Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Красноармейск ЖОББМ
Тақырыбы:
7- СЫНЫП
Дайындаған: 1-санатты қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Р.М. Жұмағазиева
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.
Көрнекілік : Тест сұрақтары, әшекей бұйымдардың суреттері.
Техникалық құрал: Компьютер
Пәнаралық байланыс: Тарих,этнография, музыка
Сәлем, достар!
Менің есімім, Алқагүл!
Мен бүгін сендерді өзімнің сүйікті елім, зергерлік өнердің отаны -
“Зергерлер елімен”танысуға шақырамын!
Қош, келдіңіздер!
Зергерлік өнердің қыр-сырын өздеріңе меңгерту, көсемше тақырыбын қайталау;
Өздеріңнің таным белсенділіктеріңді арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттеріңді дамыту.
Бүгінгі сабақ барысында алған білімдеріңді пайдаланып, қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет-ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені құрметтеуге, ойлау қабілетін дамыта компьютерлік біліктілікке тәрбиелеу
Зергерлік өнердің тарихын меңгеру.
Әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін ажырата білу.
Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
Тәрбиелік мәнін ұғыну.
1. Тест жұмыстары.
2.Деңгейлік тапсырмалар.
3. Соңғы пікірді маған қалдыр.
Балалар “Зергерлер елін” толық аралап, тарихын, тұрмыс-тіршілігін білгілерің келсе, сонымен қатар өздеріңе ұнаған әшекей бұйымды иелену үшін менің қойған барлық тапсырмаларымды орындауларың тиіс. Барлық тапсырманы мүлтіксіз орындаған жан ғана “Зергер - шебер” деген атаққа ие болып, өзіне ұнаған әшекей бұйымды тегін ала алады. Сәлеммен, Алқагүл!
1.Әбілхан Қастеев кім? а) ғалым ә) ақын б) суретші 2.Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан? а) Астанада ә) Қызылордада б) Алматыда 3.Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі қалай аталады? а) қолөнер ә) ғылым б) сәулет өнері 4. Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалай атайды? а) ұста ә) шебер б) ісмер 5.Қандай адам ұлттық киімдерді тігумен айналысады? а) зергер ә) ұста б) ісмер
I. Мәтінмен жұмыс
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде пайда болған.
«Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан,
күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді.
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған.Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б.з. 2-5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай-ақ діни- идеологиялық, әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған.
Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие.
Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге бөлінеді:
Шашқа тағылатын
Зергерлік бұйымдар
түрлері
Мойынға және кеудеге тағатын
Қолға тағатын
Иыққа тағатын
Аяққа тағатын
Белге тағатын
Достар, бұл менің әшекей бұйымдарым !
1. Қазақ даласында зергерлік өнер алғаш қай дәуірде пайда болған?
2. Қарғалы қазынасынан қандай әшекейлік бұйымдар табылған?
3. Ақтас қорымынан қандай бұйымдар табылған?
4. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктердің, білезіктердің, алқалардың, шолпылардың ерекшелігі қандай?
5. Зергерлер әшекей бұйымдарды жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
6. Негізгі материал ретінде қандай метал түрлері пайдаланылған?
7. Неліктен әшекей бұйымдар көбінесе алтыннан жасаған?
8. Зергерлер қандай асыл тастарды шебер пайдаланған?
9. Асыл тастардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?
Достар, зергерлік бұйым дүкенінен өздеріңе ұнаған әшекей сатып алу үшін орындалатын тапсырмалар:
I деңгейдің тапсырмасы
1. Көсемшенің жұрнағын жалға.
Зергерлік әшекей бұйымдар тек байлық пен сәндік үшін ғана емес, ол киім-кешек мәдениетіндегі ажырамас бөлік бол... табылады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін зергерлік, әсемдік бұйымдар жаса... ды.
2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Керекті сөздер:
бұйымдарды, үкілі сәукеле, білезік, белдік,шолпы, бас киім, Бөкей ордасында, 2000 сомға, тіршіліктің күші, шашбау;
Қымбат әшекей ... – сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқа, диадема мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік қатаң қағидалары болған.
Қазақ аруларының басына ... ... киіп, құлағына алтын сырға тағып, білегіне ... киюі, беліне ... буынып, шашына ... қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын куәлайды.
Әйел киімінің басты элементінің бірі - ... . Аса көркем әшекейленген қымбат сәукелелер кездескен бір түрінің құны ... күміс ақшамен 1000 сомға бағаланса, Семей төңірегінде ... жеткен көрінеді.
Қазақ халқы әйел шашының ұшында ... бар деп есептеген. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, шолпы немесе ... байланған.
3. Көсемше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгіле
жұрнақтар
- а
айт
көр
- е
сөйле
- й
кеңес
- іп
ойна
-ып
жаса
-ғалы
-гелі
-қалы
-келі
II деңгейдің тапсырмасы
1. Сөйлемдегі сөздерді бос орынға дұрыс орналастыр.
Бойжеткендерге таққан шолпы тік ұстасаң, қойылған шарт тиындар деген шылдырламайды.
Кісі алдынан сылдырласа өткенде тиындар, деп есептелген ол үлкен әдепсіздік.
Өз балаларына өнерін әр шебер, үйретіп отырған жақын туыстарына.
Жұмыс істейтін орын ұста-зергерлердің орны дүкен деп аталған ертеректе.
2. Диалогтағы бос орындарға көсемшенің жұрнағын жалға және өз бетіңше жалғастыр
- Ажар, мен бүгін сән үйіне бар ... жатырмын.
- Сен менімен бар ... сың ба?
- Бүгін сән үйінде атақты модельер Ақкенже Девятко өз өнерін көрсет ... жатыр.
- Қуана бар ...мын.
-Кездескенше!
1. Алтын кемер ... , Ақылды жігіт елге сән. 2. Алтын балдақ ... Әшекей кесте тон сәні 3. Атадан көріп ... , Анадан көріп ... . 4. Шебердің қолы ... Шешеннің сөзі ...
Бұрын ер баласы тұрмай жүрген немесе баланы өте кеш көрген ата-аналар ырым етіп қартайғанда көрген осы ұлымыз тұрсын, тіл-көзден, әртүрлі жаман күштерден аман болсын деген мақсатпен ұл емес қыз деп құлағына сырға тағып қоятын болған .
Өңіржиек – көйлектің сыртынан омырауға тағылатын
өте қымбат бағалы, сәндік әшекей бұйым. Зергерлер оны
үзбелеп, салпыншақтар тағып, асыл тастардан көз орнатып жасайды.
Есте сақта!
Өңіржиек пошымы мен түзілісінің мағынасы ұрпақтың өсіп өркендеуі, оны жалғастырушы әйел адамның рөлі, әртүрлі қауіп-қатерден сақтану деген мағынаны білдіреді.
«Көрінер ақ үй сұлу үздігімен
Көрінер келін сұлу жүзігімен»
Жүзік – саусақ сұғатын шеңбері таза алтын немесе
күмістен соғылып, бетіне асыл тастан көз орнатылған,
әртүрлі пішінде әзірленген алақаны бар, саусаққа
сәндік үшін киілетін сәндік бұйым.
Есте сақта!
Қазақтар ертеде бойжетіп келе жатқан қызға мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат жүзіктер даярлаған. Аса қадірлі жүзіктерге Мұхаммед пайғамбардың атын жазған.
Құсмұрын жүзіктер бақыттың, тәуелсіздіктің, еркіндіктің белгісі ретінде танылған. Жаугершілік сапарға аттанған жігіттерге өз ұясына аман-есен келсін деген тілекпен сыйланған.
Сән үлгісінің шебері, өз туындылары арқылы Батыс Қазақстан өңірін бүкіл әлемге таныстырған Ақкенже Девятконың тапсырмасы: