kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Достық түбі - адалдық

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектептегі сыныптан тыс іс-шараға қолдануға арналған тəрбие сағаты. Оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға көптеген септігі бар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Достық түбі - адалдық»


Кім тапқыр

Мақсаты:

Оқушыларға ұлттық үрдісті насихаттау, балалар арасында татулықпен,бірігушілікке баулу.

Тәрбиелік мәні:

Оқушылардың білім дәрежесін барынша жетілдіру.Оқушылардың шығармашылық пен өз білімін көтеру дағдысын қалыптастыру.Оқушылардың қарым-қатынасын,бір-бірімен араласуын қадағалап отыруға баулу.

Көрнекілігі:

Плакаттар мен сөзжұмбақтары бар парақтар.

Ұйымдастыру әдісі:

Сәлеметсіздерме құрметті оқушылар,қазылар алқасы және көрермендер.Сіздерге сыныптан тыс сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:

Адамның дамуымен қалыптасуы жайында көптеген ғалымдар өз ойын,пікірлерін білдірген.Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев «Атаңның баласы болма,адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ,еліне халқыңа пайдаң тисін»,-деді. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам»,деп аңсаған ағартушы педагог С.Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылыммен білімді өзінен кейінгі жастарға насихаттады.

2-жүргізуші:

Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу»моделімен «өмір бойы білім алып өту»моделіне көшуге тиіспіз. «Болашаққа біліммен қадам басып,лайықты қолтаңбамызды қалдырайық»-деп айтып отыр. «Білімді азамат-ел ертеңі»(нақыл сөз). «Білікті бірді,білімді мыңды жығар»(мақал), «Білім мен даналық-адам көркі» (Ә.Науан). «Халыққа наннан кейінгі ең қажеттісі-білім»(Ж.Донтон)тағы сол сияқты,білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.

1-жүргізуші:

Ғылыми-техникалық прогресс,ғылымның басқа салаларының дамуы жаратылыстану ғылымының құрылымын анықтау үшін математикалық білім беру ерекшелігіне қызығуды арттыруда математиканың орасан зор маңызы бар.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдайтын,мектебіміздегі білімді жастарды анықтайтын оқушылардың білімге құштарлығын арттыратын «Кім тапқыр» атты танымдық ойынымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Білімді адам еш нәрседен қорықпайды,мазасызданбайды.Әруақытта да батылды.Ендеше ортаға білімді тұлпарларымызды шақырамыз.Ойынға төрт топ қатысады.Ойынды бастамас бұрын қазылар алқасын сайлап аламыз.

Қазылар алқасы:

1


2


3



1-жүргізуші:

Ал енді сөз кезегі біздің тұлпарларымызда.

  1. Таныстыру.Топтың аты.

  2. Ұраны.

  3. Топ басшысы.

Бірінші сайысымыздың аты: Бәйге.

Шарты: 16 сұрақ қойылады. Қойылған сұрақтарға тез арада жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауаптарға 5 балдық жүйемен баға қойылады.

  1. 1 кг тас ауыр ма? 1 кг мақта ауыр ма? (тең)

  2. Бірнеше үйректер ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, екеуі алдында, біреуі артында, біреуі екеуінің арасында және үшеуі қаз-қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (үш үйрек)

  3. Дүкеннен мен сабын алдым,

Оның және қабын алдым,

Екі дәптер, бір карандаш,

Бір тіс ысқыш тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды, қолда бәрі. (алты)

  1. Қандай да сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? (0 саны)

  2. Бір қорада тауықтар мен қояндар. Олардың бастарының саны 19, ал аяқтарының саны 40. Сонда қорада неше тауық, неше қоян бар? (1 қоян, 18 тауық)

  3. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда, берген жауабы мынадай, ұл мен қыздарымның сандары бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар. Қарияның қанша қыз, қанша ұлы бар? (3 ұл 3 қыз)

  4. Бір-бірімен жарысқа

4 аю, 1 арыстан,

2 қой мен 1 түлкі

Бәрі нешеу кім білді? (8)

  1. Жасы 100-ге келген бір қария өзінің туған күнін 25 рет қана атап өткен. Себебін анықтаңыз. (29-ақпанда туылған)

  2. Екі әкесі мен екі баласы үш апельсин тауып алды. Тең қып бөлгенде әрқайсысына бір апелсиннен тиді. (Атасы, баласы, немересі)

  3. Екі санның қосындысы 8-ге тең, айырмасы 2-ге тең, көбейтіндісі 15-ке тең. Олар қандай сандар? (3 пен 5)

  4. Екі қолда неше саусақ бар? (он) Ал он қолда неше саусақ бар? (50)

  5. Стол үстінде екі адам отыр. Біреуі екіншісінің баласы, бірақ екінші адам оның әкесі емес. Сонда ол кім? (шешесі)

  6. Қандай екі натурал санның қосындысы оның көбейтіндісіне тең? (2+2=2*2)

  7. Бір жұмыртқа 4 минут пісті. Ал төрт жұмыртқа неше минут піседі? (4 минут)

  8. Себетте 5 алма бар еді. 5 алма себеттен бес балаға таратып бергенде бір алма қалыпты. Сонда қалай болғаны? (Бір балаға себетімен берген)

  9. Жанұяда төрт ұл бар және әр ұлдың бір әпкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (бес бала)

  10. Ұшақ қалаға дейін 1 сағ 30 минут ұшады, ал кері қайтар жолда 90-ақ минут ұшады. Бұл қалай болғаны. (тең)

Екінші сайсымыздың аты: «Тіл - өнер»

1-жүргізуші: Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «Математика – барлық ғылымдардың атасы»- деп тегіннен – тегін айтылмаса керек.

2-жүргізуші: «Ақын жанды болмасам, математик те болмаған болар едім»-деп София Ковалевская айтқандай біздің тарландарымызда өздерінің қазақша, орысша және ағылшынша шеберліктерін көрсетеді.

Шарты: Жұмбақ, мақал-мәтел, не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысша, ағылшыншаға аударады. Әр аударма 10 ұпай.

  1. Логикалық есептер.

Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір-бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар? (8: сегіз, восемь, eight)

  1. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? (10: он, десять, ten; 100: жүз, сто, one hundred)

  2. Тұйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг тартады. Ал, егер екі аяғымен тұрса қанша тартады? (12: он екі, двенадцать, twelve)

  3. Ағаш үстінде отыз торғай отыр еді, соның екеуін атып түсірді. Торғайдың қаншасы қалды? (2: екі, два, two)

  4. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен жанындағы біреуін өшірдің, қаншасы қалды? (1: бір, один, one)

  5. Бір үйде тұрады екен 50 батыр, үй сыртына сүйкенсе – ақ өліп жатыр. (сіріңке, спичка, match)

  6. Қосқұлаты жүз тісті,

Жүзінен бір-ақ із түсті. (ара, пила, saw)

  1. Тәулік бойы бір тынбай

Тық-тық етіп тұрады.

Болса да өзі құртымдай

Үлкен мақсат – мұраты. (сағат, часы, watch)

Үшінші сайысымыз: Қасиетті жетілік.

1-жүргізуші: Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында күннің өзі жеті бөлікке бөлінген. Аптада жеті күн бар. Бір ғажабы бұл атаулар өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқанда жеті саны киелі болып саналады. Жаңа туған нәрестенің шілдеханасы жетінші күні жасалады. Білімдар кісіні «Жеті жұрттың тілін біледі» дейді.

Көкте жеті қабат, жерді жеті қат деп есептейді. Тіпті, «Жұт жеті ағайынды» деген сөздің өзі де тұрмысытық жағдайдан келіп туындайтын байланыс.

2-жүргізуші: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен «Жеті қазына» деген атаулардағы жетілік санының тектен-тек тумағандығы айқын. Басқа-басқа, қауіп-қатерден аман қалған адам үшін жеті шелпек пісіріліп жатуы да немесе садақа жеті түрлі нәрсе таратылуында наным түсініктен ғана тумаған құбылыс екен.

«Жетіге келгенше, жерден таяқ жейтін» нәрестеге өсе келе «қазақтың жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөздің тұжырым жасауы ұрпақ көшінің үзілмеуін тілеген ізгі ниеттен шыққан.

1-жүргізуші: Сонымен «Жеті атасын ер, жеті жұрттың қамын жер», деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойынына шақырамыз.

Шарты: Әрбір топ тест түрінде берілген сұраққа жауап береді.

  1. 1,5 қауын бір тенге 50тиын тұрады. 10 қауын неше тенге тұрады?

а) 15 тенге б) 10 тенге в) 20 тенге г) 30 тенге

2. Екеуі шахматты екі сағат ойнады. Ал әрқайсысы неше сағат ойнайды?

а) 2 сағат б) 4 сағат в) 1 сағат г) 5 сағат

3. Ең үлкен үш таңбалы санды ең кіші бір таңбалы санға қоссақ неше болады?

а) 100 б) 10000 в) 1000 г) 500

4. Қазақстан республикасында қанша экономикалық аудан бар?

а) 10 б) 15 в) 18 г) 14

5. Қазақстан республикасының президенті?

а) Қ.Тоқаев б) Н.Назарбаев в) А.Ақаев г) дұрыс жауап жоқ.

6. Бүкіл әлемдік балаларды қорғау күні қай күн?

а) 7 мамыр б) 11 тамыз в) 1 мамыр г) 1 маусым

7. Конституция күні қашан?

а) 25 қазан б) 16 желтоқсан в) 30 тамыз г) 7 қараша

1-жүргізуші: Ендігі төртінші сөздік сайысымыздың аты: Көкпар

  1. Мына төрт бұрыштың ішіне бір мақал жазылған. Қай әріптен бастаса мақал дұрыс оқылады?










2-жүргізуші: Ендігі бесінші жұмбақ сайысымыздың аты: Жорға

Мұғалім жұмбақ жасырады. Оқушылар шешуін табады.

1. Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат,

Байлауынан бір босамас қызыл ат. (тіл)

2. Өзі түзу, ізі қисық бір аттың,

Өшпес ізін бала бала кезден ұнаттым. (қалам мен жазу)

3. Жаза-жаза жалықпаған,

Жазу жазып арықтаған. (бор)

4. Тілдерімен жүреді,

Уақытты біледі. (сағат)

5. Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәнін, түсінуге жараған. (әріп)

  1. Бір үйге көзсіз боп кіресің,

Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп)

  1. Аяғы жоқ жүреді,

Сылқ-сылқ күледі. (су).

  1. Құрғақ жерде сақтайсың,

Менсіз тамақ татпайсың. (тұз)

Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, сайыс қорытындысын жариялайды.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Достық түбі - адалдық

Автор: Жолтаева Арайлым Бердибаевна

Дата: 15.05.2017

Номер свидетельства: 415562

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(34) "Досты? т?бі адалды? "
    ["seo_title"] => string(19) "dostyk-tubi-adaldyk"
    ["file_id"] => string(6) "166355"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422953936"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(20) "Адал досты?"
    ["seo_title"] => string(10) "adaldostyk"
    ["file_id"] => string(6) "285249"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454129197"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Сабақ: Адалдық. Д.Қасенов"
    ["seo_title"] => string(25) "sabak_adaldyk_d_k_asienov"
    ["file_id"] => string(6) "379546"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484479930"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) ""Досты?" ашы? саба? 6 класс"
    ["seo_title"] => string(26) "dostyk-ashyk-sabak-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "307330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458311916"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Досты?- асыл ?азына"
    ["seo_title"] => string(16) "dostykasylkazyna"
    ["file_id"] => string(6) "278948"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453149142"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства