kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Технология 6-9 тест ?лгілері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Технология п?нінен 5 - 9 сынып?а арнал?ан тест жина?ы
Жарияланды 18-02-2015, 12:21 Категориясы: Технология 
Технология п?нінен 5 - 9 сынып?а арнал?ан тест жина?ы (?дістемелік ??рал)

Б?секеге ?абілетті білім беруде ауыл ?стаздарыны? жа?алы??а ?мтылуы, о?ытуды? жа?а технологияларын іс - т?жірибеге ке? ?олдану?а бет б?руы к?сіби шеберлікті шы?дау?а деген сезінуден туып отыр.
Технология п?ні бойынша ?сынылып отыр?ан б?л к?мекші ??ралды ??растыр?ан Жунусов Марат Садырбай?лы мектеп ?абыр?асында к?п жыл е?бек еткен т?жірибелі ?стаз.
«Технология» п?нінен 5 - 9 сынып?а арнал?ан тест жина?ы о?ушыларды ?з бетімен ж?мыс істеу ?рдісінде білімдерін бекітуге арнал?ан.
Тест жина?ыны? ма?саты 5 - 9 сынып о?ушыларыны? саба?та ал?ан білімдерін тексере отырып, бекіту болып табылады.

5 сынып?а Та?ырып: Машинатану элементтері. Конструкциялы? материалдарды ??деу технологиясы.

1. Беріліс механизмдері ?андай берілістерден т?рады?
а) тісті, ?йкелісті, ?айысты, то?ынды, шынжырлы
?) ?ысымды, рейкалы, ?йкелісті, шынжырлы, то?ынды 
б) к?ш, ?оз?алт?ыш, ?айысты, то?ынды, шынжырлы 
в) ілініс, карданды, ?айысты, то?ынды, шынжырлы
2. Механизмні? буыны деген не?
а) ж?лдызшалар, диаметр, айналу жиілігі 
?) до??ала?тар, ж?лдызшалар, диаметр, 
б) ж?лдызшалар, до??ала?тар, тегершектер в) до??ала?тар, тегершектер, диаметрлер
3. Металдар нешеге б?лінеді?
а) 1 
?) 2 
б) 3 
в) 4
4. Ж??а металды т?зету ?шін ?олданылатын со??ы ??ралы.
а) слесарлы? бал?а 
?) ?ыспа? 
б) а?аш бал?а 
в) т?с
5. Машина жасауда ?олданылатын болат т?рі.
а) арнайы ма?сатта?ы болат 
?) конструкциялы? болат 
б) ??рылыс болаты 
в) ??рал - сайманды? болат
6. ?ысым ар?ылы ??деуге ж?не пісіруге келмейтін металл.
а) болат ?) шойын б) мыс в) мырыш
7. ?семдік б?йымдар жасайтын шебер.
а) ?ста ?) зергер б) ісмер в) шебер
8. Ыдыс - ая? жасауда ке?інен ?олданылатын металл т?рі.
а) шойын 
?) алюминий 
б) мыс 
в) ?алайы
9. Болатты ?алай алады?
а) мыстан бал?ыту ар?ылы 
?) м?найдан алады 
б) шойыннан бал?ыту ар?ылы 
в) т?сті металдан бал?ыту ар?ылы
10. ?ысым?а т?зімді, о?ай ??делетін металл.
а) платина ?) болат б) шойын в) т?сті металл

5 сынып?а Та?ырып: А?аш ??деу технологиясы.
11. А?аш ??деу ж?мыстарымен айналысатын к?сіп.
а) зергер ?) орманшы б) тігінші в) балташы
12. С?ргі пыша?ы табанынан ?андай м?лшерде шы?ады?
а) 0, 3 - 0, 5
?) 0, 1 - 0, 3 
б) 0, 2 - 0, 5 
в) 0, 5 - 0, 7 мм
13. Жазы? а?аш бетін не??рлым д?лірек ??дейтін ??рал.
а) шерхебел 
?) рубанок 
б) фуганок 
в) балта
14. А?аш ??деу станогында (СТД) ?олданылатын ?лшеу ??ралдары.
а) сыз?ыш 
?) б?рышты? 
б) микрометр 
в) штанген циркуль
15. А?ашты белгілі бір б?рыш жасап кесуге арнал?ан к?мекші ??рал.
а) б?рышты? 
?) жа?таулы ара
б) ?ол ара
в) стусло
16. А?аш материалын ?исы? сызы? бойынша кесуге арнал?ан ара.
а) ?ол ара 
?) жа?таулы ара 
б) бойлай кесетін ара 
в) к?лдене? кесетін ара
17. Жапыра?ты а?аштар?а жатады.
а) ?айы?, шырша 
?) терек, ?ара?ай 
б) ?йе?кі, ж?ке 
в) терек, самырсын
18. Графикалы? сызбаларда?ы ?лшемдер.
а) микрометр ?) милиметр б) сантиметр в) метр
19. Ара т?семі кесу барысында ?ысып ?алмас ?шін не істейді?
а) ара тістері ажыратылады 
?) ара тістері ж?лынады 
б) ара тістері ?айралады 
в) ара тістері тазаланады
20. Сызбада осьтік ж?не орталы? сызы?тар ?алай белгіленеді?
а) жі?ішке т?тас сызы? 
?) штрих сызы? 
б) штрих - пунктир сызы?ы 
в) т?тас жі?ішке сызы?
21. А?аш ??дейтін ?стел не ?шін ?ажет?
а) ж?мыс жасау?а 
?) жазу?а 
б) сызба сызу?а 
в) ??рал - саймандар ?шін
22. А?ашты ?андай ??ралмен к?ркемдеп ояды?
а) ?ашау, пыша? 
?) с?ргі, пыша? 
б) ?ашау, с?ргі 
в) бал?а, ?ашау
23. Шы?армашылы? жоба дегеніміз не?
а) ба?ылау ж?мысы 
?) тестік с?ра?тар 
б) сараманды? ж?мыс 
в) ?зіндік ж?мыс

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Технология 6-9 тест ?лгілері»

Алматы «МЕКТЕП»

6-cынып

Технология курсының үлгі ретіндегі

тақырыптық – күнтізбелік жоспары


Бөлімнің аты

Бөлінген сағаттары

барлығы

теориялық

практкалық


Шеберханада оқушылардың тәртіпті ережелері мен техника қауіпсіздігі

1

1

-

І

Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясының негіздері

12

3

9

ІІ

Машинатану элементтері негізінде конструкциялық материалдарды өңдеу технологиясы

19

8

11

ІІІ

Сәнді қолданбалы өнер элементтері негізінде материалдарды көркемдеп өңдеу

14

4

10

ІV

Үй мәдениеті

6

2

4

V

Жоба

16

4

12


Барлығы

68

22

46







Күнделікті сабақ жоспары№____1________

Пәні _______________ Сыныбы___________________Күні___________

Сабақтың тақырыбы: Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар.

Өнім жинау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларда көкөніс шаруашылығы туралы білімді тұрғындарды көкөқніспен қамтамасыз ететін өсімдік шаруашылығының бір бағыты ретінде қалыптастыру. Өсімдік өмірінің ұзақтығы туралы түсінік беру.

Дамытушылық: танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

Тәрбиелік: оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: күрек, тырнауыш, айр, шелек, зембіл, себуге арналған пияз тұқымы.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

ІІІ Жаңа сабақты түсіндіру

ІV Кіріспе инструктажы

V Сарамандақ жұмыс

VІ Бекіту инструктажы

VІІ Жұмыс орнын жинақтау

І Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың барысы:

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Оқушылар білуі тиіс:

- жеміс көкөніс дақыларды өсіру технологиясының негізін;

- өсімдіктер қандай топтарға жіктелетіндігін;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясын;

- органикалық және органикалық емес тыңайтқыштарға қандай заттар жататындығын;

- құрал – саймандармен жұмыс істеген кездегі қауіпсіздік техникасының ережелерін;

- күздегі топырақты өңдеу ерекшеліктерін.

Оқушылар игерген болуы тиіс:

- құрал – саймандарды қолдана отырып, тәжірбиелік жұмыстарды орындауды;

- күзгі топырақ өңдеуді жүргізуді;

- топыраққа минералдық және органикалық тыңайтқыштарды енгізуді;

- сәбіз және ақжелкен тұқымдарының қыстық себуін жүргізуді.

Оқушылар өсімдік шаруашылығының негізгі бөлімдерімен, толығырақ көкөніс шаруашылығы және гүл өсіру шаруашылықтарымен танысады. Көкөніс шаруашылығының негізгі мақсаты айқындалады.

Көкөністер жыл бойынша былай бөлінетіндігі анықталады:

- біржылдық;

- екіжылдық;

- көпжылдық;

Алынатын өнімнің сипатына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

- жемісті

- тамыр жемісті

- сабақ жемісті

- жапырақты

- гүлді

- пиязшықты


- көкөніс туралы бұрын білетін білімдерін кеңейту;

- жемісті жапырақты, тамыржемісті және т.б. сияқты көкөніс өсімдіктерін өз бетінше анықтай білуге дағдыландыру;

- оқушылармен бірлесе отырып, сәндік – гүлді өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын түсігнуге жаңа шешімдер табу;

- оқушыларға «сұлулық» түсінігін анықтауға мүмкіндік беру;

- «Сұлулық әлемді құтқарады» айтылымның мағынасын түсіндіріңіз;

- пиязшықты өсімдіктерді өсіру технологиясымен таныстыру;

- адам не үшін топырақты және оның тыңайтқыштарын өңдеуді жүргізетіндігін талқылау.


Қорытынды:

- көкөніс және сәндік – гүлді өсімдік адамға күнделікті қорек үшін және біздің өмірімізді безендіру үшін қажет;

- гүлдер сұлулық түсінігімен байланысты.


Үй тапсырмасы

Үйде гүлге арналған ыдыстарға гүлді өсімдіктердің тұқымын отырғызу




7- сынып

Күнделікті сабақ жоспары № 1

Пәні___________________ Сыныбы_____________ Күні_________________

Сабақтың тақырыбы: Егіншілік жүйесі және ауыл шаруашылық саласын интенсивтендіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың егіншілік жүйесі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: егіншілік жүйесі туралы білім, білік және дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: оқущыларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер мен құрал – жабдықтар: түрлі түсті суреттер, кітап, плакат.

Пәнаралық байланыс: биология


Сабақтың жоспары.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау

3. Жаңа сабақты түсіндіру

4. Кіріспе инструктажы

5. Сарамандық жұмыс

6. Бекіту инструктажы

7. Жұмыс орнын жинақтау

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал – жабдықтар, кабинет тазалығы т.б).

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.

Өткен жылғы тақырыптарды қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Жалпы адамзат ерте заманда қолданған және қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі үшке бөлінеді: қарапайым, эксткенсивті және интенсиві.

Егіншеліктің қарапайым жүесі топырақтың табиғи құнарлығын пайдалануға негізделген. Бұл – егіншіліктің алғашқы кезеңіне және ерекшелік. Ол үшін ерте заманда адамдар орман алқаптарында егін салу үшін ағаштарды кесіп не өртеп егістік жер дайындаған. Осылай орманнан тазартылған жерлерге 3-5 жылдай дәнді дақыл егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақтың құнарлығы азайып, өнім төмендей бастағанда, бұл жерді тастап, орманнан жаңа жер дайындаған.

Диқандар тастап кеткен танаптарда қайтадан табиғи шөптер мен ағштар өсіп, көп жылдар өткен соң, жердің құнарлығы қайтадан қалпына келген.

Тың жерге тән көп жылдық шөптер қаулап өсе бастаған кезде диқан ол жерді қайта жыртып егін салған. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесі осылай іске асырылған.

Егіншіліктің экстенсивті жүйесі қарапайым жүйесіне қарағанда көп жоғары тұр. Бұл жүйенің нәтижесінде егіске жарамды жерлерді пайдалану едәуір жақсарды. Халық санының өсуіне байланысты егін алқабының аумағы үлкейді. Жерге жеке меншік пайда болды, енді диқан бұрынғыдай кез келген жерді егістіккке арнап жыртуы мүмкіндігінен айырылды. Сөйтіп топырақ құнарлығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттігі туды. Ондай тәсіл табылды, ол – танапты парға қалдыру. Жерді парға қалдырғанда, армшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығынын көтеруге мүмкіндік туады, яғни танапта ештеңе егілмесе де, жаз бойы бапталып, күтіледі. Сөйтіп егіншіліктің пар жүесі шықты. Кейін парға қалдырылған танаптарға ор қалдырылған танаптарға органикалық, минералдық тыңайтқыштар берілетін болды.

Алғашқы ауыспалы егіс екі танаптан тұрады. Бір танапты парға қалдырып, екіншісіне астық дақылдары егілді. Бірте-бірте екі танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Танапқа бір жыл күздік дақыл, екінші жылы жаздық дақыл егіліп, үшінші жылы оны парға қалдыратын болады. Егістіктің қарапайым түріне қарағанда, пар жүйесі астық дақылдарынан анағұрлым мол өнім жинауға, егіске жарамды жердің жыртысына, тіпті үштен екісіне астық егуге жағдай жасайды. Міне икстенсивті жүйенің маңызы оыс.

Егінщшіліктің интенсивті жүйесі ХVIII ғасырдың басында Англияда шықты. Бұл жұйе бойынша әдетте, төмендегідей ауыспалы егіс қолданылды: 1- беде, 2- күздік бидай, 3- отамалы дақылдар (картоп, қызылша), 4- масақты жаздық дақыл мен беде (беде астықтың үстіне себіледі). Бұл ауыспалы егісте органикалық, минералдық тыңайтқыштар кеңінен қолданылды. Астық өнімі әр гектардан 1,6 – 1,7 тоннаға жеткен. Егіншіліктің интенсивті жүйесінде жерді неғұрлым тиісмді пайдалану ғылымға негізделген көптеген шаралар қолданылды, барлық қажетті тыңайтқыштар берілді, жоғары өнімді техникалар пайдаланылды. Өнімді көбірек алуға бағытталған әр гектарға жұмсалатын шығын арта түсті.

Егіншіліктің бұл жұйцесінде пар болмайды, ауыспалы егістің құрамында қант қызылшасы, картоп сияқты тыңайтқыштарды көп қажет ететін дақылдар егілді.

Жыл сайын танапқа биологиялық құрылысы әр түрлі, өсіру технологиясы да бір-бірінен өзгеше дақылдарды егу топырақтың құнарлылығын, алынатын өнім мөлшерін арттыра түсті. Сөйтіп егіншіліктің интенсивті жүйесінде дақылдарды өсіру үшін жұмсалатын шы,ын көбейіп, сонымен қатар алынатын өнім де артты.


ІV. Кіріспе инструктажы.

Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.


V. Сарамандық жұмыс.

Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.

Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.


VІ. Бекіту инструктажы.

Сабақты қорытындылау.

Оқушыларға бүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.

1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?

2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?

3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?

Бағалау.

Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.


Үйге тапсырма беру.

Егіншілік жайлы оқып, мәлімет жинап келу.


VІІ. Жұмыс орнын жинақтау.



8-сынып

1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе сабақ

Мектеп шеберханасындағы қауіпсіздік техникасы

Мақсаты:

Білімділік: оқушыларды металл өңдеу жұмыстарының негізгі түрлерімен, мектеп шеберханасындағы жабдықтармен таныстыру; мектептегі ішкі тәртіп ержелері мен оқушыларға арналған ережелерді оқып-үйрену;

Дамытушылық: мектеп шеберханаларындағы қауіпсіздік техникасы ережелерімен оқып-үйрену (қауіпсіздік техникасы ережелерімен жалпы таныстыру).

Тәрбиелік: оқушыларды жан-жақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар: дайындамалар, әртүрлі тетіктердің жиынтығы, өлшегіш құрал-саймандар, кескіш құрал саймандардың әр алуан түрлері, ҚТ (қауіпсіздік техникасы) жөніндегі плакаттар, көрнекті құралдар.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе бөлім

1. Сабақтын тақырыбын және мақсатын хабарлау.

2. Өткен материалды қайталау.

- Аталған тетікті дайындау үшін қандай материал таңдап алынды?

- Жону жұмыстарын орындау кезінде қандай ережелер сақталуы тиіс?


ІІ. Жаңа материалды баяндау

Жұмысты орындау үшін барлық қажетті жабдықтармен жарақаттандырылған шеберхана ауданның бір бөлігі жұмыс орны болып есептеледі.

Жұмыс орнын ұйымдастыруға мынадай талаптар қойылады: қызмет көрсетудің ыңғайлылығы, ұйымдық-техникалық қондырғылармен жарақатануы, еңбек процесінің ерекшеліктерін есепке ала отырып, жұмысты ұтымды жоспарлау.

Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының барлық тақырыптарын оқып-үйренуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастырылуы тиіс. Оқушылардың жұмыс орнына мынадай негізгі талаптар қойылады:

- барлық құралдар оқушының жанына, бірақ оның қозғалыстарына бөгет болмайтындай мүмкін болатын жақын жерге жинақталуға тиіс;

- құрал-саймандар мен айлабұйымдарды сол қолмен алуға болатындай етіп, сол жаққа қойған жөн;

- ауыр заттарды оларды екі қолмен алуға қолайлы болатындай етіп орналастыру қажет;

- құжаттаманы (сызбалар, технологиялық және нұсқаулық карталар, т.б.) пайдалану үшін ыңғайлы және ластанудан қорғалған жерде ұстаған жөн.

Жұмыс істеуші денесінің ыңғайлы жағдайын қамтамасыз ету үшін жұмыс бетінің биіктігін дұрыс таңдау керек.

Мысалы, еден деңгейінен жону білдегі центрінің осіне дейінгі аралық бой 105-169 см болғанда 120 см, ал бой 170-179 см болғанда 130 см болуға тиіс; отырып жұмыс істеген кезде орындықтың биіктігі -700-720 мм және креслоның биіктігі -400-420 ммм болуға тиіс.

Білдек центрінен жасөспірімнің көзіне дейін аралық 450 мм-діқұрауы керек (білдек өлшемдері жасөспірім бойына сәйкес келмейтін жағдайда әртүрлі биіктегі тұғырлар, торлар) пайдаланылды. Бүгінгі тақырып мектеп шеберханаларындағы қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін, жарақат алуды ескерту жөніндегі шаралар,өртке қарсы шаралар, мектептегі және оқу шеберханаларындағы мінез-құлық ережелерін қамтиды.

Одан кейін жонудың, әрлеудің, бұрғылаудың нақты операциялары мен әдістерін орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен қауіпсіз жұмыс ережелерін мұқият оқып үйренеміз.

Білдекте жұмыс істеген кездегі тәртіп ережелерімен таныстырған кезде мұғалім жұмыс орнын тазалық пен реттілікке ұстаудың, барлық құрал-саймандарды ақаусыз пайдаланудың қажеттігі жөнінде айтады.Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаудың, арнаулы киім киюдің маңыздылығы, сондай-ақ жұмыс кезіндегі сақтық пен ұқыптылық жөнінде еске салады, сонымен бірге оқу шеберханалардың ішкі тәртібін сақтау туралы айтады, жұмыс кезіндегі, жұмысқа дейінгі және жұмыстан кейінгі ҚТ-ын жеке-жеке түсіндіреді.

Бұдан кейін мұғалім жұмыс істейтін білдектерді көрсете отырып, жарақаттар алмас үшін, киімді қысқының шығып тұрған бөліктері іліп кетпес үшін, жоңқаның кесіп кетпеуі үшін өзін қалай ұстау керек екендігін түсіндіреді,т.б.Бұдан басқа мұғалім ток етіп тұрған электр сымдары мен ажыратқыштардың ашық бөліктеріне неліктен жанасуға болмайтындығын, электр қозғалтқыштағы ақаулықты, электр сымдарындағы зақымдануды байқап қалғанда не істеу қажет екендігін де түсіндіреді.

Мұғалім сондай-ақ өрттердің негізгі себептеріне тоқталады, оқушыларды өртке қарсы жабдықтармен, постылармен және сигналдар беру жүйелерімен таныстырады.

Қауіпсіздік ережелері бойынша нұсқама:

1. Білдекті мұғалімнің рұқсатынсыз іске қоспау.

2. Кескіштерді сенімді бекіту.

3. Дайындаманың бүтіндігін тексеру.

4. Жұмыс басталардың алдында барлық заттарды орналастыру, оң қолмен алатындарды - өзінен оңға қарай, ал жиірек пайдаланатын заттарды

(мысалы, қысқынның кілті) сирегірек пайданылатын заттарға (мысалы, кескіш тұтқасының кілті) қарағанда өзімізге жақынырақ қоямыз.

5. Жұмыс құралын тексеру.

6. Киімді ретке келтіру, барлық түймелерді түймелеу, ұзын шаштарды береттің (бас киімінің) астына жасыру.

7. Жұмыс кезінде еш нәрсеге көңіл бөлмеу және білдектен алыстап кетіп қалмау.

8. Кескішті қысқыға жақын апармау.

9. Айналып тұрған қысқыны, дайындаманы қолмен тоқтатпау.

10. Білдектің ақаулығы туралы мұғалімге баяндау.

Жұмыс орнын әрқашанда тазалықта ұстау маңызды, өйткені ластық пен ретсіздік жұмыс уақытын жоғалтуға, ақаулы өнімге, жазатайым оқиғаларға, білдектің мерзімінен ерте тозуына әкеп соғады. Жұмыс орнындағы еденнің тегіс және таза болуы қажет және жағар салқындатқыш сұйықтық майлары төгіліп, жайылған жерлері болмауы керек. Шеберханадағы ауа температурасы 15-180С аралығында болуға тиіс.

Түсіндіру жұмысқа ұқыпты қарау, сақтық мінез- құлықтың белгіленген барлық ережелерін орындау-металл өңдеу білдектеріндегі қауіпсіз жұмыстың кепілдігі екендігі жөніндегі қорытындымен аяқталады.



ІІІ. Практикалық жұмыс

Мұғалім оқушыларға тапсырма береді.

Оқушылар тақтаға шығып, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық туралы әңгімелейді.

ІV. Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылардың сабақтағы жұмысына талдау жасайды. Жұмыс орнын ұйымдастырудың, еңбектң қорғау жөніндегі ережелердісақтау дұрыстығын атап өтеді, жіберілген қателіктерге түсініктемелер береді. Шеберхананы жинастырып, ретке келтіріп қояды.



9-сынып

І тарау. Сәндік-қолданбалы өнер

элементтері арқылы бұйымдарды

көркемдеп өңдеу

Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жасөспірімге тән қасиет. Психолог ғалымдар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді. Бұл талап ойдағыдай орындалмаған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті бұзылып, бұл қоғамның жалпы дамуына кедергісін келтіреді.

Технология пәні нақты мақсат пен міндеттерді көздей отырып кәсіптік бағдар береді. Қазір көптеген мектептерде ірілі-ұсақты темір, ағаш өңдейтін білдектер, құралдар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануға үйрету керек. Еңбек пәні өнімді еңбекпен ұштасқан жағдайда қоғамдық жұмыстың негізгі түрлерінің бірі болып есептеледі. Мұндай процесс материалдық құнды заттар шығаруға жәрдемдеседі.






Сабақ_____ Сыныбы ______ Күні ______

Сабақтың тақырыбы: Көркемдеп оюға арналған ағаш түрлері

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлерімен, ағаш оюға қолданылатын материалдармен таныстыру.

Дамытушылық: ойлауды, танымдық қабілеттерді дамыту.

Тәрбиелік: жеке және топта жұмыс істей білуге тәрбиелеу, көркемдік талғамды қалыптастыру, білім, икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: ою үлгісі, технологиялық карта, шеңберсызғы, сызғыш, қалам, тетіктердің дайындамасы, аспаптар салынған жұмыс қорабы.

Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, сызу, тарих.

Болжамдап отырған нәтиже: көркемдеп оюға арналған ағаш түрлерін меңгере алатын тұлға.

Сабақ жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

ІІІ Сарамандық жұмыс.

ІV Жаңа материалды бекіту.

V Қорытынды

VІ Бағалау

VІІ Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Жаңа сабақ.

Мұғалім ағаш ою туралы әңгімелейді. Ою түрлерімен таныстырады. Материалды түсіндіру көрсетумен қатар жүреді.

Ою – бұл ағашты көркемдеп өңдеудің бір түрі. Ою техникасын орындау орындаушыдан аса ұқыптылықты, кеңістік ойлауды, аспапты еркін меңгеруді және жоғары көркемдік талғамды талап етеді. Ағаш оюдың көптеген түрлері бар. Оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге болады: жазықтық-қуыстап ою немесе тереңдете ою, жазықтық-бедерлі, бедерлі, айшықты ою, мүсіндік немесе көлемдік ою және үй оюлары.

Қазақ халқының жазықтық, көлемді, өтпелі және әшекейлермен толықтырылатын ағаш оюлары бірегей және қайталанбас. Киіз үйдің есіктері, қаңқасының жоғарғы цилиндрлік бөлігі, уықтардың төменгі жағы, шаңырағы, сондай-ақ сандықтар, керуеттер, ыдыс-аяқ сақтауға арналған құрастырмалы кебежелер, саз аспаптары ағаш оюлармен әшекейленді. Ағаш ою - –ұл ағаш бұйымдарда орындалған бейне, сурет немесе өрнек. Ағаш ою монументті – әсемдік өнер түрлерінің бірі болып табылады және қоғамдық ғимараттар мен сәулет өнері құрылыстары интерьерлерін өңдеу мен әшекейлеу үшін қолданылады. Оюды әсемдік қолданбалы өнер бұйымдары: жиһазды, саз аспаптарды, әшекейлеу үшін де пайдаланады.

Ағаш ою үшін ағаштың алуан түрлерін қолданады. Қандай да бір түрді таңдау әшекейленетін бұйымның дайындалуы мен формасына және ою түріне байланысты. Жапырақты ағаштардан ою үшін көбінесе жөкені пайдаланады. Жөке ағашы оңай және таза кесіледі. Қаттылығының төмендегінен жөкені жиһаз дайындауда пайдаланбайды, сондықтан оны қолдану тұрмыстық ұсақ бұйымдармен шектеледі.

Қандағаш та оңай кесіледі, формасын көп өзгертпейді, өңдеуге оңай көнеді және қызыл ағашқа ұқсас болады. Осының бәрі оны жұмыстардың барлық түрлері үшін жарамды етеді.

Ою үшін тамаша материал – қайың ағашы. Ол жөке мен қандағашқа қарағанда қаттырақ, кесілуі қиындау, бірақ ою сапасы жақсырақ болады. Қайың ағашы жақсы боялады және өңделеді Оның кемшіліктері – ылғалдылықты тез сіңіруі мен беруі, яғни тез кеуіп қалады, сондай-ақ шытынауға, формасын өзгертуге бейімділігі. Бұл оны көлемі үлкен бұйымдарда қолдануға мүмкіндік бермейді. Ұсақ бұйымдарды – ыдыс-аяқ, кәдесыйларды ою үшін көктерек пен терек ағашын пайдаланады.

Еменді көлемі ірі әсемдік ою жұмыстарына және оюлармен әшекейленетін жиһаз жасауда қолданады. Емен ағашы өте қаттылығы мен айырылуға бейімділігіне байланысты өте айшықты және әсем болып шығады.

Оюмен әшекейленетін ұсақ бұйымдар үшін ағаштың сирек тұқымдары: алма, шие ағашы және т.б. пайдаланылады. Ою үшін қылқан жапырақты тұқымдастардан қарағай, шырша, самырсынды қолданады. Қарағайдан ежелден қаптамалар, қақпалар, ернеулерге арналған әшекейлерді ойды.

Бұл ою ірі етіп жасалады, сондықтан қылқан жапырақты ағаштардың қабаттарының тығыздығының әркелкілігі жұмысқа қиындық келтірмейді.

Шырша қараға йдан гөрі оңайырақ кесіледі, бірақ оның бұтақтары көп және өте қатты, сондықтан оны ою үшін сирек қолданады. Ою үшін сапасы жоғары ағашты қолдану қажет.

Мұғалім ою түрлері, формалары мен өңдеудің алуан түрлілігі туралы әңгімелейді. Оқушыларды қатыстыра отырып, ағашпен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдерін қайталайды.

Кіріспе нұсқама. Оқушыларды сарамандық жұмысты орындауға бағыттау.

ІІІ Сарамандық жұмыс.

Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдық нұсқама өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді.

Ағымдағы нұсқама:

а) жұмыс орындарын ұйымдастыру;

ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;

б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру;

в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.

ІV Жаңа материалды бекіту.

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

V Қорытынды:

а) сипатты қателіктер мен себептерге талдау жасау.

ә) оқушылардың жұмысын бағалау.


VІ Бағалау _____________________________________________________


VІІ Үйге тапсырма ________________________________________________



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (мальчики)

Категория: Тесты

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Технология 6-9 тест ?лгілері

Автор: Матниязов Зайнидин

Дата: 09.03.2016

Номер свидетельства: 303314

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(119) "«Ж??а киізден   ж?не бар?ыт матадан ?лтты? ?лгідегі  б?йымдар жасау». "
    ["seo_title"] => string(76) "zhu-k-a-kiizdien-zh-nie-bark-yt-matadan-u-lttyk-ulghidieghi-bu-iymdar-zhasau"
    ["file_id"] => string(6) "162961"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422431925"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "А?паратты? коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика п?ніне о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ын арттыру "
    ["seo_title"] => string(115) "ak-parattyk-kommunikativtik-tiekhnologhiiany-paidalanyp-informatika-p-ninie-ok-ushylardyn-k-yzyg-ushylyg-yn-arttyru"
    ["file_id"] => string(6) "174666"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424166520"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "?ЛТТЫ? БІРЫ??АЙ  ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДАУДЫ?  ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ "
    ["seo_title"] => string(60) "u-lttyk-biryn-g-ai-tiestilieugie-daiyndaudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "165344"
    ["category_seo"] => string(15) "angliiskiyYazik"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1422799413"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "ГЕОГРАФИЯ САБА?ТАРЫНДА ЖА?А ТЕХНОЛОГИЯНЫ ?ОЛДАНУ Т?РЛЕРІ "
    ["seo_title"] => string(66) "gieografiia-sabak-tarynda-zhan-a-tiekhnologiiany-k-oldanu-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "146530"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1419186286"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(134) "Баяндама "О?ытуда инновациялы? технологияны пайдалануды? тиімді жолдары" "
    ["seo_title"] => string(79) "baiandama-ok-ytuda-innovatsiialyk-tiekhnologhiiany-paidalanudyn-tiimdi-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "194995"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427828133"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства