kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Әдеби-сазды кеш

Нажмите, чтобы узнать подробности

Абайды оқы, таңырқа


1-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар!
2-жүргізуші: - Ассалаумағалейкум, құрметті поэзия кешінің қонақтары!
1- жүргізуші: Бүгінгі біздің өткізіліп жатқан әдеби кешіміз ұлы ғұлама, ойшыл Абай Құнанбаев өмірі мен өлеңдеріне арналады.
2- жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
1-жүргізуші: Абай мұралары – суреткерлік салиқалыққа, стильдік әр  алуандылыққа,адами ұлттық, кісілік, тарихи, заманалық болмыстарға бойлайтын кәусар дариясы. Көл-көсір көсіліп жатқан рухани әлемге жетелейді.  «Абайды оқы, таңырқа» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: көрініс «Абай деректі драма»

Автор: Абайдың дүниеге келу турасына ел аузынан жеткен ең көне әңгімелердің бірі, Абай дүние есігін ашарда Әкесі Құнанбайдың түс көруі. Құнанбайдың түсіне XYIII ғасырда өмір сүрген, тобықты руынан шыққан, қазақтың кемеңгер биі - Әнет баба кіріп Ибрахим деп қана пайғамбардың атын атап аян беріп ғайып болады.

         Осы түстен көп ұзамай Құнанбайдың әйелі Ұлжанның босанғаны жайында хабар келеді. Көрген түсін ырым көрген Құнанбай азан шақырып, жас нәрестеге Ибрахим есімін бергізеді.

-Ой, айналайын, бәрекелді айналайын

Жігіт: - Аман-есенсіңдер ме?

Зере: - Ау, амансыздар ма?  -айналайын !

Жігіт: Баланың бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын.Сіздерге Құнекен «Қамдансын деп сәлем айтты. Бүгін молда шақырып, азан айттырып, нәрестеге Ибраһим деген ат бермекші»- дейді

2 жыл өткен соң.

Зере: - Әлди, әлди  Абайым,

Атқа тоқым жабайын.

Тыста жүрген анаңды,

Қайдан іздеп табайын.

Зере:Ұлжан, мына баланың еметін уақыты болып қалды ғой деймін, алшы.

Автор: Құнанбайдың әйелі Күнкеден кейін әмеңгерлік жолмен алған әйелі Ұлжан –сабырлы, ақылды, дана әйелің санатынан еді.

Құнанбай қойған Ибраһим аты Зере мен Ұлжан сияқты, парасатты  аналардың арқасында ел ішіне Абай болып жайылды.(Киіз үйдің ішінде алаша және таға басқа ою өрнектермен әрлендіріп, астына текеметтер төселген. Оқушылар айналып ішінде отырады. Сол кезде Асел мен Тілек топтың ішінде отырып тамылжыта әуенге салады.«Желсіз түнде жарық – ай) әні  Лебек Асел Сәрсенбайұлы Тілек

2-жүргізуші: «Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деп Елбасымыз айтқандай Абайдың қазақ еліне  арнап жазған жырларын өзімізге арналған мұра ретінде қабылдаймыз.

1-жүргізуші: Олай болса, Абайдың  ғасырдан – ғасырға жалғасып құндылығын жоймай келе жатқан, өлең шумақтарына кезек  берсек.

2-жүргізуші: Абай қөзқарастары күні бүгінге дейін құндылығын жоймайды.Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс - бұрыстығын сараптай аламыз.Ғарыштап дамыған заманымызда  «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі қазіргі заманымызға   дүп келгендей.Тұрғанбай Ернұр                                     

1-жүргізуші: Абай шығармашылындағы білім, ғылым тақырыбындағы өлеңдері; Табиғат лирикасына арналаған өлеңдері; Махаббат лирикасына арналған өлеңдері Абайдың рухани әлемі!

2-жүргізуші: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Қажыкенова Ақерке      

1-жүргізуші: Абай әрдайым өнер - білімді зерттеп, білімді зор бағалаған. Бүгінгі ұрпаққа да өшпестей  мұрасын қалдырып, ғылымның адамға берер пайдасы коп екенін ашып айтып кетті. Сол тақырыпқа қалам тербеген өлеңдерінің бірі - «Ғылым таппай мақтанба» Бақыт Іңкәр

2-жүргізуші: Абай өзі өмірі сүріп отырған заманның ашты шындығын тамыршыдай дәп басып айтып, тарам – тарам тамырларға өлең жолдары арқылы қан жүгіртті. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» Ықпал 9Б

1-Жүргізуші:Талғамы биік дарабоз ақынымыз, өлең жолдарын жіпке тізген меруерт маржандай жарқыратып қана қоймай мәні ең маңыздылығын астарлап айтып сыр шетті. Ән мен күй құдіретін өлең жолымен сезіндірді. «Құлақтан кіріп бойды алар» Болатхан Айдос

1-жүргізуші:  Абай әндерін кім қалай орындаса да ән өз құдіретін жоғалтпайды.Ән «Жүрегім нені сезесің?» Дұңпың Сымбат

2-жүргізуші: Әдебиет – сөз өнері. Ал өнер ұлттық сипатта болады.Ақын басқа әдебиеттен оқиға, ой ауысқанымен де басқа тілге апарып қондыра салуға келмейтін шығарманың көркемдік бояуы бар.

1-жүргізуші: Сол себепті де әдеби аударманы сөз өнерінің ерекше бір саласына жатқызып, оны да ұлттық әдебиеттің ауқымында қарау керек. Осы тұрғыдан келгенде, Абай қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын аударма арқылы биікке көтерді деп білеміз!

2-жүргізуші : Абай мұрасының өзге тілдерге танылуы іс – жүзінде ХХ ғасырдың бас кезінен басталады және де ең алдымен орыс тілі арқылы жүзеге асты. Абай шығармалары : қытай, грузин, қарақалпақ, қырғыз, татар, француз, ағылшын, түркімен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

1-жүргізуші: Абай Құнанбаевтың И.А.Крыловтан; Лермонтовтан; Пушкиннен Аударған мысал – өлеңдері бар. Солардың бірі: «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған. Оқитын: Шаймұрат Айгерім

1-жүргізуші: : Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең,менше сүй

Ән «Көзімнің қарасы» Абеу Құндыз 9Б

2-жүргізуші: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл» деп үлкен мағына берген Абайдың сүйіспеншілік, ғашықтық тақырыбына арналған өлеңдері – махаббат лирикасына қосылған үлкен қазына.

Көрініс «Абай мен Тоғжан» Айбұлан 10Б, Лаура 9Б

1-жүргізуші: : Абай - ақын, Абай – дана, ойшыл,замана суреткері, Абай -кемеңгер,  Абай – аудармашы, абай - сазгер, Абай - кемеңгер, композитор. Абайдың «Торжорға», «Май түні» деген күйлері бар. Күйлерінің халыққа танымаған себебі: Абай қолына домбыра алып, ауыл-ауылды аралап күй шертпеді. Сондықтан бұл күйлер қазіргі таңда халық назарынан тыс қалып барады. Күй «Май түні» Сәрсенбайұлы Тілек

2- жүргізуші: Абай 29- қарасөзінде қазақтың мақал мәтелдерінің ілікке алатыны бар алмайтыны бар деп сынады. Оқитын: Тайтөлеу Ұлан

2- жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Деп ақын өзі жырлағандай, артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі өлмек емес. Ғасырдан – ғасырға жалғасын таппақ деп бүгінгі әдеби кешіміздің шымылдығын жабамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Әдеби-сазды кеш»

Абайды оқы, таңырқа


1-жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар, ата-аналар!
2-жүргізуші: - Ассалаумағалейкум, құрметті поэзия кешінің қонақтары!
1- жүргізуші: Бүгінгі біздің өткізіліп жатқан әдеби кешіміз ұлы ғұлама, ойшыл Абай Құнанбаев өмірі мен өлеңдеріне арналады.
2- жүргізуші: Абай Құнанбаев қазақ әдебиеті поэзиясындағы шоқтығы биік, дара да, дана тұлға. Абай қазақ поэзиясының өсіп, гүлденіп, жаңа сапаға жетуіне орасан зор еңбек етті. Ақын жас ұрпаққа терең ойға толы. Алуан өлеңдер үлгісін қалдырды.
1-жүргізуші: Абай мұралары – суреткерлік салиқалыққа, стильдік әр алуандылыққа ,адами ұлттық, кісілік, тарихи, заманалық болмыстарға бойлайтын кәусар дариясы. Көл-көсір көсіліп жатқан рухани әлемге жетелейді. «Абайды оқы, таңырқа» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші: көрініс «Абай деректі драма»

Автор: Абайдың дүниеге келу турасына ел аузынан жеткен ең көне әңгімелердің бірі, Абай дүние есігін ашарда Әкесі Құнанбайдың түс көруі. Құнанбайдың түсіне XYIII ғасырда өмір сүрген, тобықты руынан шыққан, қазақтың кемеңгер биі - Әнет баба кіріп Ибрахим деп қана пайғамбардың атын атап аян беріп ғайып болады.

Осы түстен көп ұзамай Құнанбайдың әйелі Ұлжанның босанғаны жайында хабар келеді. Көрген түсін ырым көрген Құнанбай азан шақырып, жас нәрестеге Ибрахим есімін бергізеді.

-Ой, айналайын, бәрекелді айналайын

Жігіт: - Аман-есенсіңдер ме?

Зере: - Ау, амансыздар ма? -айналайын !

Жігіт: Баланың бауы берік, ғұмыры ұзақ болсын.Сіздерге Құнекен «Қамдансын деп сәлем айтты. Бүгін молда шақырып, азан айттырып, нәрестеге Ибраһим деген ат бермекші»- дейді

2 жыл өткен соң.

Зере: - Әлди, әлди Абайым,

Атқа тоқым жабайын.

Тыста жүрген анаңды,

Қайдан іздеп табайын.

Зере:Ұлжан, мына баланың еметін уақыты болып қалды ғой деймін , алшы .

Автор: Құнанбайдың әйелі Күнкеден кейін әмеңгерлік жолмен алған әйелі Ұлжан –сабырлы, ақылды, дана әйелің санатынан еді.

Құнанбай қойған Ибраһим аты Зере мен Ұлжан сияқты , парасатты аналардың арқасында ел ішіне Абай болып жайылды.(Киіз үйдің ішінде алаша және таға басқа ою өрнектермен әрлендіріп, астына текеметтер төселген. Оқушылар айналып ішінде отырады. Сол кезде Асел мен Тілек топтың ішінде отырып тамылжыта әуенге салады.«Желсіз түнде жарық – ай) әні Лебек Асел Сәрсенбайұлы Тілек

2-жүргізуші: «Абайды   таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» - деп Елбасымыз айтқандай Абайдың қазақ еліне арнап жазған жырларын өзімізге арналған мұра ретінде қабылдаймыз.

1-жүргізуші: Олай болса, Абайдың ғасырдан – ғасырға жалғасып құндылығын жоймай келе жатқан, өлең шумақтарына кезек берсек.

2-жүргізуші: Абай қөзқарастары күні бүгінге дейін құндылығын жоймайды.Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс - бұрыстығын сараптай аламыз.Ғарыштап дамыған заманымызда «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі қазіргі заманымызға   дүп келгендей.Тұрғанбай Ернұр                                     

1-жүргізуші: Абай шығармашылындағы білім, ғылым тақырыбындағы өлеңдері; Табиғат лирикасына арналаған өлеңдері; Махаббат лирикасына арналған өлеңдері Абайдың рухани әлемі!

2-жүргізуші: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Қажыкенова Ақерке      

1-жүргізуші: Абай әрдайым өнер - білімді зерттеп, білімді зор бағалаған. Бүгінгі ұрпаққа да өшпестей мұрасын қалдырып, ғылымның адамға берер пайдасы коп екенін ашып айтып кетті. Сол тақырыпқа қалам тербеген өлеңдерінің бірі - «Ғылым таппай мақтанба» Бақыт Іңкәр

2-жүргізуші: Абай өзі өмірі сүріп отырған заманның ашты шындығын тамыршыдай дәп басып айтып, тарам – тарам тамырларға өлең жолдары арқылы қан жүгіртті. «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» Ықпал 9Б

1-Жүргізуші:Талғамы биік дарабоз ақынымыз, өлең жолдарын жіпке тізген меруерт маржандай жарқыратып қана қоймай мәні ең маңыздылығын астарлап айтып сыр шетті. Ән мен күй құдіретін өлең жолымен сезіндірді. «Құлақтан кіріп бойды алар» Болатхан Айдос

1-жүргізуші: Абай әндерін кім қалай орындаса да ән өз құдіретін жоғалтпайды.Ән «Жүрегім нені сезесің?» Дұңпың Сымбат

2-жүргізуші: Әдебиет – сөз өнері. Ал өнер ұлттық сипатта болады.Ақын басқа әдебиеттен оқиға, ой ауысқанымен де басқа тілге апарып қондыра салуға келмейтін шығарманың көркемдік бояуы бар.

1-жүргізуші: Сол себепті де әдеби аударманы сөз өнерінің ерекше бір саласына жатқызып, оны да ұлттық әдебиеттің ауқымында қарау керек. Осы тұрғыдан келгенде, Абай қазақ әдебиетіндегі мысал жанрын аударма арқылы биікке көтерді деп білеміз!

2-жүргізуші : Абай мұрасының өзге тілдерге танылуы іс – жүзінде ХХ ғасырдың бас кезінен басталады және де ең алдымен орыс тілі арқылы жүзеге асты. Абай шығармалары : қытай , грузин, қарақалпақ, қырғыз, татар, француз, ағылшын, түркімен, ұйғыр тілдеріне аударылған.

1-жүргізуші: Абай Құнанбаевтың И.А.Крыловтан; Лермонтовтан; Пушкиннен Аударған мысал – өлеңдері бар. Солардың бірі: «Қараңғы түнде тау қалғып» Лермонтовтан аударған, ол неміс халқының классигі Гетеден аударған. Оқитын: Шаймұрат Айгерім

1-жүргізуші: : Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар.

Әнді сүйсең,менше сүй

Ән «Көзімнің қарасы» Абеу Құндыз 9Б

2-жүргізуші: «Ғашықтың тілі – тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл» деп үлкен мағына берген Абайдың сүйіспеншілік, ғашықтық тақырыбына арналған өлеңдері – махаббат лирикасына қосылған үлкен қазына.

Көрініс «Абай мен Тоғжан» Айбұлан 10Б, Лаура 9Б

1-жүргізуші: : Абай - ақын, Абай – дана, ойшыл,замана суреткері, Абай -кемеңгер, Абай – аудармашы, абай - сазгер, Абай - кемеңгер, композитор. Абайдың «Торжорға», «Май түні» деген күйлері бар. Күйлерінің халыққа танымаған себебі: Абай қолына домбыра алып, ауыл-ауылды аралап күй шертпеді. Сондықтан бұл күйлер қазіргі таңда халық назарынан тыс қалып барады. Күй «Май түні» Сәрсенбайұлы Тілек

2- жүргізуші: Абай 29- қарасөзінде қазақтың мақал мәтелдерінің ілікке алатыны бар алмайтыны бар деп сынады. Оқитын: Тайтөлеу Ұлан

2- жүргізуші:

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

Деп ақын өзі жырлағандай, артына өлмес мұра қалдырған Абай есімі өлмек емес. Ғасырдан – ғасырға жалғасын таппақ деп бүгінгі әдеби кешіміздің шымылдығын жабамыз.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Әдеби-сазды кеш

Автор: Сейтхан Айымгүл Еділқызы

Дата: 12.04.2017

Номер свидетельства: 408715


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства