Просмотр содержимого документа
«Урок по БиС технологии»
Тақырыбы:
Ғаламтордың пайдасы мен зияны
Өзіміз оқитын информатика пәнідегі танымал «Ғаламтор» ұғымының шығу тарихы 1957 жылдардан басталады. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.Олай болса, біз ғаламторға қаншалықты терең үңілсек, қазіргі жағдайды соғұрлым жақсы түсінетін, білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – ғаламтордан пайдалы ақпараттарды алу, оны өмірде қолдану. Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол — Ғаламтор. Адамзаттың интелектуальдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз. Ал ғаламторды қолдану барысында барлық адамдардың өмір сүру аймағында қазір күдік тудырмайды. Ғаламтор-интернет қазақ қоғамына енгелі көп болған жоқ. Әлем торласып үлгерді аз уақытта. Кешегі жаңалық жаңалық болмай қалды. Бүгінгі жаңалық та ескіріп үлгереді сол заматта. Дәл қазіргі жаңалығыңыз әлдекімдердің әлдекімдерден естіген әңгімесі болуы мүмкін. Ғаламтортұтасқан әлем. Өрмекшінің торы дерсіз. Енді шынайы сүйіспеншіліктің орнын, жылтыры мол виртуальды махаббат, шынайы аралас-құралас достықтың орнын виртуалды сыйластық басып келеді. Тек көгілдір сағымды ғаламторлардың ішінде сан мен цифрлардың, әлдебір атаулар мен өзіңе үш қайнаса сорпасы қосылмайтын есімдердің жақынысыз…
Ғаламтор ескі мен жаңаның, өткен мен болашақтың, қатігездік пен мейірімнің, бар мен жоқтың мидай араласқан ортасы. Өз қасыңдағы оқиғаға, іске, түрлі тағдырға назар салмауыңыз мүмкін, бірақ өзге қиырдағы қилы тағдырға көз моншағыңызды үзесіз. Ең бастысы қандай ақпарат оқысаңыз да, соған сай жауап қалдыруыңызға, пікір білдіруге құқыңыз бар.
Ғаламтор желісінің пайдасы өте көп. Себебі өмірдің кез-келген саласына қажетті ақпаратты жылдам алуға, басқа қолданушылармен ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие боласың. Ақпаратты алу немесе беруде белгілі уақытқа тәуелді болмайсың, керек уақытыңда қарауға, жіберуге болады. Ғаламторда көп уақыт отыру т.б зияны туралы айтсақ ол адамның өзіне байланысты, ол өзіне-өзі кесте қою керек, белгілі бір уақыт мөлшерінде отыру, қажетсіз ақпараттарды қарамау сияқты өзіне шектеу қойған жағдайда адамға зияны аз болады. Әрине кез-келген дүниені шектеусіз пайдаланса оның зияны болады.
Ғаламтор ــ сіз бен біз үшін айтқанда не қажеттің бәрі табылатын қазыналы қамба. Оның бізге үйретер өнегесі, берер берешегі санап тауысқысыз. Қазіргі дамыған дәуірге дұрыс сәйкескісі келген адамға бұл технология ауадай қажет. Оның қызмет айасы төтенше шексіз. Онда не керектің бәрі бар. Тек тілін толық меңгеріп, ұңғыл-шұңғылын тінтуірмен дұрыс мақсатта ойдағыдай тінте білсеңіз болғаны. Қысқасы әлемді уысына алған ғаламтор біз үшін адамзат ақыл парасатының телегей теңізінен емін-еркін сусындайтын бүкілдей жаңа жүие қалыптастырып берді. Егер сіз ғаламторға шықсаңыз төрткіл дүние ашсаңыз ــ алақаныңызда, жұмсаңыз ــ жұдырығыңызда тұрғандай әлемнің қай қиырында, нендей уақиға болып жатқанынан дер кезінде хабардар болып отырасыз.
Ғаламтордан түрлі ойындар ойнап, түрлі әуен тыңдап, бейнежазба көруге құмартып алған олар тіпті компьютердің жанынан шықпайтын болды. Бүлдіршіндерді компьютерсіз көзге елестету де қиын болып бара жатқан сияқты.
Күндіз үй көрмей, түнде ұйқы көрмей жұмыс істейтін ата-аналар үшін де компьютер балаларын алдарқайтын жақсы құралға айналды. Конференцияға қатысқан мамандардың сөзіне қарағанда, осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді.Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын меңгермеген.
Біріншіден, әр ата-ана баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Балаларды ғаламтордан қорғайтын жалғыз періште – ата-ана. Қазір неше түрлі ақша табуға құралған сайттар бар.
Негізінен, қазір балалардың көбі кітаптан алшақтап барады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн. Ғаламторға қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі.Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына,адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Ғаламтор желісіне жүгініп, үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы.
Қорыта келгенде, қай халық болса да, өзінің дамуында қилы-қилы жолдардан өтеді.
Барлық әлем жаңалығын тастайды – дегендей қазіргі заман талабына сай барлық жастар ғаламторға тәуелді болғандай.
Жастарға арнаған сөзінің бірінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: “Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым мен білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек” деген болатын.
Өкінішке қарай, елімізде ғаламтордан зиян шеккен балалар туралы дерек жоқ. Өйткені ел аумағында арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмейді екен. Әйткенмен мектеп жасындағы балалар әрқилы әлеуметтік желілердің тұрақты «қонағына» айналғалы қашан. Тіпті сабақ үстінде ұялы телефон арқылы хат алысатын оқушылар да жеткілікті.
Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді.
Мамандардың айтуынша, бала компьютерлік ойындардың қызығына 4-5 жасынан бастап үйренеді. Егер, осы бастан жүгендемесе, бұл есейгенде құмар ойындарына түбегейлі тәуелділікке апарады. Олай дейтін себебіміз, бұл орталыққа «тәуелділіктен» арылуға жәрдем сұрап келгендердің қатарында жоғары сынып оқушылары, студенттер, тіпті букмекерлік кеңседен қалай құтылудың жолын сұраған атпалдай азаматтар да бар. Яғни, ХХІ ғасырдың «жетістігі» барлық жастағыларды өзіне баурап алған. Бұл өз кезегінде бүлдіршіндердің психологиясына кері әсер етсе, мектеп оқушылары қажетті білімді игеруде артта қалғаны былай тұрсын, тәрбиесі тым төмендейді. Ал ересектер соңында ақшасынан, жұмысынан, тіпті отбасынан да айырылып жатады.
Бұл мәселеге ата-аналардың бей-жай қарамағаны жөн. Компьютер ойнайтын баланың психологиясында көп өзгеріс болады. Бойында іштей қарсылық, көңіл күйінде ауытқушылық, ырықсыздық пен агрессияшылдық билейді. Сондықтан, баласының болашағын ойлайтын ата-аналардың бәрі қауіпті дерттің алдын алған жөн. Баланың бос уақытын тиімді пайдалану үшін ақыл-ойды дамытатын үйірмелер мен білім беру орталықтарына жаздыртқан абзал. Әйтпесе, «батпаңдап кірген аурудан» құтылу қиындық тудырмасына кім кепіл болмақ.
«Ғаламтордың пайдасы мен зияны» туралы тақырыппен таныстым:
Әбдіқалық Н
Ізбасаров Д
Ниязкулов Б
Жалгасбаев С
Құмақбай Ә
Ондасынов Д
9в-сыныбы ер балаларымен жүргізілген әңгіме тақырыбы: