Мақсаты: Балаларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру, есте сақтау қабілеттерін шындау, ой-өрісін, сөз байлығын, тілін дамыту, қазақ тілінде айтылатын ою-өрнектердің түрлерін жаттатқызу. Қазақ халқының асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін, өнерін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Педагог: -Балалар, айтыңдаршы, біз қай елде тұрамыз?
-Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
-Қазақстан еліндегі ұлттар қалай тұрады?
-Әр ұлттың өз мәдениеті мен салт-дәстүрі бар. Бүгін біз қазақтың ұлттық ою-өрнектер түрлерімен танысамыз. Ою-өрнектер латынның орнамент – әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Қазақтың ою-өрнектерінің түрлері де, атаулары да көп, 360-қа тарта түрлері бар. Ою-өрнек өнері ғасырлар бойы қазақ халқының бейнелеу өнерінің жеке түрі болып келеді. Үй ішінің тұрмысына қажетті заттарды, ұлттық киімдерді, бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданған. Ою-өрнектерді – жануарлар, өсімдіктер, геометриялық пішіндерге ұқсап келеді. Бүгін біз ою-өрнектің осындай түрлерін өтеміз: «Қошқар мүйіз», «Сынық мүйіз», «Итқұйрық», «Ботакөз», «Таңдай», «Қос дөңгелек». Осы ою-өрнектермен біз бүгін жұмыс істейміз.
«Суреттерді екі топқа бөл» дидактикалық ойын.
Ойын шарты: Балалар суреттерге қарап, ою-өрнегі бар және ою-өрнегі жоө суреттерді бөліп, қалташаларға салады.
Сергіту сәті:
Бас бармақты бассам егер,
«Ботакөз» боп шығады.
Алақанды ашсам егер,
«Бестаңба боп шығады.
Егер жұмсам алақанды,
«Тарақ» оюы шығады.
Оюларды білетін,
Біз ақылды баламыз.
«Кесенің оюын тап» дидактикалық ойын.
Ойынның шарты: Балалар берілген ою-өрнегі бар кеселерге түріне және түсіне ұқсас ою-өрнектерді табады.
Педагог: Келесі ойынды біз үстелдің басында ойнаймыз.
Ойынның шарты: Балалар суретке қарап немесе өз ойымен, кілемшені ою-өрнектермен безендіреді.
ІІІ. Қорытынды:
Педагог: -Балалар, біз бүгін сендермен не туралы өттік?
-Қандай ою-өрнектер естеріңде бар?
-Бүгінгі сабақта қандай ойындар ұнады?
-Балалар, бүгін сабақта қатысқандарын үшін мен сендерге сыйлық жасап әкелдім, бояу-кітапшалары. Бұл бояу-кітапшасында, ою-өрнектер салынған, оны бояп, атауы жаттауға болады. Және де сандық, кілемше, киім-кешек, ыдыс-аяқта ою-өрнегі бар суреттер де бар. Рахмет сендерге балалар. Сау болыңдар!
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«"Қазақтың ұлттық ою-өрнектері" ашық сабақ»
«Дән» балабақшасы
№2 педагогикалық кеңеске ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері»
«Ручеек» ересектер тобы
Дайындаған: Абдыгалиева А.С.
Жақсы кенті
2019-2020 оқу жылы
Білім беру саласы: «Коммуникация».
Бөлімі: «Қазақ тілі».