?ткен та?ырыпты ?айталай отырып, о?ушылар?а та?ырып бойынша с?ра?тар ?ою.
III. Жа?а саба?.
?аза? ?о?амында?ы ?ндірісті? та?ы бір т?рі — ?й к?сіпшілігі. ?й к?сіпшілігіні? негізгі ?ызметі шаруашылы?ты ?ажетті ??рал-жабды?тармен, т?рмыс?а ?ажетті заттармен ?амтамасыз ету. ?аза? ?о?амыны? шаруашылы?ы мен к?сіпшілігі, негізінен, таби?и болды. Я?ни, шаруашылы?тан алынатын ?нім де, к?сіпшілік ар?ылы ?ндірілетін ??рал-сайман, т?рмыс жабды?ы, ?ол?нер туындылары да, негізінен, ?ауымны? ?з ?ажеті ?шін шы?арылды. Сонды?тан да ?аза?стан Ресей ??рамында капиталистік ?арым-?атынас?а, тауарлы ?ндіріс ж?йесіне кіргенге дейін ?аза? ?ауымыны? шаруашылы?ы таби?и болды, ал к?сіпшілігі ?лкен ?ндірістік, тауарлы? ма?сат?а ??рылмай, негізінен, ауыл-?й, ?ауымдастар с?ранысын ?теуге ба?ытталды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Теріден торсы? жасау»
Теріден торсық жасау
Рымбай Еримхан
Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы
КММ «Балуан Шолақ
атындағы мектеп-лицей»
Сабақтық тақырыбы: Теріден торсық жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігімен қолөнері туралы толық мағлұмат беру
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін, қиялын көркемдік талғамын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, жинақылыққа, икемділікке, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі: Дайын сурет түрлері.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Қазақ қоғамындағы өндірістің тағы бір түрі — үй кәсіпшілігі. Үй кәсіпшілігінің негізгі қызметі шаруашылықты қажетті құрал-жабдықтармен, тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз ету. Қазақ қоғамының шаруашылығы мен кәсіпшілігі, негізінен, табиғи болды. Яғни, шаруашылықтан алынатын өнім де, кәсіпшілік арқылы өндірілетін құрал-сайман, тұрмыс жабдығы, қолөнер туындылары да, негізінен, қауымның өз қажеті үшін шығарылды. Сондықтан да Қазақстан Ресей құрамында капиталистік қарым-қатынасқа, тауарлы өндіріс жүйесіне кіргенге дейін қазақ қауымының шаруашылығы табиғи болды, ал кәсіпшілігі үлкен өндірістік, тауарлық мақсатқа құрылмай, негізінен, ауыл-үй, қауымдастар сұранысын өтеуге бағытталды. Кәсіпшіліктің бұл деңгейдегі түрі үй кәсіпшілігі деп аталды. Қазақ ұсталарының, зергерлерінің қолынан шыққан заттар ешбір елдің өндірістік деңгейде ұйымдастырылған қолөнер заттарынан кем болмаған. Көшпелі тұрмысқа ыңғайланып жасалған түркі-монғол халықтарының, қазақтың киіз үйі өзінің сәулеттік, құрылымдық, ішкі-сыртқы жабдықтары жағынан адамзат баласы ақыл-ойының, өнерінің ең бір шырқау шегі болып табылады.
Тері өңдеу
Мал терісі қазақ тұрмысында өте кең қолданылған шикізат. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген. Мысалы, қара мал терілерін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөлген. Әр терінің өн бойындағы жекелеген бөліктерінің де атауы болған — жондық, қабырғалық, үйек бас тері, пұшпақ, мойын терілері. Жылқы терісін — бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлген. Түйе терісін атан терісі, бота терісі деп екіге бөлген. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қазақ қолөнерінде өте кең қолданылған.
Тері илеу
Қазақ теріні көбіне илеп пайдаланған. Иленбеген ірі қара малдың терісін шылғи тері, шылғи қайыс деп атаған. Иленбеген жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, мес, дорба, шарқай, т.б. заттар жасаған. Мал терісін малма әдісімен илеген. Малма дегеніміз — үлкен ыдысқа ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Боялған терілерден әсем киім, тұрмыста тұтынатын әдемі заттар жасалады.
Темір ұсталығы
Қазақ ұсталары темірді, қалайыны, қорғасынды, алтынды, күмісті балқытуды білді, қалайы мен жезден, алтын мен күмістен қоспа жасай алды. Металл қасиеттерін жақсы білген қазақ ұсталары олардан құю, соғу, таптау, қақтау жолымен, басып өрнек түсіру, зер салу, қаралау, безендіру (гравировка) арқылы түрлі қару-жарақ, құрал-сайман, әшекей заттар жасады.
Зергерлік бұйым
Білезік, сырға, сақина, шолпы, т.б. әшекей заттарды жасаушы, алтын, күміс, мысты жаратушы темір ұсталарын зергер деп атаған.
Шолпы
Қазақ темір ұсталарының шеберханасы дүкен деп аталды. Ұсталық, зергерлік өнердің негізгі құралдары —көрік, төс, үлкен, кіші балғалар, қышқаш, тістеуік (кемпірауыз), кескіш, тескіш, т.б.
Көмейдегі отты қоздырып, оның температурасын көтеру үшін оған астынан жел үрлеуге көрік пайдаланылады.Көрік бет ағаш, орта ағаш, ортаңғы ағаштан тұрады. Беттескен көрік ағаштарын түтіктен басқа жерінен жел шықпайтындай етіп терімен қаптайды. Көрікке түйенің мойын терісін, серке, қой терісін илеп пайдаланады. Беткі ағашқа орнатылған таяқшамен көрікті басқанда жанған шоққа ауа үрленеді. Төс — қыздырылған темірді үстіне қойып соғуға арналған төртбұрышты шомбал темір. Оның бір жақ басы сүйір болады. Төс дөңбек ағашқа орнатылады. Қышқаш — қызған темірді отқа тосып, оттан алып, содан соң төске ұстауға арналған ұзын сапты имек басты (құс тұмсық) қысқыш құрал. Бұл негізгі құралдармен қоса зергерлер сым тартқыш, іскенже, жыланкөз, жорға біз, т.б. пайдаланған.
Қазақ темір ұсталарының шеберханасы дүкен деп аталды. Ұсталық, зергерлік өнердің негізгі құралдары —көрік, төс, үлкен, кіші балғалар, қышқаш, тістеуік (кемпірауыз), кескіш, тескіш, т.б.
Көмейдегі отты қоздырып, оның температурасын көтеру үшін оған астынан жел үрлеуге көрік пайдаланылады.Көрік бет ағаш, орта ағаш, ортаңғы ағаштан тұрады. Беттескен көрік ағаштарын түтіктен басқа жерінен жел шықпайтындай етіп терімен қаптайды. Көрікке түйенің мойын терісін, серке, қой терісін илеп пайдаланады. Беткі ағашқа орнатылған таяқшамен көрікті басқанда жанған шоққа ауа үрленеді. Төс — қыздырылған темірді үстіне қойып соғуға арналған төртбұрышты шомбал темір. Оның бір жақ басы сүйір болады. Төс дөңбек ағашқа орнатылады. Қышқаш — қызған темірді отқа тосып, оттан алып, содан соң төске ұстауға арналған ұзын сапты имек басты (құс тұмсық) қысқыш құрал. Бұл негізгі құралдармен қоса зергерлер сым тартқыш, іскенже, жыланкөз, жорға біз, т.б. пайдаланған.
Қазақ темір ұстасының Қазақ ұсталары дүкенін, көрігін қастерлеп, дүкен жын-шайтан жоламайтын қасиетті орын деп қараған. қылыш, қанжар, найза ұшы, айбалта сияқты қару-жарақ, күрек, кетпен, шалғы, орақ, соқаның тісін, ауыздық, үзеңгі, шідер, таға, пышақ, бәкі сияқты құрал-саймандар, ал зергерлер білезік, сырға, сақина, шолпы, ер-тұрман әшекейлерін, т.б. жасаған.
Ағаш ұсталығы
Сандық
Қазақ тұрмысында ертеден-ақ ағаш ұсталығы жақсы дамыған. Ағаш ұсталары киіз үйдің сүйегін, арба, қайқыбас төсек, кебеже, жүкаяқ, сандық, үстел жасаған. Ер қосатын ершілер де ағаш ұстасы болып саналады. Сонымен қатар ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті астау, ағаш табақ, тегене, ожау, ағаш шелек, көнек, піспек, күбі, саптыаяқ, т.б. заттар жасаған.
Ағаш ұсталығына пайдаланылатын негізгі құралдар: балта, шот, балға, қашау, үскі, бұрғы.
Қазақ ағаш өнерінің ең бір кең тараған түрі — ершілік өнері. Ерге қайың, үйеңкі, қара мойыл сияқты мықты ағаштарды таңдаған. Бұл ағаштардың түбірі (томары) қатты болады. Ерге арналып қиылған ағаш мұқият кептіріледі. Қазақ ері, әдетте, бес бөліктен тұрады алдыңғы қасы, артқы қасы, екі қаптал ағаштары және белдік ағашы (бел ағаш)
Сабақты қорытындылау
Оқушылар бүгін біз Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері туралы толық мағлұмат алдық. Сонымен