Сабақтың тақырыбы: Тоқыма талшықтарын жіктеу. Мата дайындау
технологиясы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: тоқыма талшықтары, олардың тоқылуы туралы мағлұмат беру
Дамытушылық: білім біліктерін жетілдіру; материалды есте сақтау
қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: жұмыс барысында белгілі тәртіп ережесін сақтай білуге,
ұқыптылыққа,шыдамдылыққа, өзара көмек көрсетуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сарамандық жұмыс
Керекті құрал – жабдықтар: матаның түрлері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. оқушыларды түгендеу
2. сабаққа қажетті құралдарын тексеру.
ІІ. Кіріспе бөлімі
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Негізгі бөлім
Жаңа сабақ
Мата тоқым фабрикаларында ирімжіптерден дайындалады. Матаның сапасы мен қасиеті талшыққа байланысты.
Талшық: табиғи және химиялық болып екіге бөлінеді. Табиғи талшықты табиғаттан, ал химиялық талшықты жасанды жолмен алады.
Табиғи талшық : өсімдіктекті « мақта, зығыр, тұт », жануартекті ( жүн, жібек) және минералды ( асбест) болып бөлінеді.
Мақта талшығын біржылдық бұталық өсімдік – мақтадан алады.
Матаның қсиеті. Мақтаның табиғи түсі ақ немесе ақ сары болады, кейде сарғыш жіне жасыл түрі де кездеседі. Мақта талшығының ұзындығы ( 6- мм- ден 52 мм-ге дейін) әртүрлі болады.
Ылғалсіңіргіштік- талшықтың қоршаған ортадан ылғал сіңіруге бейімділігі. Мақтадан ылғалды тез сіңіреді және тез кебеді. Күн сәулесінің әсерінен мақта беріктігін жоғалтады. Мақта талшығы ашық сары жалынмен сұр түсті күл түзіп жанады. Мақтадан тоқылған матаның беті кедір – бұдырлы, кұігңрттеу, жіптерінің жуандығы бірдей, тегіс, біршама берік, жеңіл, жұмсақ болып келеді.
Зығыр талшығын біржылдық шөптесін өсімдік – зығыр сабағынан алынады. Зығырдың үш түрі болады.
Зығыр
Салалы зығыр шашақты зығыр
Шикізат зығыры
Зығырдың сабағы тік болып өседі. Сабағының ұзындығы 1м, жуандығы 3-5 мм болады.
Зығырдың қасиеті. Зығыр талшығының түсі ашық сұр түстен қара түске дейін болады. Зығыр талшығының жуандығы мақта талшығына ұқсас, оның ұзындығы – 250-1000 мм. Зығырдың қзіне тән жылтыры болады.
Зығыр талшығының ылғалсіңіргіштігі мақта талшығымен салыстырғанда басым. Қолға ұстап көргенге зығыр талшығы суық және қатты.зығыр да мақта сияқты жанады. Ылғалды жақсы сіңіреді, жеңіл жуылады. Зығырдан тоқылған маталардың беті тегіс, аздап жылтыр болады. Зығыр талшықтарын пайдаланып, дастарқандық, сүлгілік, жеңіл жазғы көйлек маталар шығарады.
Қой, ешкі, түйеден табиғи жүн талшықтарын алады.
Химиялық талшық – бұл жасанды жолмен алынатын талшық.
Химиялық талшық
синтетикалық жасанды
болып екіге бөлінеді.
Жасанды талшықты табиғи органикалық материалдарды әртүрлі заттармен өңдеу арқылы алады.
Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды химиялық жолмен қңдеу арқылы алады.
Тоқыма талшықтары
Табиғи талшықтар
Өсімдіктекті
Жануартекті
Минералды
Мақта, зығыр, кенеп, қалақай, қарасора
Жібек, жүн
Асбест
ІҮ. Сабақты қорытындылау:
- Зығыр мен мақта талшықтарынан қандай маталар жасалады?
- Тоқыма талшығы дегеніміз не?
- Тоқыма талшықтарын алу тәсіліне қарай қалай бөлінеді.
Ү. Үйге тапсырма:
Тоқыма талшықтарын жіктеу.
ҮІ. Бағалау.