(Кескіндеме, мүсін өнері, сәулет,сәндік-колданбалы өнері және графика)
Кескіндеме өнерінің портрет, пейзаж, натюрморт, анималистик жанырлары бар
Натюрморт дегеніміз не?
Натюрморт қай ғасырда, қай елде алғаш рет пайда болған?
(жансыз заттардың құралған көркем шығарма, натюрморт алғаш рет ХІІ ғасырда Голландияда пайда болған)
Пейзаж дегеніміз не?
(Табиғат көрінісін бейнелеу)
Батальды жанр дегеніміз не?
(соғыс тақырыбына салынған сурет)
Анималистик жанр дегеніміз не?
(жануарлар бейнесі салынған сурет)
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Мұғалім сөзі:
-Қазақ халқында ең кең тараған қолөнер.
Қолөнерге не жатады?
-Ағаштан жасалған бұйымдар, зергерлік бұйымдар, тігілген киімдер, ер-тұрмандар
Мұғалім: - Алдынғы сабақта Ағаш өндеу өнері туралы тақырыпты өттік
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1
Ағаштан жасалған ыдыс
а) саба
ә) сандық
б) келі-келсап
2 Ағаштан жасалған бұйымдар
а) кебеже, сандық
ә) балға, төс
б) қоржын, аяққап
3Ағаш түрлері
а) терек, қайың
ә) қына, балдыр
б) меңдуана, алоэ
4. Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалайатайды? а)ұста ә)шебер б)ісмер
Тірек –сызбамен жұмыс
Тапсырма : Тірек – сызбадағы бос торкөздерді қажетті сөздермен немесе суреттермен толтырыңыз.
Ағаш ыдыс-аяқтар
Ожау
тостаған
тегеш
таба
Келі-келсап
Ожау тегеш тостаған келі-келсап таба
III.Жаңа сабақ
Жаңа сабақты түсіндіру Бүгінгі сабағымызда қолөнер түрі зергерлік өнеріне тоқталайық.
Өткен заманда қолөнерінің түрлерінің бірі зергерлік өнер өзгеше орын алған. Алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы ертеден өндірілген. Олардың түрін алтын, күміс әшекейлер жасалған, тіпті кіиім тігілген. Алтын адамның бойынан төрт мың алтын бұйым табылды.
Алтын, күміс металдардан әшекейлер жасайтын адамда «зергер» дейді.
Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары.Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне күміс әшекейлермен сәнденеді.
Қазақ зергерлері күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі формалар жасауға қолайлылығын шебер пайдаланған.
Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын ең сүйкімді әшекейі – сырға. Сырғалар әртүрлі болып жасалады. Сырғаны бой жеткен қыздар,жас келіншектер таққан. Қазақ зергері жасаған сырғаларының түрі өте көп. Ай сырғалар, тас көзді сырғалар, күмбез сырғалар, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, шашақты сырға, т.б.
Мойынға тағатын әшекейлер алқа және бойтұмарлар.
Әйелдерге арналатын әшекейдің ең көбі, ертеден келе жатқан және бүгінге дейін кең қолданылатын бұйым-білезік. Білезік көбіне күмістен кейде таза алтыннан да жасалады.
Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі - сақина, жүзіктер.Қазақта ең қасиетті бұйым-жүзік.
Бой жеткен қыздар шолпы,шаш теңге тағатын болған.
Зергерлер көбінесе бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы күмісті пайдаланған.Күміс киелі нәрсе.Ол жүрген жерге жамандық жоламайды. Тамақ адал болу үшін қолда жүзік болуы керек немесе жаңа туған баланың дені сау,жаны таза болуы үшін күміс жүзік немесе күміс тенге салып шомылдыру, тамақты күміс қасықпен ішу сияқты ұғымдар әріден келе жатқан сенім-нанымнан туса керек. Бұл тұжырым негізсіз емес.Таза күмісте әр түрлі ауру қоздырғыш микробтарды өлтіретін қасиет бар
Тапсырма
Зергерлік бүйымдардың суретін салуды кезең бойынша көрсете отырып, альбомдарына орналастыру.
«Адасқан сөздер» ойыны
Сөздерді ретімен орналастырып мақал-мәтелді құрастыру: (Тақтада сөздер ретсіз орналасып, ілінеді.)
Дұрыс жауабы:
Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер.
Ата өнері - балаға мұра.
Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.
«Зергер» Ф.Оңғарсынова
Білесің бе бұл істі
Көрсең қайран боларсың -
Зергерлікке кім дайын?
Мақтанышы ол бір елдің.
Балқытып ап күмісті,
Күмістейді тағасын,
Сапырады судайын.
Таралғы мен жүгенін.
Осы жұмыс ырғағы,
Демеңіздер бұл қалай,
Білезік пен алқаны,
Күмісті де илеген.
Сақинаны,сырғаны,
Осы өнерді мұрадай,
Күміс сымнан тартады.
Зергерлерден үйренем!
Бағалау:
Үй жұмысы: Зергерлік бұйымдар туралы 5 - 6 сөйлем құрау.
-Зергерлік бұйымдардың қандай түрлерімен таныстық? -Шолпы, өңіржиек, алқа, сырға түрлерімен таныстық, олардың суретін салдық. -Бұл әшекейлер қыздарға, әйелдерге арналған.
-Қазақтың қызы қандай әшекейлер таққан? -Қазақ қызы кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан. Қазақ халқы мақал-мәтелдерге бай.Оның ішінде әрине өнер, еңбек туралы мақал-мәтелдерді кім көп біледі? 1.Жігітке жеті өнер де аз. 2.Шебердің инесі де, күймесі де – алтын. 3.Алтын балдақ – қол сәні, әшекей кесте тон сәні. 4.Өнер – мінсең ат, ұшсаң қанат, кисең – жанат, ішсең тамақ. 5.Шеберді саусақ асырайды. Шеберді шеге қағысынан таны. 6.Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес. зергерлік бұйымдар туралы 5 - 6 сөйлем құрау.