kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жырымен күллі әлемді құшаққа алған. (Қ.Сарин шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жырымен күллі әлемді құшаққа алған.

Мақсаты: Қазіргі жастар поэзиясындағы танымал ақындардың бірі              Қ.Сариннің өмірбаяны, шығармашылығымен таныстыру, ақын жырларының құдіретін түсінуге, сезінуге дағдыландыру. Ақынның өлеңдерін дәріптей отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, ақынжандылыққа тәрбиелеу, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Бейнесюжет: «Қазақ-киік»

І жүргізуші:

Киік - қазақ секілді, ҚАЗАҚ - КИІК,
Кім басына берді екен азапты үйіп?
Қасіреттің күрмеулі қыл арқаны,
Мойынымды барады қажап, қиып.

ІІ жүргізуші: Әрбір халық аң-құсты, табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып, түсінеді, соған орай оларға өзіндік бағасын береді, киеліге балайды, ұлтының болмысымен ұқсастығын табады. Біздің еліміз де де солай. Киікті қазақ қастерлі жануар деп есептейді. Ол - даланың киесі, еркіндік нышаны. Өткен жылдары қазақ даласында киік қырылуда деген жаман хабар тарады. Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы жаппай қырылған киіктердің саны жүз мыңға жуықтаған. Бұл оқиға кімді болса да ойландырмай қоймасы анық. Назарларыңызға ұсынғанымыз осы бір қасіретті жағдайды жырына қосқан бүгінгі кештің кейіпкері, ақын Қалқаман Саринның ".Қазақ - киік" атты өлеңі болатын.

І жүргізуші: Қоғамда болып жатқан әртүрлі оқиғаға елең етіп, жырына арқау еткен талантты тұлға Қалқаман Айымғазыұлы Саринның шығармашылығына арналған «Жырымен күллі әлемді құшаққа алған.» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жас ақын Қалқаман Саринның өзгеше өлеңдері жырсүйер қауымды елең еткізгелі біраз уақыт болды. Әнге жазылған мәтіндері де сұлу қыздың тіккен кестесіндей ерекше өрнекке толы.

І жүргізуші: Бүгінде еліміздің бас ордасы – Астана қаласындағы жас ақындардың ішінде Қал­қаман Сариннің шығар­машылық тұғыры биік, қол­таңбасы ерекше.

ІІ жүргізуші: Олай болса, мектебіміздің оқушыларынан «Қалқаман Сарин кім?» деген сауалға  жауап іздеген едік. Бейнесюжетке назар аударайық. (бейнесюжет)

І жүргізуші:

 Ақшулан бұлтпен астасып, ақсұңқар құстай самғадым

Ақсүйек өнер – ақындық, ақылдың жолын таңдадым!

Абыздың жолын бер Аллаһ, ауызды қайтем көпірген

Ажалым алып кеткенше, ажарын жырдың кетірмен!- деп ақсұңқар құстай самғаған, ақылдың жолын  таңдаған, ақын ағамыздың өмірбаянына шолу жасасақ. (слайдпен таныстыру) АбатАяжан

ІІ жүргізуші: Қалқаман Айымғазыұлы:

Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім, 
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім! 
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш, 
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің,- деп «Туған ауыл» өлеңінде жырлаған-дай, ақынның туған жеріне, еліне арнаған өлеңдеріне құлақ салайық.  Кезекті  Қарақат( «Қарауыл. Қара өлең»), Альбина («Арқат») Дамир («Тесіктас»), Әсем («Туған ауыл»), Меруетке  («Ауылға бардым»), береміз.

Бейнесюжет: «Отанымды сүйемін»

І жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Астана-ел жүрегі. Заң – дәстүр, Заң – өмірдің нәрі. Осы ұғымдарды да ақын ағамыз өз жырына қосты.

Жансая («Тәуелсіздік»), Нұршат («Астана»), Саян («Заң дәстүр»), Расулға («Толғау») кезек береміз.

ІІ жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің,-деп ақындарымыз жырлағандай

Қалқаман Саринның сөзіне, Қайрат Баекеновтың әніне жазылған, ҚР-ның мәдениет қайраткері Досымжан Таңатаров пен «Аламан» тобының орындауындағы  «Ұландар шеруі» әнін тыңдайық. Елжан Диас пен Тоқашева Жансаяны ортамызға шақырамыз. «Ұландар шеруі» әні

І жүргізуші:    

Əке-білек, саусағы балалары, 
Қантамырмен жалғасқан аралары. 
Ана-тамыр бойымен бəріне де, 
Тіршіліктің жылуы таралады, - деп Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай, әке - білек, ана – тамыр. Өмірден өткен қос шынарына ақын ағамыз сағыны-шын жырымен жеткізбек.                                                                                                    Ортаға  Мажитова Аружан мен  («Әке»),  Қонысбаева Ақботаны («Анашым») шақырамыз.
ІІ жүргізуші:

Анашым, ақ - дидарлым,

Жаныма нәр құйғаным.

Аңсайды әлі күнге

Әлди жаным,- дей келе, Қалқаман Саринның сөзіне, Арман Бексұлтанның әніне жазылған, Досымжан Таңатаровтың орындауындағы «Анашым» әнімен Сембай Диляра мен Зейнулла Ақжүністі  және  5 «А» сыныбы оқушыларының биші қыздарын ортаға шақырамыз.
І жүргізуші:

Көңіл-дөнен "басқа өрлеп, төске шауып",

Өлімменен қауышпай өшпесі анық.

Қайдасыңдар, достарым, келіңдерші,

Ессіз, ерке шақтарды еске салып!- деп Қалқаман ағамыз айтпақшы «Достар» өлеңімен Шегирова Жансезімді шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

Қалқаман Саринның сөзіне, Арман Бексұлтанның әніне жазылған, Мейрамбек Беспаевтің орындауындағы «Сәулем-ай» әніне кезек береміз.  

Сембай Диляра мен Зейнулла Ақжүністі  және  5 «Б» сыныбы оқушыларының биші қыздарын ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Қалқаман Айымғазыұлы  әдептілік жайында өлеңіне арқау етті. Ол: « Ақыл, білім, өнеріңнің әдепсіз болсаң жоққа шығатынын жас ұрпаққа  жырымен жеткізеді. Қайырова Гүлім: «Әдеп» өлеңі.

ІІ жүргізуші: Қалқаман – сыршыл лирик, қай тақырыпқа жазса да оның сезімталдығы өлеңдерінен жібек самалдай есіп отырады. Ақынның пейзаж арқылы шадмандықтың идеалын авторлық сәулелі арманға айналдыра білуі оның лиризмінің басқа қаламгерлерге ұқсамайтындығын танытып тұрады. Ақынымызды «Пейзаждық лириканың падишаһы» десек те артық болмас еді. Нұрия («Мақта қар»),Ділназ («Ақ ұлпа қар»), Осман («Көктем»), Бекзатхан («Кешіккен құстар»),Даяна ( «Тербеліп тіршіліктің»), Темірланға («Қыс. Елес.») кезек береміз. 

 І жүргізуші:

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

(немері ойнап жүреді)

Немересі: - Ата

Атасы: - Ойбу, айналайын, жүре ғой, жүр. (немересін жетектейді)

Немересі: Ата, ғұмыры бір адамның қанша уақыт?

Атасы: Ой, айналайын, балам, енді.(жүрелеп отырады)

Немересі: Ата, адамдардың өмірі неге қысқа?

Атасы: Айналайын, балам! Біле білсең бір адамның ғұмыры азан менен намаздың арасындай ғана. Осыны жадыңа тұтқайсың. (тұрып, немересін жетектеп  кетіп қалады)

(Аида мен Әділжан шығады «Өмір өлшемі», «Бұл өмір» өлеңдері)

І жүргізуші: Махаббатты бастан кешпеген ақын жоқ, ал Табиғат-ананың болмысын жыр тіліне іліндіру – ¬қиынның қиыны. Махабатты жырлауда сарыуайымға салынуға да болады, қиялдағы ару мен өмірдегі  сұлуыңды сөздің сөлін сығып, көкке көтере дәріптеуге де болады.

ІІ жүргізуші:  «Ақынның абыройы ақиқатынан жаңылмай, махаббатты мәнімен жырлай білуінде деп ойлаймын. «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» - деген екен Мұқағали Мақатаев. Парасат биігіне көтерілу үшін күш-жігерімізді барынша жұмсап қалуға тырысамыз. Өлеңдерімде махаббат мұңы басым болса, оған қоғам қайшылықтарының еш қатысы жоқ»,-дейді ақын. Қалқаман ағамыз осы тақырыптағы үздік өлеңдердің және «хит» әндердің авторы.

Бейнесюжет «Күзгі хат»

Аружан «Мүмкін емес», Алтынгүл «Түс»,Райымбек «Менің мұңым»,  Әділбек «Айсұлу», Аяжан «Ұнаттым мен», Жұлдыз «Қош дедің неге?», Аида «Соңғы үміт»

Ән: «Күзгі бақ»

Нұрдана «Күзгі өлең», Әділжан «Сен»,К.Аружан «Сағынбауға», Тұрсынаман «Жаныма сен келесің», Ақниет «Күз бен біз», Нұрдәулет «Хат», Жұлдыз «Сен жақсы көретін.»

Ән: «Өмір»

І жүргізуші:

Жазылар естеліктер мен туралы, 
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. 
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, 
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,-деп Мұқағали атамыз айтқандай, Қалқаман ағамыздың шығармашылығы туралы  аға-апалары, замандастары естелік-лебіздер жазған екен. Олай болса, кезекті ақын ағамызға айтылған лебіздерге берейік. 

 Бағдат, Гүлсана, Жазира, Аружан

ІІ жүргізуші: Қалқаман Айымғазыұлы- поэзия падишаһы! Ол өзінің ақындығымен ғана шектеліп қоймай, өзге тілдің өлеңдерін өз тілінде сайрата білді.

І жүргізуші: Иә, ол жапон, шотланд, тәжік ақындарының  бірнеше өлеңдеріне аударма жасады. Кезекті аударма  өлеңдеріне береміз.

Перизат («Азаттық ағашы»), Айым («Тауда менің жүрегім»), Айжан («Жүрегім»), (Мәншүк «Отан»)

ІІ жүргізуші:

«Алағай күн кешіп, толағай мұң кешіп» жүрген ақын, «Мұңдарымның иісі  аңқып» өлеңінде: «Баспаның беті – бір ақын, Басқаның бәрі – оқырман. Өлеңді қайдам шығатын, Суреті жақсы отырған»-деп налиды. Бұдан әлжуаз өлеңдерден жерініп, көңілі пәсейгенін әрі ақынның өлең сөзге аса ыждаһаттылықпен, кірпияздықпен қарайтынын аңғаруға болады. Бұл да сөзге деген жауапкершіліктен туындаса керек.

І жүргізуші:

Өкінбен оған, өкінбен,
Арманға жеткен жан бар ма?
Жұлдыздарды еміп жетілген,
Жырларым жетер таңдарға!

Жан мұңын, достым, көтердім,
Тағдырын адам таңдай ма?
.Жазмышты жазып өтермін,
Жазылып қойған маңдайға

- деп серт еткен ақын жүректің иесі, оқырманын әманда жалынды, шуақты жырлармен қауыштыра бергей.

Қалқаман Саринның сөзіне, Нұрлан Еспановтің әніне жазылған, Сәкен Майғазиевтің орындауындағы «Достарым» әнін қабыл алыңыздар.

ХОР

ІІ жүргізуші: «Ақынның ақындығы  - атақта емес, ақынның ақындығы – арда ғана» деп ақиық Мұқағали Мақатаев айтқандайын, әдебиеттің көкжиегін «сөз қадірін - өз қадірім» деп білетіндер ғана кеңейте алады. Сондықтан, әділетінен таймай, қаламыңыз зауласын, Қалқаман ақын!-деп бүгінгі әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Кеш соңында мектеп директоры Ерлан Талмырзаұлына және оқу ісінің меңгерушісі Гүлжан Сабырқызына сөз кезегін береміз.

Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жырымен күллі әлемді құшаққа алған. (Қ.Сарин шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)»

Жырымен күллі әлемді құшаққа алған...

Мақсаты: Қазіргі жастар поэзиясындағы танымал ақындардың бірі Қ.Сариннің өмірбаяны, шығармашылығымен таныстыру, ақын жырларының құдіретін түсінуге, сезінуге дағдыландыру. Ақынның өлеңдерін дәріптей отырып, оқушыларды Отансүйгіштікке, елжандылыққа, ақынжандылыққа тәрбиелеу, поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Бейнесюжет: «Қазақ-киік»

І жүргізуші:

Киік - қазақ секілді, ҚАЗАҚ - КИІК,
Кім басына берді екен азапты үйіп?
Қасіреттің күрмеулі қыл арқаны,
Мойынымды барады қажап, қиып.

ІІ жүргізуші: Әрбір халық аң-құсты, табиғатты өзінің ұлттық болмысына, рухына сәйкес танып, түсінеді, соған орай оларға өзіндік бағасын береді, киеліге балайды, ұлтының болмысымен ұқсастығын табады. Біздің еліміз де де солай. Киікті қазақ қастерлі жануар деп есептейді. Ол - даланың киесі, еркіндік нышаны. Өткен жылдары қазақ даласында киік қырылуда деген жаман хабар тарады. Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарындағы жаппай қырылған киіктердің саны жүз мыңға жуықтаған. Бұл оқиға кімді болса да ойландырмай қоймасы анық. Назарларыңызға ұсынғанымыз осы бір қасіретті жағдайды жырына қосқан бүгінгі кештің кейіпкері, ақын Қалқаман Саринның "...Қазақ - киік" атты өлеңі болатын.

І жүргізуші: Қоғамда болып жатқан әртүрлі оқиғаға елең етіп, жырына арқау еткен талантты тұлға Қалқаман Айымғазыұлы Саринның шығармашылығына арналған «Жырымен күллі әлемді құшаққа алған...» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!

ІІ жүргізуші: Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, жас ақын Қалқаман Саринның өзгеше өлеңдері жырсүйер қауымды елең еткізгелі біраз уақыт болды. Әнге жазылған мәтіндері де сұлу қыздың тіккен кестесіндей ерекше өрнекке толы.

І жүргізуші: Бүгінде еліміздің бас ордасы – Астана қаласындағы жас ақындардың ішінде Қал­қаман Сариннің шығар­машылық тұғыры биік, қол­таңбасы ерекше.

ІІ жүргізуші: Олай болса, мектебіміздің оқушыларынан «Қалқаман Сарин кім?» деген сауалға жауап іздеген едік. Бейнесюжетке назар аударайық. (бейнесюжет)

І жүргізуші:

Ақшулан бұлтпен астасып, ақсұңқар құстай самғадым

Ақсүйек өнер – ақындық, ақылдың жолын таңдадым!

Абыздың жолын бер Аллаһ, ауызды қайтем көпірген

Ажалым алып кеткенше, ажарын жырдың кетірмен!- деп ақсұңқар құстай самғаған, ақылдың жолын таңдаған, ақын ағамыздың өмірбаянына шолу жасасақ... (слайдпен таныстыру) АбатАяжан

ІІ жүргізуші: Қалқаман Айымғазыұлы:

Туған ауыл, сен үшін тер төкпедім, 
Кешір мені, кеш мені, сен текті елім! 
Бір сағыныш мазалап ертелі-кеш, 
Жүреді ылғи жанымды өртеп менің,- деп «Туған ауыл» өлеңінде жырлаған-дай, ақынның туған жеріне, еліне арнаған өлеңдеріне құлақ салайық. Кезекті Қарақат( «Қарауыл. Қара өлең»), Альбина («Арқат») Дамир («Тесіктас»), Әсем («Туған ауыл»), Меруетке («Ауылға бардым»), береміз.

Бейнесюжет: «Отанымды сүйемін»

І жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Астана-ел жүрегі. Заң – дәстүр, Заң – өмірдің нәрі. Осы ұғымдарды да ақын ағамыз өз жырына қосты.

Жансая («Тәуелсіздік»), Нұршат («Астана»), Саян («Заң дәстүр»), Расулға («Толғау») кезек береміз.

ІІ жүргізуші:

Мен қазақпын, ұланымын елімнің,

Мен қазақпын,тірегімін жерімнің

Ұланымның туын көкке көтерген,

Ертеңімін Егеменді елімнің,-деп ақындарымыз жырлағандай

Қалқаман Саринның сөзіне, Қайрат Баекеновтың әніне жазылған, ҚР-ның мәдениет қайраткері Досымжан Таңатаров пен «Аламан» тобының орындауындағы «Ұландар шеруі» әнін тыңдайық. Елжан Диас пен Тоқашева Жансаяны ортамызға шақырамыз. «Ұландар шеруі» әні

І жүргізуші:

Əке-білек, саусағы балалары, 
Қантамырмен жалғасқан аралары. 
Ана-тамыр бойымен бəріне де, 
Тіршіліктің жылуы таралады, - деп Фариза Оңғарсынова апамыз айтқандай, әке - білек, ана – тамыр. Өмірден өткен қос шынарына ақын ағамыз сағыны-шын жырымен жеткізбек... Ортаға Мажитова Аружан мен («Әке»), Қонысбаева Ақботаны («Анашым») шақырамыз.
ІІ жүргізуші:

Анашым, ақ - дидарлым,

Жаныма нәр құйғаным.

Аңсайды әлі күнге

Әлди жаным,- дей келе, Қалқаман Саринның сөзіне, Арман Бексұлтанның әніне жазылған, Досымжан Таңатаровтың орындауындағы «Анашым» әнімен Сембай Диляра мен Зейнулла Ақжүністі және 5 «А» сыныбы оқушыларының биші қыздарын ортаға шақырамыз.
І жүргізуші:

Көңіл-дөнен "басқа өрлеп, төске шауып",

Өлімменен қауышпай өшпесі анық.

Қайдасыңдар, достарым, келіңдерші,

Ессіз, ерке шақтарды еске салып!!!- деп Қалқаман ағамыз айтпақшы «Достар» өлеңімен Шегирова Жансезімді шақырамыз.

ІІ жүргізуші:

Қалқаман Саринның сөзіне, Арман Бексұлтанның әніне жазылған, Мейрамбек Беспаевтің орындауындағы «Сәулем-ай» әніне кезек береміз.

Сембай Диляра мен Зейнулла Ақжүністі және 5 «Б» сыныбы оқушыларының биші қыздарын ортаға шақырамыз.

І жүргізуші: Қалқаман Айымғазыұлы әдептілік жайында өлеңіне арқау етті. Ол: « Ақыл, білім, өнеріңнің әдепсіз болсаң жоққа шығатынын жас ұрпаққа жырымен жеткізеді. Қайырова Гүлім: «Әдеп» өлеңі.

ІІ жүргізуші: Қалқаман – сыршыл лирик, қай тақырыпқа жазса да оның сезімталдығы өлеңдерінен жібек самалдай есіп отырады. Ақынның пейзаж арқылы шадмандықтың идеалын авторлық сәулелі арманға айналдыра білуі оның лиризмінің басқа қаламгерлерге ұқсамайтындығын танытып тұрады. Ақынымызды «Пейзаждық лириканың падишаһы» десек те артық болмас еді... Нұрия («Мақта қар»),Ділназ («Ақ ұлпа қар»), Осман («Көктем»), Бекзатхан («Кешіккен құстар»),Даяна ( «Тербеліп тіршіліктің»), Темірланға («Қыс. Елес.») кезек береміз.

І жүргізуші:

Өмір жайлы сұрай берме сен менен,
Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем.
Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар,
Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.

(немері ойнап жүреді)

Немересі: - Ата

Атасы: - Ойбу, айналайын, жүре ғой, жүр... (немересін жетектейді)

Немересі: Ата, ғұмыры бір адамның қанша уақыт?

Атасы: Ой, айналайын, балам, енді...(жүрелеп отырады)

Немересі: Ата, адамдардың өмірі неге қысқа?

Атасы: Айналайын, балам! Біле білсең бір адамның ғұмыры азан менен намаздың арасындай ғана. Осыны жадыңа тұтқайсың... (тұрып, немересін жетектеп кетіп қалады)

(Аида мен Әділжан шығады «Өмір өлшемі», «Бұл өмір» өлеңдері)

І жүргізуші: Махаббатты бастан кешпеген ақын жоқ, ал Табиғат-ананың болмысын жыр тіліне іліндіру – ¬қиынның қиыны. Махабатты жырлауда сарыуайымға салынуға да болады, қиялдағы ару мен өмірдегі сұлуыңды сөздің сөлін сығып, көкке көтере дәріптеуге де болады.

ІІ жүргізуші:  «Ақынның абыройы ақиқатынан жаңылмай, махаббатты мәнімен жырлай білуінде деп ойлаймын. «Поэзия махаббатпен басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» - деген екен Мұқағали Мақатаев. Парасат биігіне көтерілу үшін күш-жігерімізді барынша жұмсап қалуға тырысамыз. Өлеңдерімде махаббат мұңы басым болса, оған қоғам қайшылықтарының еш қатысы жоқ»,-дейді ақын. Қалқаман ағамыз осы тақырыптағы үздік өлеңдердің және «хит» әндердің авторы.

Бейнесюжет «Күзгі хат»

Аружан «Мүмкін емес», Алтынгүл «Түс»,Райымбек «Менің мұңым» , Әділбек «Айсұлу», Аяжан «Ұнаттым мен», Жұлдыз «Қош дедің неге?», Аида «Соңғы үміт»

Ән: «Күзгі бақ»

Нұрдана «Күзгі өлең», Әділжан «Сен»,К.Аружан «Сағынбауға», Тұрсынаман «Жаныма сен келесің», Ақниет «Күз бен біз», Нұрдәулет «Хат», Жұлдыз «Сен жақсы көретін...»

Ән: «Өмір»

І жүргізуші:

Жазылар естеліктер мен туралы, 
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы. 
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін, 
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,-деп Мұқағали атамыз айтқандай, Қалқаман ағамыздың шығармашылығы туралы аға-апалары, замандастары естелік-лебіздер жазған екен. Олай болса, кезекті ақын ағамызға айтылған лебіздерге берейік.

Бағдат, Гүлсана, Жазира, Аружан

ІІ жүргізуші: Қалқаман Айымғазыұлы- поэзия падишаһы! Ол өзінің ақындығымен ғана шектеліп қоймай, өзге тілдің өлеңдерін өз тілінде сайрата білді.

І жүргізуші: Иә, ол жапон, шотланд, тәжік ақындарының бірнеше өлеңдеріне аударма жасады. Кезекті аударма өлеңдеріне береміз.

Перизат («Азаттық ағашы»), Айым («Тауда менің жүрегім»), Айжан («Жүрегім»), (Мәншүк «Отан»)

ІІ жүргізуші:

«Алағай күн кешіп, толағай мұң кешіп» жүрген ақын, «Мұңдарымның иісі аңқып» өлеңінде: «Баспаның беті – бір ақын, Басқаның бәрі – оқырман. Өлеңді қайдам шығатын, Суреті жақсы отырған»-деп налиды. Бұдан әлжуаз өлеңдерден жерініп, көңілі пәсейгенін әрі ақынның өлең сөзге аса ыждаһаттылықпен, кірпияздықпен қарайтынын аңғаруға болады. Бұл да сөзге деген жауапкершіліктен туындаса керек.

І жүргізуші:

Өкінбен оған, өкінбен,
Арманға жеткен жан бар ма?
Жұлдыздарды еміп жетілген,
Жырларым жетер таңдарға!

Жан мұңын, достым, көтердім,
Тағдырын адам таңдай ма?
...Жазмышты жазып өтермін,
Жазылып қойған маңдайға

- деп серт еткен ақын жүректің иесі, оқырманын әманда жалынды, шуақты жырлармен қауыштыра бергей.

Қалқаман Саринның сөзіне, Нұрлан Еспановтің әніне жазылған, Сәкен Майғазиевтің орындауындағы «Достарым» әнін қабыл алыңыздар.

ХОР

ІІ жүргізуші: «Ақынның ақындығы  - атақта емес, ақынның ақындығы – арда ғана» деп ақиық Мұқағали Мақатаев айтқандайын, әдебиеттің көкжиегін «сөз қадірін - өз қадірім» деп білетіндер ғана кеңейте алады. Сондықтан, әділетінен таймай, қаламыңыз зауласын, Қалқаман ақын!-деп бүгінгі әдеби-сазды кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет! Кеш соңында мектеп директоры Ерлан Талмырзаұлына және оқу ісінің меңгерушісі Гүлжан Сабырқызына сөз кезегін береміз.

Сау болыңыздар!



Ембі қалалық №3 орта мектебі














(Қалқаман Сарин шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)











Қосымша білім беру педагогі: Н.Ж.Кадырова











2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Жырымен күллі әлемді құшаққа алған. (Қ.Сарин шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Автор: Кадырова Нурсая Жолмурзаевна

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403886


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства