Сабақтың ортасы 25 мин | Сабақтың тақырыбы: «Төрт түлік». Көп мағыналы және омоним сөздер. 1-тапсырма. «Көшбасшы және тыңдаушы» әдісі. Берілген мәтінді оқиды. Берілген мәтінді «Микрафон» әдісі арқылы баяндайды. Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Мінсе – көлігі, ішсе – сусыны, жесе – тамағы, кисе – киімі, тұтынса – бұйымы, байлық, мақтаны мен салтанаты да осы болған. Қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдары мен түсініктері бар. Мысалы, түйені өсу жолымен бота, тайлақ, буыршын, буырлыш, нарша, бұзбаша, інген, атан, бура деп атайды. Түйені қасиетіне қарай біртуған, бекпатша, мая, желмая, құлпатша, нар, аруана, жампоз, қоспақ, балқоспақ, мырзақоспақ, үлек деп бөледі. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның жасына, түріне қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр деп ажыратады. Бұрынғы ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, наз бедеу, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап, ерекше дәріптеген. Ауыз әдебиеті туындыларында жылқыға тіл бітіріп, батырдың жан серігі деп бағалаған. Халық сиырды жасына қарай құнажын, дөнежін, сиыр, бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа деп атайды. Қойды түріне және жасына қарай қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық деп бөледі. Ал ешкіні лақ, туша, бөрте, шыбыш, серке деп жіктейді. Малдың қадір-қасиетін тәжірибелі халқымыз «түйе – салтанат, жылқы – мақтан, сиыр – қанағат, қой – қазына» деп бағалаған. Дескриптор: Қ/Б «Жұлдызшалар» әдісі 2 – тапсырма. «Дискуссиялық карта» әдісі арқылы оқушылар кестені толтырады. Жылқы атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | | | | | Сиыр атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | | | | | Түйе атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | | | | | Қой атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | | | | | Қ/Б «Жұлдызшалар» әдісі Тілдік бағдар. «Көп мағыналы және омоним сөздер». 3-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі. Мәтіннен көп мағыналы және омоним сөздерді теріп жазады. Қ/Б «Смайликтер» | Оқушылар сабақтың тақырыбын жазып алады. 1 – тапсырма. «Көшбасшы және тыңдаушы әдісі. Берілген мәтінді оқиды. Берілген мәтінді «Микрафон» әдісі арқылы баяндайды. Оқушылар бағаланады. 2 – тапсырма. «Дискуссиялық карта» әдісі арқылы оқушылар кестені толтырды.. Жылқы атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | Ат Құлын Тай құлыншақ | қарай құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал, дөнен, қулық, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр | Сиыр атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | Сиыр, қашар, бұзау, бұзау | құнажын, дөнежін, сиыр, бұзау, баспақ, торпақ, тана, тайынша, қашар, өгіз, бұқа | Түйе атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | Нар | тайлақ, буыршын, буырлыш, нарша, бұзбаша, інген, атан, бура | Қой атаулары (бұрыннан білетінім) | Мәтіннен білдім | Қозы Қошқар лақ | қарай қозы, марқа, тоқты, бағлан, тұсақ, азбан, ісек, ақауыз, қошқар, саулық | | | Оқушылар бағаланады. Тілдік бағдармен танысады. 3-тапсырма. «Жұмыс үстелі» әдісі. Мәтіннен көп мағыналы және омоним сөздерді теріп жазады. Омонимдер: мінсе (мін – адамның міні, мін – атқа мін), ішсе (іш – адамның іші, іш – сусынды іш), салтанат (Салтанат – адам аты, салтанат – сән-салтанат деген мағынада), мая (мая – шөп, мая – түйе атауы), жас (адамның жасы, жас – көздің жасы), түр (түрі, түр – жеңінді түр), ат (ату, ат – мал), қашар (мал атауы, қашар – етістік), қой (қой – мал атауы, қой – етістік). Көп мағыналы сөздер: жас – адамның жасы, малдың жасы. Оқушыларды бағаланады. |