Ал был?ары жасау ?шін жас теріні жылы т?тінге ?стау, ?к жа?ып орап ?ою, не иге арты? м?лшермен ?стау ар?ылы ж?нін жидітіп, ?ырып тазалап, иге салып илейді.Илеу ?дісі тері илегенмен бірдей.
Тері бояуды? екі ма?саты бар:
1.Теріге ?? беру.
2.Теріні су ?тпейтін етіп ширы?тыру.
Теріні боя?анда а?аш ?абы?ын, рау?аш тамырын, жер ?ынасын, ше?гел мен к?ктікенні? б?рлерін пайдаланады.Бояу?а пайдаланатын шикізатты ?нта?тап су?а салып ?айнатып бояуын шы?арып 2-3 са?ат б?ктеп ?ояды.Жылыжерде кептіріп тері бырыспас ?шін тобарси баста?ан теріні у?алап соз?ылайды.
Ал енді б?гінгі саба?та жасайтын ж?мысымызды орындау ?шін біз ескі киімдерді? ?алды? был?арыларыны пайдаланып торсы? жасаймыз.
Торсы? б?л ежелден келе жат?ан ?ол?нер туындысы.Ата-бабамыз мал ба??ан к?шпелі ?оныс аударып ж?ретін халы? бол?ан, сонды?тан торсы?ты ыдыс ретін де пайдаланып ?ымыз, айран, ш?бат сусындарын ??йып пайдалан?ан.Торсы?ты? сол кезде тиімділігі ішіндегі сусын ашыма?ан ж?не сынбайтын ыдыс бол?ан.
Торсы? жасауды? негізгі шикізаты- ешкі немесе жыл?ы терілері.Тері т?здалма?ан жа?сы ??делген болу керек.
Жа?а саба? т?сінікті ме? Т?сінбеген жерлері? болса с?ра?дар.
А)Д?птермен ж?мыс
1.К?нді ж?не та?ырыпты жаз?ызу
2.Тері илеу ?дістерін жаз?ызу.
3.Теріні бояуды? ма?саттарын жаз?ызу.
Сараманды? ж?мыс?а кіріспес б?рын ?ауіпсіздік ережесін еске т?сірейік.
1.Инені ауыз?а салма.
2.?айшыны екінші кісіге сабы жа?ымен ?сын.
3.?айшыны жаныда?ы адам?а ?арай сілтемеме
4.Дене?ді тік ?стап, басы?ды тым е?кейтпе.
V.Сараманды? ж?мыс
О?ушыларды? алдарында?ы арты? заттарды партаны? шетіне ?ой?ызып,ж?мыс орнын дайындап, ??ралдарын тексеремін де, ?ауіпсіздік ережесін ескере отырып, технологиялы? карта бойынша был?арыдан торсы? тігу ж?мысын орындау?а кірісеміз, ?ателіктері болса т?зетіп, білмеген жерлерін ?йретемін.
VІ.Жа?а саба?ты бекіту
1.Теріні? был?арыдан айырмашылы?ы неде?
2.Тері илеуді? неше ?дісі бар?
3.Теріні ?андай ма?сатпен бояйды?
VІІ.Саба?ты ?орытындылау, ба?алау
VІІІ.?йге тапсырма
1.Теріден жасал?ан б?йымдарды? суреттерін ?келу.
2.Ол суреттерге ?ыс?аша сипаттама жазып ?келу (?ай ?асырда, ?андай тайпалар ойлап тап?ан, ?олдан?ан).
ІХ.Ж?мыс орнын жинау
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақ әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақ типі:жаңа білім алу сабағы
Пәнаралық байланыс:бейнелеу өнері, тарих, сызу
Сабақ жоспары:
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
ІІ.Миға шабуыл (2 мин)
ІІІ.Жаңа сабақ (5мин)
ІV.Кіріспе инструктажы (5 мин)
V.Сарамандық жұмыс (20 мин)
VІ.Жаңа сабақты бекіту (5 мин)
VІІ.Сабақты қорытындылау, бағалау (3 мин)
VІІІ.Үйге тапсырма (1 мин)
ІХ.Жұмыс орнын жинау (2мин)
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
а)оқушыларды түгендеу
ә)сабаққа дайындығын тексеру
б)Оқушыларды топтастыру
ІІ.Миға шабуыл
Әр топқа сұрақтар таратылады (осы сұрақтардың жауаптары тақтадағы сөзжұмбақтың шешуі болады, ондағы ерекшеленіп көрсетілген сөз бүгінгі өтетін тақырыпқа сәйкес болады) .
1.Топтар бір-бірімен өздері дайындаған сұрақтар парағымен алмасады.
2.Әр топ өз сұрақтарын қойып, келесі топ оған жауап береді.
ІІІ.Жаңа сабақ
Оқушыларды сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыппен таныстыру. Оқушылар сабақтың мақсатымен таныстырылады. Жаңа тақырыпқа байланысты Оқушылар арасынан бір оқушы «Тері өңдеу» тақырыбына реферат оқиды.
Тері деп мал мен аң, құстан сойылып алынған шылғи теріні айтса, былғары – сол теріні өңдеу арқылы тұрмыстық қажеттілікке жаратуға дайындаған тері.
Иленген теріден айырмашылығы былғарының жүнін жидітіп, тазалап алып тастайды.
Теріні қазір тері илейтін заводтарда арнаулы техниканың көмегімен химиялық қоспалар арқылы илесе, атамыз қазақ бұрындары қолмен-ақ илеген.
Тері 2 әдіспен иленеді:
1.Күбідегі иге салып илеу.
2.Даярланған иді теріге жағу арқылы илеу.Иді ашыған сүт, айран, іркіттен не езген ұнға тұз, сабын ұнтағын қосып дайындайды.Теріге и жағу иге салудан бұрын теріні шелден суға жуып тазартады. Күбідегі иге салынған теріні күніне 2-3 рет шайқап араластырып, терінің иге толық батып тұрғанын қадағалап, жүннің жидімегені не көңіл бөледі. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара мал терісі 15-20 күн жатады.
Иі сіңген теріні талқыға салып жұмсартады.Сонан соң қылышпен қырып өңдеп, уқалайды. Терінің түсі ақшыл болуы үшін бор, ұнның кебегін жағып отыру керек.Талқы айыр бұтақтан жасалынған теріні созуға арналған құрал.
Ал былғары жасау үшін жас теріні жылы түтінге ұстау, әк жағып орап қою, не иге артық мөлшермен ұстау арқылы жүнін жидітіп, қырып тазалап, иге салып илейді.Илеу әдісі тері илегенмен бірдей.
Тері бояудың екі мақсаты бар:
1.Теріге өң беру.
2.Теріні су өтпейтін етіп ширықтыру.
Теріні бояғанда ағаш қабығын, рауғаш тамырын, жер қынасын, шеңгел мен көктікеннің бүрлерін пайдаланады.Бояуға пайдаланатын шикізатты ұнтақтап суға салып қайнатып бояуын шығарып 2-3 сағат бүктеп қояды.Жылыжерде кептіріп тері бырыспас үшін тобарси бастаған теріні уқалап созғылайды.
Ал енді бүгінгі сабақта жасайтын жұмысымызды орындау үшін біз ескі киімдердің қалдық былғарыларыны пайдаланып торсық жасаймыз.
Торсық бұл ежелден келе жатқан қолөнер туындысы.Ата-бабамыз мал баққан көшпелі қоныс аударып жүретін халық болған, сондықтан торсықты ыдыс ретін де пайдаланып қымыз, айран, шұбат сусындарын құйып пайдаланған.Торсықтың сол кезде тиімділігі ішіндегі сусын ашымаған және сынбайтын ыдыс болған.
Торсық жасаудың негізгі шикізаты- ешкі немесе жылқы терілері.Тері тұздалмаған жақсы өңделген болу керек.
Біз бұл торсықты дайын былғарыдан жасаймыз.
Технологиялық карта таратылып, жұмыспен оқушылар таныстырылады.
ІV.Кіріспе инструктажы
Жаңа сабақ түсінікті ме? Түсінбеген жерлерің болса сұраңдар.
А)Дәптермен жұмыс
1.Күнді және тақырыпты жазғызу
2.Тері илеу әдістерін жазғызу.
3.Теріні бояудың мақсаттарын жазғызу.
Сарамандық жұмысқа кіріспес бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік.
1.Инені ауызға салма.
2.Қайшыны екінші кісіге сабы жағымен ұсын.
3.Қайшыны жаныдағы адамға қарай сілтемеме
4.Денеңді тік ұстап, басыңды тым еңкейтпе.
V.Сарамандық жұмыс
Оқушылардың алдарындағы артық заттарды партаның шетіне қойғызып,жұмыс орнын дайындап, құралдарын тексеремін де, қауіпсіздік ережесін ескере отырып, технологиялық карта бойынша былғарыдан торсық тігу жұмысын орындауға кірісеміз, қателіктері болса түзетіп, білмеген жерлерін үйретемін .
VІ.Жаңа сабақты бекіту
1.Терінің былғарыдан айырмашылығы неде?
2.Тері илеудің неше әдісі бар?
3.Теріні қандай мақсатпен бояйды?
VІІ.Сабақты қорытындылау, бағалау
VІІІ.Үйге тапсырма
1.Теріден жасалған бұйымдардың суреттерін әкелу.
2.Ол суреттерге қысқаша сипаттама жазып әкелу (қай ғасырда, қандай тайпалар ойлап тапқан, қолданған).