kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақтың ұлттық ою- өрнектері. Ою түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бекітемін :                                       Оқу ісі меңгерушісі  

 Пәні :  Технология

Сыныбы :        5                   Күні :             

Тақырыбы :                             Қазақтың ұлттық ою- өрнектері. Ою түрлері

Сабақтың мақсаты:     Қазақ   халқының   ою- өрнек   түрлеріне   сипаттама   беру. Бұйымның сарамандық қолданысы,пішіні,материалы,түсі мен безендірілуінің өзара байланысы туралы түсінікті қалыптастыру;балалардың бойында қимаүлгілерді,жапсырма пішулерін дайындау туралы білімді,икемділік пен дағдыларды қалыптастыру,бұйым жасаудың техникалық шарттары және әдістерімен таныстыру,оларды орындауды үйрету.  

Білімділігі:       Ою өрнектің шығу тарихын, қолданылуын, айнала ортамен, табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Қиялдарына қанат бітіріп, әсемдікті өзінше танып, өз беттерінше ою-өрнек түрлерін ойластыруына әсер ету.

Дамытушылығы:     Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.:.

Тәрбиелігі:    Ою-өрнектердің мән-мағынасынан түсіндіре отырып,ұлттық өнерімізді терең ұғынуға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер:    Түсіндіру-иллюстрациялық (әңгіме,сұрақ-жауап) топпен   жұмыс, сарамандық  жұмыс.

Көрнекілігі:      Слайдтар,суреттер, плакаттар, шаблондар,эскиздер,дайын бұйымдар.

Пәнаралық  байланыс:   бейнелеу  өнері,   әдебиет,   математика,тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды тугелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Жапсырма дегеніміз не?

2. Жапсырманың қандай түрлері бар?

Жұмыстарын тексеру,бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ою түрлерін таңдату арқылы оқушыларды 3топқа бөлу

1-топ  « Құсқанат»

2-топ   «Қошқармүйіз»

3-топ   «Жауқазын»

Топ атаулары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

                                                                    Өнерді   таудың   бұлағынан,

                                                    Қойдың   құлағынан,

                                                Апамның    киізінен,

                                                  Қошқардың   мүйізінен    үйрендім.

                                                                                                 Ә.Қастеев.

Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Ою – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей.

 Қазақ халқының ою-өрнекке деген ынтасы және сұлулыққа деген көзқарасы өте жақсы дамыған. Ою-өрнекті жан-жануардың дене мүшесінің бір бөліктеріне байланысты оюлар ойлап шығарған. Ай, күн, жұлдызға арналған, көк әлемге байланысты ою-өрнектер және табиғатқа байланысты ою-өрнектер де көптеп саналады. «Ою-өрнекті» мағынасы бір-біріне жақын сөздер. Қазақтар көбінесе бір өрнекке салынып, қиып алынған үлгіні, үлгіге сай кескен сырмақтың қиығын сондай-ақ, мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін де ою деп атайды.

Өткен ғасырдағы қазақ халқының өнерін зерттеуші ғалымдар «Қазақ өрнек әлемінде өмір сүретін тәрізді, оларда қоршаған орта ерекше әшекей ою-өрнек әлемімен жырланған. Үй-мүлкі, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киім-кешек көпке сүйікті ою-өрнекпен көмкерілген» деп айрықша атап көрсеткен. Ғалымдар әзірше ою-өрнектің 230-дай түрін анықтап отыр.

/Көрнекілікпен жұмыс/.

Ұлттық  ою - өрнектерді    төрт  топқа  жатқызады:

  1. Жан жануарлар  тектес  ою - өрнектер.

Қошқар  мүйіз – қазақ  оюының  ең  көне  түрі.  Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік  бұйымдарының  бәрінде  кездеседі.

Сыңар  мүйіз – кең  тараған  ою - өрнек үлгісінің бірі.  «Қошқар  мүйіздің» тек  бір  жақ  сыңарын  ғана бейнелейді.  Сырмақ, текемет, киім-кешектердің  жиегіне  істетіледі.Түйе  табан – түйенің  басқан  ізіндегі  қос  табаны  сияқты  дөңгеленіп  келетін, S әріпі  тәрізді  күрделі  өрнек. «Табақша  өрнек» деп  те  аталады.

Түйе  өркеш – түйенің  қос  өркешіне  ұқсайтын  өрнек.  Әшекейленетін  заттардың  жиектеріне  көбірек  істетіледі. 

       Қос  қанатты – құстың  қос  қанатын   кең  жайып  ұшқан  бейнесіне  ұқсайтын  өрнек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақтың ұлттық ою- өрнектері. Ою түрлері»

Бекітемін : Оқу ісі меңгерушісі Уткелбаева А

Пәні : Технология

Сыныбы : 5 «Б»

Күні : 05.11.2015

Тақырыбы : Қазақтың ұлттық ою- өрнектері. Ою түрлері

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ою- өрнек түрлеріне сипаттама беру. Бұйымның сарамандық қолданысы,пішіні,материалы,түсі мен безендірілуінің өзара байланысы туралы түсінікті қалыптастыру;балалардың бойында қимаүлгілерді,жапсырма пішулерін дайындау туралы білімді,икемділік пен дағдыларды қалыптастыру,бұйым жасаудың техникалық шарттары және әдістерімен таныстыру,оларды орындауды үйрету.

Білімділігі: Ою өрнектің шығу тарихын, қолданылуын, айнала ортамен, табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Қиялдарына қанат бітіріп, әсемдікті өзінше танып, өз беттерінше ою-өрнек түрлерін ойластыруына әсер ету.

Дамытушылығы: Оқушылардың теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен көрсетуге ықпал ету, сарамандық іс-әрекеттерін қалыптастыру.:.

Тәрбиелігі: Ою-өрнектердің мән-мағынасынан түсіндіре отырып,ұлттық өнерімізді терең ұғынуға, еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз халқының салт-дәстүрін құрметтей білуге, ұлтының ерекшеліктерін түсінуге, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру-иллюстрациялық (әңгіме,сұрақ-жауап) топпен жұмыс, сарамандық жұмыс.

Көрнекілігі: Слайдтар,суреттер, плакаттар , шаблондар,эскиздер,дайын бұйымдар.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет, математика,тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды тугелдеу,сабаққа дайындықтарын тексеру.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1. Жапсырма дегеніміз не?

2. Жапсырманың қандай түрлері бар?

Жұмыстарын тексеру,бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Ою түрлерін таңдату арқылы оқушыларды 3топқа бөлу

1-топ « Құсқанат»

2-топ «Қошқармүйіз»

3-топ «Жауқазын»

Топ атаулары арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Қошқардың мүйізінен үйрендім.

Ә.Қастеев.

Ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Ою – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу, бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.

Өрнек дегеніміз – кез келген бұйымның сыртына түсірілген біртұтас байланысты әшекей.

Қазақ халқының ою-өрнекке деген ынтасы және сұлулыққа деген көзқарасы өте жақсы дамыған. Ою-өрнекті жан-жануардың дене мүшесінің бір бөліктеріне байланысты оюлар ойлап шығарған. Ай, күн, жұлдызға арналған, көк әлемге байланысты ою-өрнектер және табиғатқа байланысты ою-өрнектер де көптеп саналады. «Ою-өрнекті» мағынасы бір-біріне жақын сөздер. Қазақтар көбінесе бір өрнекке салынып, қиып алынған үлгіні, үлгіге сай кескен сырмақтың қиығын сондай-ақ, мүйіз тектес ою-өрнекке қосылатын барлық «қошқар мүйіз» ою-өрнектерін де ою деп атайды.

Әсемдеудің кең таралған бір түрі – жан-жануарлар, өсімдіктер немесе геометриялық фигура элементтерімен үнемі ырғақты қайталанып келуі десе болады. Халықтың қолөнері, соның ішінде ою-өрнек салу қазақ жерінде өмір сүрген, ертедегі мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі рулар: сақтар, үйсіндер, ғұндар өнерінің негізінде қалыптасты. Ою өрнек өнеріне тұрмыстық жабдықтар мен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажет құрал-жабдықтар да кіреді. Қазақ ою-өрнек атаулары халықтың мәдени-әлеуемттік өміріне байланысты өзгеріп отырады. Қазақ халқының қол өнерінде ою-өрнек салмай жасаған бұйымдарды көре алмайсың. Оларды киіз басудың өзінде киіздің үстіне басқа түсті жүн жабыстыру арқылы басқан. Кесте өнеріндегі текемет, аяққап, қоржын сияқты бұйымдарды кестелеудің өзінде ою-өрнек қолданамыз. Ою-өрнек салып жасалған бұйымдар көздің жауын алады, өте әдемі көрінеді.

Өткен ғасырдағы қазақ халқының өнерін зерттеуші ғалымдар «Қазақ өрнек әлемінде өмір сүретін тәрізді, оларда қоршаған орта ерекше әшекей ою-өрнек әлемімен жырланған. Үй-мүлкі, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киім-кешек көпке сүйікті ою-өрнекпен көмкерілген» деп айрықша атап көрсеткен. Ғалымдар әзірше ою-өрнектің 230-дай түрін анықтап отыр.

/Көрнекілікпен жұмыс/.



Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа жатқызады:



  1. Жан жануарлар тектес ою - өрнектер.



Қошқар мүйіз – қазақ оюының ең көне түрі. Сырмақ, текемет, алаша, клем, киіз былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдарының бәрінде кездеседі.



Сыңар мүйіз – кең тараған ою - өрнек үлгісінің бірі. «Қошқар мүйіздің» тек бір жақ сыңарын ғана бейнелейді. Сырмақ, текемет, киім-кешектердің жиегіне істетіледі.





Түйе табан – түйенің басқан ізіндегі қос табаны сияқты дөңгеленіп келетін, S әріпі тәрізді күрделі өрнек. «Табақша өрнек» деп те аталады.

Түйе өркеш – түйенің қос өркешіне ұқсайтын өрнек. Әшекейленетін заттардың жиектеріне көбірек істетіледі.

Қос қанатты – құстың қос қанатын кең жайып ұшқан бейнесіне ұқсайтын өрнек.





2. Гүл – жапырақ өсімдік тектес ою - өрнектер.

Гүл (жауқазын) – барлық гүлдің бірбеткей бейнесін бейнелейтін өрнек.




Көбелек – қанатын еркін жайып, көсіле ұшқан

гүлді көбелектің үлгісіндегі өрнек. Шай

дорбаға, аяққаптарға істетіледі.

3. Космогониялық ою - өрнектер.



Жұлдыз – аспандағы жыпырлаған жұлдыздардың натуралы қалпын бейнелейтін және бес жұлдыздың бейнесіне ұқсайтын өрнек.

4. Геометриялық ою - өрнектер.



Ботакөз – сыртқы пішіні ботаның көзіне ұқсап келетін ромбы тәріздес өрнек.

Қарға тұяқ – қарғаның басқан ізінің үлгісіне ұқсатылып жасалған өрнек. Алаша, кілем тоқуда пайдаланылады.



Тұмарша – үшбұрыш үлгілес болып келетін өрнек. Бұйымдардың жиектерін, ортасын көмкеруде кездеседі.

Әр ою - өрнектің астарында мағына болады. Мысалы: «қошқар мүйіз» оюы молшылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақ бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді









Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады. Ақ қағаздан қайшымен қиып алған ою - өрнектің шаблонын жапсырма қағаз бетіне қойып, қарандаш арқылы сызып түсіреміз. Оқушылардың жапсырма қағаз бетіне түсірген ою - өрнектерін қайшымен қиып аламыз.

Камотекстің бетіне диоганаль сызықтарын жүргізу арқылы центрлік нүктесін табамыз. Алынған оюды камотекстің бұрыштарына келтіріп, жапсырма қағазымызды жапсырамыз.













Әр ою-өрнектің астарында мағына болады. Мысалы, «қошқар мүйіз» ою молышылықты меңзейді, «ағаш» оюы ынтымақты, бірлікті, «ирек» оюы адамның өмір жолы, судың белгісі, «шеңбер» оюы жарық өмір жолы дегенді білдіреді, «гүл» оюы барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып 12 жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі. «Жапырақ» оюы ағаштың барлық өсімдіктердің жапырақтарын тұспалдайтын ою-өрнек. «Балдақ» оюы бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шар формасына келеді. «Қазмойын» оюы құстың мойнын тұспалдауынан шыққан. «Түйетабан» түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. «Төртқұлақ» төрт тармағы зооморфты немес өсімдік оюларынан құралған. «Ботагөз» оюы сыртық пішіні ботаның көзіндей ромб тәріздес геометриялық ою-өрнек. «Өркеш» оюы түйенің қос өркешін бейнелейді. Қазақ ою-өрнектерінің ішіндегі ең көп кездесетін түрі зооморфты оюлар. Ертедегі көшпенділердің шаруашылығы мал болғандықтан, олардың дүниетанымы осы кәсіппен тікелей байланысты.

IV. Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздерді жазу

Симметрия - ою-өрнектердің бір-біріне тең келуі

Ырғақ - бір оюдың ретімен бірнеше рет қайталануы

Калорит- түстер үйлесімі

Композиция - ою-өрнектердің ретімен орналасуы,үйлесуі



Жаңа сабақты бекіту мақсатында 3-топқа тапсырма беріледі.

(Оқушылар тапсырманы орындап жатқанда тақтадан оюлардың тұрмыста қолданылуы туралы бейнеролик көрсетіледі)

1-топ тапсырмасы «Адасқан әріптер» арқылы сөз яғни,оюдың атын тап.

МҮЙІЗАРҚАР

ҚОШМҮЙІЗҚАР
ҚАНАТҚҰС

ЖҰДЫЗЛ

КӨЗТАБО

УС ӨРГІНЕ

ТАБАНТЙЕҮ

ҚҰЛАҚТӨРТ

2-топ тапсырмасы «Жалғасын тап»

1. Бүгінгі істі ... қалдырма. (ертеңге)

2. Жеті рет өлше, ... рет кес. (бір)

3. ... ойғанның ойы ұшқыр. (Ою)

4 .Еңбек қылсаң ерінбей, тояды ... (қарның тіленбей)

5 .Шешеннің ... мерген, шебердің ... мерген (сөзі,көзі,ісі)

6. Қыз еркем .... көркем. (кестесімен)
Ұл еркем .....көркем. (өнерімен)

7. Киім пішсең кең піш,
Тарылтуың ....
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың ..... (оңай)

8. Шебердің ..... ортақ. (қолы)

3-топ тапсырмасы Қиылған бөлшектерден ою құрастыр және атын ата

V. Сарамандық жұмыс

Өткенді еске алып, ойға толам,

Сұрыптап тезге салып, көп ойланам,

Ой түбіне жете алмай титықтасам,

Қолыма қайшы алып, ою оям – деп, Б.Момышұлы атамыз айтқандай біз де келесі сарамандық жұмыс бөліміне көшеміз.

Ою-өрнекті қағазға бастырып қию,ашықхат даярлау

Қажетті құрал –жабдықтар: ою-өрнек үлгісі,қайшы,қалам,түрлі-түсті қағаз,өшіргіш,желім.

  1. Қауіпсіздік ережесін қайталау

  2. Технологиялық карта бойынша жұмыс

а) Парақты екі осі бойынша бүктеу

б) Қағаздың 1\4 бөлігіне оюдың суретін салу

в)Жұмыстың дұрыс орындалуын тексеру

г) Дайын оюды қиып алып,қағаз бетіне жапсыру







VІ.Сергіту сәті

« Сырмақ шерткен сыр» ертегі

Ерте-ерте-ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою, өрнек, кесте, бастырма, тоқыма, оймыш, бәдіз, тігін, құйма өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші-сырты, киім-кешектері, жиһаздары мен бұйымдары, құрал-саймандары, қару- жарақтары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсем де көрікті екен. Және олар бір-бірімен ою тілінде де сөйлесе алатын болыпты. Сол себептен бұл ел басқарушысы – Ою хан аталып кетіпті. Жылдардың бір жылында бөтен елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, бұрынғы әдеп, ежелгі өнер, бұған дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. – Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп бара жатырсыз, – деп жөн айтқанның бәрін, айтпақ болғанның да, тіпті ондай адамдармен сыбайлас екен дегендердің де көзін жоя беріпті. Сондықтан да оны халық- Жою хан деп атапты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолындағы аң атаулы ны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда, бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталаса ажыратып үлгергенше, үкі оның екі көзін ойып жібереді. Ешнәрсе көре алмай келе жатып, бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді. – “Кімде – кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын”– деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды. Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Ою хан жолында кезіккен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: – Жою ханның баласын көрдің бе? – деп сұрайды. – Жою хан баласы жолында кезіккен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта ай налып келіп сойып алмақ болғанда, мен оның екі көзін шығардым. Өйткені ол жаралағанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдары еді. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр, – дейді үкі. Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, оқиғаның желісін сырмақ бетіне түсіреді де, әлгі сырмақты Жою ханның алдына жайып тастайды... Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып ұзақ отырып, ондағы оқиғаны іштей былай тарқатады: - “Балам биік-биік тауларды асып, терең-терең суларды өтіп, қалың орманды аралап, күндіз де, түнде де талмай жүрген екен. Жүрген жолында ол ұшқан құстармен беттесіпті, бұғымен кездесіпті,Тау тағысы арқар да жолығыпты. Алдынан қодас шыққан көрінеді. Жорғалаған тышқандар да қарсы келгенге ұқсайды. Сорлы балам жолбарыспен де арпалысыпты... Балықа да ұшырасыпты... Айдын көлге де түсіпті... Қайран ұлым, алып күштің иесі екендігіңді аңдарға көрсеткенше, ел ішіндегі дұшпандарыңа неге көрсетпедің?! Тірімісің, өлімісің? Тоқта, мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінді – жаны рухқа, тәні әруаққа айналды деп тұр ма?...” Кенет Жою хан орнынан атып тұрып: – О, жалған! Менің жалғыз ұлымның шынымен өлгені ме? Өлтірем!!! – деп қылышын суырып алып, Ою ханға төнеді. Сонда Ою хан: – Дат, тақсыр! Сенің:“Кім де кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын деген жарлығың бар емес пе еді, ”– дейді. – Иә, бар! – дейді қаһарлы хан. – Ендеше, балаңның өлгенін мен де, мына халық та сенің өз аузыңнан естіп тұрмыз, “Ханның екі айтқаны – өлгені”. Алынса, сенің басың алынуы керек, – дейді Ою хан саспай. Бүкіл халық оны қолпаштай жөнеледі. Сөйтіп, Жою ханның өз жарлығы өзінің басын алуға себепкер болыпты





Сырмақ сөйлей ме?

-«Сырмақ сыр шертеді» дегенді қалай түсінесіз?

Ертегі кейіпкерлері не себепті Ою хан, Жою хан деп аталады?

VI . Қорытынды.

«Бір сөзбен»әдісі арқылы сабақ соңында оқушылардың алған әсерлерін білу

  1. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, жіберілген қателерін көрсету.

  2. Жасалған бұымның нәтижесіне қарай бағалау.

VIІ .Бағалау

Үйге тапсырма

Матадан ою-өрнек жапсырмалау























1-топ тапсырмасы

«Адасқан әріптер» арқылы оюдың атын тап.

МҮЙІЗАРҚАР

ҚОШМҮЙІЗҚАР
ҚАНАТҚҰС

ЖҰДЫЗЛ

КӨЗТАБО

УС ӨРГІНЕ

ТАБАНТЙЕҮ

ҚҰЛАҚТӨРТ





















2-топ тапсырмасы «Жалғасын тап»



1. Бүгінгі істі ... қалдырма.

2. Жеті рет өлше, ... рет кес.

3. ... ойғанның ойы ұшқыр.

4 .Еңбек қылсаң ерінбей, тояды ...

5 .Шешеннің ... мерген, шебердің ... мерген

6. Қыз еркем .... көркем.
Ұл еркем .....көркем.

7. Киім пішсең кең піш

Тарылтуың ....
Темір кессең қысқа кес,
Ұзартуың .....

8. Шебердің ..... ортақ.






























1) Ою-өрнек дегеніміз – сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.
2) Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
3) Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
4) Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
5) Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі
- Балалар, сендер осы ою-өрнектерді танып білдіңдер десе болады. Енді ЭЕМ арқылы жұмыс жасаймыз.Компьютерді іске қоспас бұрын техника қауіпсіздігін еске түсірейік.



























«Сырмақ шерткен сыр» аңыз әңгімесін айтуға болады.

Ертеде бір әділ хан болыпты. Оның жарлығымен қол астындағы халық үй жиһаздарын, киім-кешек, құрал-саймандарын, қару-жарақтарын ою-өрнектеп әдемілеп ұстайтын болған. Сондықтан оны халық Ою хан атапты. Бір жылдары бөтен елдің ханы жаулап алып, Ою ханды зынданға тастапты. Ою ханның орнына хан болып, бұрынғы салт-дәстүрді, ою-өрнекті жойып, жаңаша құрмақ болады. Жаңа дегендерінің бәрі тез ұмыт бола береді. Оған жөн айтқан адамдардың көзін жоя берген. Сондықтан оны халық Жою хан деп атапты.

Бұл кезде Ою хан зынданда жағдайдың бәрін естіп-біліп жатыпты. Бір күні Жою ханның жалғыз ұлы аңға шығады. Жолдағы аңның бәрін түгел қырып, ойына келгенін істеп келе жатырғанда бір үкі мұның бетіне шапшып, екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көре алмай тентіреп келе жатып, жардан құлап көлге батып өледі. Жою хан баласына іздеу салады.

-Кімде-кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын,- деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармай.

Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге баратынын хабарлайды. Жою хан оны зынданнан шығарып, жолға салады. Ол дәрі-дәрмегін алып орманды аралап келе жатса бір тастың астынан:

-Жойылсын, Жою хан! –деп қиналған дауысты естиді. Тасты көтеріп қараса, жамбасына оқ тиіп, күйреген сұр тышқанды көреді. Оның аяғын таңып, дәрі құйып жөніне жібереді. Осылайша кездескен аң-құстың барлығын



.



VI. Үйге тапсырма.

Жастыққа арнап шаршы оюын ойып келу.


































ҚҰСҚАНАТ














ЖАУҚАЗЫН

















ҚОШҚАРМҮЙІЗ





























ТӨЗІМСІЗДІК

АШУ

ҚУАНЫШ

НЕМҚҰРАЙЛЫҚ

ҚАНАҒАТТАНУ

ШАБЫТ

ЗЕРІГУ

АЛАҢДАУ

ТЫНЫШТЫҚ



СЕНІМДІЛІК

СЕНІМСІЗДІК

РАХАТТАНУ





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Технология (девочки)

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақтың ұлттық ою- өрнектері. Ою түрлері

Автор: Дабылова Құралай Ерболатқызы

Дата: 16.03.2017

Номер свидетельства: 400987

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "?аза?ты? ?лтты? ою ?рнектері. Ою т?рлері ж?не дайындау реттілігі."
    ["seo_title"] => string(63) "kazaktynulttykoiuorniektierioiuturlierizhniedaiyndauriettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "319282"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1460794166"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(75) ""Қазақтың ұлттық ою-өрнектері" ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(41) "kazaktyn_ulttyk_oiu_ornekteri_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "535587"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1578938453"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Та?ырыбы: ?аза?ты? ?лтты? ?ол?нері.  ?аза? ою-?рнектері "
    ["seo_title"] => string(62) "tak-yryby-k-azak-tyn-u-lttyk-k-olonieri-k-azak-oiu-orniektieri"
    ["file_id"] => string(6) "200045"
    ["category_seo"] => string(12) "tehnologiyad"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1428692989"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "?аза?ты? ?лтты? оюлары"
    ["seo_title"] => string(26) "k-azak-tyn-u-lttyk-oiulary"
    ["file_id"] => string(6) "248624"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1446745178"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Тақырыбы: "Қазақтың ұлттық ою-өрнегі""
    ["seo_title"] => string(41) "tak_yryby_k_azak_tyn_u_lttyk_oiu_ornieghi"
    ["file_id"] => string(6) "361093"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1479732296"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства