kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Бір тойым бар» (?деби сазды кеш)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:" Бір тойым бар" А?ын Т?леген Айбергеновты? шы?армашылы?ына арнал?ан ?деби- сазды кеш. Ма?саты: Біртуар а?ын Т?леген Айбергеновты? шы?армашылы?ын насихаттау, а?ын ?ле?дері ар?ылы о?ушыларды ?з Отанын, ту?ан елін с?юге т?рбиелеу Кеште о?ушылар а?ынны? ?ле?дерін м?нерлеп о?ып, ?ндерін тамылжыта шыр?ады. А?ынны? ?мірі мен шы?армашылы?ына ?атысты деректер слайд ар?ылы к?рсетілді. Кешке а?ынны? жиені мектепті? ардагер ?стазы Сансызбаева На?ыма апай,  ?ызы Салтанат Айбергенова а?ын туралы естеліктер айтты.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Бір тойым бар» (?деби сазды кеш) »


Усманова Шынар Октябровна Алматы облысы Қарасай ауданы Үшқоңыр ауылы М.Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


«Бір тойым бар» (әдеби сазды кеш)


Армысыздар, бүгінгі кештің қонақтары, ұстаздар, оқушылар!


Қазақ поэзиясында өзіндік орны бар, талантты, біртуар ақын Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған «Бір тойым бар» жыр кешіне қош келдіңіздер!

Алысты барам арман ғып,

Ауырың болса, арт, өмір.

Жолына жырдың құрбан ғып,

Басымды тіктім әйтеуір,-

деп жырлаған ақынның туғанына биыл 75 жыл толып отыр. Мерейлі мерекеге арналған кешімізді ашып беру үшін сөз мектеп директоры Ергашева Раушан Естлеусқызына беріледі.

Өле берсін күншілдер күйігінде

Өз ғасырым өзімнің иінімде.

Ақ жаңбырлар тоздырған тау сияқты

Мен өлемін өзімнің биігімде,-

деп жырлаған ақын шығармашылығы - өзінің жеке ақындық орбитасымен шектеліп қалмай, халқымыздың сан ғасырлық тарихы бар рухани кеңістігінен әлдеқашан ойып орын алған, төңірегіне нұрын үздіксіз шашып келе жатқан қастерлі шығармалардың бірі. Жастық жалын, өрлік пен ерлік, тағдыр талқысына қасқайып қарсы тұрар текті тәкаппарлық десек – еске ең алдымен Төлеген Айбергенов есімі, оның отты өлеңдері оралатыны ақиқат.

Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қарақалпақ елінің «Қоңырат» деген жерінде дүниеге келген. 1959 жылы Ташкенттің Низами атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітіріп, туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарады.

Т.Айбергенов балауса жырларын жас кезінде – ақ жаза бастайды. Ол бірінші рет «Жас дәурен» атты жинақта бір топ өлеңдерімен көрінеді. Өмірінің соңғы жылы Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетті насихаттау бюросында ұйымдастырушы қызметін атқарады. Бірнеше кітаптары шығады. Атап айтқанда: «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Мен саған ғашық едім», «Аманат». Өзі дүниеден өткеннен кейін 1974 жылы «Құмдағы мұнаралар» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Кезінде жалынды ақын М.Мақатаевпен, М.Шахановпен, Ф.Оңғарсыновамен өте жақын араласып, достық қатынаста болған.

Аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер.

Кешіміздің алғашқы бөлімі «Атамекен» деп аталады. Бұл бөлімде ақынның туған жер, Отан туралы өлеңдері оқылады. Шәкірттеріміз ақын өлеңдерін оқи отырып, өздерінің асқақ патриоттық сезімдерін жолдайды.

Өзіңді көріп кеудеме

Дүрсілі қонып жүз аттың

Осынау сұлу өлкеме

Өлеңнің қызын ұзаттым,-


дей отырып, сахна төріне ақын өлеңдерін сүйіспеншілікпен оқып, жаттап жүрген жас өрендерімізді шақырайық.

  1. Ғазиз Нұрбек «Туған еліме»

  2. Кемалов Бақдәулет «Отаным»

Сен менің ұшар басым биіктеген

Жолыңа тапқанымды үйіп – төгем.

Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің

Қай нәрсе сол жүректер сүйікті екен?!

  1. Қуатбаева Қамар «Туған елге»

  2. Зиятов Данияр «Өскен жер»

Ақынның өзі туып - өскен, кіндік қаны тамған «Қоңырат» ауылына деген перзенттік махаббаты өлеңдерінде сұлу сезіммен сыр шертеді.

  1. Жұман Дана «Қоңыратқа»

О, туған жер!

Өз кеудеңде нәр алып,

Көкірек көзім ашылған.

Менің маржан ойларым

Өз кеудеңе шашылған.

  1. Елубаева Рамзия «Атамекен».

Қызық қой, шіркін, сенде өмір

Сүйікті қалам, Алматым!

Сол кездегі әсем астанамыз Алматыға арналған өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Мақсетбайқызы Зарина, Омарбаева Наргиза «Алматыға»

  2. Қойшыбай Олжас «Аруана – бауыр дүние»

Мен бүгін сенің қойныңа жеттім

Сабылып, ұшып, жүректі тоқсан пәршалап,-

деген өлең жолдарын кең байтақ Қазақстанға арнаған.

«Менің Республикам» атты монтажды назарларыңызға ұсынамыз. 5-6 - сынып оқушылары орындайды.

Отан, Ана ұғымдары егіз іспеттес. Ендеше, ана тақырыбы да ақын шығармашылығынан тыс қалған емес.

  1. Мииржанова Нұрбибі «Ана»

Кешіміздің екінші бөлімі «Бозбала шақ – бал дәурен» деп аталады. Бұл бөлімде ақынның студенттік шақтарынан сыр шертеміз. Төлеген ақынның институтта бірге оқыған жақын досы Зәкір Асабаев ақынмен бірге өткен әрбір сәтін сағынышпен еске алады: «Шынымды айтсам, студент болған алғашқы күннен мен Төлегенмен өте жақын дос болып кеттім. Сол достығымыз өзі дүниеден өтсе де, әлі күнге бала – шаға, үрім – бұтағымызбен жалғасып келеді. Қазақ поэзиясына тың леп, соны серпін әкеліп, жалт – жұлт алмастай жарқырап көрінген талантты тарлан еді. Ол маңдайына жазылған отыз жыл ғұмырында үш – төрт қана кітабын қалдырған, кез – келген қазақ отбасының жиын – тойында өлеңдері оқылмай қалмайтын ғазиз жан, қайран дос, танымал тұлға».

Көрініс. 10-сынып оқушылары орындайды.


Төлеген Айбергенов қай қырынан көрінсе де, сергек, сезімтал. Ол бүкіл адамзатқа ортақ мүддені, бейбіт күн шуағын, адамға тән ұлылықты шапағатпен жырлайды.

Не кездессе өздеріңмен көрмекпін

Қарапайым адамдары еңбектің

Барлығын да бағыштар ем сендерге

Махаббатын маған берсе жер – көктің.

Жұман Гүлдана «Адамдар»

Сайфулина Нурия «Қаратау»

Поэзия дейтін құдіретті әлемнің құрметті ақынына айналған Төлегеннің ғұмыры қысқа болса да, өлеңі мәңгілік! Осы орайда ақынның бірге жүрген жолдасы, белгілі драматург, режиссер Айладыр Өтәлиевтің естелігіне құлақ түріп көрелік: «Төлеген қолындағысын жақын жолдастарынан аямайтын. «Қайғыңды көтеруге қайғысыз көнетұғын» деп өзі айтқандай, ер көңілді жігіт ол. 1965 жылы күздің қара суығында Атырауға келген сапарында Шәмшіге құндыз тымақ сатып әперді. Қиын – қыстау кезең ғой, Шәмші сонда бас киімсіз жүр еді. Сол уақытта Төлегеннің өзі де жұмыссыз. Комсомолдық іс-сапарға берген қаражатын сол тымаққа жұмсады. Сонда маған айтқаны: «Шәкең қасымда жаңарып, жарқырап жүрсін. Дос – басқа, дұшпан – аяққа қарайды». Төлегеннің досқа деген мейірімі, бауырмалдығы ғой бұл!»

Көрініс. 10-сынып оқушылары орындайды.

Әр бұлақтың ағуы әр алуан болатыны сияқты әр ақынның қалам тербеуі де өзінше бөлек. Төлегенге тән ерекшелік өлеңді ұшқыр, отты етіп жазуында. Бір сәт лапылдаған жастық шағын сөз етсе, бір сәт сұлу өлке табиғатына ой жүгіртеді, бір сәт ақындық жайлы, сағыныш иірімдері, махаббат, арман, сезімге толы лирикалық өлеңдері жүректен – жүрекке лүпілдеп жетіп, тыңдаушы құлағын еріксіз баурайды.

Зинуллаев Мұратбек «Ақындық»

Сағыныш шалғай сапарларына жасаған шақта иелік

Кеудеме менің сан рет кеткен табан астынан күй еніп.

Қойнымда менің қалғиды бүгін ақ жұпар әлем қыз - өмір

Сол сағыныштың кірпіктеріне сүйеніп,-

дей келе, ақынның «Сағыныш» өлеңіне кезек берейік. Жұман Гүлдана оқиды.

Төлеген өлеңдеріне тән ерекшелік - сазды ырғақ пен сұлу образ қабысып жатқан ішкі ұйқастар.

Күн – бикеш, көкжиектен құлап кеткен,

Самал – жел сыбдырлайды құрақты өпкен.

немесе

Аққу мойын ақ көйлекті қайыңдар,

Дәл сендердей менің де аппақ айым бар,-

деген шумақтар - осының дәлелі.

Ендеше «Ақ қайыңдар» өлеңімен Дана қызымызды сахна төріне шақырайық. Мектебіміздің 7а сынып оқушысы Жұман Дана - биылғы оқу жылында аудандық Махамбет, Төлеген, Фариза оқуларының 3-орын жеңімпазы, қошеметтеріңіз!



Біткендей басты шаруаң

Мәз боп ең сонда, досым – ай!

«Ақ ерке – Ақ Жайық» - ару ән

Өмірге келген осылай!-

дей отырып, назарларыңызға көрініс ұсынамыз, 10-сынып оқушылары орындайды.

Ән «Ақ ерке – Ақ Жайық». Орындайтын: Тұяқова Алтынай мен Қазтуғанова Назерке.

Төлеген – оптимист ақын. Ол өмірге асқақтап қарамайды, асқақтата жырлайды.

Жанымның отын маздатып,

Түнде де дамыл көрмеймін

Қалғыма, әлем, мен саған

Бәрібір тыным бермеймін.

Енді өр ақынның отты жырларына кезек берейік.

Орынбай Дастан «Серт»

Жұман Ерлік «Бір жетсе менің ажалым жетеді»

Алдашов Бақытжан «Оралам үйге кейде мен»

Төлегенова Гүлбану «Жігіттер»

«Жігіттер» биін тамашалаңыздар. Орындайтын 6а сынып оқушылары.

Кешіміздің соңғы бөлімін «Сағыныш» деп атадық.

Сенделіп өрттей сезіммен

Лапылдап кетіп барамын,-

деп өзі жырлағандай, өз жүрегінің сағынышына өртеніп өзі де сағынышқа айналған ақынның жиені мектебіміздегі тәжірибелі ұстаз Теңізбаева Динара Мұратбайқызын сахна төріне қошеметпен шақырамыз.

Мен бүгін сонау көгілдір көлге сағынып ұшып барамын,

Бірге қақ қанат сағынып көрген қарағым.

Жалғасын сен айт, бұл асқақ әннің жабылып кетсем егер мен,

Ғұлама жылдар судырлатқанда парағын.

Ендігі кезекте ақиық ақындардың Төлегенге арналған өлеңдерін тыңдайық.

  1. Мұхтар Шаханов «Төлеген Айбергеновке ескерткіш» Усманова Шынар

  2. Мұқағали Мақатаев «Төлегенге» Канназаров Азамат

  3. Зейнолла Шүкіров «Төлегенге» Жубаева Назерке

  4. Мұхтар Шаханов «Айбергенов шыңы» Қаржаубаев Алғазы

Біздің мектебімізде Төлеген Айбергенов шығармаларын оқыту, поэзиясын насихаттау мақсатында біраз жұмыстар жүргізіліп келеді. Тәжірибелі ұстаз Усманова Анардың жетекшілігімен мектебіміздің түлегі Абдибекова Әсел «Төлеген Айбергенов шығармаларындағы лексикалық қолданыстар» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, республикалық байқауда 3-орынмен марапатталды. Алламова Ұлмекен «Төлеген Айбергенов шығармаларындағы қайталаулар» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап, аудандық байқауда 2-орынмен марапатталды. Салимжанова Ботакөздің жетекшілігімен Рахимова Гүлмира «Төлеген мен Мұқағали өлеңдерінің үндестігі» тақырыбындағы ғылыми жобасын қорғап, аудандық байқауда 2-орынмен марапатталды.

Бүгінгі күні ақын есімі қазақ поэзиясының нағыз тарланы ретінде кең насихатталады. Жыл сайын дәстүрлі Төлеген оқулары өткізіледі. Астана қаласында Төлеген Айбергенов атындағы мектеп, Шымкент қаласында ақын атындағы көше бар. Биылғы 75 жылдық мерейтойын республика көлемінде тамыз айында тойлау жоспарланып отыр, Республика сарайында думанды кеші ұйымдастырылмақ.

«Бір тойым болатыны сөзсіз менің»,-

деп ақын үлкен қуанышты, шаттықты халқымен бөлісуді армандаған.

Көрмейін деген жоқ ем мен,

Жеткізбей кетті сан қырлар,-

деп өзі жырлағандай, өзі армандаған бір тойын көре алмай кетті. Ақын армандаған сол «Бір тойды» бүгінгі ұрпақ тойлауда. Ақынның тойы құтты болсын! Ақынның тойы тарқамасын! Әр қазақтың шаңырағында дүбірлі той, қуаныш, шаттық бола берсін деген тілекпен «Бір тойым бар» өлеңін назарларыңызға ұсынамыз. 5а сынып оқушысы Төлегенов Арманның орындауында қабыл алыңыздар.

Құрметті, ұстаздар, оқушылар, қонақтар!

Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған «Бір тойым бар» әдеби – сазды кешімізді аяқтаймыз, қазақ поэзиясына, қазақ өлеңіне сүйіспеншілік танытып, рухани байлық, нәр алып, көңіл қойып тыңдағандарыңызға мың алғыс! Қазақ поэзиясы жасасын, тіліміз бен әдебиетіміз өркендей берсін


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
«Бір тойым бар» (?деби сазды кеш)

Автор: Усманова Шынар Октябрьовна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 193712

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(158) "Жырымен күллі әлемді құшаққа алған. (Қ.Сарин шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)"
    ["seo_title"] => string(80) "zhyrymien_kulli_liemdi_k_u_shak_k_a_alg_an_k_sarin_shyg_armashylyg_yna_arnalg_an"
    ["file_id"] => string(6) "403886"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490632665"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Әдеби сазды кеш "Шындықтан туған шын поэзия""
    ["seo_title"] => string(49) "diebi_sazdy_kiesh_shyndyk_tan_tug_an_shyn_poeziia"
    ["file_id"] => string(6) "450215"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1516076905"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "М??а?али Ма?атаев?а арнал?ан ?деби кеш"
    ["seo_title"] => string(37) "mukagalimakataievkaarnalgandiebikiesh"
    ["file_id"] => string(6) "271458"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451505904"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "Әдеби-сазды кеш"
    ["seo_title"] => string(17) "diebi_sazdy_kiesh"
    ["file_id"] => string(6) "408715"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1491993738"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(152) ""?ия?а ?рлей ?ш?ан ?ыран а?ын" ?адыр Мырза ?лі шы?армашылы?ына  арнал?ан ?деби-сазды са?ат "
    ["seo_title"] => string(102) "k-iiag-a-orliei-u-shk-an-k-yran-ak-yn-k-adyr-myrza-li-shyg-armashylyg-yna-arnalg-an-diebi-sazdy-sag-at"
    ["file_id"] => string(6) "213162"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1431979685"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства