Психологиялы? дайынды?
?ш сауса?ым орамды,
Ж?гіртеді ?аламды,
?нерлі екен он сауса?.
?ала салса?, жол салса?.
?аза?ты? ?лтты? ?ол?нері хал?ымызды? ата - бабадан ?рпа??а жеткен шеберлігі, ?сталы?ы, ісмерлігі.
?аза?ты? ?лтты? ?ол?неріні? бірнеше т?рі бар.
?аза?ты? ?лтты? ?ол?нері
♦ Ж?н ж?не одан жасалатын заттар
♦ Зергерлік б?йымдар
♦ А?аштан жасалатын б?йымдар
♦ ?лтты? киімдер
♦ Ши орау ?ол?нері
♦ Теріден жасалатын б?йымдар
♦ С?йек, м?йізден жасалатын заттар
Ж?н ж?не одан жасалатын заттар
Т?рт т?лік малды? ж?ні ?аза? хал?ыны? ?мір тіршілігінде ?лкен роль ат?ар?ан ж?не оны ??сатуды ел б?дан мы?да?ан жылдар б?рын білген. ?аза? хал?ыны? шаруашылы?ында мал ж?ніні? е? асылы ж?не б?йымдар жасау?а е? к?п ?олданатыны т?йе ж?не ?ой ж?ндері, ешкі т?біті, оны? ?ылы, содан кейінгісі жыл?ыны? жал - ??йры?ы, т?йені? ж?ні, шудасы. Зергерлік б?йымдар
Зергерлік – ?те ерте заманнан келе жат?ан ?нер. Алтын - к?міс ?шекейлі б?йымдарды жасаумен ?уестенушілерді зергер деп атау б?кіл Орта Азия халы?тарында ерте кезден - а? ?алыптас?ан. ?аза? шеберлер зергерлік ?нерін біліп біра? алтын - к?місті ?здері ?орытып, ?ндіре алма?ан. Сонды?тан оларды к?рші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбас?а алып отыр?ан. Кесек к?міс пен алтын о?айлы?пен табылма?анды?тан ол кездегі ?аза? зергерлері к?бінесе алтын, к?міс а?шаларды ?айта бал?ытып немесе ол к?йінде пайдалан?ан.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?АЗА? ХАЛ?ЫНЫ? ?ЛТТЫ? ?ОЛ?НЕРІ»
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРІ
Рымбай Еримхан
Ақмола облысы, Бұланды ауданы
Макинск қаласы
КММ «Балуан Шолақ
атындағы мектеп-лицей»
Мақсаты: 1. Оқушыларға қазақтың ұлттық қолөнері туралы мәлімет беру, әр түріне қысқаша тоқталу. 2. Оқушылардың қазақтың байырғы қолөнеріне, шеберліктеріне қызығушылығын арттыру. 3. Оқушыларды өз ұлтының дәстүрлерін, бабадан қалған қолөнерін құрметтеуге, дәріптей білуге тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды, Өнерлі екен он саусақ. Қала салсақ, жол салсақ.
Қазақтың ұлттық қолөнері халқымыздың ата - бабадан ұрпаққа жеткен шеберлігі, ұсталығы, ісмерлігі. Қазақтың ұлттық қолөнерінің бірнеше түрі бар.
Қазақтың ұлттық қолөнері ♦ Ағаштан жасалатын бұйымдар ♦ Ұлттық киімдер ♦ Ши орау қолөнері ♦ Теріден жасалатын бұйымдар ♦ Сүйек, мүйізден жасалатын заттар
Ағаш бұйымдары Қазақтың ұлттық қолөнерінде ағаштан көптеген заттар жасалады. Балташылар, ағаш ұсталары, ершілер қайыңды, үйеңкіні, үйшілер, ағаш ойып, шыбық өріп тоқушылар талды пайдаланады. Балташылар үй борайды, еден төсеп, арба, шана, жақтау, қақпа, тіреу сияқты ірі заттарды істейді. Ағаш ұстасы стол, шкаф, сөре, орындық, кебеже, асадал, рамалар жасайды. Ағаш оюшылар оны жонып күйдіреді де бояулап өрнектейді. Шыбық өрушілер, тоқушылар қамыстан, шиден қорап, шыпта, орындық, шарбақ сияқты заттарды өреді. Бұл жұмысқа бұтақсыз, оқырасы жоқ, таза ағаш таңдап алынады.
Киіз үй Қазақтың байырғы ұлттық баспанасы киіз үй болған, оны кейде қазақ үйі деп атайды. Қазақ үйлерінің үлкен - кішілігін керегелер санына қарай белгілейді. Киіз үйлердің екі, үш қанаттан бастап он екі, он сегіз, отыз қанатқа дейін жететін үлкендері болған. Киіз үйлердің түрлері мен атаулары да көп. Бұрынғы хан - сұлтандар мен атақты байлардың үйлері 8 қанаттан бастап 30 қанатқа дейін баратын. Бұларды ақ орда, алтын орда, алтын үзік деп атаған. Ал орташа шаруа мен кедей шаруаларға тән киіз үйлерді алты қанат ақ үй, боз үй, қоңыр үй, қара үй, жаба салма, көтерме туырлықты, күрке, қамсау (шошала), отау, итарқа, жаппа деп атаған. Қазақ үйлерінің сүйегі кереге, уық, шаңырақ, маңдайша, таяныш, табалдырық, сықырлауық деп аталатын ағаш құралдардан тұрады.
Жүн және одан жасалатын заттар Төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль атқарған және оны ұқсатуды ел бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Қазақ халқының шаруашылығында мал жүнінің ең асылы және бұйымдар жасауға ең көп қолданатыны түйе және қой жүндері, ешкі түбіті, оның қылы, содан кейінгісі жылқының жал - құйрығы, түйенің жүні, шудасы.
Зергерлік бұйымдар Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Алтын - күміс әшекейлі бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атау бүкіл Орта Азия халықтарында ерте кезден - ақ қалыптасқан. Қазақ шеберлер зергерлік өнерін біліп бірақ алтын - күмісті өздері қорытып, өндіре алмаған. Сондықтан оларды көрші орыс мемлекеттерінен сатып, айырбасқа алып отырған. Кесек күміс пен алтын оңайлықпен табылмағандықтан ол кездегі қазақ зергерлері көбінесе алтын, күміс ақшаларды қайта балқытып немесе ол күйінде пайдаланған.
Шолпы— әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Қазақ арасында оның түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш ұзын болып оседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдерге ерсі болса керек. Ал білезік - сақиналарды қарт әйелдер де сала береді. Шолпылардың жалпыға бірдей ел арасына көп тараған түрлерінің мынадай аттары бар: қоңыраулы шолпы, қозалы шолпы, қос үзбелі шолпы, көзді шолпы, көп үзбелі шолпы, сағат баулы шолпы, маржанды шолпы, шаш, теңге т. б.
Кесте және көркемдеп тігу Кесте және көркемдеп тігу ою - өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш - үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.
Ою - өрнекісі тым ерте заманнан бастап - ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою - өрнек деп қосарланып айтыла береді.
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер - су, көшіп - қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою - үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады.