зін-?зі тану п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы "Адамгершілік - асыл ?асиет!""
    ["seo_title"] => string(74) "ozin-ozi-tanu-p-ninien-ashyk-sabak-tak-yryby-adamghiershilik-asyl-k-asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "291652"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1455175573"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(73) "Мейірімділік - асыл ?асиет . Т?рбие са?аты"
    ["seo_title"] => string(36) "mieiirimdilikasylkasiiettrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "297531"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456212919"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) "Адамды? асыл ?асиет "
    ["seo_title"] => string(21) "adamdyk-asyl-k-asiiet"
    ["file_id"] => string(6) "171497"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423674607"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства