kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ыз балаларды ?лтты? педагогика негізінде т?рбиелеу

Нажмите, чтобы узнать подробности

?л атадан ?йренбей сапар шекпес,

?ыз анадан ?йренбей ?неге алмас.

?ор?ыт

      Елбасымыз Н.?.Назарбаев жа?ында ?аза?стан хал?ына «Н?рлы  жол – болаша??а бастар жол» атты Жолдауын жарияла?ан болатын. Б?л Жолдауда  ?.Р. Президенті «?ткен тарихымыз?а та?зым да, б?гінгі ба?ытымыз?а ма?таныш та, г?лденген келешекке сенім де М??гілік Ел деген ??діретті ??ым?а сыйып т?р. Отанды с?ю – бабалардан мирас бол?ан ?лы м?раларды ?адірлеу, оны к?зді? ?арашы?ындай са?тау, ?з ?лесі?ді ?осып дамыту ж?не кейінгі ?рпа??а аманат етіп табыстау деген с?з. Барша ?аза?станды?тарды? ж?мысыны? т?пкі м?ні – осы!» деп атап к?рсетті. Осы?ан орай, о?ушы бойына жа?а патриотизмді сі?іруде ?лкен шеберлік керек.

   «Адам?а е? бірінші керегі білім емес т?рбие. Т?рбиесіз берілген білім адамзатты? ?ас жауы, ол келешекте оны? ?міріне опат ?келеді,» -  деп ?л-Фараби айт?андай, о?ушылар?а рухани т?рбие беруде технология п?ніні? алатын орны ерекше.   Адамны? ?мірі ?шін, о?ушыны? жан-жа?ты, ?йлесімді  дамуы ?шін аса ?ажетті п?н.  

   Хал?ымыз ежелден ?л т?рбиесі мен ?ыз т?рбиесін б?ліп ?арап, ?лды ша?ыра? иесі, ?ызды хал?ыны? келешегі, ?й ?йыт?ысы сана?ан. ?ыз бала т?рбиесіне аса м?н берген. Технология п?нінде ?ыз  балалар?а б?лек, ?згеше білім берілетіндіктен,  п?н м??алімі «Сегіз ?ырлы, бір сырлы болуы» керек деп ойлаймын.

   М?ш??р Ж?сіп К?пей?лыны? е?бегінде мынандай ?анатты с?з бар: «Адамны? ?ара басында ?ш асыл ?асиет бар. Асылды?ы бірі-бірінен ?теді. Бірі – к?з, бірі – к??іл, бірі - а?ыл».

   ?ыздарымызды ?лемні? ?семдігін к?збен к?ре білуге, зерделі де а?ылды болу?а жетелейтін - ?стаздар ?ауымы.

   Хал?ымыз «?ыз» деген с?зді ?дептілікті?, с?лулы?ты? нышаны ретінде ?олданады. ?аза? хал?ыны? ??ымында ?ыз бала а?ылды, байсалды, жаны н?зік те ерке, мінезі жайдары, ?нерлі болып келеді. Мысалы: мінезі жа?сы, ?депті жігітті «?ыз мінезді жігіт екен» дейді.

   «?ызды? жи?ан ж?гіндей», «?ызды? тіккен кестесіндей» деген те?еулер, ?ыз баланы? ??ыптылы?ын, шеберлігін к?рсетеді.

   Хал?ымыз ?ыз бала т?рбиесіне м??ият ?арап, оларды ?нер-білімге, шеберлікке жасынан бейімдеп отыр?ан. ?ыз бала?а ?атты с?з айтпай, арда?тап, м?пелеп ?сірген. Оларды ба?алап, жаныны? н?зіктігін ??рметтеген. «?ыз ?ылы?ымен», «?ыз елді? к?ркі, г?л - жерді? к?ркі», «?ыз еркем, кестесімен к?ркем.» деген ма?алдар б??ан д?лел.   Хал?ымыз ?ыз баланы   ?лпештей отырып, дара?ы, ?ыдырымпаз, ?рыс?а? болудан са?тандыр?ан.

   «?ыз?а ?ыры? ?йден тыю» деген ма?алды? м?ні -  ?ыз баланы к?пшілік сынап, ба?ылап отырады, сонды?тан, кез келген ?йге бара беру, ?онып ?алу ?ят, негізінен ибалы ?аза? ?ызыны? таби?атына келмейтін, лайы?сыз ?ылы? дегенді білдіреді.

  Б?рын ?ыз бала т?рбиесі ата-ана?а да ?лкен сын еді. Ж?н т?ту, кесте тігу, ??ра? ??рау сия?ты ?нерді? сан алуан т?рін ?ыздарына б?где боса?а?а бармай т?рып-а? ?йреткен. Осылай е?бекке баулу ар?ылы ?ыз баласыны? бойына отбасы алдында?ы жауапкершілікті сезіндіріп, ана болу?а даярлай баста?ан.

   Технология саба?ын ?азіргі та?да халы? педагогикасымен ?штастыру ?те ?ажет.   Тал?ампаз ?аза? ?ыз бала т?рбиесіне ерекше ?ара?ан. ?ол баста?ан «?олбасшы» да, ел баста?ан «елбасшы» да ?ыз бала т?рбиесіне м?н берген.  «?ыз баланы т?рбиелей отырып, ?лтымызды т?рбиелейміз» деген Ж.Баласа??нны? с?зі б??ан д?лел.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ыз балаларды ?лтты? педагогика негізінде т?рбиелеу »


Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу


Ұл атадан үйренбей сапар шекпес,

Қыз анадан үйренбей өнеге алмас.

Қорқыт

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жақында Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жариялаған болатын. Бұл Жолдауда Қ.Р. Президенті «Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де Мәңгілік Ел деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраларды қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні – осы!» деп атап көрсетті. Осыған орай, оқушы бойына жаңа патриотизмді сіңіруде үлкен шеберлік керек.

«Адамға ең бірінші керегі білім емес тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі,» - деп Әл-Фараби айтқандай, оқушыларға рухани тәрбие беруде технология пәнінің алатын орны ерекше. Адамның өмірі үшін, оқушының жан-жақты, үйлесімді дамуы үшін аса қажетті пән.

Халқымыз ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесін бөліп қарап, ұлды шаңырақ иесі, қызды халқының келешегі, үй ұйытқысы санаған. Қыз бала тәрбиесіне аса мән берген. Технология пәнінде қыз балаларға бөлек, өзгеше білім берілетіндіктен, пән мұғалімі «Сегіз қырлы, бір сырлы болуы» керек деп ойлаймын.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының еңбегінде мынандай қанатты сөз бар: «Адамның қара басында үш асыл қасиет бар. Асылдығы бірі-бірінен өтеді. Бірі – көз, бірі – көңіл, бірі - ақыл».

Қыздарымызды әлемнің әсемдігін көзбен көре білуге, зерделі де ақылды болуға жетелейтін - ұстаздар қауымы.

Халқымыз «қыз» деген сөзді әдептіліктің, сұлулықтың нышаны ретінде қолданады. Қазақ халқының ұғымында қыз бала ақылды, байсалды, жаны нәзік те ерке, мінезі жайдары, өнерлі болып келеді. Мысалы: мінезі жақсы, әдепті жігітті «қыз мінезді жігіт екен» дейді.

«Қыздың жиған жүгіндей», «қыздың тіккен кестесіндей» деген теңеулер, қыз баланың ұқыптылығын, шеберлігін көрсетеді.

Халқымыз қыз бала тәрбиесіне мұқият қарап, оларды өнер-білімге, шеберлікке жасынан бейімдеп отырған. Қыз балаға қатты сөз айтпай, ардақтап, мәпелеп өсірген. Оларды бағалап, жанының нәзіктігін құрметтеген. «Қыз қылығымен», «Қыз елдің көркі, гүл - жердің көркі», «Қыз еркем, кестесімен көркем...» деген мақалдар бұған дәлел. Халқымыз қыз баланы әлпештей отырып, дарақы, қыдырымпаз, ұрысқақ болудан сақтандырған.

«Қызға қырық үйден тыю» деген мақалдың мәні - қыз баланы көпшілік сынап, бақылап отырады, сондықтан, кез келген үйге бара беру, қонып қалу ұят, негізінен ибалы қазақ қызының табиғатына келмейтін, лайықсыз қылық дегенді білдіреді.

Бұрын қыз бала тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, кесте тігу, құрақ құрау сияқты өнердің сан алуан түрін қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы қыз баласының бойына отбасы алдындағы жауапкершілікті сезіндіріп, ана болуға даярлай бастаған.

Технология сабағын қазіргі таңда халық педагогикасымен ұштастыру өте қажет. Талғампаз қазақ қыз бала тәрбиесіне ерекше қараған. Қол бастаған «қолбасшы» да, ел бастаған «елбасшы» да қыз бала тәрбиесіне мән берген. «Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтымызды тәрбиелейміз» деген Ж.Баласағұнның сөзі бұған дәлел.


Ауыл – мәдениетіміздің, салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыздың қайнар көзі. Ауылда өскен қыздар үлкенге құрмет, кішіге қамқорлық жасайтын, инабатты болып ержетеді. Олар - туған жерді сүйеді және иманды да ізгі қасиеттер иесі. Қазіргі кезде дәстүрімізде болмаған, сүреңсіз жағдайға ие болып жүрген кейбір қыздарды айтпасқа болмайды. Олар жат қылыққа салынып, табиғат берген сұлулық, нәзіктіктен қалай айырылғандарын білмейді. Қыздарымыз осындай жолға түсіп кетпес үшін, жасынан сақтандырып, ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болатындығын санасына сіңіру қажет.

Бүгінде ұлттық тәрбие мәселелерін дамытып, кеңейтуді алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз. Себебі, ұлттық педагогиканың алатын орны жоғары. «Өткенін білмеген, болашаққа жол салып жарытпайды» - дейді дана халқымыз. Ендеше ата-бабамыздың бұрынғы тіршілігін, тұрмыс тарихын бүгінгі ұрпаққа жеткізу, атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнерін зерттеп, шеберлігін үлгі ете отырып, халықтың педагогикамен тәрбие жұмыстарын жүргізу - ұстаздардың парызы.

«Имандылық – инабаттылық мұраты» деген. Имандылық пен әдептілік бір-біріне балама ұғымдар емес, бірақ олардың арасында тығыз байланыс бар. Қыз балаларымызды ізгі-ілтипатты, тура сөзді, мейірімді адам етіп бойжеткізіп, жасынан әдеп-инабатты ұғындырып, білім берген нәтижелі болмақ.

Қазақ халқының пейіліне қарай дархан даласы, өрісте төрт түлік малы мен келісті жайлауы бар. Қазақ сахарасын ақ білектің күшімен , ақ найзаның ұшымен жан алысып, жан берісіп сақтап, еркіндікті аңсап келген ата-бабаларымыздың арманы орындалып, ұрпағының Тәуелсіздікке қолы жетті.

Оқушыларға мал өсіріп, өміріне негіз еткен халқымыздың мол тәжірибесін үйрету, мал өнімін ұқсата білуге баулу біздің міндетіміз.

Халқымыздың ерекше қасиеттерінің бірі - қонақжайлық. «Қонақжайлық -қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қыз балаларды ұлттық негізінде тәрбиелеп, олардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Қонақты ақ жарқын көңілмен күту көрегенділік, адамгершілік, тіпті міндет деп те айтуға болады. Халқымыздың осындай қонақжайлылығы, дастарқанының кеңдігі, таныс-біліс түгілі бөтенге де көрсететін мырзалығын дәріптеп, қонақта жақсылап күте білуге үйрету керек. «Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады» дегендей, қонақ үй иесіне, әсіресе әйелге сын. Қонақ аз отырып көп сынайды. Оның өзі кейін ел-жұртқа таралатындықтан, қонақ күтуге ерекше мән беріледі.

«Мейман анаңнан да үлкен» дейтін мақал халықтың қонаққа деген мәртебесі мен оған көрсетуге тиісті сый-құрметке инабаттылық тұрғысынан қарайтынын көрсетеді. Пайғамбар хадисінде: «үйлеріне қонақ қонбайтын үй иелері- жаман адамдар» делінген.

Қыздарымызға қонақ күту мен қонақ болудың әдебін ұғындыру, оларды меймандос болуға, халқымыздың салт-дәстүрін жалғастыра білуге бейімдеген жөн. Тағам әзірлеуді үйрету, сабақты ұлттық тәрбие үрдісімен байланыстыра отырып жүргізу, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Салт-дәстүр, ырым-тыйымдары қолданудың тәрбиелік мәні бар. Қыздарымызды өз бойының, ыдыс-аяқтың тазалығын сақтай білуге үйретуді мақал, аңыз әңгімелерді айта отырып жүзеге асыруға болады. «Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі» деген, қыз балаларға ас дайындау кезінде санитарлық- гигиеналық талапты сақтаудың жауапкершілігін түсіндіремін.

Осыған орай, халық арасында сақталған бір аңызда: «Ертеде бір қыз тұрмысқа шығыпты. Біршама уақыт өткен соң әкесі қызын іздеп барады. Қызының отауына әкесінің көңілі толмайды. Салақ қыз кір басқан ыдыстарымен әкесіне шай береді. Әкесіне:

- Ыдыстарым тозып кетті, басқасын әкеп берші, - деп қолқа салады.

- Жарайды қызым, ыдыстарынды қоржыныма салып бер,-дейді. Құмға ысып-ысып, жалтыратып әкелген ыдысын көріп, «жаңа ыдыс» деп салақ қыз мәз болған екен.

Халқымыз «ақты» қастерлеп, жоғары бағалаған. Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ құйып шығаратын ырым болған. Жылан үйге екі мағынада кіреді деп білген. Бірі


жамандыққа, бірі жақсылыққа. Ақ құйып шығарса ешкімге тимей кетеді деп сенген. Жылан- дұшпан. Бұл ырымның астарында тағы бір сыр бар деп білемін. Халқымыз «таспен атқанды аспен ат» деп, ел бірлігі, татулығы үшін кешірімге шақырып, алдына дұшпаны келсе де дастарханын жайып қонақ етіп жіберген. Үлкен ата-әженің тәрбиесін көргендіктен халықтың ырымдары санамызда жатталып қалған. Тағы бір ырымда, үйге нәресте келсе, балаға сыйлық беріп шығарған. «Нәресте бойымен үйге пәлекет келеді, егер баланы бос шығарсаң үйде пәлекет қалып қояды» деп сенген.

Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, ана әлдиінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының алатын орны ерекше. Шәкірттерді салт-дәстүрге, өнерге, шеберлікке баулып, халқымыздың асыл қасиеттерін дәріптеуді өзіме мақсат етіп келемін.

Ұстаздық ұзақ тәжірибемнен менің түйгенім: «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақындығы,» - деп Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағанындай, шәкіртін сүйген ұстаз ақын болып кете ме деймін.

Сіңірген өн бойына дала сырын

Перзентімін Тоқырауын жағасының.

Шәкірттерге дарытсам деп келемін,

Бойымдағы өнердің бар асылын.

Өнерлі жан елдің көркі, дейді халқым

Үйретсем шәкірттерге ата-салтын.

Білімді, иманды ұрпақ келешекте,

Асырар қазағымның атақ-даңқын!

Сонымен, технология сабағының қыз бала тәрбиесіне ықпалы зор. Салт-дәстүрді дәріптей отырып, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету арқылы қыздарымызды «нағыз қазақтың қызы» етіп шығаратынымызға сенемін.



















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
?ыз балаларды ?лтты? педагогика негізінде т?рбиелеу

Автор: Кулай Астайкызы

Дата: 15.05.2015

Номер свидетельства: 211648


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства