kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Конспект уроков технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты құрақ корпелердің қызметі  

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Конспект уроков технология»

Тақырыбы: «Құрақтың түрлері және құрау технологиясы»

Жобаның негізгі мақсаты: Қазақ халқының байырғы қолөнері –құрақтың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету. Қазақтың байырғы қолөнері құрақ және оның түрлері, құрау технологиясы туралы айтып түсіндіру.

Жобаның міндеттері:

-Қазақтың қолөнері-құрақпен танысу;

-Құрақтың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;

-Құрақтың адамдарға пайдасын көрсету.

Мәселе:

Құрақ құраудың өмірге пайдасы бар екенін зерттеу.


Зерттелетін зат:

Құрақ құраудың өмірге қажеттілігін зерттеу.

Құрақ түрлерінің жасалу технологиясы.


Кіріспе.

Қазақ халқының қолөнері деп -халық тұрмысында жиі қолданылатын әр түрлі материалдарды пайдаланып, олардан тоқу, өру, есу, кестелеу, сыру тәсілдері арқылы орындалатын өнер жиынтығын айтады. Қазақ халқы үй тұрмысына қажетті заттарды : ши тоқып, гобелен тоқып, құрақ құрап, кесте тігіп, кілем, сырмақ т.б. заттарды өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеген.

Қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындысының иесін шебер деп атаған.

Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді.

Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіліп келеді. Қолөнер бұл халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу,мүсіндеу құрастыру , бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығы.

«Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық»- дейді қазақ даналығы.Ия қолөнер түрлері өте көп.Қолөнер тәрбиенің құнды құралы,қолөнер-атадан балаға мирас болып келе жатқан асыл мұра, қолөнер-кәсіп,қолөнер-қол еңбегі, қолөнер-ғасырлар бойы дамып келе жатқан халық шығармашылығы.

Қолөнер қыз баланы әсемдікке баулып, өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп қастерлеуге, дәріптеуге, ұлттық дәстүрді сыйлауға тәрбиелейді. Сонымен қатар қыз баланы үнемділікке үй тұрмысына қажетті бұйымдарды дайын күйінде сатып ала салмай өз қалауынша өрнектеп, әсемдеп, қолдан өзі жасап алып, өзінің жеке тұрмыс сатына әсемдікті енгізуге ұмтылатын қасиетке тәрбиелейді.

Біздің елімізде қолөнері жақсы дамыған. Мысалы, табиғатпен байланыстырып құрақ түрлерін құраған. 20-шы ғасырда тігіншілік өнері қайта дамып, оның ішінде құрақ құрау түрі қайта жаңғырды. Қазіргі кезде оған үлкен көңіл бөліп отыр.

есімділігіне көңіл аударған жөн. Үшбұрышты немесе шаршы қиықтардан жасалынатын компазиция.

Құрақ дегеніміз -қалдық материалдардан жасалған бұйымдар. Құрақты әртүрлі геометриялық пішіндер арқылы құраған. Құрақ көрпешеде , ойыншықтарда,

аяқ киімдерде, ұлттық бұйымда Құрақ құрау-қолөнердің бір түрі. Құрақпен қазақ халқынан басқа, өзге елдер шұғылданады, бірақ оны әрқалай атайды. Орыс халқы мозайка немесе пэчворк ағылшын тілінен аударғанда «құрақ құрау, құрастыру» қызықты жұмыс, үлкен қиял беруші өнер.

Пэчворк техникасы геометриялық қиындыларды біріктіріп тігу арқылы қайта бүтін мата жасау. Көптеген құрақ бұйымдары екі үшбұрыштан құралған шаршы блоктардан тұрады.

Құраққа қойылатын талап мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы. Құрақ өнері тек қазақ халқына ғана тән өнер емес, әлемнің басқа ұлт, халықтаында да дамыған. Шебердің ой қиялынан түрлі құрақ түрлері шыққан.

Құрақ түрлері: үшбұрышты, ромбик, жапырақ, жұлдызша, саты құрақ, қарсы құрақ, шахмат құрағы, ою құрақ, мүйіз құрақ, жауқазын құрақ, күн құрақ, гүл құрақ, т.б. түрлері бар. Құрақ сөзі Еуразия аймағының көптеген тілдерінде белгілі.қазақ тілінде ол «түрлі қиықтарды,құрастырып,тігу» дегенді білдіреді.

Құрақ мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын ерекше бұйым.құрақты қазақ халқы тек төсеніш ретінде ғана емес,сонымен бірге сәндік үшін де жасаған.Құрақ Қазақстанның барлық облыстарына тән өнердің бірі.Тұрмысымызға көрік беретін сәнді бұйым болғандықтан шеберлер бар өнерін салған.Шеберлердің ой-қиялынан түрлі құрақ түрлері шығып,оларды дорба,аяққап,көрпеше,жұмсақ ойыншы,т.б әсемдеуге кеңінен пайдалануда.

Жалпы, құрақ құрау сызба өнерімен, бейнелеу өнерімен

әсіресе,математикамен,геометриямен тығыз байланысты.Бұрынғы ата-бабаларымыз геометрияны оқымаса да түрлі геометриялық фигуралардан тұратын құрақты сәндеп құрай білген.Құрақ көптеген геометриялық фигуралардан тұрады.

Құрақ құраудың екі мақсаты бар.

1.Матаның қиындыларын дұрыстап құрастыру және одан сәндік бұймдар жасау.

2.Матаның бір-біріне үйлесімділігін, түрін және олардың суреттерінің сәйкестігін ескеріп, матаның қиындыларын іске ажырату.

Әр түрлі фигуралар жасай отырып қиюластырып, жастық, көрпеше тігу, өрнек құрастыру немесе сәндік сөмкелер тігуге болады. Өрнек дегеніміз- түр-түсі және геометриялық әр алуан мата қалдықтарын құрастыру. Алдын ала құрақ немесе өрнектің нобайын, суретін салып аламыз. Сонда сәндік құрақ, өрнектің жолақ шаршы, дөңгелектердің орнын бір жерден екінші жерге оңай ауыстырып қоюға болады. Құрақ түстерінің үйл рда қолданады. Құрақтарды ас үй, жатын бөлме заттарын тартымды етіп көрсету үшін (майлық, ұстағыш қолғап, дастархан, жастық тыс, көрпе, жапқыш) немесе аксессуар ретінде (сәнді сөмке, әмиян) пайдалануға болады.

Құрақ құрау эстетикалық талғамды, дәл қиыстыруды, шеберлікті қажет етеді, төзімділікке баулып еңбек етуге тәрбиелейді. Құрақтан жасалған бұйымның шетін түрлі мата қиындыларынан тұмаршалауға, шашақтауға немесе өзге түсті матамен жиектеп сәндеуге болады. Құрақ құрауды кейде «Құрақ мозайкасы» деп те атайды. Матаның үлгі бойынша қию үшін алдын ала дайындалған матаның үстіне үлгіні қойып, бормен немесе сабынмен шетін сызып, қосымшаны ескере отырып белгілейміз де, бұдан кейін үлгіні алып тастап, белгіленген жерді қиып аламыз. Құрақ қиындыларын әуелі көктеу тігістері арқылы біріктіреміз, одан соң құрақты тігіс машинаға саламыз.

Мата түрлері: барқыт, драп, велюр, плюш, шерс, тоқыма мата.

Құрақты құрастыру: түр- түсімен, қиынды түрімен, ретімен.

Құрақты тігу түрлері: қолмен көктеу, машинамен тігу, шет тігісімен тігу.

Құрақты безендіру:

а\ Қиылған матаны түр-түсіне қарай орналастыру;

ә\ Ортасын өңін ашатын матамен безендіру;

б\ Үш көздің ортасын безендіру;

в\ Құралған көрпенің жиегін, өңін ашатын матамен безендіру;

Құрақтың бүгінде қолданылып жүрген мынадай түрлері бар:

қайшы құрақ, тырна қатар, қаттама құрақ, таңдай құрақ, алма құрақ, сегізжапырақ, мүйіз құрақ, тұмарша, жұлдыз құрақ т.б.

Құрақты ақ, қара, көк сияқты негізгі түстердің үйлесімділігін таба отырып құрайды. Сабақ барысында құрақ құрауды үйрету геометрия, сызу, физика, бейнелеу өнері, биология, химия, тарих пәндерімен тығыз байланыста болады.

Құрақтағы геометриялық фигуралар мен олардың қабырғасының ұзындығы келесі геометриялық фигураның табанына немесе қабырғасына тең келуі геометрия, математика пәндерімен, ал осы геометриялық фигуралардың сызбасынсызып, есептеп шаблон жасау сызу сабағымен тығыз байланыста. Сондай-ақ, құрақ құрау үшін пайдаланылатын маталардың тоқылу айқаспаларын түсіндіру, олардың сызбаларын сызу, арқау желі жіптердің шатасуын анықтауда мата қасиеттері мен талшықтық құрамы жөнінде мәлімет беру кезінде сызу, биология, химия пәнімен, ал құрақ компазициясының шешімін табуда бейнелеу өнерімен байланысты болды.

Қолданбалы өнер-құрақ құрау оқушыларды есептеу, бұрыштар өлшемдерін, өң түс сабақтастығын жан-жақты шығармашылықпен ойландыратын тәрбие құралы. Құрақ тігу барысында оқушылардың төзімділігі, еңбек сүйгіштігі, шеберлігі, эстетикалық талғамы артып, логикалық ойлау қабілеті қалыптасады.

«Шаршы» құрақ.

6 немесе 9 ромбы тәрізді тігістерден пайда болады. Ол үшін 3 түсті 9 ромбы тәріздес мата қиындылары алынады. Олар қарама –қарсы 2 түсті ромбы бойынша қиюластырыла орналастырылады.

«Шатыр» құрағы.

1-қатарға 5 ромбы орналастырылады, 2-қатарға 3ромбы құрастырылады, 3-қатарға 1 ромбы төбесіне орналастырылады. Міне осыдан «шатыр» құрағы пайда болады.

«Үшбұрышты ши» құрағы.

2 түсті мата бірақ сызықтары бірдей екі шаршы қиып алынады. 2 түсті бөлек- бөлек етіп8 үшбұрыш қиып аламыз. Енді екі түсті матаның 4 қиығын алып үшбұрыштап келтіреміз, бірақ сызықтары бір- біріне жолақша болып келіп тұруы керек, сонда «ши» құрағы пайда болады.

Жиек өрнегі.

3 түрлі матадан 6 үшбұрыш қиып алып, олардың 2 түстес бұрышты төртбұрыш етіп құрастыру керек, осылай мата түстерін әрі төртбұрыш қып ауыстырып отырамыз. Міне осылай жиек өрнегі пайда болады.

Құрақтың түрлері өзінің ерекшелігімен мынадай топтарға бөлінеді:

  1. Өсімдік тектес, көкөністік.

  2. Ғарыштық космогониялық.

  3. Геометриялық.

  4. Тұрмыстық.

Үшбұрыштардан жасалған өрнек-« тұмарша» ал бірінің бұрышына бірі трестіре тігілген шаршылар-« ботагөз», яғни ботаның, түйенің көзі деп аталады. Олар сәттілік әкеледі және бұйым иесін « сұқ көзден» қорғайды деп есептелетін. Құраққа пайдаланылатын маталар жұқа , қалыңдығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады. Егер, құрақ қалың матадан тігіліп арасына жұқа мата пайдаланылатын болса, онда ол құрақтар созылмау үшін астарланып тігіледі.

Құрақ құрау асқан шеберлікті, түс үйлесімділігін, қайталанып келіп отыратын элементтерді дәлдікпен үйлестіруді талап етеді. Құрақтың 200-ден астам түрлері бар.

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді. Оларды жылы және суық түстер деп атайды. Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама- қарсы түстер дейді. Олар қызыл – жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр, т.б. Құрақтан жасалған бұйымның шетін бұрышпен, түтікше, шашақпен сәндеп тігуге болады. Алдымен бұйымның нобайын жасайды, өлшемін анықтайды. Көптеген құрақ бұйымдары екі үшбұрыштан құралған шаршы блоктардан тұрады.

Қазіргі кезде құрақ құрау арқылы жаңаша түрде сәнді бұйымдар жасауға болады. Мысалы: Сыйлықтар, панно, ойыншықтар, сүлгілер, перделер, т.б. Құрақ құрау үшін үлкен шыдамдылық пен шабыт керек. Түстер гаммасын топтау немесе түстер үйлесімділігі.

Матаны түстеріне қарай таңдаудың маңызы зор. Мата қиындыларының ішінен алдымен түсі ақ, ұсақ суреттері бары таңдап алынады. Бұлар басқа түстерге қарағанда, сирек және аз мөлшерде қолданылады.

-Сұр түс-кез-келген гамманы жақсартады.

-Ақ түсті фон ретінде пайдалансақ компазтцияны нәзік етіп көрсетеді.

Қазақ халқының сәндік өнеріндегі басты бояудың түрі- көк түс.

-Қызыл-оттың, күннің рәміздік белгісі. Көне түрік тілінде қызыл түс-Оңтүстікті, қара солтүстікті, ақ- батысты, көк –шығысты білдіреді.

-Қара- жердің түсі, берекенің белгісі.

-Ақ та қасиетті түс. Ол қуанышты хабардың, бақыттың тазалықтың белгісі.

Ақ- сонымен бірге шындықтың, ақиқаттың, адалдықтың белгісі іспеттес.

-Сары түс- негізінен ақыл-парасаттың белгісі деп есептелінеді.

-Жасыл түс- жастық пен көктемнің белгісі.

Ертеде әжелерімізқұрақ құрай отырып, қыздарына , немересіне арналған құрақты –«Отан болып құралып кетсін, өсіп, өнсін» деген тілекпен жасаған.

«қарсы»құрақ, «жұлдыз»құрақ және «ботакөз» құрақ көрпешенің ортасында орналасады. Ортаңғы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасында « су» жүргізіледі.

«Су» дегеніміз бір түсті матадан жіңішке кесінді.

Екі түрлі матадан жүргізілсе « қос су» деп аталады.

Қазақта мынадай құраққа байланысты мақал- мәтел бар екен.


Қорытынды.

«Құрақ құрау да өнер». Яғни адам баласы құрақты жақсы етіп құрастыра білу керек.

Құрақтардың түр- түрін құрап келем,

Жас ұрпаққа үйретіп үлгі берем.

Өнері асқан ежелгі өнегелі,

Өсіп шықсын біздерден небір өрен, -дей келе мынадай құратың түрлерін құрап , жас ұрпаққа үйретіп, үлгі берсем деген оймен аяқтайын.

Құрақ өрнек – сәндік тәсіл. Ол халықтың қолданбалы қол өнерінен бастау алады. Құрақ өрнек(мозайка) дегеніміз- түр-түсі және геометриялық пішіні әр алуан мата қалдықтарынан (қиық қиқымдарынан) құрастырылған өрнек.

Құрастырылатын қиықтар таза және тегістеп үтіктелген болуы керек. Алдын ала құрақ өрнектің нобайын, суретін салып алу қажет.

Құрақтарды үшбұрыштан, дөңгелектерден, шаршылардан құрастырылады екен. Әр елде құрақтардың атауларын әр түрлі атайды.

Құрақтардың қиюласуына қарай 5-топқа бөлінеді.

1.Өсімдік тектес- көкөрістік.

2.Ғарыштық – космогониялық.

3.Жануарларға байланысты- зооморфтық.

4.Геометриялық.

5.Тұрмыстық.

Құрақты – қазақ халқы төсеніш ретінде ғана емес, сәндік үшін жастық бетіне және тұрмысымызға көрік берер сәнді бұйымдар жасап құрайды.

Құрақтың бірнеше түрлі атауларын біліп, және де жасалу жолдарын үйрендік.

Яғни құрақты тек қағаздан ғана емес маталардан құрастырылады екен.

Құрақ құрастырылғанда ҚТЕ-і ескере отырып орындау тиіс.

Құрақтарды мынадай сөздіктер қолдануға болады.

Компазиция- өрнекті бұйымдардың бетіне реттеп орналастыру.

Колорит-ою- өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасын табуы.

Ритм- ою-өрнектер бір элементтің қайталанып келуі.

Симметрия – ою-өрнектің 2- жағының тең болуы










Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Конспект уроков технология

Автор: Уразова Ағырыс Кабдоловна

Дата: 31.05.2018

Номер свидетельства: 471706

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Конспект урока технологии 7 класс "Художественная обработка металла: пропильный металл" "
    ["seo_title"] => string(95) "konspiekt-uroka-tiekhnologhii-7-klass-khudozhiestviennaia-obrabotka-mietalla-propil-nyi-mietall"
    ["file_id"] => string(6) "109324"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1404366312"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(114) "Конспект урока технологии "Овечка на траве" в технике квиллинг"
    ["seo_title"] => string(63) "konspiekturokatiekhnologhiioviechkanatravievtiekhnikiekvillingh"
    ["file_id"] => string(6) "264668"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449757209"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) "Конспект урока технологии на тему: «Кошки»"
    ["seo_title"] => string(45) "konspiekt_uroka_tiekhnologhii_na_tiemu_koshki"
    ["file_id"] => string(6) "459343"
    ["category_seo"] => string(11) "tehnologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519490853"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(223) "План-конспект урока технологии «Декупаж как вид декоративно-прикладного творчества для оформления интерьера».в 6 классе "
    ["seo_title"] => string(133) "plan-konspiekt-uroka-tiekhnologhii-diekupazh-kak-vid-diekorativno-prikladnogho-tvorchiestva-dlia-oformlieniia-intier-iera-v-6-klassie"
    ["file_id"] => string(6) "221861"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1435642793"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(229) "Конспект урока технологии в 5 классе на тему "Швейная машина с ручным приводом. Заправка нитки в машину и в шпульный колпачок"."
    ["seo_title"] => string(137) "konspiekt-uroka-tiekhnologhii-v-5-klassie-na-tiemu-shvieinaia-mashina-s-ruchnym-privodom-zapravka-nitki-v-mashinu-i-v-shpul-nyi-kolpachok"
    ["file_id"] => string(6) "249587"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1446918376"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства