Оқу шеберханаларында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелері.
1.Оқу шеберханаларында оқушы алғашқы практикалық сабақта жұмыс істегенде қауіпсіз болатын ережелермен танысуы шарт. Сонда жұмыс істеуші түрлі жарақаттанулардан сақтана алады.
2. әрбір оқушы қауіпсіздік ережесімен білім алып практикалық ережелермен танысқан оқушы
ережелік журналға қол қояды.
3. оқу шеберханасында сабақ жүргізетін оқытушы қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалап
оқушы денсаулығын бақылап отыруы керек.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Мектеп шеберханасындағы жалпы тəртіп.»
Сабақтың тақырыбы: Мектеп шеберханасындағы тəртіптің жалпы
ережелер жəне еңбектің жеке гигиенасы
Сабақтың мақсаты: Оқу шеберханасында оқушыларға өмір қауіпсіздігін түсіндіру.
Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Оқу шеберханаларында жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелері.
1.Оқу шеберханаларында оқушы алғашқы практикалық сабақта жұмыс істегенде қауіпсіз болатын ережелермен танысуы шарт. Сонда жұмыс істеуші түрлі жарақаттанулардан сақтана алады.
2. әрбір оқушы қауіпсіздік ережесімен білім алып практикалық ережелермен танысқан оқушы
ережелік журналға қол қояды.
3. оқу шеберханасында сабақ жүргізетін оқытушы қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалап
оқушы денсаулығын бақылап отыруы керек.
4. оқытушы рұқсатынсыз жұмысқа кірісуге болмайды, құрылғыны қосуға, басқару тұтқасын ұстауға, детальдарды бір орыннан екінші орынға ауыстыруға механизмнің бӛліктерін ұстауға болмайды.
5.оқушы жаңа жұмыс тапсырмасын берілген жұмыстың қауіпсіздік ережесімен танысқаннан кейін ғана бастай алады.
6. Оқу шеберханасында оқушы жұмыс істегенде құрылғылар, құрал-саймандар барлығы түзетілген жағдайда болуы керек.
7. Әрбір құрылғыға жақындағанда мыналарды білуі қажет:
а) құрылғыны жақсылап ұғынып, оның механизмінің қозғалыстарын, басқару жүйесін, құрылғыны ретке келтіруді түсіну қажет.
б) құрылғыны басқаруды біліп, жұмыстың қауіпсіздік әдістерін қолдануды үйрену.
в) осы құрылғыда жұмыс істеуге оқытушыдан рұқсат алу керек.
8. Электроқұрылғылар мен қолмен жұмыс істейтін электрлік құрал-саймандар мен жұмыс істегенде өте сақ болу керек. Электрлік құрылғының толық жұмыс істейтіндігін тексеріңіз, қорғаныстардың берік екендігіне көз жеткізіңіз, қауіпсіз жұмыс әдістерін қолданыңыз. Егер электрлік ток әсер еткенде алғашқы кӛмек кӛрсету тәртібін оқып алыңыз.
9. Қышқылдармен жұмыс істегенде олармен жұмыс істеу тәртібін танысып алыңыз, қышқылдың теріге, көзге, киімге тиіп кетпеуін қадағалаңыз. Қышқылдар, электролиттер күйдіруі, организмді уландыруы мүмкін. Мысалы, дәнекерлеу қышқылын дайындағанда (хлорлы цинк) тұзды қышқылға цинк металлын азғантайдан салып тұрыңыз.
10. Оқу шеберханасында ӛрт қауіпсіздік шарты да сақталуы тиіс. Әдетте, жылдам балқитын және отқа қауіпті материалдардың қасында дәнекерлеу, термиялық өңдеу, электромонтаждау тәріздес жұмыстарды жүргізуге болмайды. Мұндай материалдарды арнайы орындарда немесе жекеленген
жерлерде сақтауы тиіс. Кескіш құралдарын, студенттердің аяқталмаған бұйымдарын арнайы орындарда сақтайды.
11. Оқушыда арнайы киім болуы және жекеленген қорғаныс құралдары (қорғаныс көзілдірігі, қорғаныс қолғаптары) және т.б. болуы шарт.
12. Оқу шеберханасында бөтен кісілер және оқытушының рұқсатынсыз кірген оқушы болмауы тиіс
13. Егер қауіпсіздік ереже шартын және өрт қауіпсіздігін оқушысақтамайтын болса, оқу шеберханасынан студент шығарылады.
Жұмыс істегенге дейін:
1. Арнайы киімді дұрыс киіңіз және жеке қорғаныс құралдарын да, шашты бас киім астына дұрыс жинаңыз.
2. Құрылғыны дұрыс түсініп, механизмдерінің қозғалысын, басқарылуын, жұмыс кезіндегі қауіпсіздік жүйесін біліп алыңыз.
3. Мыналарды тексеріңіз:а) құрылғының жұмыс істеуге дайын екендігін және дұрыс жұмыс істеп
тұрғандығына көз жеткізіңіз. б) дене немесе құралдар түсіп кеткенде айналаның берік, қауіпсіз болуы.
4. Құралдарды берілген реттілікте орналастырыңыз, қажет емес бұйымдарды алып тастаңыз.
5. Өңделетін детальді және кескіш құралды құрылғыға берік бекітіңіз.
6. Берілген тапсырмаға оқытушыдан жұмыс істеу тәртібін алыңыз, оны орындаудың қауіпсіздік ережесін және осы құрылғыға жұмыс істеуге рұқсат алыңыз.
7. Станокты, электрлік аспаптарды, оларды басқаруды алдымен бос жүріспенен тексеріп алыңыз.
Жұмыс барысында:
1. Құрылғыны қосыңыз, кескіш детальді өңделетін детальға жақындатыңыз, әдетте механизмнің айналып тұрған бөліктеріне өте жақын жақындатпаңыз, айналатын бөліктің киімді, шашты қысып қалмағандығын бақлаңыз. Қажет өлшемге өңдегенде ұзын жоңқаны пайда етпеңіз, мүмкіндігінше жоңқа қысқа болуы тиіс.
2. детальдің өлшемін өлшеу үшін станок толық тоқтауы керек.
3. жұмыс орнын босатқанда құрылғыны өшіріп, тоқтағанша күтіңіз.
4. құралды белгіленген шарттар бойынша қолданыңыз.