kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Т?здык?лдегі химиялы? ?осылыстарды? адам а?засына пайдасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Индербор поселкесінен 15 ша?ырым жердегі Т?здык?лде бол?андар оны? суыны? емдік шипасы бар екенін айтып ж?р. Жергілікті т?р?ындар  да ны? сеніммен б?л к?лді? суы мен ?ара балшы?ыны? ?зі тек буын емес, демікпе, бронхит, гинекология сия?ты к?птеген сыр?аттар?а бірден-бір ем деп есептейді.  К?лде?ені- 12 км. К?лді? айналасында к?птеген б?ла?тар жатыр. Б?ла?тар бастауын жыл бойына ?ар жататын ??гірлерден алады. Оларды? ішінде аты а?ыз?а толы «?ыз ?улие» б?ла?ы ерекше саналады.

Индер т?з кені  Атырау облысыны? Индер ауданында?ы Индер к?лі ойпатында орналас?ан. К?л солт?стігінен Индер тауымен ?оршал?ан, о?т?стік жа?алауы жазы?. Б?л жерде орналас?ан т?з к?лі 500 метр тере?дікте орналас?ан. Ойпатты? геологиялы? ??рылымы к?рделі. Т?з ?абатыны? ?алы?ды?ы солт?стіктен о?т?стікке ?арай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Т?з негізінен а?, шыныдай м?лдір. Терригендік материалдарды? ?оспалары о?ан ?ыз?ылт ж?не с?р?ылт ?? береді. Негізгі минералдары: гидрогалит – NaCl•2H2O, мирабилит – Na2SO4•10H2O ж?не карналлит – KCl•MgCl2•6H2O, индерит-Mg[B3O3(OH)5]•5H2O. Литоликалы? т?р?ыдан кен т?зы жо?арыдан т?мен ?арай жа?а ш?гінді (?алы?ды?ы 0,05 – 1 м), ескі ш?гінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), ?ырлы (15 – 30 м) ж?не ?ара м?лдір т?з болып ажыратылады. Т?ссіз кристалдар, ?лкен т?тас б?ліктері а?шыл, ал?ызыл болып келеді. Диапирді т?з к?мбездерінде ертеден жина?тал?ан т?здарды сілтісіздендіру кезінде пайда болады. К?лді? ?ара балшы?ы т?рлі аурулар?а ем. Т?здык?лді? суы мен ?ара балшы?ыны? ?асиеттілігі ерте бастан белгілі бол?ан. К?нек?здерді? айтуынша, жанына жалау, сыр?атына ем іздегендер б?рын алыстан да ат арбамен келіп т?рыпты.

Т?з к?лі 500 метр тере?дікте орналас?ан. К?з ?ары?тырар т?з к?лінен 30 ша?ырымдай ?ашы?ты?та Малайсары биді?,  батыр Махамбет ?теміс?лыны?,  а?ын М?рат М??ке?лыны? мазарлары бар.

         1978 жылы Т?здык?лге ?аза?стан Компартиясы Орталы? комитетіні? бірінші хатшысы Дінм?хамед ?онаев  ат басын тіреп келді. Ол то?та?ан жерге «Димаш т?бе» атауы  берілген. [5]

Индерді? т?зды к?лі кезінде зерттелуден кенде болма?ан.  Ресей империясы кезінен бастап, айталы? 1778 жылы академик Паллас, 1804 жылы майор Сози, Ке?ес Ода?ы заманында да 1927 жылы Волков бас?ар?ан экспедиция ж?не Ленинградты? Б?кілода?ты? ?ылыми зерттеу орталы?ы, М?скеуді? мемлекеттік тау кен институты, та?ы бас?алары к?птеген зерттеу ж?мыстарын ж?ргізген. 1960 жылдар?а дейін т?зды? басында метеорогиялы? станса да бол?ан. 1938 жылы шы??ан «Большая Эмба» кітабында ?алымдарды? зерттеу е?бек кітабы да жарияланды. Біра? б?л кітап жабы? т?рде таратыл?ан, к?п насихатталма?ан. Сол кітапта балшы?ты? емдік ?асиеттері де талдап жазыл?ан болатын.

Т?здык?лді? емдік ?асиетін білу ма?сатымен 1979 жылы Ке?естер Ода?ыны? Ресейдегі Минералды сулар айма?ында?ы Курортология институтына ?тініш жасалып, 1980 жылы институттан ресми жауап келген. Жергілікті д?рігерлерді? айтуынша, зертхана?а жіберілген балшы?, оны?

бетіндегі к?піршікке талдау жасалынып, «ферменттер мен витаминдерге бай» деген ?орытынды жасал?ан.

Индердегі т?зды к?мбезде Менделеев кестесіні? 16 т?рлі ?азба байлы?ы «жасырынып» жатыр. Т?здык?лді? солт?стік жа?ы Индер тауымен ?оршал?ан, О?т?стік жа?алауы жазы?. Т?зды? мемлекетке есепке алын?ан ?оры 647 млн. тонна шамасында. Жергілікті мамандарды? айтуынша, т?зды к?мбезтауды? 34 метр тере?дігінде су ?оры бар. Тауды? сазды ?абаттары арасынан шы??ан «к?ркіреуік» деп аталатын б?ла?тардан т?з к?лі ?немі толы?ып отырады. Т?здык?лді? суы натрий хлорына ?аны??ан. Т?з – ?азір к?п беле? ал?ан остеохондроз ауруына, т?рлі тері ауруларына, сал?ын тигенге, тыныс алу жолдарыны? ауруларына бірден-бір ем. Сонымен ?атар, а?зада?ы с?йы?тарды ?алып?а келтіреді. Натрий мен хлорды? денедегі ?алыптылы?ын са?тайды. Дене м?лшеріні? кілегейлі ?абаттарын ?уыру, к?зді н?рландыру, та?амдарды  ?рлендіру ?асиетіне ие.

Т?здык?лді? емі, негізінен, буын ауруларынан айы?у?а зор м?мкіндік береді. Суды? ??рамында?ы к?кіртсутегі ж?йке ж?йесіні? ауруларына жа?сы к?мектеседі.   Ол адам а?засына тыныс жолдары ж?не тері ар?ылы келеді. ?анда айнала отырып к?кіртсутегі а?заны? т?рлі органдарына, ж?йелері мен ?ызметтеріне рефлекторлы?-?абылда?ышты? ?сер етеді.  [7]

Осы?ан ?оса м?нда кездесетін неше т?рлі минералдар, оны? ішінде индерит, сатимуллит деген минералдар т?зіледі. Олар д?ние ж?зі бойынша бас?а жерде кездеспейді. ?стіртте, тау етегінде жусанны? 110 т?рі ?седі екен. Ол б?ла? ар?ылы жуылып, к?лге ??яды. Минералдар – ал?аш?ы кезекте ж?рек-тамыр ж?не ж?йке ж?йелеріне ?сер етеді, ж?рек пен буындарды? шыны?уына ы?пал етеді, орталы? ж?йке ж?йесінде процестерді? тепе-те? болуына ы?пал етеді, зат алмасуыны? ж?не ішкі секреция бездеріні? ?алыпты болуын ?амтамасыз етеді.

Ферменттер (энзимдер)- б?л тірі клеткаларда пайда  болатын ж?не организмдегі биохимиялы? процестерді тездететін белок тектес биологиялы? катализаторлар. Олар организмдегі жекелеген химиялы? реакцияларды? ж?руін, жалпы б?кіл зат алмасу процестерін тездетеді. Ферменттерді? аса ма?ызды ролін И. П: Павлов «Ферменттер-тіршілікті? на?ыз ?ор?аушы к?ші»,-деп к?рсеткен болатын. Тіршілік процестеріні? ?алыпты ?туі ферменттерді? ?рекетіне байланысты. Ферменттерді? ?рекетіне байланысты ферментативтік реакцияларды? б?зылуы т?рлі ?олайсыз жа?дайлар?а душар етеді. Сонды?тан да кез келген ферментті? клеткада?ы немесе биологиялы? с?йы?тарды? активтілігін аны?тау ар?ылы  ?рт?рлі органдармен ?лпаларда?ы ?тіп жат?ан ?згерістер жайында ма?л?мат алу?а болады. К?птеген ферменттерді? ??рамына витаминдер мен оларды? туындылары кіреді. Витаминдерді? жетіспеуі  ферментті? синтезіні? б?зылуына ?келіп со?тырады, осыны? салдарынан а?зада зат алмасу процесі б?зылып, онда к?рделі ?згерістер пайда болады. ?рбір фермент белгілі бір реакцияны ?ана катализдейді.  Пепсин, трипсин ферменттері белоктарда?ы пептидтік байланыстарды гидролиздейді. Ал, липаза ферменті майды? ??рамына кіретін май ?ыш?ылдарыны? химиялы? таби?атына ?арамастан, онда?ы эфирлік байланысты катализдейді. Уреаза ферменті бір ?ана несеп н?ріні? ыдырауы реакциясын тездетсе, ал сахароза тек сахарозаны? ыдырауын катализдейді. Сілекей мен ?й?ы безіні? амилазасы крахмалды ыдыратады. ?рт?рлі ауруларда (ж?рек, бауыр, б?йрек)  ферменттерді? ?анда?ы де?гейіні? к?терілетіндігін бай?ау?а болады. Б?л к?рсеткішті ауруды айыру ?шін ?олданылады. Проферменттерді? ар?асында клеткаларды? ж?не ?лпаларды? ?здігінен б?лінушілікке ?шырауын болдырмайды. Ауыстыру?а болмайтын микроэлементтерді? бір?атары ферменттерді? тобы ретінде ?ызмет ат?арады. [1]

Ерте кезе?дерде минералды заттармен ауруды емдеуге болатына аны?тал?ан.  Мысалы, ?ндістанда д?рігерлер д?рілік заттарды? ??рамды? б?лігі ретінде мысты, мышьякты, сынапты ?олдан?ан. Шы?ыс д?рігерлері (орта ?асырда) емдік ма?сатында ??рамында  фтор, йод, кобальт, калий, фосфор  ж?не т.б. 20-?а жуы? минералды заттар бар  мумие ?олдан?ан. Ежелгі Египетте ?рт?рлі ауруларды емдеу ма?сатында ??рамында мырыш, марганец, фтор, йод, бром, хром, ?ор?асын  ж?не т.б. минералды заттар бар ара уын ?олдан?ан. Кейбір элементтерді? биохимиялы? функциясына то?талсам:

 

Элемент

Оларды? биохимиялы? функциясы

Темір

Гем??рамды? ферменттерді? простетикалы? тобы

Иод

?ол?а безі гормондарыны? синтезделуіне бірден-бір ?ажет

Мыс

Цитрохромоксиздаза ферментіні? простетикалы? тобы

Марганец

Аргиназалар ж?не т.б ферменттерді? кофакторы

Кобальт

В 12 витаминіні? басты компоненті

?алайы

С?йек ?лпасыны? пайда болуына к?мектеседі

Хром

?анны? ??рамында?ы глюкозаны? бір?алыпты таралуына к?мектеседі

Кремний

С?йек ж?не д?некер ?лпасыны? пайда болуына к?мектеседі

 

Зат алмасуды? химиялы? реттелулерімен ?осылып немесе жай жа?дайда ?сер ететін микроэлементтер – биологиялы? процестерді? басым ?атысушылары болып табылатынына зат алмасуды ?алып?а келтіретіні, ?ан т?зуге ?атысатыны, к?бею ж?не ?суге организмні? иммунды биологиялы? белсенділігі, тіршілікті ?зарту?а о? ?сер ететіні туралы к?рсетілген болатын. Олар микроэлементтерді? тек организмні? ?мір с?руіне ерекше роль ат?аратынына ?ана емес, денсаулы? са?тауда ж?не халы? шаруашылы?ында зерттеу ж?ргізу м?мкінділігі барын к?рсетті.

Минералдар - ферменттер, гормондар, витаминдер, к?рделі белоктар мен пигментерді? ??рамына еніп, жасушалар мен тіндерді? ??рылымды? элементтерін ??растыру?а ?атысады.  Минералдар к?птеген зат алмасу ?рдісінде биокатализатор ?ызметін ат?арып, ?ыш?ыл сілтілі ортаны? тепе-те?дігін реттеп, организмні? ?алыпты ?ызметін т?ра?тандырады. [6]

Осындай м?ліметтерді пайдалана отырып, ?зімні? е?бегімде Т?здык?л ??рамында?ы химиялы? ?осылыстарды? адам а?засына тигізетін пайдасы туралы на?ты деректер ар?ылы зерттеу ж?мысын ж?ргіздім. Оны? ішінде е? алдымен, к?дімгі ?ара балшы?ты? химиялы? ??рамы ж?не оны? д?ст?рлі халы? емі мен медицинада пайдаланылуына то?тал?ым келеді.

Т?здык?лді? жа?алауында?ы ?ара балшы? ?те ерте заманда ??рыл?ан. 1938 жылы жазыл?ан П. М. Татаринованы? «Индер бораты» деген кітабында оны Юра, Бор д?уіріне апарады. ?ара балшы? минералдармен ?атар гумус, ферменттерге ?те бай. Олар адам денсаулы?ына ?те пайдалы. Оны? ??рамы ?сімдіктермен ?атар ж?ндіктер, тіпті ??старды? ?алды?тарынан т?зілген, ??рамында гормонды? заттар да бар (биологиялы? белсенді гумус). Гумус к?бінесе ш?п бас?ан жерлерде, микробтарды? тіршілік ?рекетіні? н?тижесінде пайда болады. Зерттеулерге ?ара?анда, б?л процеске к?бінесе бактериялар катысады. Топыра?ка ауа к?п енгенде гумус жа?сы ыдырайды. Б?л процеске негізінен актиномицеттер ?атысады. Топыра?ты? гумус?а баюы онда?ы ?сімдіктерге байланысты екенін к?рсеткен. Гумус топыра?та ?згеріске ?шырап, н?тижесінде одан бірнеше ?ыш?ылдар (ульмин, гумин, крен ?ыш?ылдары) т?зіледі. Б?ларды? ?р?айсысыны? т?зілуі микроорганизмдерді? белгілі бір тобыны? тіршілік ?рекетіне байланысты.  [2]

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Т?здык?лдегі химиялы? ?осылыстарды? адам а?засына пайдасы »

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Атырау облысы

Индер ауданы

Жамбыл атындағы орта мектебі







Сағынтаева Аружан 9 «ә» сынып оқушысы




Тақырыбы: «Тұздыкөлдегі химиялық қосылыстардың адам ағзасына

пайдасы»




Бағыты: Таза табиғи орта-2030 стратегиясын іске асырудың маңызы




Секциясы: Химия



Жетекшісі: Джалмукашева Самал Дженисовна

ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін

арттыру курсының ІІІ деңгейлік тыңдаушысы,

І санатты химия-биология пәнінің мұғалімі












2014 жыл



Атырау облысы Индер ауданы

Жамбыл атындағы орта мектебінің

9 «ә» сынып оқушысы

Сағынтаева Аружанның

«Тұздыкөлдегі химиялық

қосылыстардың адам ағзасына

пайдасы» тақырыбындағы

ғылыми жұмысына




Пікір


Аружанның ғылыми жұмысының тақырыбы –«Тұздыкөлдегі химиялық қосылыстардың адам ағзасына пайдасы».

Бұл жұмысында ол адам денсаулығына шипалы мекен- Тұздыкөлдің емдік қасиеттерін білу мақсатында көл суының химиялық құрамына тоқталған. Тұздыкөлде шоғырланған химиялық қосылыстарды жеке-жеке сараптай отырып, олардың адам ағзасы үшін маңыздылығын ғылыми түрде дәлелдеген.

Зерттеу жұмысының орындалу деңгейіне, одан алынған нақты қорытынды нәтижелеріне қарағанда бағалауға тұрарлық ғылыми еңбек деп есептейміз.







Мектеп директоры: М. Сабирова


Пікір жазушы жетекшісі: С.Джалмукашева













Аннотация



Зерттеудің мақсаты: Қасиетті Индер жеріндегі Тұздыкөл ертеден

емдік қасиеті белгілі шипалы мекен.

Тұздыкөлде адам ағзасына көптеген пайдалы

химиялық қосылыстар бой түзген. Осы

химиялық қосылыстардың емдік

қасиеттерін ашып көрсету.


Гипотеза: Уақыт өтіп, ұрпақ алмаса келе, Тұздыкөлдің

экологиялық ахуалы ескеріліп, шипажай

салынып, адам денсаулығын емдеу орталығы-

на айналар.


Зерттеу кезеңдері: Химиялық қосылыстардың адам ағзасына

рөлі туралы материалдар жинау, баспасөз

материалдарын тиімді пайдалану.

Зерттеу әдістемесі: Ақпараттарды жинақтау. Жинақталған

материалдарды саралау.


Зерттеу жаңалығы: Тұздыкөлде шоғырланған химиялық қосылыс-

тардың адам денсаулығына пайдалы жақтарын

анықтау. Олардың қандай ауруларға шипа

екендігін көрсету.


Зерттеу нәтижесі: Жинақталған материалдарды тақырып бойын-

ша топтастыру. Тұздыкөлде шоғырланған

химиялық қосылыстардың адам ағзасына

пайдалы, емдік жақтарын көрсету.


Қорытынды: Тұздыкөлдің емдік қасиеттеріне тоқтала

отырып, оны тиімді пайдалану жолдарын

ашып көрсету. Тұздың химиялық құрамының

маңыздылығына тоқталып, олардың адам

ағзасына пайдалы жақтарын нақты ашып

көрсетуге ұмтылған. Өзіндік ой қорыту,

нақты тұжырым жасау және зерттеу дағдысы

шәкірт бойында қалыптаса бастаған.

Annotation

The aim research: Tuzdykol on saint place of Inder from early curative quality well-known healthful location. On Tuzdykol to the organ of man useful increase chemical confluences made height. Opening these chemical curative qualities confluences to specify.


The hypothesis of

research: Time passed, a generation interchanged coming, Tuzdykol health of man curative quality taken into account, a sanatorium was inlaid, will run around to the edge treatment.

The stages of

research: To the organ of man Chemical confluences about the impression materials collect, to read materials of the press.


The methods of

research: Information to summarize. To take away materials,

that was added up.


The innovation of

research: To the health of man, useful side, chemical confluences, that was saved on Tuzdykol, to expose. What to the patients them to specify, beneficially be.


The result research: Materials, that was added up, according to a theme to group. To the organ of man, useful, curative side, chemical confluences, that was saved on Tuzdykol and to characterize.



Сonclusion:

The Tuzdykol curative to qualities him stopping, opening lines of what advantageous use, to specify. Chemical composition of salt to importance to the organ of man stopping, elements, that increased then, exactly opening that, useful side, to specify broken a secret. It idea to work out the total, to do exact conclusion and skill research formed along student began.












Жоспары:



І Кіріспе.


Тұздыкөл-шипалы мекен.


ІІ Зерттеу бөлімі


Тұздыкөлдегі химиялық қосылыстардың адам ағзасына пайдасы.


2.1. Тұздыкөлде шоғырланған химиялық қосылыстардың құрамы.


2.2. Балшық құрамындағы микроэлементтердің адам ағзасына қажеттілігі.


2.3. Балшықтың халық медицинасында пайдаланылуы.


2.4. Тұздыкөл суының химиялық құрамы.


Қорытынды

















Индербор поселкесінен 15 шақырым жердегі Тұздыкөлде болғандар оның суының емдік шипасы бар екенін айтып жүр. Жергілікті тұрғындар да нық сеніммен бұл көлдің суы мен қара балшығының өзі тек буын емес, демікпе, бронхит, гинекология сияқты көптеген сырқаттарға бірден-бір ем деп есептейді. Көлдеңені- 12 км. Көлдің айналасында көптеген бұлақтар жатыр. Бұлақтар бастауын жыл бойына қар жататын үңгірлерден алады. Олардың ішінде аты аңызға толы «Қыз әулие» бұлағы ерекше саналады.

Индер тұз кені Атырау облысының Индер ауданындағы Индер көлі ойпатында орналасқан. Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Бұл жерде орналасқан тұз көлі 500 метр тереңдікте орналасқан. Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м-ден 8 м-ге дейін азаяды. Тұз негізінен ақ, шыныдай мөлдір. Терригендік материалдардың қоспалары оған қызғылт және сұрғылт өң береді. Негізгі минералдары: гидрогалит – NaCl•2H2O, мирабилит – Na2SO4•10H2O және карналлит – KCl•MgCl2•6H2O, индерит-Mg[B3O3(OH)5]•5H2O. Литоликалық тұрғыдан кен тұзы жоғарыдан төмен қарай жаңа шөгінді (қалыңдығы 0,05 – 1 м), ескі шөгінді (0,2 – 3 м), сусымалы (10 – 25 м), қырлы (15 – 30 м) және қара мөлдір тұз болып ажыратылады. Түссіз кристалдар, үлкен тұтас бөліктері ақшыл, алқызыл болып келеді. Диапирді тұз күмбездерінде ертеден жинақталған тұздарды сілтісіздендіру кезінде пайда болады. Көлдің қара балшығы түрлі ауруларға ем. Тұздыкөлдің суы мен қара балшығының қасиеттілігі ерте бастан белгілі болған. Көнекөздердің айтуынша, жанына жалау, сырқатына ем іздегендер бұрын алыстан да ат арбамен келіп тұрыпты.

Тұз көлі 500 метр тереңдікте орналасқан. Көз қарықтырар тұз көлінен 30 шақырымдай қашықтықта Малайсары бидің, батыр Махамбет Өтемісұлының, ақын Мұрат Мөңкеұлының мазарлары бар.

1978 жылы Тұздыкөлге Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев ат басын тіреп келді. Ол тоқтаған жерге «Димаш төбе» атауы берілген. [5]

Индердің тұзды көлі кезінде зерттелуден кенде болмаған. Ресей империясы кезінен бастап, айталық 1778 жылы академик Паллас, 1804 жылы майор Сози, Кеңес Одағы заманында да 1927 жылы Волков басқарған экспедиция және Ленинградтың Бүкілодақтық ғылыми зерттеу орталығы, Мәскеудің мемлекеттік тау кен институты, тағы басқалары көптеген зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1960 жылдарға дейін тұздың басында метеорогиялық станса да болған. 1938 жылы шыққан «Большая Эмба» кітабында ғалымдардың зерттеу еңбек кітабы да жарияланды. Бірақ бұл кітап жабық түрде таратылған, көп насихатталмаған. Сол кітапта балшықтың емдік қасиеттері де талдап жазылған болатын.

Тұздыкөлдің емдік қасиетін білу мақсатымен 1979 жылы Кеңестер Одағының Ресейдегі Минералды сулар аймағындағы Курортология институтына өтініш жасалып, 1980 жылы институттан ресми жауап келген. Жергілікті дәрігерлердің айтуынша, зертханаға жіберілген балшық, оның

бетіндегі көпіршікке талдау жасалынып, «ферменттер мен витаминдерге бай» деген қорытынды жасалған.

Индердегі тұзды күмбезде Менделеев кестесінің 16 түрлі қазба байлығы «жасырынып» жатыр. Тұздыкөлдің солтүстік жағы Индер тауымен қоршалған, Оңтүстік жағалауы жазық. Тұздың мемлекетке есепке алынған қоры 647 млн. тонна шамасында. Жергілікті мамандардың айтуынша, тұзды күмбезтаудың 34 метр тереңдігінде су қоры бар. Таудың сазды қабаттары арасынан шыққан «күркіреуік» деп аталатын бұлақтардан тұз көлі үнемі толығып отырады. Тұздыкөлдің суы натрий хлорына қаныққан. Тұз – қазір көп белең алған остеохондроз ауруына, түрлі тері ауруларына, салқын тигенге, тыныс алу жолдарының ауруларына бірден-бір ем. Сонымен қатар, ағзадағы сұйықтарды қалыпқа келтіреді. Натрий мен хлордың денедегі қалыптылығын сақтайды. Дене мөлшерінің кілегейлі қабаттарын қуыру, көзді нұрландыру, тағамдарды әрлендіру қасиетіне ие.

Тұздыкөлдің емі, негізінен, буын ауруларынан айығуға зор мүмкіндік береді. Судың құрамындағы күкіртсутегі жүйке жүйесінің ауруларына жақсы көмектеседі. Ол адам ағзасына тыныс жолдары және тері арқылы келеді. Қанда айнала отырып күкіртсутегі ағзаның түрлі органдарына, жүйелері мен қызметтеріне рефлекторлық-қабылдағыштық әсер етеді. [7]

Осыған қоса мұнда кездесетін неше түрлі минералдар, оның ішінде индерит, сатимуллит деген минералдар түзіледі. Олар дүние жүзі бойынша басқа жерде кездеспейді. Үстіртте, тау етегінде жусанның 110 түрі өседі екен. Ол бұлақ арқылы жуылып, көлге құяды. Минералдар – алғашқы кезекте жүрек-тамыр және жүйке жүйелеріне әсер етеді, жүрек пен буындардың шынығуына ықпал етеді, орталық жүйке жүйесінде процестердің тепе-тең болуына ықпал етеді, зат алмасуының және ішкі секреция бездерінің қалыпты болуын қамтамасыз етеді.

Ферменттер (энзимдер)- бұл тірі клеткаларда пайда болатын және организмдегі биохимиялық процестерді тездететін белок тектес биологиялық катализаторлар. Олар организмдегі жекелеген химиялық реакциялардың жүруін, жалпы бүкіл зат алмасу процестерін тездетеді. Ферменттердің аса маңызды ролін И. П: Павлов «Ферменттер-тіршіліктің нағыз қорғаушы күші»,-деп көрсеткен болатын. Тіршілік процестерінің қалыпты өтуі ферменттердің әрекетіне байланысты. Ферменттердің әрекетіне байланысты ферментативтік реакциялардың бұзылуы түрлі қолайсыз жағдайларға душар етеді. Сондықтан да кез келген ферменттің клеткадағы немесе биологиялық сұйықтардың активтілігін анықтау арқылы әртүрлі органдармен ұлпалардағы өтіп жатқан өзгерістер жайында мағлұмат алуға болады. Көптеген ферменттердің құрамына витаминдер мен олардың туындылары кіреді. Витаминдердің жетіспеуі ферменттің синтезінің бұзылуына әкеліп соқтырады, осының салдарынан ағзада зат алмасу процесі бұзылып, онда күрделі өзгерістер пайда болады. Әрбір фермент белгілі бір реакцияны ғана катализдейді. Пепсин, трипсин ферменттері белоктардағы пептидтік байланыстарды гидролиздейді. Ал, липаза ферменті майдың құрамына кіретін май қышқылдарының химиялық табиғатына қарамастан, ондағы эфирлік байланысты катализдейді. Уреаза ферменті бір ғана несеп нәрінің ыдырауы реакциясын тездетсе, ал сахароза тек сахарозаның ыдырауын катализдейді. Сілекей мен ұйқы безінің амилазасы крахмалды ыдыратады. Әртүрлі ауруларда (жүрек, бауыр, бүйрек) ферменттердің қандағы деңгейінің көтерілетіндігін байқауға болады. Бұл көрсеткішті ауруды айыру үшін қолданылады. Проферменттердің арқасында клеткалардың және ұлпалардың өздігінен бүлінушілікке ұшырауын болдырмайды. Ауыстыруға болмайтын микроэлементтердің бірқатары ферменттердің тобы ретінде қызмет атқарады. [1]

Ерте кезеңдерде минералды заттармен ауруды емдеуге болатына анықталған. Мысалы, үндістанда дәрігерлер дәрілік заттардың құрамдық бөлігі ретінде мысты, мышьякты, сынапты қолданған. Шығыс дәрігерлері (орта ғасырда) емдік мақсатында құрамында фтор, йод, кобальт, калий, фосфор және т.б. 20-ға жуық минералды заттар бар мумие қолданған. Ежелгі Египетте әртүрлі ауруларды емдеу мақсатында құрамында мырыш, марганец, фтор, йод, бром, хром, қорғасын және т.б. минералды заттар бар ара уын қолданған. Кейбір элементтердің биохимиялық функциясына тоқталсам:


Элемент

Олардың биохимиялық функциясы

Темір

Гемқұрамдық ферменттердің простетикалық тобы

Иод

Қолқа безі гормондарының синтезделуіне бірден-бір қажет

Мыс

Цитрохромоксиздаза ферментінің простетикалық тобы

Марганец

Аргиназалар және т.б ферменттердің кофакторы

Кобальт

В 12 витаминінің басты компоненті

Қалайы

Сүйек ұлпасының пайда болуына көмектеседі

Хром

Қанның құрамындағы глюкозаның бірқалыпты таралуына көмектеседі

Кремний

Сүйек және дәнекер ұлпасының пайда болуына көмектеседі


Зат алмасудың химиялық реттелулерімен қосылып немесе жай жағдайда әсер ететін микроэлементтер – биологиялық процестердің басым қатысушылары болып табылатынына зат алмасуды қалыпқа келтіретіні, қан түзуге қатысатыны, көбею және өсуге организмнің иммунды биологиялық белсенділігі, тіршілікті ұзартуға оң әсер ететіні туралы көрсетілген болатын. Олар микроэлементтердің тек организмнің өмір сүруіне ерекше роль атқаратынына ғана емес, денсаулық сақтауда және халық шаруашылығында зерттеу жүргізу мүмкінділігі барын көрсетті.

Минералдар - ферменттер, гормондар, витаминдер, күрделі белоктар мен пигментердің құрамына еніп, жасушалар мен тіндердің құрылымдық элементтерін құрастыруға қатысады. Минералдар көптеген зат алмасу үрдісінде биокатализатор қызметін атқарып, қышқыл сілтілі ортаның тепе-теңдігін реттеп, организмнің қалыпты қызметін тұрақтандырады. [6]

Осындай мәліметтерді пайдалана отырып, өзімнің еңбегімде Тұздыкөл құрамындағы химиялық қосылыстардың адам ағзасына тигізетін пайдасы туралы нақты деректер арқылы зерттеу жұмысын жүргіздім. Оның ішінде ең алдымен, кәдімгі қара балшықтың химиялық құрамы және оның дәстүрлі халық емі мен медицинада пайдаланылуына тоқталғым келеді.

Тұздыкөлдің жағалауындағы қара балшық өте ерте заманда құрылған. 1938 жылы жазылған П. М. Татаринованың «Индер бораты» деген кітабында оны Юра, Бор дәуіріне апарады. Қара балшық минералдармен қатар гумус, ферменттерге өте бай. Олар адам денсаулығына өте пайдалы. Оның құрамы өсімдіктермен қатар жәндіктер, тіпті құстардың қалдықтарынан түзілген, құрамында гормондық заттар да бар (биологиялық белсенді гумус). Гумус көбінесе шөп басқан жерлерде, микробтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Зерттеулерге қарағанда, бұл процеске көбінесе бактериялар катысады. Топырақка ауа көп енгенде гумус жақсы ыдырайды. Бұл процеске негізінен актиномицеттер қатысады. Топырақтың гумусқа баюы ондағы өсімдіктерге байланысты екенін көрсеткен. Гумус топырақта өзгеріске ұшырап, нәтижесінде одан бірнеше қышқылдар (ульмин, гумин, крен қышқылдары) түзіледі. Бұлардың әрқайсысының түзілуі микроорганизмдердің белгілі бір тобының тіршілік әрекетіне байланысты. [2]

Балшықтың біздің ағзамызға қажетті, жақсы сіңірілетін микроэлементтерден, минералдық тұздардан тұратыны дәлелденген. Бұл- кремнезем, мырыш және магний, мыс, темір, марганец және кейбір микроэлементтер. Аталған микроэлементтердің кейбірінің адам ағзасына қажеттілігіне нақты деректер келтіре отырып тоқталсам, мысалы мыс шашты нығайтуға қатысып, ағзаның қартаюын анықтайды. Сонымен қатар адам организміне темір элементінің біркелкі сіңірілуіне көмектеседі.

Мырыштың ролі аса зор, ол ағзаның әрбір клеткасында болады. 200-ге жуық ферменттердің маңызды құрам бөлігі болып табылады. Ол бұлшықет ұлпаларында, ақ және қызыл қан түйіршіктерінде сақталады. Мырышты көп қажет ететін аталық жыныс жүйесінің безі қуықбез, ол сперматозоидтар жасау үшін қажет. Мырыш тырнақтың, шаштың, терінің, бауырдың және көз жасушаларының құрамына кіреді. Бұл элемент терінің, шаштың жаңаруына, сондай-ақ, жараның жазылуына керек, себебі мырыш ағзада нәруыз синтезінде аса маңызды рөл атқарады. Нейродермит, дерматитпен үнемі ауыратын адамдарға мырышты міндетті түрде қабылдау керек. А. В. Скольной мәліметі бойынша 85 пайыз адамдарда мырыштың дефициті айқын байқалған. Мырыштың жетіспеушілігінен балалардың өсуі мен ақыл-ойы дамуы кешеуілдейді, сондай-ақ,тері мен ауыз қуысының шырышты қабатында іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Организмде инсулин гормоны мырышпен бірге комплекс күйінде жинақталады. Мырыштың басты функциясының бірі-адамның иіс сезімі (мұрын) мен дәм сезгіштік (ауыз қуысы) рецепторларының жұмысын реттеуге көмектеседі.

Темір қанның құрамында болады. Ол жетіспеген жағдайда қан аздық, соның салдарынан әлсіздік, жігерсіздік, ұстамсыздық пайда болады. Оның қорын толықтыруға балшық көмектеседі.

Марганец-адам организміне зат алмасуға қатынасатын амин тобының соңғы продуктасы-несеп зәрі (мочевина), оргиназа ферментінің әсерінен организмде түзіледі. Оның ферментативтік активтілігін жақсартатын онымен тығыз байланысқан марганец ионы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, марганец ионы фосфат-тасымалдаушы кейбір ферменттердің кофакторы болса, ал фотосинтез кезінде хлопласталарда оттегінің түзілуін қамтамасыз ететін ферменттердің де кофакторы болып саналады. [4]

Балшық емдік құрал ретінде де таптырмайтын материал болды. Жан-жануарлардың қасында көп жүретін адамдарда болатын теміреткіні біздің ата-бабаларымыз баланың жылы нәжісімен араластырылған балшықты жағып емдеген. Балшық дұғалау, тіл-көзден емдеу, безгек ауруларын емдеуде де пайдаланылды. Саз балшықтан жасалған ыдыстарда дәрі-дәрмек жасап, өсімдік шикізаттарын сақтайтын болған, ал кішкене түбектерді қарапайым медициналық банкалар ретінде суық тигенде қолданған. Бірінші жылытқы (грелка) да балшықтан жасалған. Ол мойны тар құмыра болған, оған ыстық су құйған. Содан кейін аузын тығыздап жауып, жылытқыны ауырған жерге қойған. Көптеген аталар мен әжелер әлі күнге дейін пеште қыздырылған қызыл кірпішпен бел құяңын емдейтінін естеріне алып отырады. Сондай кірпіштің үстіне жуаның қабығын салып, суық тигенде ингаляция жасау үшін пайдаланылған. Кірпіш бөлмені зарарсыздандыруға да көмектескен. Ол үшін жуаның қабығының орнына жусан мен аршаның бұтақтарын пайдаланған. Пеш балшығы бәрінен жоғары бағаланған. Балшықты уксуспен араластырып, бұлшық ет созылғанда ем үшін таңғыш ретінде пайдаланылады. Бел және буындар ауырғанда ыстық суға керосин құйып, оны балшықпен араластырып, ауырған жерге таңып тастайтын болған. Біздің ағзамызға керекті микроэлементтер мен минералдық тұздардың бәрін дерлік балшықтан табуға болады. Патшалық заманда балшықты тіпті алтынға сатқан, басқа елдерге апарған. Дәрігерлер мен емшілер бұл балшықпен қандай ауру-сырқат болса да емдеуге болады деп сендірген. Қазіргі заманғы дәрігерлер де бұны мақұлдайды, олар балшықты зат алмасу процесін қалыпқа келтіретін және емдеудің фитотерапия, гомеопатия, медикаменттермен және хирургиялық емдеу түрлерінің әсерін күшейтуге көмектесетін тиімділігі жоғары табиғи құрал деп атайды. Мысалы: балшық ағзадан қалдықтарды жақсы шығарады, жақсы сорып, антисептикалық әсер береді, қабынуға қарсы жақсы құрал. Ол ұлпалардағы зат алмасу процестерін жақсартып, қан айналысының белсенділігін арттырады, ауруды басатын жақсы құрал болып табылады. Ол ағзадан уытты заттарды шығарып, теріні оттегімен қоректендіреді.

Балшық–анемия, қаназдық және қан тамыры жүйесінің басқа ауруларында таптырмас құрал. Ол терінің қан айналысын жақсартып, иммунитетті нығайтады, теріні нәрлендіріп, ылғалдандырады. Балшық қоюлығына қарай да әртүрлі, ол майлы (темірлі) және жұтаң (құмы көп) болуы мүмкін. Құрамындағы құмның мөлшері 5 пайыз балшық майлы, ал 30 пайыз құм бар балшық жұтаң болып саналады. Орташа майлы балшықтың құрамында 15% құм болады. Балшықты ақылмен пайдаланатын болса, ол зиян келтірмейді. Балшықтың басты емдік қасиеті – оның сорғыш қабілеті. Ағзаны уыттардан, қалдықтардан және ауыр металдардан тазартуда балшықтың осы қасиеті көмектеседі. Одан басқа балшық көптеген бактерияларды өлтіреді, иістер мен газдарды өзіне сіңіріп алады. Балшықтың антибактериалдық қасиеттері оның құрамында радийдің болуынан. Радий біздің ағзамыздан барлық зиянды заттарды шығарады. Бұл радиоактивті элементтік үлкен күшке ие. Егер ұсақталған балшықты күнде ұстаса, оның құрамындағы радий көбейеді. Біздің ағзамыз үшін радий таза күйінде өте аз мөлшерде керек. Біз оны балшықпен емделу кезінде ала аламыз. Бұндай сәулелену алдында ешқандай микроб, вирус және микроағза қарсы тұра алмайды. Осы радиокативтілік балшықты табиғи стерилдеуші етеді және ол химиялық антисептикке қарағанда микробтарды ғана емес, оның уыттарын да өлтіріп, жаңа микроб ауруларына қарсы күресуге көмектеседі. Балшық клеткаларды жаңартып, ағзаның иммунитетін нығайтады. Балшықтың магниттік қасиеті де бар. Ол өзіне ауа мен судың күндік және жандандыратын магниттілігін шоғырландырады. Сондықтан оның магниттік әсері басқа элементтердің әсерінен асып түседі. Болгар емшісі Иван Йотов балшық туралы «бриллианттар жердің астында көміліп жатыр» деген. Балшықтарды көптен дайындап жүрген адамдардың айтуынша, балшық неғұрлым тереңіректен алынса, соғұрлым тазарақ болады. [3]

Сонымен қатар, Тұздыкөл суының құрамы минералды заттар, адам ағзасындағы зат алмасуға қатысатын өзге де қосылыстарға толы екендігін төмендегі мысалдар арқылы дәлелдеп өтейін. Көлдің айдын суының 75 пайызы натрий хлор, 7 пайызы калий және магний, бром, тағы басқа элементтер құрайды. Микроэлементер ферменттер, гормондар, дәрумендер, биологиялық белсенді заттар құрамына комплекс түзушілер немесе активаторлар түрінде кіреді де зат алмасу, көбею, ұлпаның тыныс алу, улы заттарды залалсыздандыру үрдістеріне қатысады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Сондықтан да тіршілікте маңызды болып саналатын минералды компоненттердің концентрациясы сәл ғана көбейсе олардың аз мөлшерінің өзі де улы болып табылады деуге негіз бар. Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Адам ағзасында 250 – 300 г NaCl болады, тамақпен 10 – 15 г күнделікті қайта толықтырылып отырады. Натрий хлоридінің артық мөлшері ішкі ағзаларға (бауыр, бүйрек) әсер ететіндігі зерттелген. Микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары. Мыс — денсаулыққа өте пайдалы микроэлементтердің бірі. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көптік шамасының көрсеткіші-адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттектің өтуін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде жасуша, ұлпалар оттекпен жақсы қамтамасыз етіледі. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу реакциясын жылдамдатады. Темір элементінің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қан аздық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері 11-30 мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл клеткасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі нашарлап, тыныс алу функциясы төмендейді. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандагы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің белокпен байланысының нашарлауынан болады. Жоғарыда айтылған элементтердің тәуліктік нормасын зерттеудің нәтижесінде мынадай қорытынды жасалады: ересек адамдар үшін микроэлементтердің тәуліктік мөлшері: бром — 0,821 мг, темір — 1,1-30 мг, йод — 0,2 мг, марганец — 5—7 мг, мыс — 2-3 мг, мырыш — 10—15 мг. Әрине, бұл көрсеткіштер адамның жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, ой еңбегімен айналысатын адамдар үшін марганецтің мөлшері тәулігіне 5-6 мг. Сондықтан да соңғы жылдары микроэлементтер жайлы зерттеу жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Микроэлементтердің негізгі физиологиялық – биохимиялық қасиеттері бойынша Қазақстанда П. Р. Загриценко, Ж. Қалекенов, Қ. Кенжеев,

Ж. Мамутов және К. Сағатов, ал Ресейде Я. В. Пейве, М. Я. Школьник, П. А. Власюк, О. К. Кедров – Зихман сияқты ғалымдар зертеу жұмыстарын жүргізген. Қоректік заттың құрамындағы әр түрлі бөліктерінің мөлшері, сапасы (белоктар, майлар, комірсулар, минералды заттар, макро және микроэлементтер, витаминдер) саны белгілі ретпен бір-біріне тығыз байланыста болатындығы анықталған.

К витаминінің толықтай зерттеліп, анықталғанына көп уақыт болған жоқ. Шөп пен астық тұқымдастарда бір зат жетіспесе, балапандар геморрагия ауруына ұшырайтыны 1935 жылы белгілі болды. Жетіспеген ондай затты К витамині деп атады. Кейіннен К витаминінің сүтқоректілерге де қажет екені анықталды. Олар К витаминіне деген қажеттілікті ішектегі микроорганизмдердің түзуі арқасында және негізгі азықтар арқылы қамтамасыз етеді. Бұл витамин шпинатта, қалақайда, капустада, сәбізде, пішенде басқа да азық-түліктерде молырақ кездеседі.

К витаминінің қанның ұюындағы биохимиялық функциясы кейінгі кезде анықталды. Бұл витамин қан плазмасы құрамындағы активсіз протромбин белогінің негізін құраушы тромбин-ферментінің пайда болуына әсер етіп, ондағы плазма белогі фибриногенді, ерімейтін талшықты белок-фибринге айналуына әсер етіп, қанның ұюын тездетеді. Ал, протромбин активтеніп тромбинге айналуы үшін Са 2+ ионымен байланысуы қажет. Егер организмде К витамині жетіспесе, онда Са 2+ ионын байланыстыра алмайтын ақаулы протромбин молекулалары түзіледі. Джон Сатти осындай К витамині жетіспейтін жануарлар қанына тәжірибе жүргізіп, нәтижесінде ферментативтік жолмен протромбиндегі глютамин қышқыл қалдығының-карбоксиглютамин қышқыл қалдығына айналатындығын дәлелдеді. Ондай ферменттің әсер етуі үшін К витамині қажет, яғни бұл витамин фермент құрамына еніп, онда Кофакторлық функция атқаратыны байқалған.

Организмде К витамині жетіспесе қан тамырлардың қабырғасы селдіреп, қан айналаға шашылып, сол араға жиналады, оның ұюы нашарлайды. Себебі, осы құбылысқа қажетті протромбин мен тромботропиннің бауырда қажетті синтезделуін нашарлатады. Соның салдарынан шашырап кеткен қан бұлшықеттерге құйылады. Сонымен қатар, К витамині жетіспесе организмде тыныс алу мен фосфорлану процестері тежеледі. Бұлшықеттерде АТФ- ның мөлшері азайып қана қоймай, олардың қызметін нашарлатып, көптеген ферменттердің активтілігін төмендетеді. Себебі, АТФ-бұлшықеттердің жиырылуына бірден –бір керекті зат екені белгілі. [1]

Адам ағзасы тері арқылы өзінде жетпей тұрған микроэлементтер мен иондар, минералдарды қажетінше сіңіре алады. Йод-қалқанша без гормонының құрамдас бөлігі. Ал, бром-гипофиз жасушаларының құрамында болады. Демек, осы заттардың адам ағзасындағы биологиялық үдерістерге қаншалықты керек екенін айтып жатудың өзі артық. Көл суын пайдаланғаннан соң кейін гипертониямен, церебральды атеросклерозбен, құяңмен ауыратындар, жүйкесі шаршағандар, мойын және омыртқа остеохондрозынан зардап шегетіндер өзін өте жақсы сезінеді. Сонымен қатар, жүрек-қан тамырлары ауруларына, демікпеге, жоғарғы тыныс алу жолдарына, ревматизмге, простатитке, зәр-жыныс жолдары ауруларынан айығуға жақсы көмектеседі. [6]

Тұзды көлге шомылып, қара балшыққа түсу үшін адамдар мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен басқа, алыс шетелден де келеді. Алайда тұзды көлдің суы қандай ауруға ем болатынын, қандай жағдайда тыйым салынғанын көп адамдар біле бермейді. Тұзға түсуге ревматизм, остеохондроз, полиатрит, тері аурулары, әйелдердің жыныс мүшелерінің созылмалы қабыну ауруы, невроз ауруы, бедеулік, ұйқы безінің ауруы мазалайтын адамдарға (ұйқы безінің қызметі бұзылуы кезінде) т. б. рұқсат етіледі. Ал қан қысымы 200-ден асатын, инсульт, инфаркт алғандар, бүйрек, бауыр сырқаты барларға тұзға түсу өте қауіпті. Негізі тұзға бармастан бұрын әр адам өз денсаулығын тексертіп алғаны жөн. 300 метр тереңдікте тұз қабатында орналасқан шахта өкпесі ауыратын және бронхиалды астмасы бар адамдарға бірталай ем ретінде көмек болады. Шахтада бірде-бір ауру туғызатын микроб өмір сүре алмайды. Онда бактериологиялық зерттеу жүргізгенде, оның ауасының тазалығы операция блогындағы ауадан таза болып шықты.

Ақ айдын болып ұзыннан шұбақ жатқан тұз көлі көз қарықтырады. Оған жету үшін 15 метр жарқабақтан төмен түсу керек. Таудан сылдырай аққан сап-салқын бұлақ суы денеңді қариды, бірақ жұп-жұмсақ. Ал көл суы көктемнің өзінде жып-жылы болып жатады. Маса шаққан, болмаса денеңде жараның ізі болса, тұзды су бірден қуырып ала жөнеледі. Шілденің шіліңгір ыстығында келгендер қара балшықты ванна етіп қабылдап жатады.

Емдік құрал ретінде балшықтың өзін де, оның ерітіндісін, ұнтағын да пайдалануға болады. Балшық ерітіндісін дайындау қиын емес. Бір стакан су мен бір ас қасық балшық алып, балшықты суға сеуіп, ағаш қасықпен араластыру керек. Қасық металл емес, ағаш болуы керек. Өйткені метал емдік балшықтың құрылымы мен оның емдік қасиеттерін бұзады. Ерітіндіні ішуге де болады. Ерітіндіні қабылдап бастағаннан кейін шамамен бір апта өткесін, ағзаңыздан қалдықтардың шығып жатқанын өзіңіз де байқайсыз. Бұл -бүйректегі және зәр шығару қабындағы еріп, сыртқа шығып жатқан тастар. Дегенмен жергілікті халық әуелден тері, буын, ер, әйел аурулары, тағы басқа да дерттерге емге қолданып келеді. Сонымен қатар адам бойындағы жағымсыз иістерді кетіруге де үлкен әсер береді. Қан қысымы, жүрек талмасы, өкпе дерті бар адамдарға ұсынылмайды. Жалпы тұз балшығымен емдеу әдісі ежелгі Рим, Египет кезінен қолданылғандығы тарихтан белгілі. Орта ғасырларға дейінгі найза, қылышпен қанды қасапқа айналған майданнан соң жауынгерлер жарақаттарын тұз балшығына жатып ем алатын көрінеді. Аңыздар да көп. Бірде жолаушылаған екі ағайындының бірі ауруы асқынып өлім жағдайына жетіпті. Ақыры адам болмайды деп шешкен ағасы маңындағы тұзды көл балшығына әлі тірі жатқан інісінің басын шығарып қана көміп кетіпті. Ал тұзды балшықтың асты інісіне ем болыпты. Ес –түссіз жатқан інісі біраз уақыттан соң есі кіріп, құлан-таза айығып шығыпты...

- Ғылыми тұрғыда дәлелденген бірде-бір құжат болмағандықтан, бұл көлдің немесе балшығының қасиеттілігі туралы бәлен деп кесіп кеңес айту қиын. Тек өз мамандығыма сүйене отырып айтсам, тұздың суы мен балшығы буын сырқатына ем болатынына көзім жетеді. Денедегі жара, гинекологиялық науқасы барларға да шипа болары сөзсіз. Бірақ, мұнда келуге қан қысымы жоғары немесе сырқаты асқынған науқастарға қауіпті боларын айтқым келеді. Судың құрамында күкіртсутегі бар болғандықтан, жүйкені тыныштандыруға себі тиеді, -дейді Индер аудандық ауруханасының дәрігері Анар Доспаева.

Тұзға шілденің бастапқы күндерінен бастап, тамыздың 15-не дейін түсу керек, онда да бір рет қана. Бұл кезде нағыз ыссылық орнайды. Балшықта 10-15 минуттан артығырақ жатуға болмайды және түсу уақыты таңертеңгі 10-12, түстен кейін 17-19 сағат аралығында болуы керек. Қатты ыссылықта көл бетін бу басып, радиация қалықтап тұрады екен. Сондай-ақ, геолог бұл жерде үнемі самал жел соғып тұратындықтан, адам суық тигізіп алмауды басты назарға алғаны жөн деп санайды және қалың киімдерді ұмытпаған жөн. Көз қарықтырар тұздан сақтану үшін көзілдірік және басқа қалпақ кию керек. Балшықтағы кішкене құрттардан қорықпау керек, ең жәрдемші солар. Сүлік сияқты сырқатыңды сорып алады. [5]

Есбол селосының тұрғыны Тұрышева Ұлмекеннің айтуынша, осы көлге бірнеше мәрте түсіп, емделіп келеді екен.

-Осыдан бірнеше жыл бұрын екі аяғымды баса алмай мешел болып қалдым. Жақпаған дәрім, алмаған екпем қалмады, бірақ өкінішке орай олардың еш шипасы болмады. Содан осындағы тұзды көлді естіп, малымызды сойып, ниязымызды байлап, басында жатып ем алдым. Сонда бастырмай қалған екі аяғымның сырқырағаны басылып, кәдімгідей тәп-тәуір болып қалдым. Келесі жылы да қайта келіп емделдім. Сондықтан да басты байлық - денсаулығыма шипа дарытқан тұзды көлге үнемі түсуді мақсат тұттым, -дейді ол ақтарыла.

-Менде де бұрын бірнеше жыл қатарынан көлге барып, балшығын емге пайдаландым. Екі аяғым бастырмай, қолым көтертпей қалған болатын. Отбасымызбен келіп, көлдің балшығын аяғыма, қолыма жағып емге алдым. Үйге қайтарда балшықты ем жасауға алып келіп те жүрдім. Балшықты үнемі араластыра отырып, ішіндегі қатты түйіршіктерді езу арқылы жеделдетіп алып, ваннаға салып, оны теріге жағуға пайдалану арқылы ем қабылдап жүрдім. Егер емнен кейін біраз балшық қалатын болса, оны тастаудың қажеті жоқ. Қыш ыдысқа салып, аздап су құйып қойса, ол біраз уақытқа дейін сақталып тұра береді. Таңу үшін балшықты жүн матаға салып, қабаттың қалыңдығы 4 см-дей болуы тиіс. Негіз ретінде жүн матаны алады, себебі ол балшыққа жақсы қосымша бола алады. Таңғыш үшін сапасы жақсы балшықты алып, оны күнге кептіреді, қысты күні оны кез келген жылу көзінің қасына қойып жасауға болады. Жартылай дайындалған балшықты пайдалануға жол берілмейді, өйткені ол суда дұрыс ерімейді. Таңуға дайындаған сұйық балшықты ауырған жерге басу үшін де пайдалануға болады. Таңар алдында ауырған жерді ылғал дәкемен сүртіп, сосын матаны салып, жылжымайтындай етіп дәкемен байлап тастау керек. Бұндай таңғышты ек-үш сағаттай ұстау керек. Бұл уақыт ішінде балшық қалдықтар мен барлық зиянды заттарды сорып үлгіреді. Таңғыштармен емдеу курсын бастағаннан кейін оны аяғына дейін жеткізу керек. Яғни толығымен жазылып кеткенше, тағы да біраз ем жүргізу керек, - деді ауыл тұрғыны Ағилаш Қапизова.

Қойнауында Менделеевтің химиялық кестесіндегі элементтердің түгелге жуығы кездесетін Индер тұзды көлінің өзі керемет демалыс орнын салуға сұранып-ақ тұр. Тек, бір «қызығы», талайдың дертіне дауа болып, науқасынан құлантаза айықтырған, ерекше қасиетке ие көл облыстың туристік картасына енгізілмей қалыпты. Ал басқа облыстардың демалыс шипажайларындағы балшықпен салыстырар болсақ, Атырау балшығы сапалылығы жөнінен ең жақсы, емге шипалы болып есептеледі.

Индербордың қазба байлығын игеру үшін толыққанды ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу керек деп санаймын. Тұздыкөлді емдеу-сауықтыру орнына айналдыру мәселесі өткен ғасырдан бері шешімін таппай келеді. Кеңестік кезең тұсында Тұздыкөлге келушілерге арналған санаторий болады деп салынған ғимарат кейін аудандық ауруханаға айналып кеткен. Тұздыкөл-басы ауырып, балтыры сыздап барған жұрттың сырқатынан айығуына себепші көл.Тұздыкөлдің құрамындағы химиялық қосылыстардың адам ағзасындағы әсері орасан зор. Қазіргі таңда көптеген адамдар: остеохондроз, нерв жүйелері, бронхит, парадонтоз, ревматизм, буын аурулары сол секілді көптеген аурулармен ауырады. Ал, химиялық элементтері бар пайдалы тұзды су – адам денесіндегі жараларды емдейді. Тұзды балшық – остеохондроз, артрит, артроз, ревматизм, т.б. ауруларды емдейді. Осы аймақта тереңдігі 300 метрге баратын шахта бар. Бұл шахтаның өз алдына ерекше емдік қасиеті бар. Өкпе ауруын емдеуіне өз ықпалын тигізеді. Болашақта игілікке жұмыс жасау үшін Индердің тұзды көлін пайдалана отырып, емдеу- сауықтыру орталығы ашылса екен деймін.

Дәріханаларда самсап тұрған атаулары да түсініксіз шетелдік дәрі-дәрмектерді тоғыта бергенше, табиғаттың өзі сыйлаған шипалы жерден ем алғанның жөні қашанда бөлек. Іргемізде тұрған қасиетті жердің қадірін білмей, «алыстан арбалап», шетелдің курорт-санаторийлерінің «тұрақты клиентіне» айналып, өзге елдің экономикасына қызмет етіп жатырмыз. Егер осы көлдің жағалауынан жазғы маусымға арналған болса да шипажай үйі бой көтерсе, онсыз да экологиялық ахуалы мүшкіл аймақтың тұрғындарына денсаулықтарын жақсартудың тиімді алғышарты болар ма еді?




























Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


    1. Қ. А. Ажгалиев. «Өсімдіктегі биоактивті заттар»


    1. Глазовская М.А. «Общее почвоведение и география почв». Москва 1981г, 400 с.


    1. Бигалиев А.Б. Жамалбеков Е.У. Білдебаева Р.М. «Қазақстанның топырағы және оның экологиясы». 1995.- 132 бет.


    1. А. Мырзабаев. «Химия-элементтер негізі»


    1. Индер газеті, 2012 ж, № 31,67. 2013 жыл, №40


    1. «Химик анықтамалығы», 2011 жыл, №4


    1. Ақжайық газеті, 2013 жыл, №37


    1. Интернет материалдары



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Химия

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Т?здык?лдегі химиялы? ?осылыстарды? адам а?засына пайдасы

Автор: Жалмукашева Самал Женисовна

Дата: 25.08.2014

Номер свидетельства: 112928


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства