Просмотр содержимого документа
«Конспект урока по технологии для девочек»
Донской орта мектебі.
Ашық сабақ:
Тақырыбы:Бұйым түрлерін ұлттық өрнекпен өңдеу.
2012-2013 оқу жылы
Технология пәні мұғалімі: Хонай А.
Сабақтың тақырыбы: Бұйымды ұлттық өрнекпен өңдеу
Мақсаттары: Білімділік: Бұйымды ұлтық өрнектермен өңдеу техникасы мен технологиясынан алғашқы мағұлматтарын беру, ою-өрнектің құдіретін, әрі оюдың мағынасын аша отырып , біз кестемен кестелеудің техникасын меңгеру.
Дамытушылығы: Оқушыларды халқымыздың салт-дәстүріне, қол өнеріне терең үңілдіріп, ой өрісін дамыту, ою-өрнектерді өңдеудегі өндірістік технологиялармен таныстыру.
- Жапсырмалау, кестелеу, әшекейлеу т.б арқылы сәндейді.
Бұйымды ұлттық өрнектермен өңдеу
Кестелеу
Баумен
Жапсырмалау
Торлы тоқыма (ришелье)
Маржанмен кестелеу (бисермен)
Тығыз кесте
Біз кесте
Желіммен жапсыру
Өрнекті парақтан қиып алып грек тігіспен тігу
Драптың үстіне келесі жапсырма матаны қою арқылы
Әшекейлеу үлкен өнер
М: Қамзолға әшекей салу үшін қай тұсына ою-өрнек салса сәнді көрінеді дегенді жақсы ойластыру керек. Өңдеулер көбінде жапсырмалау түрінде орындалады. Ол үшін қымбат алтын күміс маталар қолданылады.
1. Жапсырмалауда: -Бұл маталарды астарлау. Үтікпен қыздырып жапсыру арқылы.(ЫЖӨ) әдісі.
а) Үлгісін көрсету
ә) Қиылған өрнек
б) Желіммен жапсыру. Мұнда полиетилен түріндегі арнайы (мата) пленка жапсырма матаның астына жапсырылып, матамен бірге өрнек бойынша қиылады. Содан кейін қыздыру арқылы (үтікпен) негізгі матаға жапсырылады.
2. Баумен әшекейлеу. Ерте кезде жүннен, қылдан иіріп, есіп бұйымдарды оюлағанда қолданған. Қазіргі кезде баудың қаншама түрі бар. Бұлар қандай бір өрнектердің әшекейін келтіре алады.
3. Кестелеу
а) Біз кесте: Біз кесте қазақ халқының нағыз ұлттық өнерінің бірі. Бұрын біз кесте кестенің бізі арқылы жасалады. Бірақ қазіргі техника дамыған заманда киімдерге машинамен кестелеу алмастырылған, сонда да біз кесте деген аты сақталған. Кейбір жерлерде Тышқан ізі деп атаған
-диалект сөздер көрнекіліктер көрсету
ә) Тығыз кесте-киім безендірудің бір түрі. Оның өрнегі жаттық, әрі үйлесімді болып тұрады. Ерекшелігі ол көп түсті бояуларды бере алады.
б) Бисермен кестелеу: Бисер ұсақ маржандар. Матаны кергішке керіп, оның бетіне сурет салынады. Сол бойынша кестелейді.
в) Ришелье (торлы) тоқыма – сәндеп безендірудуің ең көріктендірілген қатарында тұр. Ол көркем, әрі нәзік кесте ретінде саналады. Киімнің жағасына, жеңіне, етегіне жарасады. Торлы тоқыма тек машинамен түсіріледі.
- Енді оқулықтың 51-бет. 19- суреттегі оюлардың атауын айту.
- Мүйіз, қос мүйіз, балдақ, табан, өрмекші, төрт құлақ, үш жапырақ, гүл, жауқазын, айшық.
- 22-суреттегі өрнектерді қайтадан көріңдер.
- Кілемге салынған өрнектер.
Осы ою өрнектердің атауы нені тұспалдап айтылып тұр.
- жануарлар, ғарыш сипатты, өсімдіктерді.
- Мақалдар, өлең оқу.
Нұсқау карта бойынша:
- Жауқазын суретін сызып біз кестемен тігу.
Жаңа сабақты нығайту.
Телевизордан №3 Ән. Ұлттық киімдердің сәндеуін жаңалау. Жапсырмалау.
- оюлары тіс, түйе табан, құс қанаты, шет ою, мүйіз.