Ендеше балалар төрт топқа бөлініпқа бөлініп отыра қояйық.
1.Жылқы тобы
2.Сиыр тобы
3.Түйе тобы
4.Қой тобы
Жаңа сабақ.
Балалар сендер қандай үй жануарларын білесіңдер,айтып беріңдерші қане? Ендеше балдар біздердің бүгінгі өтетін тақырыбымыз төрт түлік мал жайында.Қазақ халқы ежелден төрт түлікті киелі санаған, ерекше құрметтеген .Олардың әр қайсысының иесі,желеп жебеушісі ,қамқоршысы бар деп сенген. Себебі мал деген жесе азық,мінсе көлік, кисе киім. Мал атаулысының пірлері: Түйе пірі-Ойсылқара,Жылқы пірі- Қамбар ата, Қойдың пірі -Шопан ата, Сиыр пірі- Зеңгібаба,Ешкі пірі -Сексеката.Төрт түлік малмен ауылды жерлерде тұратын адамдар көптеу айналысады. Малдың бізге берер өнімі, және пайдасы көп. Төрт түлік малдан біздер көптеген тағамдар аламыз.Атап айтсақ әр қайсысынан әр түрлі тағам алынады. Жүнінен киім кешек жасап киеміз. Сүйектерінен әр түрлі ұлттық ыдыстар жасаймыз. Мінсек бізге көлік болады.
1.Әр топ өздерінің алдындағы төрт түлік малдың дауысын салу, топтастыру .
2.Жаттауларын айту.
3.Сүттен жасалатын тағамдарды тауып қоршау.
Малика: Шөре- шөре лағым
Тентек болма шырағым,
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Айдын: Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлпілдеп,
Қарасам көз тоймайды.
Мақсат: Әукім- әукім әукешім,
Қасиыншы әукесін
Енең әне келеді
Ақ мамасын береді.
Нұраддин: Құлын,құлын құлыншақ,
Желкілдейді тұлымшақ.
Құйрығында құндызы,
Маңдайында жұлдызы.
Асылбек:Дөңгелетіп жерді,
Айналады көлді.
Секілді ұшқыр сұңқар,
Болғалы тұр тұлпар.
Нұрсұлтан: Құлдырайды құлын.
Желбірейді тұлым.
Желігеді жүйрік.
Төгіледі құйрық.
Әсем:Айналайын торпақ,
Бола берме қорқақ.
Тысқа шық та шабула
Тар болып тұр аула.
Ерасыл: Айналайын қозым,
Малдан жуас бозым.
Ұзап шық та үйден,
Оттығуды үйрен
Көтерілсең бетке
Тойынарсың көкке.
Сабина: Айналайын ботам,
Қандай күлте жотаң,
Табандарың жалпақ.
Теріп жейсің жантақ.
Нұрсат: Иіліп тұр мойның
Қанбайды екен ойның
Тастағандай көзің
Әдемісің өзің.
Асланбек:: Жалт- жұлт етіп лақ
Жағалайсың бұлақ.
Секірем деп бірақ
Қала көрме құлап.
Нұрдәулет: Құлақ деген- шұнақ
Көзің - жанған шырақ
Түгің - бейне құрақ
Тұрсың маған ұнап.
4.Мақал- мәтелдер айту
Жұлдызай:Ел көркі- мал, өзен көркі - тал.
Ж.Нұрай: Бір түлікке бай болғанша ,
Әр түлікке сай бол.
Жанерке:Малдың жайын баққан білер
Оттың жайын жаққан білер.
Нұрлыбек: Түлік төлден өседі.
Малы бардың назы бар.
Райхан: Жоғалып табылғанмал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.
5. «Орындарын табайық» ойыны
Ойынның шарты: Орман мен ферма суреті тақтаға ілінеді оқушылардың қолдарына аңдармен төрт түліктің суреттері беріледі .Әрқайсысы қай жануар қайда тұратынын айырады.