Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда) |
| |
Күні: | 23.01.25 ж | |
Сынып: 3 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие тақырыбы | «Таңғы астың адам ағзасына пайдасы» | |
Мақсаты | Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. | |
Құндылық | «Заң және тәртіп» |
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы | Психологиялық ахуал. Біздің сынып әдепті, Бәріне көмек береді. Біздің сынып әрқашан Жетістікке жетеді. Біздің сынып қашанда Алғашқы боп жүреді. Мұғалімдер барлығы Бізді мақтан етеді. -Балалар, тақтадағы нақыл сөздерді оқиықшы. Салауатты өмір сүру тек тән саулығына ғана емес, жан саулығына да байланысты. Томас Карлайл Ішер судың да шамасы бар: артық - зиян. Құтып Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді. Томас Фуллер Таңсәріде оянған дұрыс, себебі бұл әдет мықты денсаулыққа, байлық пен даналыққа жетелейді. Аристотель Денсаулық — ең ұлы қазына, басқалар оның алдында ештеңе емеc. Артур Шопенгауэр -Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? «Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі» -Бүгінгі сабағымыздың дәйек сөзін «Адасқан әріптер» ойынын шешу арқылы табайық. https://wordwall.net/ru/resource/38411114 «Денсаулық-зор байлық» | Хормен тақтадағы өлеңді оқиды. Нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндіреді.
Шашылған дыбыстарды орнына қою арқылы сабақтың дәйек сөзін табады. | слайд |