Просмотр содержимого документа
«Көркем еңбек "Ермексаз"»
Ермексаз ғажайыптары
Мүсіндеу
Мақсаты:мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда мүсіндеудің көмегімен бейнелердің пішіні мен мазмұны бойынша байқағыштығы мен эстетикалық қабылдауын, қиялын, бейнелеудің тақырыбы мен тәсілдерін іріктеудегі дербестігін, бастамашылығын, тапқырлығын қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы мүсіндеу дағдыларын дамыту, пішіндердің ерекшеліктеріне мән бере отырып үйлесімін, құрылуын, қозғалысын бейнелеу;
- мүсіндеудің тәсілдері мен пластикалық түрлері арасындағы байланыстарды құрып, балаларға заттардың түрін талдауға үйрету;
- заттардың пішіндері, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтары, кеңістіктегі орналасуы, өзіне тән белгілері туралы түсініктерін анықтау;
- өз еріктері бойынша заттарды мүсіндеуге, оларды бейнелеудегі тәсілдері мен құралдарын дербес іріктеуге үйрету, баланың шығармашылық белсенділігін, қиялын, зейінін, байқағыштығын дамыту.
Мазмұны
Заттық мүсіндеу
Сәндік мүсіндеу
Сюжетті мүсіндеу
Заттық мүсіндеу
Балаларды затқа қарап немесе көз алдарына елестету арқылы көлемі мен пішіні әртүрлі таныс заттарды, көкөністер мен жемістерге тән және де өздерінің ұнатқан киіпкерлері мен құстарында ерекше бейнелеуде барлық қол буындары мен саусақтарын дұрыс қозғалту техникасын сақтай отырып мүсіндеуге үйрету.
Міндеттері:
Бір кездері өздері бақылаған заттарды бейнелеуге, заттарды түрлі қалыптарда мүсіндеу, бейненің жеке ерекшеліктерін өздері таба білуге, заттардың ұзын және қысқа, жуан және жіңішке белгілерін бере білуге, бөліктердің салыстырмалық шамаларын сақтауға үйрету.
Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.
Заттардың қарапайым үйлесімін жеткізе білуге, бейненің қосымша бөлшектерін, оны сәнді бөлшектермен толықтыру іскерліктерін қалыптастыру.
Қарапайым қатынастарды сақтай отырып адам мен жануарлардың қозғалыстағы пішінін мүсіндеуге үйрету. Кеуде, бас және басқа да бөліктерді мүсіндей білуге, мүсіндеу тәсілдерін іріктеуде дербестікті білдіру, сазбалшықтарды бөлуге, өз жұмысын алдында тұрған үлгімен салыстыруға үйрету.
Адамның тік қалпын жасауға, бөліктердің салыстырмалы шамаларын сақтауға, мүсінделген пішіндердің бөліктерін мықтап бекітуге, оларды бір-біріне қосып, біріккен жерлерін арнайы кескіштің көмегімен тегістеуді үйрету.
Ескеретін жағдайлар
Өз бетінше тақырыптарды ойлап табу және ойын жүзеге асыру іскерліктерін дамыту. Адамның бейнесін, жануарларды, ойыншықтар мен ұлттық үлгідегі заттарды мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Балаларға пластикалық тәсілдермен мүсіндеуге үйрету (балшықтың үлкен бөлігінен созып алу).
Заттың бір бөлігін басқа затқа терең орналастыру арқылы бекітудің жаңа тәсілдерін меңгеру.
Ортақ композиция үшін ұжымдық мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Сабаққа қажетті материалдар:
ермексаз, кескіш, қалың қатырма қағаз немесе тақтайша, су құйылған ыдыс, қол сүртетін сүлгі.