Просмотр содержимого документа
«То?ыма талшы?тарын жіктеу. »
Сабақтың тақырыбы: Тоқыма талшықтарын жіктеу. Мата дайындау технологиясы.
Сабақтың мақсаты: ♦ Талшық түрлері, мата дайындау технологиясы туралы білім беру; ♦Дүниетанымын, мататанудағы түсініктерін қалыптастыру; Өз бетімен оқып-білуге, жұмыс істеуге дағдыландыру. ♦Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, теориялық білім.
Сабақтың әдісі: баяндау, суретті көрнекілік, схемамен жұмыс
Көрнекілігі: суретті буклеттер,
Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру бөлімі;
ІІ. Негізгі бөлім;
ІІІ. Қорытынды бөлім.
І. Оқушылармен амандасу, жұмыс орнын тексеру, сабаққа қатысымды тексеру.
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсат –міндетін айту; Оқушылардың назарына «тоқыма станогы» мен «жіп иіретін ұршық» суретін ұсына отырып таным-түсініктерін байқау үшін сұрақ қою: Бұл заттар нені білдіреді?
ІІ. Дәріс (әңгімелеу элементтері)
Мата дайындау процесі;
Иіру;
Талшықтардың матаға айналуы: түту немесе тарау;
Таспаға айналуы; жіпті иіру.
Сұрақ: Өмірде біз матаны не үшін қолданамыз? Матаның құрамы неден тұрады? Оқушылардың пікірі тыңдалғаннан кейін, схеманы қолдана отырып баяндау.
Талшық----
Табиғи----
химиялық
Табиғи талшық:
Өсімдіктекті (мақта,зығыр,тұт)
Жануартекті(жүн, жібек)
Минералды(асбест
Оқушылардың назарына мақта мен зығырдың өсімдік түріндегі суретін көрсету.
Мақтаның қасиеті. Зығырдың қасиеті, түрі. Мәтінмен танысу.
Мата дайындау технологиясы.
Мата дайындау процесі;
Талшықтардың матаға айналуы;
Негізгі және арқау жіп;
Матаның ені, өңі және теріс жағы. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қояды.
Дәптерлеріне негізгі ұғымдарды қысқаша жазғызу.
ІІІ. Қорытынды бөлім. Сабақты бекіту:
Мата неден тұрады?
Талшық----иірімжіп----мата
Мата жіптерінің айқасуы, негізгі жіп, арқау жіп дегеніміз не?
Табиғи талшықтар неден алынады?
Үйге тапсырма: Материалды оқу. Мақта және зығыр маталарының қиындысын әкелу.