kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

Баланы тәрбиелеу дегеніміз – оқушының тұлғалық дамуына, қалыптасуына бағыт-бағдар беретін жағдайлар жасау арқылы басқару.

Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесіне бөліп қарап, ұлды шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйтқысы ретінде тәрбиелеп отырған. Қыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Мектептегі технология пәнінде қыз балалар бөлек білім алатындықтан, пәннің ерекшелігіне сай білім мен тәрбие қатар берілетіндіктен технология пәнінің мұғалімі «Сегіз қырлы, бір сырлы» болуы керек деп ойлаймын.

Мәһшүр Жүсіп Көпейұлының аңыз әдебиет үлгілерін жинақтаған еңбегінде мынадай қанатты сөз бар: «Адамның қара басында үш асыл қасиет бар. Асылдығы бірінен бірі өтеді. Бірі – көз, бірі – көңіл, бірі – ақыл».

Қыздарымызды әсемдікке тәрбиелеуде осы жазушының айтқанындай, әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделу болуға, ақылмен ойлануға жетелейтін ұстаздар қауымы.

Халқымыз қыз деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың нышаны ретінде қолданады. Қазақ халқының ұғымында қыз бала ақылды, байсалды жаны нәзік те ерке, мінезі жайдары, өнерлі болып келеді. Мысалы, мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейді.

 «Қыздың жиған жүгіндей», «Қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді.

Халқымыздың қыз бала тәрбиесіне аса мұқият қарап, оларды өнер-білімге, шеберлікке жастан бейімдеп отырған. Қыз балаға қатты сөз айтпай, мәпелеп өсірген, бағалаған, жанының нәзіктігін құрметтеген. «Қыз қылығымен», «Қыз – елдің көркі, гүл – жердің көркі», «Қыз еркем, кестесімен көркем» деген мақалдар бұған дәлел.

Халқымыз қыз баланы еркелетіп, дегенін орындап әлпештеген. Дарақы, қыдырымпаз, ұрысқақ болып өсуден сақтандырып отырған.

«Қызға қарақ үйден тыю» деген мәтелдің мәні кез келген үйге бара беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы да нәзік, ақылды болуға тиіс қазақ қызына  лайықсыз қылық дегенді білдіреді.

Қыз бала тәрбиесі ата – анаға үлкен сын еді. Жүн түту, кесте тігу, құрақ құрау т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы  отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дарытып, еңбекке даярлай бастаған.

Мемлекеттік «Білім» бағдарламасында балалар мен жастарды тәрбиелеуге ең көкейкесті мәселелері ретінде білім мекемелерінде оқушылардың этнос-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу айтылған. Сондықтан технология сабағын қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру өте қажет.

Талғампаз қазақ қыз бала тәрбиесіне түлкен жауапкершілікпен қараған. Қол бастаған «қолбасшы» да, ел бастаған «елбасшы» да қыз бала тәрбиесіне мән берген.

«Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтымызды тәрбиелейміз» деген Ж.Баласағұнның сөзі бұған дәлел.

        Ауыл – мәдениетіміздің, салт – дәстүріміздің, әдет – ғұрпымыздың қайнар көзі. Ауыл қыздары үлкенді сыйлап, кішігі қасқор болып жүретін инабатты болып өседі. Олар туған жерін сүйетін, иманды да инабатты ізгі қасиеттер иесі бола алады.

      Қазір дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайда ие болған кейбір қыздарды айтпасқа болмайды. Олар жат қылыққа салынып, табиғат берген сұлулық, нәзіктіктен қалай айырылғандарын білмейді. Қыздарымыз осындай жолға түсіп кетпес үшін жасынан сақтандырып, ар – намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болатындығын санасына сіңіру қажет.

               «Имандылық – инабаттылық мұраты» деген.  Имандылық пен әдептілік бір – біріне балама ұғымдар емес, бірақ олардың арасында тығыз байланыс бар. Қыз балаларымызды ізгі – ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адам етіп тәрбиелеп, бойына әдеп – инабат ұғымдарын сіңіре отырып білім берген дұрыс.

        Қазақ халқының пейіліне қарай дархан даласы бар, өрісте төрт түлік малы мен кеңісті жайлауы бар. Қазақ баласы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жан алысып, жан берісіп қазақ сахарасын сақтап келген, тәуелсіздікті аңсап өткен ата – баба ұрпағы ақыры дегеніне жетті.

       Бүгінгі жастарға төрт түлік өсіріп, өміріне негіз еткен халқымыздың мол тәжірибесін үйрету, малды күтіп, өнімін ұқсата білуге баулу біздің міндетіміз.

        Халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі – қонақжайлық.

        «Қонақжайлық – қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қыз балаларды ұлттық дәстүр негізінде тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Қонақты ақ жарқын көңілмен күту көрегенділік, адамгершілік, тіпті міндет деп те айтуға болады. Халқымыздың осындай қонақжайлығы, дастарханының кеңдігі, таныс – біліс түгіл бөтенге де көрсететін мырзалығын дәріптеп, қыз балаларды қонақты жақсылап күте білуге үйрету керек. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» дегендей, қонақ үй иесіне, әсіресе әйелге сын. «Қонақ аз отырып, көп сынайды», оның өзі кейін ел – жұртқа таралатындықтан, қонақ күтуге ерекше мән беріледі.

         «Мейман анаңнан да үлкен» дейтін мақал халықтың мәртебесі мен оған көрсетуге тиісті сый – құрметке инабаттылық тұрғысынан қарайтынын көрсетеді. Пайғамбар хадисінде: «үйлеріне қонақ қонбайтын үй иелері – жаман адамдар» делінген.

        Қыздарымызға қонақ күту мен қонақ болудың әдебін ұғындыру, меймандос болу, халқымыздың салт – дәстүрін жалғастыру – бүгінгі күннің талабы. Тағам дайындауды үйрету сабақтарын ұлттық педагогикамен байланыстыра отырып жүргізу оқушылардың қызығушылығын арттырады. Салт – дәстүр, ырым – тыйымдарды қолданудың тәрбиелік мәні бар. Қыздарымыз өз бойының тазалығын сақтай біліуді, үйретуді мақал, аңыз әңгімелерді айта отырып жүзеге асыруға болады.

      «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген мақалдың мәнін ашып түсіндіріп, қыз балаларға ас дайындау кезінде санитарлық – гигиеналық талапты ұстанудың, сақтаудың жауапкершілігін түсіндіремін.

    Осыған орай, халық арасында сақталған бір аңызда: «Ертеде бір қыз тұрмысқа шығыпты. Біршама уақыт өткен соң әкесі қызының халін білу үшін іздеп барады. Қызының отауына әкесінің көңілі толмайды. Салақ қыз кір басқан ыдыстарымен әкесіне шай береді. Әкесіне: «Ыдыстарым тозып кетті, басқасын әкеп берші» деп қолқа салады.

  • Жарайды қызым, ыдыстарыңды қоржыныма салып бер,  - дейді. Құмға ысып – ысып, жалтыратып әкелген ыдысын көріп, «жаңа ыдыс» деп салақ қыз мәз болған екен».

Халқымыз «ақты» қастерлеп, жоғары бағалаған. Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ құйып шығаратын ырым болған. Жылан үйге екі мағынада кіреді деп білген. Бірі жамандыққа, бірі жақсылыққа. Ақ құйып шығарса ешкімге тимей кетеді деп сенген. Жылан – дұшпан. Бұл ырымның астарында тағы да бір сыр бар деп ойлаймын. Халқымыз «таспен атқанды, аспен ат» деп, ел бірлігі, татулығы үшін кешірімге шақырып алдына дұшпаны келсе де дастарқанын жайып қонақ етіп жіберген. Ата – ана тәрбиесін көргендіктен халықтың ырымдары санамызда жатталып қалған. Тағы бір ырымда, үйге нәресте келсе, балаға сыйлық беріп шығарған. «Нәресте бойымен үйге пәлекет келеді, егер баланы бос шығарсаң үйде пәлекет қалып қояды» деп сенген.

    Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіне халық педагогикасының алатын орны ерекше деп білемін. Шәкірттерді салт – дәстүрге, өнерге, шеберлікке, баулып, халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеуді өзіме мақсат етіп келемін.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу»

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу

Автор: Абдирова Дина Байзаковна

Дата: 20.03.2017

Номер свидетельства: 401709

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(94) "?ыз балаларды ?лтты? педагогика негізінде т?рбиелеу "
    ["seo_title"] => string(61) "k-yz-balalardy-u-lttyk-piedaghoghika-nieghizindie-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "211648"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431666006"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "« Имандылы? – инабаттылы? айнасы» "
    ["seo_title"] => string(28) "imandylyk-inabattylyk-ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "214481"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1432312296"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "«Жас-?спірімдерді?  ?зге  дін  а?ымдарына ілесуіне  не  себеп  болуда »"
    ["seo_title"] => string(72) "zhas-ospirimdierdin-ozghie-din-ag-ymdaryna-iliesuinie-nie-siebiep-boluda"
    ["file_id"] => string(6) "297613"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456221873"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(146) "Баяндама: Халы?ты? педагогиканы білім беруде енгізуді? теориясы мен практикасы. "
    ["seo_title"] => string(90) "baiandama-khalyk-tyk-piedaghoghikany-bilim-bierudie-ienghizudin-tieoriiasy-mien-praktikasy"
    ["file_id"] => string(6) "162560"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1422369736"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(177) "Баяндама    Та?ырыбы: ?лтты?  педагогикалы? элементтерін  бастауыш сынып о?ушыларын о?ытуда ?олдану "
    ["seo_title"] => string(107) "baiandama-tak-yryby-u-lttyk-piedaghoghikalyk-eliemienttierin-bastauysh-synyp-ok-ushylaryn-ok-ytuda-k-oldanu"
    ["file_id"] => string(6) "199984"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1428684604"
  }
}

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства