Қазыбек бек бекетіндегі орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2015-2016 оқу жылында тәрбие бойынша атқарылған жұмыстарға сараптама
2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы “22” сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негізіндегі» басым 8 бағыттар бойынша жүзеге асырылды. Осы оқу жылында мектепті 962 оқушы бітірді. Оның 503-і қыз бала, 459-ы ұл бала. Осы оқушыларға саналы да сапалы тәрбие беруде патриоттық, құқықтық, рухани-адамгершілік, экологиялық бағыттары бойынша айлық, апталықтар, іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілді. Осы іс-шараларға оқушылардың қатысқан деңгейін зерттей келе, келесі оқу жылында төмен пайыз көрсеткен сыныптардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар жоспарға енгізілді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік іс-шараларға «Дарын» - 5 оқушы, Зерде – 4 оқушы, Пони – 24 оқушы, Кенгуру – 25 оқушы, МАН – 4 оқушы, Бульдог – 55 оқушы, КИО – 19 оқушы, ДИК – 864 оқушы, мәдени-көпшілік «Бәрінен де сен сұлу» облыстық байқауда 1-орын, аудандық Жансүгіров оқулары 2 оқушы, 2-3 сыныптар арасында ұйымдастырылған сайыста 3г сынып оқушысы Мирамбек Жания «Кішкентай ханшайым» атанса, 3а сынып оқушысы Нұрымбет Әмір «Кішкентай ханзада» атағына ие болды. Мектепішілік «Жыл оқушысы-2016» интеллектуалдық марафонына мектептің белсенді, үздік оқушылары қатысып, нәтижесінде 11б сынып оқушысы Эсентураева Салтанат бас жүлдені жеңіп алды. Спорттық іс-шаралары таэквондодан – 5 оқушы облыстық, 5 оқушы қалалық турнирде, 3 оқушы республикалық мақтау қағазымен марапатталды. Баскетбол командасы аудандық баскетболдан 2- орын, облыстық жарыста 5- орын, «Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған» аудандық баскетболдан 1-орынды иеленіп келді. облыстық чемпионатта 4-орын, облыстық «Алтын доп» чемпионатында 3-орынға иеленді. Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орай аудан көлемінде жеңіл атлетикадан жарыста «60м қашықтыққа жүгіруден» 2 оқушы 2-орын, 1 оқушы 1-орынға ие болып келді.
Оқушылардың құқықтық білімін арттыру мақсатында 1 айлық, 2 онкүндік жоспарланып өткізілді. Сәтсіз отбасы, жетім, аз қамтылған отбасы балалары, өгей әкесімен немесе шешесімен тұратын оқушылардың тізімі алынып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Дегенмен де, жыл бойы мектепте оқушылар арасында құқық бұзушылық орын алды. Атап айтсақ, сәтсіз отбасында тұратын Новруз отбасындағы 2 қыздың ата-анасының қараусыздығынан келеңсіз жағдайға тап болуы, шешесі жоқ 8г сынып оқушысы Кисамеева Наталия мен 10г сынып оқушысы Куйкулакова Айдананың тәртібінің төмендеуі, 9а сынып оқушысы Жумагалиев Нұрланның сабақтан себепсіз қалуынан мектепішілік есепке алынған болатын. Осы оқушылар дер кезінде ерекше назарға алынып, жұмыстар атқарылды.
Мектеп бойынша ыстық тамақпен барлық оқушы қамтылған. Тегін ыстық тамақпен жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен жетім, жартылай жетім, көп балалы, әл-ауқаты төмен отбасынан шыққан 78 бала, арендатор есебінен 10 бала тегін тамақтандырылды.
«Жас Ұлан» өзін – өзі басқару ұйымының 2015-2016 оқу жылына мүшелері тағайындалып, барлық мектепішілік іс-шараларға белсенді қатысып отырды. «Жас Ұлан» Өзін – өзі басқару ұйымы жасөспірімдер мен балалардың зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуына қолайлы жағдайлар жасап, мектеп оқушыларының белсенділігін арттыруға ықпал етті.
22 наурыз мерекесінде ата-аналар оқушыларға қазақ ұлттық киімімен қамтамасыз етуге ат салысты. Мектепішілік іс-шарада «Тұсаукесер» дәстүрін көрсетіп, хормен ән салды. «1 мамыр – Халықтар достығы» күніне орай өткен шарада 8-10 сыныптың ата-аналардың ұйымдастыруымен түрлі халықтардың костюмдері тігіліп, қолдау көрсетілді. Бастауыш сынып ата-аналарының белсенділігін ерекше атап кетуге болады. Оқушылардың әліппемен қоштасу және бастауыш сыныппен қоштасу барысында ата-аналар көріністерге қатысып, мұғалімдерге зор көмек көрсете білді.
Жыл бойы өткен 2 жалпы мектепішілік және 5 сыныптық ата-аналар жиналысы, 2 қоғамдық тыңдау барысында оқушылардың білім алу ынтасын арттыруға ықпал ететін әңгімелер өткізіліп, мектепішілік іс-шараларға тартылып отырды.
Мектеп жарғысы және ішкі тәртіпті сақтауда да ата-аналардың көмегі зор. «Түнгі қаладағы бала» атты рейдке 9-11 сынып ата-аналары кезекшілік кестесіне енгізілген.
Қазан айында мектеп пен ата-ана арасында тығыз байланыс орнату, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту мақсатында ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шара барысында ата-аналар кесте бойынша сабақтарға қатысты.
Ата-аналарды оқушылардың оқудағы жетістіктерімен ақпараттандыру көбінесе күнделік арқылы жүзеге асырылады және ата-аналар жиналысында қаралады. Әр тоқсан сайын сыныптық ата-аналар жиналысында өткен тоқсанның нәтижесі талданып талқыланады. Мысалы, қоғамдық тыңдауда ата-аналарға мектепте жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие саласы бойынша іс-шаралар АКТ арқылы таныстырылып, талданады. Мектеп дәлізінде ұсыныстар мен шағымдарға арналған сенім жәшігі қойылған.
Сынып жетекшілермен жұмысқа тоқталсақ, сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары құрылып, жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Барлық 43 сынып жетекшіде тәрбие бойынша жұмыс жоспарлары және 6 бағыттағы сынып жетекші жоспары бар. Осы оқу жылында жоспарланған 3 семинар мен 5 отырыстың «Жасөспірімдер мінез-құлқындағы ауытқушылықтарды түзету проблемалары: құқықтық, педагогикалық және психикалық аспектілер» тақырыбындағы семинар өткен жоқ. Себебі, наурыз айында мектепте аудан көлемінде мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен «2015-2016 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы хатқа сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастыру»тақырыбында семинар өткіздік. Бұл семинарда жоғары деңгейде тәрбие сағатын өткізген тәжірибелі сынып жетекшілерді ерекше атап кетсек болады. Олар 8а сынып жетекшісі А.Кожагулова, 10а сынып жетекшісі С.Мирманова, 4а сынып жетекшісі Д.Туркеева, 4в сынып жетекшісі Г.Сенгирбаева, 3г сынып жетекшісі Н.Приходько, 4г сынып жетекшісі А.Амирова.
Қорытындылай келе, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында 2016-2017 оқу жылындағы тәрбие жоспарына енгізу.
Дайындаған А.Турганалиева
директордың тәрюие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.Турсынбекова