При составлении разработки урока по русскому языку и в результате ее практической реализации учителем используется трехступенчатая базовая модель технологии РКМЧП.
Восприятие информации происходит в три этапа, что соответствует следующим стадиям урока:
подготовительный — стадия вызова;
собственно восприятие нового — смысловая стадия (или стадия реализации смысла);
присвоение информации — стадия рефлексии.
На данном уроке были поставлены и осуществлены следующие цели и задачи:
1. Активизировать работу учащихся на уроке путем создания проблемной ситуации.
2. Развивать умения учащихся
- самостоятельно определять свои знания – незнания по изучаемой теме; - работать в парах; - сравнивать, анализировать, формулировать вопросы, делать вставки; - систематизировать материал в кластер.
3. Воспитывать желание переосмысления собственных знаний по изучаемой теме и их практическое применение.
Задача: Постараться максимально приблизить учащихся к процессу самостоятельного получения новой информации по изучаемой теме “Глагол в языке и речи”; “прочувствовать” и “прожить” ее.
Проведенный урок полностью соответствовал внедряемой технологии “Развитие критического мышления через чтение и письмо”. Помимо четкого соответствия требуемой структуре используемой технологии (стадия вызова — стадия осмысления — стадия рефлексии), на уроке были использованы и некоторые элементы новизны, подтверждающие творческий подход учителя к разработке и проведению урока
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Глагол в языке и речи»
Лексика
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
Сөз дегеніміз – жеке тұрып-ақ белгілі бір мағынаны я ұғымды білдіретін тілдің бір бүтін мағыналы бөлшегі.
Сөз сөйлем ішінде келсе де, жеке күйінде тұрса да, екі мағынаға ие болады. Олар лексикалық мағына және грамматикалық мағына.
Сөздің бастапқы мағынасы лексикалық мағына деп аталады.
Сөздің жеке тұрғанда болсын, сөйлем ішінде басқа сөздермен қарым-қатынасында болсын, лексикалық мағынасына қосымша беретін мағынасын грамматикалық мағына деп атайды.
Жазып сөйлеу практикасында сөздің әр түрлі мағыналық қырлары мол жұмсалады. Көп реттерде сөз өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылып отырады. Мәселен, «Осы сөзде патриоттық, ерлік пен батырлық жатыр», - дегендегі сөздердің әрқайсысы тура мағынасында берілген: осы – кез келген есім сөздің орнына жұмсала беретін сілтеу есімдігі; сөз – бір нәрсе жайында айтылған әңгіме; патриот - өз Отанын, елі мен жерін шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам; ерлік – батылдық, батырлық, жүректілік; пен – жалғаулық шылау; батырлық – ержүректік, батылдық; жатыр – көмекші етістік мағынасында жұмсалып тұр.
Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасын сөздің тура мағынасы дейміз.
Жазу, сөйлеу практикасында сөздің әр түрлі мағыналық қырлары мол жұмсалады. Көп реттерде сөз өзінің алғашқы лексикалық мағынасында қолданылып отырады. Мәселен, сөз, қолдану, көркем, таңдау, шығарма, жеке, қызмет, тұтас, құбылыс, әсем, әлемі, сөз, ұғым, адам, сезім, ой, ана тілі, ұлт, қорғаныш, жазу, жүйе, халық, ұзақ, заң, ғылым, қызмет, білім, денсаулық, көлік, жұмыс, мектеп, оқу, ереже, кітап.
Сөз әрлеу дегеніміз сөз таңдау,сөз қолданысы сияқты, көркем шығарма тіліндегі жеке сөздердің «қылығы»: қызметі, стильдік жүгі деген құбылысқа кіреді (Р.С.). Ана тілі – ананың тілі («Даналық сөздер»). Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды (А.Б.). Тіл даярлығын ұйымдастыруды қамтамасыз етуде жалпы білім беретін мектептер үлкен мүмкіндіктерге ие болып отыр («Егемен Қазақстан») деген сөйлемдердегі сөздердің әрқайсысы тура мағынасында берілген.
Сөз әрдайым тура мағынасында қолданыла бермейді. Айталық, Үйге тірек боларлық ағаш алып келді. Сенің тірегің – Қазақ тілі – деген сөйлемдерде бірінші тірек сөзі құрылыс материалы ретінде өз орнында, қалыпты мағынасында қолданылып тұр. Ал екінші сөйлемдегі тірек ауыспалы мағынада жұмсалған. Мұнда айтушы ана тілінің кімге болмасын сүйеніш екенін эпитет арқылы жеткізген.
Сөздің алғашқы, қалыпты мағынасының ауысып қолданылуын ауыспалы мағына дейміз.
Синоним
Синоним – айтылуы, естілуі, жазылуы әр түрлі, мағыналары жағынан бір-біріне жақын сөздер.
Синонимге тән негізгі белгілер:
1) синонимдік қатарда кемінде екі сөз болуы керек;
2) синоним сөздердің мағыналары үйлес, жақын, мәндес болады;
3) синонимдер бір сөз табынан болуы тиіс;
4) синонимдер белгілі бір сөз табына тән грамматикалық тұлғада тұруы шарт;
5) бірін-бірі ауыстыратын синонимдер сөйлемнің бір-ақ мүшесінің қызметін атқаруы керек.
Синонимдердің жасалу жолдары
1. Жұрнақтар арқылы жасалған синонимдер: маңыз+ды, мән+ді, мазмұн+ды; жұрт+шылық, көп+шілік. 2. Өзге тілден ауысқан сөздер арқылы жасалған синонимдер: мәселе, проблема; дәреже, атақ. 3. Жергілікті говорлар арқылы жасалған синонимдер: көлем, аумақ, мөлшер, шама, қарым (говор).
Синонимдік қатар дегеніміз – кемінде екі сөзден құралып, белгілі ұғымды білдіретін мәндес, мағыналас сөздердің топтары.Әрбір қатарда бір сөз басқа синонимдерге қарағанда басым айтылып, басқа сөзді өзінің төңірегіне топтауға негіз болады. Ондай сөздер синонимдік доминант (ұябасар, негізгі) деп аталады. Мысалы, талап – ықылас, жігер, ақыл – ес, сана, ой, іріктеу –сұрыптау, таңдау, ахуал – хал, жағдай, тұрмыс, мәлімет – мағлұмат, ақпар, дерек, қағида – тұжырым, ортақ заңдылық, тиімді – пайдалы, қолйлы, ыңғайлы, жұмыс істеу – іс істеу, еңбек ету, мүдде – мақсат, тілек, арман, ақпарат – хабар, жаңалық, заңды – заң жүзінде, заң бойынша, құқық – ерік, бостандық, т.б.
Омоним
Дыбысталуы бірдей, мағынасы басқа-басқа сөздерді омонимдер дейміз. Мысалы: Біз келдік дегендегі біз сөзі мен етік тігу үшінбіз қажет дегендегі біз сөзі – дыбысталуы жағынан бірдей болғанымен, мағына жағынан бір-біріне ұқсамайтын әр басқа сөздер.
Мысалы; Ара І. Ағаш кесетін жұқа темірден жасалған құрал.
Ара ІІ Гүл шырынынан бал жинайтын қанатты жәндік.
Ара ІІІ Екі орта, аралық.
Көп мағыналы сөздер омонимнің бір ғана түрімен тығыз байланысты болып келеді. Тіл дамуы барысында сөз мағынасында түрлі-түрлі өзгерістер болып жатады.
Лексикалық омонимдерге тілдік құбылыстардың бірі - омофондар. Омофон дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер. Егер омонимдер айтылуы да, жазылуы да бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер болып келсе, ал омофондар тек айтылуы ғана бірдей, жазылуда әр түрлі таңбаланатын сөздер.
Антоним
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөзді антоним дейміз. Мысалы: батыр – қорқақ, жақсылық - жамандық, күн - түн т.б.
Сөздердің бәрі бірдей өзара мағыналас бола бермейтіні секілді кез келген екі сөз өзара қарама-қарсы мағынада келе бермейді. Мысалы: мемлекет, әскер, заң деген сөздердің қарсы мәндес сөздер жоқ. Тіл-тілде көбінесе сапалық ұғымды білдіретін сөздер немесе сапалық белгісі бар сөздер өзара бір-бірімен антонимдес болып келеді.
Антоним болатын сөздердің басым көпшілігі сын есімдер. Мысалы: биік – аласа, көп – аз, жақсы – жаман т.б.
Зат есімдерден антоним болатындар бірен-саран ғана. Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылады.Мысалы: бейбітшілік – соғыс, өтірік – шын, пайда – зиян т.б.
Туынды зат есімдерден жасалған антонимдердің де, туынды етістіктерден жасалған антонимдердің де негізгі түбірі сапалық ұғымды білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: тарлық – кеңдік, жақсылық – жамандық, арзандау – қымбаттау, жаңару – ескіру т.б.
Үстеу сөздерден жасалған санаулы ғана антонимдер бар. Мысалы: жоғары – төмен, ерте – кеш, ілгері –кейін т.б.
Қарама-қарсы мағынада берілген сөздердің барлығы антоним бола бермейді. Мысалы: таулы (тауы бар жер) – таусыз (тауы жоқ жер), көк (көк түсті) – көк емес деген сөздер антоним болмайды. Антоним болу үшін тек мағыналарының қарама – қарсы болғаны жеткіліксіз, сонымен қатар, олардың түбірлері де әр түрлі болуы керек. Мысалы: күн – түн, оңай – қиын, түзу – қисық т.б.
Көп мағыналы сөздер
Тіліміздегі кейбір сөздер бірнеше мағынада қолданыла береді. Белгілі бір сөзді көп мағыналы сөз деп атау үшін, ол сөздің әр түрлі контексте келуіне қарай, біріншіден, мағыналарының арасында сәл де болса айырмашылық болу керек, екіншіден, ол мағыналар арасында өзара байланыс, жақындық болуы қажет. Қазақ тілінің ежелден бергі байырғы төл сөздері, негізінен, көп мағыналы болып келеді.
Мысалы, адамның басы, таудың басы, бұлақтың басы, жұмыстың басы деген сөздердегі бас сөзі біріншісінде ғана өзінің тура мағынасында тұр да, қалғандарында бұл сөз әр түрлі мағыналық реңкте пайдаланылған. Бірақ әрқайсысындағы бассөзінің мағыналары арасында жақындық, мағыналық байланыс бар 1) адамның дене мүшесі, 2) таудың шыңы, ең биік жері, 3) бұлақтың шығар жері, 4) іс-әрекет болып жатқан жер т.б. мағыналарында жұмсалады. Әрине, бұл мағыналардың бір-бірімен байланысы бар. Міне, сөздердің осындай бірнеше мағынада қолданылуын сөздің көп мағыналылығы немесеполисемия деп атайды.
Кәсіби сөздер
Кәсіби сөздер деп белгілі кәсіпке байланысты қалыптасқан терминдерді атайды.
Енді бір жағынан кәсіби сөздер белгілі бір шаруашылық ұғымдарының атауы ретінде ғылыми терминдерге өте жақын. Сондықтан да бау-бақша, мақта, күріш, мал өсіру, аң аулауға, құрылысқа байланысты терминдердің дені сол шаруашылыққа байланысты кәсіби сөздерден жасалады.
Құрылысқа байланысты кәсіби сөздерге мыналар жатады. Мысалы: қыш, кесек, құм, тас, күрек, саман, кірпіш, балшық, лай, сылақ, әк т.б.
Неологизмдер
Неологизмдер - өндіріс пен ғылымның, мәдениет пен шаруашылықтың түрлеріне байланысты тілде жаңадан пайда болған және көпшілік арасында толық қалыптаспаған жаңа сөздер. Мысалы: экология-тіршілік ортасы, ғаламшар - әлем, коммуникация - байланыс желісі, ақпарат - информация, рекреация - демалу, конвенция - мемлекеттердің өзара келісімі, сарапшы-эксперт, т.б.
Басқа тілден енген сөздер
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып қоймайды. Сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден ауысып алу арқылы да тіл өзінің құрамын байытып, жетілдіріп отырады.
Тіл-тілде басқа тілден енген сөздер ішкі және сыртқы себептерге байланысты пайда болады.
Сыртқы себептер дегеніміз сөз алушы халықтың басқа халықтармен байланысынан пайда болатын сөз ауысу процестері.
Берілген мәтіндерде араб, парсы, орыс тілінен енген сөздер кездеседі. Атап айтсақ: дүние, темір, тәжірибе, қасиет, қоғам, руда, металл, миллион, республика, президент, психология, фосфорит т.б.
Морфология
Грамматика ғылымы тілдің грамматикалық құрылысын зерттегенде өзінің тексеретін объектісінің негізі етіп сөзді жәнесөйлемді алады. Тексеру объектілерінің осындай ерекшеліктеріне қарай грамматика ғылымы морфология жәнесинтаксис деп аталатын екі салаға бөлінеді.
Морфология – сөз және оның формалары туралы ілім. Морфология сөздің жасалу, түрлену, өзгеру жүйелерін, сөздің бөлшектенуі мен олардың әрқайсысының грамматикалық мағыналары мен қызметтерін зерттейді.
Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін бөлшектер морфемалар деп аталады.
Түбір морфема – сөздің әрі қарай бөдшектеуге келмейтін ең түпкі негізі.
Қосымша морфема түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейді.
Сөз табы деп жалпы лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері бәріне бірдей ортақ болып келетін сөздердің тобын айтамыз. Қазақ тілінде 9 сөз табы, сонымен қатар модаль сөздер бар.
Күрделі сөздер
Күрделі сөз деп кемінде екі я онан да көп дара сөзден құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді айтамыз.Мысалы: Қазақстан Республикасы, сот ісі, халықаралық, биыл, жылма-жыл, ТМД т.б.
Күрделі сөздерге тән басты белгілер мыналар:
1. Тұтас бір ұғымды білдіреді.
2. Құрамындағы компоненттері үнемі семантикалық бірлікте жұмсалады да, қызметі жағынан бөлшектенбейді.
3. Ол компоненттер ритм-ырғақ жағынан бір ұдай болып, өз ара ыңғайласа құрылады.
Күрделі сөздердің түрлі болуы оның аналитикалық тәсілдің әр түрімен жасалуына байланысты.
Күрделі сөздер жасалу жолдарына қарай: біріккен, кіріккен сөздер, қос сөздер, тіркесті күрделі сөздер, қысқарған сөздер деп бөлінеді.
Мысалы: 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға міндетті.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
3. 1998 жылдан бастап, жылма-жыл 22 қыркүйекте ресми түрде бүкіл ел көлемінде Қазақстан халықтарының тілдері күні кең аталып келеді.
4. Ағылшын тілін – ХХІ ғасырдың тілі. Оны АҚШ-тың, Англияның тілі деп қарау жөнсіз. (Н.Назарбаев).
Біріккен сөздер
Сөзден сөз тудырудың енді бір тәсілі – сөзбен сөзді біріктіру. Тілімізде екі не одан да көп түбір сөздерден бірігіп жаңа ұғымды тудыратын жаңа сөздер бар. Мысалы: Бүгін оның шетелге іссапарға баратыны туралы бұйрық шықты.Деген сөйлемде асты сызылған сөздер біріккен сөздер. Бұл сөйлемде іссапар сөзі екі сөзден бірігіп бір ұғымды білдіріп, құрамындағы сөздер өздерінің түбір тұлғасын сақтап тұрғанын көреміз. Ал бүгін (бұл күн) деген сөзде түбір тұлғасы сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырап тұрғанын аңғаруға болады.
Осыдан біріккен сөздерді: түбір тұлғасын сақтаған біріккен сөздер, түбір тұлғасын сақтамай, дыбыстық өзгеріске ұшырап, кіріге біріккен сөздер деп екіге бөлінеді.Мысалы:іссапар, халықаралық, бүгін, биыл, апар, былтыр т.б.
Екі, кейде одан да көп сөздерден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөздерді біріккен сөздер деп атайды.
Қос сөздер
Қосарланып келген сөздерді қос сөздер дейміз.
Сөздердің қосарланып келуі әдетте жаңа сөз жасаудың бір түрі деп есептеледі. Мұндай сөз мүлдем тың мағынаға ие де бола қоймас, бірақ мағыналық реңке қосымша болса да, сәл өзгеріске түсетіні рас. Мысалы: алыс-жақын, кімде-кім, ет-мет, биік-биік т.с.с.
Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: 1) екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы; 2) бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Осыған байланысты қос сөздерді қазақ тіл білімінде екі түрге бөліп қарау қалыптасқан: 1) Қосарлама қос сөздер, 2) қайталама қос сөздер.
Қосарлама қос сөздердің құрамы мынадай болады:
Мағынасы бір-біріне жақын (синоним) я қарама-қайшы (антоним) сөздер қосарланады. Мысалы: әке-шеше, ата-ана, үлкен-кіші, ыдыс-аяқ т.б.
Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: бала-шаға, көйлек-көншек, жүн-жұрқа т.б.
Екі сыңары да мағынасыз сөздер қосарланады. Мысалы: ығы-жығы, некен-саяқ, оқта-текте т.б.
Кейінгі кезде ғана қалыптаса бастаған бір топ қосарланған сөздер бар. Олардың сыңарлары кейде бір тұлғада, кейде әр тұлғада бола береді. Мысалы: үгіт-насихат бөлімі, оқу-ағарту саласы, қазақша-түрікше сөздік т.б.
Қос сөздердің қайталама түрі де әрқашан дефиспен жазылады. Қосымша сөйлем ішінде негізінен қос сөздің екінші сыңарына жалғанады. Мысалы: Өз әке-шешесін ардақтамаған, деген сөйлемде ІІІ жақ тәуелдік жалғауы (-сі) мен табыс септік жалғауы (-н) қос сөздің екінші сыңарына (шеше) жалғанған, бірақ бұл қосымша білдіретін мағына (ІІІ жақ тәуелдік және тура объектілік) қос сөздің бірінші сыңарына да ортақ: әке-сі-н.
Қайталама қос сөздер мынадай жолдармен жасалады:
Қосымшасыз және қосымшалы түбірдің түгелдей қайталануы. Мысалы: құшақ-құшақ гүл шоқтары, саба-саба қымыз әкелді т.б.
Бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз бір түбірдің қайталануы. Мысалы: Кімде-кім, сөзбе-сөз, күнбе-күн т.б.
Бір түбірдің әр түрлі қосымшада тұрып қайталануы. Мысалы: өзді-өзіне айтты, барар-бармасымды білмедім т.б.
Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келіп, дауыссыз дыбыстан басталатын сөздің бірініші дауыссыз дыбысының орнына және дауысты дыбыстан басталатын сөздің алдына м, п дыбыстары қосылып жазылады. Мысалы: ет-мет, шай-пай, үстел-мүстел т.б.
Еліктеуіш сөздің екінші сыңарында кейбір дыбыстық өзгерістерге ұшырап қайталануы. Мысалы: тарс-тұрс, жарқ-жұрқ, жалт-жұлт т.б.
Түбір сөздердің қосарланып айтылуынан жасалған күрделі сөздің түрі – қос сөз деп аталады.
Сөздердің қосарланып келуі әдетте жаңа сөз жасаудың бір түрі деп есептеледі. Мұндай сөз мүлдем тың мағынаға ие де бола қоймас, бірақ мағыналық реңке қосымша болса да, сәл өзгеріске түсетіні рас. Мысалы: кең байтақ, жан-жануарлар, бір-біріне т.с.с.
Қос сөздер тілде екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: 1) екі түрлі сөздің қосарлануы арқылы; 2) бір сөздің қайталануы арқылы жасалады.
ЗАТ ЕСІМ
Қазақ тілінде зат есім мынадай атрибуттарға ие:
тұлғасына қарай [по способу образования]: негізгі [непроизводные] \ туынды [производные]
мағынасына қарай: [по назначению]: жалпы [нарицательные]\ жалқы [собственные]
құрамына қарай [по составу]: дара [простые] \ күрделі [сложные]
күрделі зат есім үшін [классификация по сложным]: біріккен [сращено-слитные]\ қосарлы [парные]\тіркесті түбірлер [словосочетания]\ қысқарған сөздер [сложносокращенные]
басқа белгілер бойынша [по прочим признакам]: адам есімдері / әкесінің аты, тегі [имя личное\фамилия\отчество]
адамға тікелей қатыстылығына қарай: [по отношению непосредственно к человеку]: адамзат есімдері [имя существительно, непосредственно относящееся к человеку], ғаламзат есімдері [все остальные существительные]
мағыналық белгілеріне қарай [по признаку значения]. деректі [конкретные], дерексіз [абстрактные]
Белгілі бір заттың, нәрсенің немесе оқиғаның атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз.
Зат есім кім? не? Деген сұрақтардың біреуіне жауап береді. Кім? деген сұрақ адамға қатысты ғана қойылады да, жанды болсын, жансыз болсын, басқа атаулардың барлығы не? Деген сұраққа жауап береді. Мысалы: кім? – ата, ана, бауыр, төраға, хатшы, қызметкер, шәкірт, есепші, дос т.с.с. не? – жылқы, қасқыр, қағаз, мекеме, кітап т.с.с.
Қандай атау болып келуіне қарай зат есім екі түрлі болады деректі затесім және дерексіз зат есім.
Қолмен ұстап, көзбен көруге болатын заттың атауы болса, ондай зат есімді деректі зат есім дейді: қалам, ағаш, астық, тақта, үстел т.с.с.
Қолмен ұстап, көзбен көруге болмайтын, бірақ адамның ойлау қабілеті түсінуге болатын заттың атауын білдіретін зат есімдідерексіз зат есім дейді: қанағат, өкініш, мақтаныш, мейірімділік т.с.с.
Зат есімдер жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді.
Адам, тау, көл деген сөздер жалпы есім болады. Өйткені адам деген сөз – бір адамға емес, адам атаулыға берілген жалпылама атау. Тау сөзінен де тау атаулыға берілген жалпы атты түсінеміз. Көл деген сөз арқылы көл атаулы жайында ұғым беріледі.
Біркелкі заттарды жаппай атайтын зат есімдер жалпы есім деп аталады.
Сәкен, Көкшетау, Балқаш сөздері – жеке заттардың атаулары. Сәкен деген сөз – жеке адамға ғана арнап берілген ат. Көкшетау деген сөз жеке бір ғана таудың, Балқаш деген сөз жеке бір көлдің атын білдіреді.
Біркелкі заттарды жекелеп атайтын зат есімдер жалқы есім деп аталады.
Жалпы есімдер сөйлем басында келсе ғана бас әріппен жазылады, өзге орындардың бәрінде де кіші әріппен жазылады.
Жалқы есімдер үнемі бас әріппен жазылады.Жалқы есімдерге жататын сөздер.
Кісі аттар (кісінің өз аты, әкесінің аты және тегі): Ахмет Байтұрсынұлы, Мұқағали, Төлеген, Мәшһүр-Жүсіп Көбеев т.с.с.
Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше аттары: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Алатау ауданы, Ақан ауылы, Д.Қонаев көшесі т.б.
Географиялық (жер, су, тау, орман т.с.с.) атаулар: Ертіс, Сырдария, Қарқаралы, Зайсан көлі, Бурабай, Оқжетпес т.б.
Ұйым, мекеме, завод аттар: Қазақстан темір жол басқармасы, Шымкент қорғасын заводы, Ұлттық кітапхана т.б.
Газет, журнал, кітап, ән, күй, би, шығарма аттары: «Ана тілі» газеті, «Парасат» журналы, «Абай жолы» кітабы, «Қамажай» биі, «Ерке сылқым» күйі т.с.с.
Мал мен хайуанаттарға арнап қойылған аттар: Құлагер, Бөрібасар, Ақбақай т.б.
Жер-су атаулары
Жер-су атаулары – сол аймақты мекен еткен халықтың дүниетанымы, тұрмыс –тіршілігі, салт-дәстүрі мен географиялық орта туралы таным-білімін көрсететін тілдік, тарихи-мәдени мұра. Көшпелі өмір салтын кешіп, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы географиялық ортаны, жер бедерін, өсімдіктер дүниесін жақсы білгендіктен, оны өз тілінде дәл бейнелеуге келгенде де шеберлік танытқан. Ұлт өмірінің әр кезеңінде болған тарихи оқиғалар, елеулі өзгерістер де топонимдерден көрініс таппай қалмаған. Топонимдерде тұнып тұрған сыр бар екені, олардың астарында әлі айтылмаған ақиқаты мол ақпараттар жатқаны анық.
Топонимдер – жер бетіндегі кез келген табиғи немесе адам жасаған объектілер атауынан тұратын жалқы есім түрі. Жалқы есімдер мағына жағынан белгілі бір ұғымды білдірмейді, тек бір жеке-дара затты басқа заттардан ажырату үшін қойылған белгі – ат ретінде ғана жұмсалады.
Жеке я дара заттарға берілген осындай зат есімдерді жалқы есім дейміз.Мысалы: Қаратау, Теміртау, Балқаш, Кентау, Ақтау т.б.
-ыс, -іс, -с. Етістік негізден –ыс//-іс// -с жұрнағы арқылы жасалған туынды түбір зат атаулары өздерінің мағыналары жағынан өте әртарап. Етістік негіз бен –ыс//-іс//-с жұрнағы арасындағы осындай сөзжасамдық қатынастан мынадай бір ой түюге болады. Қазақ тіліндегі бұл –ыс//-іс//-с жұрнағы етіс тік негізден жалпы туынды түбір зат атауларын жасау жөнінен емес, сонымен қоса түрлі пәндік және кәсіптік термин жасау тұрғысынан да барынша өнімді жұрнақтар қатарына жатады. Мысалы: қолданыс, құбылыыс т.б. Сөз қолданысы сияқты тұтас құбылысқа кіреді.
Арабтың кірме сын атауларынан –лық// -лік// -дық//-дік форманты арқылы жасалған туынды зат атаулары қатарына, сондай-ақ мемлекеттік, нормативтік, мамандық, құқықтық, мүмкіндік тәрізді тағы бір топ туылымдарды жатқызуға болады.
Тілімізде сөзжасамдық осы форманттың қатысуымен парсылық кірме сын атауларынан пайда болған, дериват атаулары да кездеседі. Мысалы: адамдық
Қазақ тілінде сөзжасамдық –лық//лік //дық//-дік –тық//-тік форманты арқылы байырғы сын атауларынан пайда болған туынды зат атаулары да бірталай. Мысалы: қиындық, басымдық, даярлық, т.б.
Көптік жалғау
Нақтылы лексикалық мағынасына орай зат есім сөйлем ішінде не жекеше, не көпше түрде қолданылады. Зат есімдерді жекеше, көпше деп аталатын екі топқа айыра көрсетуге негіз болатын ең басты грамматикалық сыртқы белгі – оларға көптік жалғауының жалғануы. Көптік жалғауын жалғау сөзге көптік мағына берудің негізгі жолы болғанымен, бірден-бір ғана жолы емес. Ана тілімізде зат есімде көптік мағына пайда болуының бұдан да басқа амал-тәсілдері бар.
Көптік мағынаның арнаулы қосымша арқылы пайда болуы, негізінен алғанда, көптік жалғауының қызметіне байланысты. Қазақ тілінде көптік жалғауы –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер деген алты түрлі фонетикалық нұсқада ұшырайды.
Заттың біреуге я бірдемеге меншікті екендігін білдіретін жалғау тәуелдік жалғау деп аталады.
Мысалы: Менің мекемем, сенің мекемең, оның мекемесі.
Осындағы мекемем деген сөздің сөйлеушінің өзіне, мекемең дегеннің тыңдаушы адамға меншікті екені білінеді, ал мекемесі дегеннен ол заттың бөгде адамға тән екені көрінеді.
Тәуелдік жалғауы үш жақта және жекеше, көпше түрлерде болады. Әр жақтың өзіне тән арнаулы жалғауы бар. Олар төмендегідей:
жақ
жалғауы
І
ІІ
ІІІ
-м, -ым, -ім, -мыз, міз, -ымыз, -іміз.
-ң, -ың, -ің, -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз.
-ы, -і, -сы, -сі.
Мысалы: Қазақстан, атамекен, қала, әке сөздері төмендегіше тәуелденеді:
Септік жалғауларының беретін мағыналары мен атқаратын қызметтерін кеңінен сипаттау үшін сөз тіркестерінің, олардың белгілі бір алуан түрлерінің, сөйлем мүшелерінің, олардың қандай формалардан жасалуы мен атқаратын қызметтерінің сөйлем мүшелерінің байланысу тәсілдерінің, сөздердің меңгеру мен меңгерілуінің мәселелерін талдау қажет.
Атау септік
Жай септеуде де, тәуелді септеуде де атау септіктің өзіне тән арнаулы қосымшасы болмайды. Атау септік формасы, бір жағынан, басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін қабылданған негізгі форма болса, екінші жағынан, ол тек белгілі бір затты атау үшін ғана емес, онан әлде қайда кең грамматикалық қызмет атқаратындықтан, арнайы талдайтын негізгі форма ретінде қаралады.
Атау формадағы сөз кім? кімдер? не? нелер? деген сұрауларға жауап береді де, жекеше, көпше, тәуелді түрлерде де қолданыла береді.
Бұл жалғаулар буын үндестігі мен дыбыс үндестігі заңдылықтарын сақтап жалғанады: Қазақстан+ның, елдері+нің, Абай+дың, тіл+дің, ұлт+тың, мемлекет+тің т.с.с.
Ілік септігі жалғауының сөзге қосылған кезде беретін бірден-бір мағынасы иелік, меншікті білдіру. Септіктің бұл түрі тәуелдік категориясымен тығыз байланысты. Ол тәуелдік жалғаулы сөзбен әрдайым синтаксистік бірлікте айтылады. Зат есімдер ілік жалғауында келгенде онымен тіркесетін тәуелдік жалғаулы сөз ылғи үшінші жақта тұрады, кез келген зат есім семантикалық жағынан 3-жақты білдіреді.Мысалы: Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің ана тілдерін сақтап, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндігінше көмек көрсету мемлекеттік тіл саясатының негізгі ұстанымдарының біріне жатады.
Ілік септігі арқылы көрінетін грамматикалық тәуелдіктің басты-басты түрлері деп оның меншік иесін, туыстық жақындықты, табиғи бірлікті, нәрсенің бөлшегін, дерексіз ұғымдардың байланысын, логикалық субъектіні, сапалық ерекшелікті білдіруін атауға болады.
Ілік септігінің жалғауы кейде түсіріліп, жасырын түрде де қолданылады. Мысалы: Қазақстанның халқы – Қазақстан халқы, қазақтың тілі – қазақ тілі, тілдің мерекесі – тіл мерекесі, егемендіктің белгісі – егемендік белгісі т.с.с.
Жер-су аттары, әкімшілік атаулары жасырын ілік септігінде тұрады. Мысалы: Ақмола облысы, Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік көшесі т.с.с.
Ілік септігіндегі сөз негізінен, сөйлем мүшесінен анықтауыш болады.
Барыс септігі
Барыс септігіндегі сөз кімге? Неге? Қайда? Деген сұрақтарға жауап береді.
Барыс септігінің жалғаулары: -қа/ -ке, -ға/-ге, -а, /-е, -на/-не.
Бұл жалғаулар қазақ тіліндегі буын үндестігі, дыбыс үндестігі заңдылықтарына сәйкес жалғанады: азамат+қа, ел+ге, мемлекет+ке, отан+ға, анам+а, елі+не, інім+е, досы+на т.с.с.
Барыс септігіндегі сөз кімге? Неге? Сұрақтарына жауап бергенде, толықтауыш болады да, қайда? Сұрағына жауап бергенде, пысықтауыш болады: Сәкен досына (кімге?) көмектесті. Жұмысқа (қайда?) бара жатырмын.
Табыс септік
Зат есімге тән грамматикалық категориялардың бірі – септік категориясы. Септелу деп сөздердің сөйлем ішінде өзге сөздермен дәнекерлесу үшін септік жалғауын қабылдап, грамматикалық тұрғыдан өзгеріске түсуін айтады.
Зат есімге жалғанатын табыс септігінің жалғаулары –ны, -ні, -ды, -ді,
-ты, -ті және тәуелдік жалғаудың 3-жағынан кейін –н. Бұл септіктегі сөз етістікпен байланысып, сөйлемде тура толықтауыш болып қызмет атқарады. Мысалы:Тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда жаңа инженерлік желілер, құрылыстар мен жолдарды салумен ғана проблема шешілмейді.
Табыс септіктің жалғауы да бірде ашық, бірде жасырын түрде қолданыла береді. Бірақ жалғауы айтылмай, жасырын тұратын табыс жалғаулы сөз сыртқы форма жағынан атау септіктегі сөзбен түрлес болғанымен, әрқашан сабақты етістікпен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш болады. Мысалы:жолдар салды, сын қабылдады, қателік іздеді т.б.
Жатыс септік
Бұл септіктегі сөздер негізінде көлемдік, мекендік және мезгілдік мағына береді. Осыған сәйкес, сөйлемде беретін мағынасына қарай жанама толықтауыш та, мезгіл пысықтауышта, кейде орнына қарай баяндауыш та болады.
Сұрақтары: кімде? неде? қайда?
Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде.
Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшесі болғанда, олардың қосымшалары түсірілмей де, түсіріліп те қолданыла береді. Мысалы: Оралда, Сібірде, Солтүстікте алтында, күмісте, мыста талай естіген өзгермейтін, міз бақпайтын безерген дауыс.
Шығыс септік
Бұл септік іс-амал, қимыл-әрекеттердің шыққан орнын, себебін, мезгілін, мөлшерін және басқа әр қилы мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына қарай, шығыс септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та, кейде баяндауыш та болады.
Сұрақтары: кімнен? неден? қайдан?
Жалғаулары: -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.
Көмектес септігі
Бұл септік іс-амалдың құралы мен тәсілін, мекені мен мезгілін, ортақтасу, бірлесу, астасу, ұштасу сияқты жай-күй қатынастарын және басқа әр алуан мағыналарды білдіреді. Осы мағыналарына сәйкес, көмектес септіктегі сөз сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та бола береді.
Сұрақтары: кіммен? немен?
Жалғаулары: -мен, -пен, -бен.
Мысалы: Ол Астанадан машинамен келеді. Сәрсен достарымен жүр.
Жіктік жалғауы
Жіктік жалғауы тек қана синтаксистік қызмет атқарады. Өйткені жіктік жалғаулы сөз сөйлемде әрдайым баяндауыш қана болады. Солай болса, жіктік жалғау – баяндауышқа ғана тән жалғау.
Жіктеу категориясы – қазіргі қазақ тілінде етістікке ғана тән қасиет емес, баяндауыш болып қызмет атқара алатын өзге де сөз таптарына, соның ішінде есімдерге де тән қасиет. Олай дейтініміз – бастауышы жіктеу есімдіктерінен болған сөйлемде баяндауыш болатын сөз әрқашан бастауышпен жақтасып, тиісті жіктік жалғауды қабылдайды. Егер сөйлемнің бастауышы есімдіктен емес, басқа бір жалпы я жалқы есімнен болатын жағдайда оның баяндауышы, әдетте, үшінші жағында тұрады. Мысалы: ол келді –бала келді.
Жіктік жалғау сөздерге жекеше, көпше түрде үш жақта жалғанады.
Мысалы: Мен адаммын, Сен адамсың, Сіз адамсыз, Ол адам, Біз адамбыз, Сендер адамсыңдар, Сіздер адамсыздар, Олар адамдар. Мен келдім, Сен келдің, Сіз келдіңіз, Ол келді, Біз келдік, Сендер келдіңдер, Сіздер келдіңіздер, Олар келді.
СЫН ЕСІМ
Сын есімдер мынадай атрибуттарға ие:
тұлғасына қарай [по способу образования]: негізгі [непроизводные] \ туынды [производные]
мағынасына қарай [по значению]: сапалық [качественные] \ қатыстық [относительные]
құрамына қарай [по составу]: дара [простые]\күрделі [сложные]
шырайы бойынша [по степени]: жай шырай [положительная]\салыстырмалы шырай [сравнительная]\күшейтпелі шырай [превосходная 1]\ асырмалы шырай [превосходная 2]
Сапалық сын есімдер - мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр, т.б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі) және басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздер.
Қатыстық сын есімдер
Қатыстық сын есімдер көбіне-көп әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер болады да, сол затқа, қимыл, іс-әрекет, құбылысқа тағы басқаларға қатысын білдіреді. Мысалы: Ол кісі шын мәніндегі көзсіз батыр еді дегендегі көзсіз сөзі туынды сын есім, бұл сөйлемде қайтпас ержүрекке тән батылдық істі білдіріп тұр.
Қатыстық сын есімдер морфологиялық құрамы жағынан сөзжасам қосымшалары арқылы жасалған туынды немесе күрделі сөздер болып келеді.
Сонымен , қазақ тіліндегі –лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті, -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік, -ғы/-гі, -қы/-кі, -сыз/-сіз, -шыл/-шіл, -и, -паз, -қой, -ық/-ік, -қ/-к,
-ғыш/-гіш, қыш/-кіш, -шақ/-шек, -ғыр/-гір, -қыр/-кір т.б. сөзжасам қосымшалары зат атауын білдіретін немесе есім мәнді қимылды білдіретін сөздерге жалғанып, сол сөздің мағынасына қатысты ол ұғымдардың бар, я жоқ, соған бейімдік, мекендік тәрізді сөзжасамдық мағына тудырады да, ол екінші бір затқа қатысы болуы арқылы қатыстық сын есім болады. Мысалы: 1. Қазақстан Республикасы әскери саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. 2. Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады. 3. Сарбаздардың әскери міндеттері жауаптылықты, ептілік пен қырағылықты, сақтықты, керек кезінде өжеттікті қажет ететін аса жауапты қызмет.
-шыл, шіл жұрнақтары арқылы жасалған сын есімдер
-шыл, -шіл қосымшасы зат есім, есімдік, әр тарапты сөздерге жалғанып, олардың лексикалық мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекеттке бейімділікті, икемділікті, құмарлықты білдіретін қатыстық сын есім жасайды. Мысалы: арманшыл, көпшіл, өзімшіл, жершіл, турашыл, ісшіл,ұйымшыл т.б.
САН ЕСІМ
Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі – анықтауыш болу. Олар сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру қызметтерін атқарады. Сан есім топтарының кейбіреуі заттың, зат есімнен туған сынның немесе амалдың дәл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреуі ретін білдіреді; ал үшінші бір тобы сандық ұғымның бөлшегін, төртінші бір тобы заттарды топтар көрсету деген сияқты әр қилы жақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан сан есімдер:
есептік сан есім
реттік сан есім
болжалдық сан есім
жинақтық сан есім
топтық сан есім, бөлшектік сан есім болып алты топқа бөлінеді.
Есептік сан есім
Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, қанша? неше? Деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады.Мысалы: алты, он бес, жиырма, мың тоғыз жүз алпыс т.б.
Есептік сан есімдер құрылысы жағынан екіге бөлінеді:дара, күрделі
Бір, он, жүз мың,жиырма; он екі, жиырма алты, жүз елу, мың бес;
Есептік сан есім заттың дәл санын білдіру үшін қолданылатын болғандықтан, зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда септелмейді, тәуелденбейді, өзгеріске ұшырамайды. Мысалы: алпыс тоғыз жас, алпыс тоғыз жастың, алпыс тоғыз жасқа; он бес жыл, он бес жылдан, он бес жылды; жетпіс алты орындық, жетпіс алты орындықтың, жетпіс алты орындықпен т.б.
Ал есептік сан есім зат есімге тіркесіп айтылмай, сандық белгі ретінде қолданылса, зат есімнің үлгісімен септеледі. Мысалы: Алпыс тоғызға толды. Жүз елуден қырықты кемітсең жүз он қалады.
ЕСІМДІК
Есімдіктің мағыналық түрлері
Қазақ тіліндегі есімдік сөздер сан жағынан көп емес. Бірақ олардың тіліміздегі атқаратын қызметі орасан зор. Мағыналарына қарай есімдік сөздер мынадай топқа бөлінеді: 1. Жіктеу есімдіктері. 2. Сілтеу есімдіктері.3. Сұрау есімдіктері. 4. Өздік есімдіктері. 5. Белгісіздік есімдіктері. 6. Болымсыздық есімдіктері. 7. Жалпылау есімдіктері.
1. Жіктеу есімдігі
Сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде адамды немесе заттың, атын, сынын алмастыратын есімдіктерді жіктеу есімдіктері деп атайды.
Жіктеу есімдіктері жекеше, көпше түрлерде үш жақта қолданылады: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.
Жіктеу есімдіктері септеледі. Жіктеу есімдіктерінің септелуінде ескерілуге тиісті жайлар бар:
а) ілік, барыс, табыс және шығыс септіктерінде түбірдің соңындағы н, л дыбыстыры түсіп қалады: мен+нің –менің /меннің емес/, сен+нің – сенің /сеннің емес/ т.б.
ә) барыс септігінің жалғауы –ған болады: маған (менге емес), саған (сенге емес), оған (олға емес), бірақ сізге, бізге, сендерге, сіздерге, оларға.
б) көмектес септігінде жіктеу есімдігінің түбіріне ы,і дыбыстарының әріптері жалғанады: менімен (менмен емес), сенімен (сенмен емес), онымен (олымен де емес, олмен де емес).
Жіктеу есімдіктерінің үшінші жақтағы түрлері ғана тәуелденеді де, басқа түрлері тәуелденбейді: онымен, оның, оныңыз, онысы, онымыз, оларымыз, оларың, оларыңыз, олары.
Жіктеу есімдіктеріне жіктік жалғауы жалғанғанда, сол жақтың ғана қосымшасы жалғанады: мен менмін, сен сенсің, сіз сізсіз, ол – ол, біз бізбіз, біздер біздерміз, сендер сендерсіңдер, сіздер сіздерсіздер, олар – олар.
2. Сілтеу есімдіктері. Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, ол, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктердің барлығы мағына жағынан бірдей емес. Соған сәйкес, олардың сөйлемде атқаратын қызметтері де бір-біріне тең емес, өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар.Мысалы: Осының нәтижесінде ғаламдық климаттың өзгеру қаупі туып отыр. 3. Сұрау есімдіктері. Сұрау мағынасын тудыратын негізгі есімдіктер: кім? не? неше? нешінші? нешеу? қанша? қандай? қалай? қашан? қайда?
Мысалы: Жұмысты қалай істейсің?
4. Өздік есімдігі.
Қазақ тілінде өз деген жалғыз сөз өздік есімдігін құрайды. Өз есімдігі кей ретте жеке қолданылады: Алдымен, өзіңе өзің жақсылық жасай біл.
Көп жағдайда өздік есімдігі жіктеу есімдіктерімен тіркесіп келеді. Оның өзінде де ілік септігінің ашық жалғауын жалғауы да мүмкін, жіктеу есімдіктерінің түбір күйінде болуы да мүмкін: Менің өзім, Мен өзім, оның өзі, ол өзі т.с.с.
5. Белгісіздік есімдігі. Белгісіздік есімдіктеріне: әркім, әрқалай, әрқашан, әрбір, әрқайсысы, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлденеше, әлдеқалай, біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, бірнеше, бірдеме т.б. сөздер жатады. Белгісіздік есімдіктері заттық ұғымды білдіреді де, зат есімше өзгереді. Мысалы: Кейбіреулер таңырқай қарасты.
6. Болымсыздық есімдігі. Болымсыздық есімдіктер еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады. Мысалы: ешкім, ешбір, ешқандай, ешқандай, ешқашан, ешқайсысы, ешнәрсе, дәнеңе, деген сөздер жатады. Болымсыздық есімдіктер сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және етістіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады. Мысалы: Қолайлы жағдайлар, тұрмыстың жеңілденуіне әкелгенмен коммуникация тығыздығы, әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері – жағынан қолайлы орта емес.
7. Жалпылау есімдіктері. Жалпылау есімдіктеріне бәрі, барлық, барша, күллі, бүтін, түгел, сөздері ғана жатады. Бірақ олар тәуелденсе, заттық ұғымды береді де, бастауыш және толықтауыш болады. Мысалы: Бәрі еңбеккер жан екен (Ө.Т.).
ЕТІСТІК
Етістіктер мынадай атрибуттарға ие:
жасалуына қарай [по способу образования]: негізгі [непроизводные]\туынды [производные]
құрамына қарай [по составу]: дара [простые]\күрделі [сложные]
объектіге қатысына қарай [по отношению к объекту]: салт [непереходные] \ сабақты [переходные]
іс-әрекеттің орындалуына қарай [по отношению к результату действия]: болымды [утвердительные] \ болымсыз [отрицательные]
етіс бойынша [по залогу]: өздік [возвратный]\ырықсыз [страдательный] \ ортақ [совместный] \ өзгелік [понудительный]
рай бойынша [по наклонению]: ашық [изъявительное] / бұйрық [повелительное] \ шартты [условное] \ қалау [желательное]
шақ бойынша [по времени]: жедел өткен шақ [недавно прошедшеее время]\бұрынғы өткен шақ [давно прошедшее время]\ауыспалы өткен шақ [прошедшее переходное время]/нақ осы шақ [настоящее определенное]\u0430уыспалы осы шақ [настоящее неопределенное]\u0431олжалды келер шақ [будущее предположительное]\u043cақсатты келер шақ [будущее время цели]\u0430уыспалы келер шақ [переходное будущее время]тұйық етістік [неопределенная форма глагола] [Infinitivе]
Түбір және күрделі етістіктер
Туынды түбір етістіктердің өздерінен де туынды етістіктер жасала береді. Дегенмен, негізгі түбір етістіктер туынды күрделі етістіктердің жасалуына негізгі қор болып саналады. Кейде түбір етістіктерге етістіктен етістік тудырушы жұрнақтар немесе төрт етіс түрлеріндегі жұрнақтар бірінен кейін бірі қосарлана жалғана береді. Мысалы: мекен-де-йтін, шоғыр-лан-ған, жең-іл-ден-у, қанағат-тан-дыр-у, тара-л-у, нашар-ла-т-а-(-ды- жіктік жалғауының III жағы), өт-кіз-у, арала-с-у, қыс-қар-т-атын, жүр-гіз-іл-ер жұм-са-л-атын, т.б.
Күрделі етістіктер
Күрделі етістіктер – тілдің сөзжасам құбылысына жататын белгілі сөзжасамдық үлгі арқылы жасалып, күрделі қимылды білдіретін лексикалық бірліктер.
Күрделі етістіктердің өзіндік ерекшеліктері, нақтылы жасалу үлгісі, белгілері бар.
Күрделі етістіктер – бір лексикалық мағына білдіретін, ең кемі екі сыңардан жасалған, тілде жеке дербес сөздің қызметін атқаратын лексикалық бірліктер. Тек күрделі етістіктің сыңарлары дыбыстық жағынан бірігіп кірікпей, өздерінің ара жігін сақтаған. Мысалы: Аула ішіндегі аумақтарды, кіреберістер мен үйге кіретін жолдарды абаттандыруды қос алғанда, тұрғын үй құрылысы салынатын аудандарда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) сметалық құн бойынша жеке құрылыс салушылардан сатып алу.
Күрделі етістіктер білдіретін күрделі қимыл ішкі мағыналық құрамы жағынан:
а) бірінен кейін бірі жасалатын екі қимылдан тұрады: біліп кет, кіріп шық, біліп шық, әкеп бер т.б.
ә) бір мезгілде жасалатын қимылдан тұрады: шаба жөнелісті, жетіп келді т.б.
Күрделі етістік жалпы күрделі сөздер сияқты мағыналы етістіктерден жасалады. Сондықтан оның құрамындағы сыңарлары мағына жағынан тең болады. Мысалы: Салынып жатқан тұрғын үйге арналған коммуналдық қызметтерді тасымалдау бұрын салынған тұрғын үй алаптары арқылы өтетін жұмыс істеп тұрған коммуникациялар мен құрылыстар бойынша жүргізіледі.
Тұйық етістік
Қимыл есімі (кейде тұйық етістік, қимыл атауы) етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерекшеленетін функциялық формаларының бір түрі.
Барлық етістік формалары жіктеліп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартса, қимыл есімінде ондай белгі жоқ. Керісінше, есімдерше көптеліп, тәуелденіп, септеліп қолданылады.
Қимыл есімнің етістіктің бір түрі бола тұрып мұндай ерекшелікке ие болуы қимыл әрекеттің өзін емес, сол әрекеттің атауы ретінде қолданылуына байланысты.
Қимыл есімі –у (-ұу, -үу), -ыс (-іс), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Қимыл есімінің жұрнағы жалғанбайтын бірде-бір түбір не туынды етістік жоқ. Демек, барлық қимыл-әрекеттің атауы болады екен.
Мысалы: бар – бару, барыс, бармақ; өзгер - өзгеру, өзгеріс, өзгермек..
Түбір не туынды түбір етістікке қимыл есімдерінің жұрнағы жалғанғанда қимылдың атауы ретінде қолданылғанмен салт және сабақтылық мағынасы толық сақталады. Сондықтан түбір етістік пен туынды түбір етістіктің септік формадағы сөзді меңгеруі қимыл есіміне айналғанда да сол қалпын сақтайды. Мысалы: жұмысқа бар – жұмысқа бару, сабақты тыңда – сабақты тыңдау, бөлімде отыр – бөлімде отыру, оқулықтан ал – оқулықтан алу, іспен шұғылдан – іспен шұғылдану.
Демек, қимыл есімнің өзін емес, атауын білдіреді десек те, оның етістік шеңберінен шығып кетпейтінін (конверсиялануды есептемегенде) етістіктің функционалдық формасы болып қалатынын аңғарамыз.
-у тұлғалы қимыл есімдер. Негізгі және туынды түбір, сондай-ақ болымды және болымсыз етістіктерге –у аффиксі қосылып жасалған бұл қимыл есімдер басқа етістіктердей жіктеле деалмайды, ешбір шақтық мағынаны білдірмейді. Олар есімдерше септеледі, тәуелденеді, көптік жалғауын қабылдайды немесе белгілі тіркестермен қолданылып, сөйлемнің барлық мүшесінің де қызметін атқара алады.
-у тұлғалы қимыл есімдері өздерінің септелуімен қатар барлық септіктердегі есімдермен сөз тіркесінде айтылады да, оларды меңгереді. Өйткені қимыл есімдері септелгеннің өзінде де іс-әрекетті білдіреді, сабақты және салт етістік мағынасын толық сақтайды.
Есім сөздер негізінде етістіктің жасалу мүмкіндігі мол. Ол етістіктің сөзжасам жүйесі, оның аналитикалық және синтетикалық амал-тәсілдері арқылы жүзеге асады.
Барлық сөз табымен түгелдей дерлік қосылып, туынды түбір етістік жасауда әмбебап -ла, -ле, -да, -де, -та,-теқосымшалары, оның фонетикалық варианттарының орны ерекше. Бұл қосымшалар сабақты және салт етістіктерде туынды түбірлерде арнайы баяндау кезінде олардың лексика-семантикалық топтары да сараланады.
Тілімізде, дәлірек айтсақ, түсіндірме сөздікте осылар негіз болып, етістікке айналған: ой-ла, жеке-ле, арман-да, өң-де, міндет-те, сақ-та, бейім-де, анық-та, бас-та, қаржы-ла, рет-те, деңгей-ле, т.б. реестрлер бар.
Етістер, олардың түрлері
Қазақ тілінде етістер 4 түрге бөлінеді: 1. Өздік етіс. 2. Өзгелік етіс. 3. Ырықсыз етіс. 4. Ортақ етіс.
1. Өздік етіс. Өзіне тән істі, қимылды субъектінің басқа біреу арқылы істемей, тіке өзі істейтіндігін немесе өзі істегендігін білдіретін етістіктің түрі өздік етіс деп аталады.
3. Ортақ етіс. Бір ғана субъекті тарапынан істелмей, бірнеше субъект арқылы ортақ істелетін, я болатын іс-қимыл туралы ұғымды білдіретін етістіктің түрін ортақ етіс дейміз.
Ортақ етістің жасалу жолы: --с, -ыс, -іс: құтылмас, басқарыс, ұсыныс, мініс, аштырыс, анықтас, көрсетіс, енгізіс т.б.
4. Ырықсыз етіс. Сабақты етістіктің салт етістікке айналуынан істің субъектіден (істеушіден) ажырап, өзінің тура объектісіне тән болатын түрі – ырықсыз етіс деп аталады.
Іс-әрекеттің, қимылдың мезгілге, уақытқа байланыстылығын көрсететін етістікке тән категорияны етістіктің шақтары деп атайды.
Етістікте үш шақ болады: өткен шақ, келер шақ және осы шақ.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері: 1) сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді; 2) әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс-әрекетті көрсетеді.
Осы шақ мағынасы мен жасалуына қарай нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтте болып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақ етістіктің құрамына қарай жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді.
а) Нақ осы шақтың жалаң түрі отыр, тұр, жатыр, жүр деген етістіктердің жіктелуі арқылы жасалады. Бұл төрт етістік қалып етістіктері деп аталады. Қалып етістіктеріне жіктік жалғауы тікелей жалғанып, есімдерше жіктеледі.
Қалып етістіктің жіктелу үлгісі
жақ
отыр
тұр
жүр
жатыр
Жекеше
І
ІІ
ІІІ
отырмын
отырсың
отырсыз
отыр
тұрмын
тұрсың
тұрсыз
тұр
жүрмін
жүрсің
жүрсіз
жүр
жатырмын
жатырсың
жатырсыз
жатыр
Көпше
І
ІІ
ІІІ
отырмыз
отырсыңдар
отырсыздар
отыр
тұрмыз
тұрсыңдар
тұрсыздар
тұр
жүрміз
жүрсіңдер
жүрсіздер
жүр
жатырмыз
жатырсыңдар
жатырсыздар
жатыр
Отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктері ІІІ жақта жіктік жалғауынсыз жұмсалады. Бұнда да есімдер (мысалы, зат есім, сын есім, сан есім) сияқты ІІІ жақта жіктік жалғауы болмайды. Қалып етістіктері (отыр, тұр, жүр, жатыр) екі түрлі мағынада жұмсалады. 1) ІІ жақ жіктеу есімдігімен (сен) тіркесіп, ІІ жақ бұйрық мағынасын білдіреді: сен отыр, сен тұр, сен жүр, сен жат; 2) ІІІ жақ жіктеу есімдігімен тіркесіп, ІІІ жақта жұмсалып, осы шақ мағынасын білдіреді; ол отыр, ол тұр, ол жүр, ол жатыр.
ә) Нақ осы шақтың күрделі түрі негізгі етістіктің –ып, -іп, -п және –а, -е, -й тұлғалы көсемше түрі мен отыр, тұр, жүр, жатыр деген қалып етістіктерінің көмекші етістік мәніндегі тіркесінен жасалады. Күрделі етістіктің құрамындағы көмекші етістіктер (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктеліп жұмсалады. Мысалы: Мен оқып отырмын. Сен сөйлеп тұрсың. Марал тамақ пісіріп жатыр.
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ –а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келемін. Сен ойлайсың. Ол тыңдайды.
Жақ
жекеше
Көпше
І
ІІ
ІІІ
айтамын, келемін, сөйлеймін
айтасың, келесің, сөйлейсің
айтасыз, келесіз, сөйлейсіз
айтады, келеді, сөйлейді
айтамыз, келеміз, сөйлейміз
айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер
айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер
айтады, келеді, сөйлейді
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемшенің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, енді бірде алда болатын қимылды білдіріп, келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы осы шақ деп аталады.
Шартты рай.
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са/ -се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: ардақтаса, құрметтесе, оқытса, айтпаса т.б.
Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са, -се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.
Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі: І жақта жекеше –м, көпше –к, -қ, ІІ жақта анайы жекеше –ң, көпше –ңдар, -ңдер, сыпайы жекеше –ңыз, -ңіз, көпше –ңыздар, -ңіздер жалғаулары жалғанады да, ІІІ жақтың арнайы жалғау болмайды.
Шартты райдың жіктелу үлгісі
жақ
жекеше
көпше
І
ІІ
ІІІ
бар+са+м, көрме+се+м, оқыт+са+м
бар+са+ң, көрме+се+ң, оқыт+са+ң
бар+са+ңыз, көрме+се+ңіз, оқыт+са+ңыз
бар+са - , көрме+се - , оқыт+са -
бар+са+қ, көрме+се+к, оқыт+са+қ
бар+са+ңдар, көрме+се+ңдер, оқыт+са+ңдар
бар+са+ңыздар, көрме+се+ңіздер, оқыт+са+ңыздар
бар+са - , көрме+се -, оқыт+са-
Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде келіп, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылауымен тіркесіп қарсылықты мағынаны білдіреді. Мысалы: Мен келсем сен кетіп қалыпсың. Болған жайды орынбасары айтпаса да, бастық өзінің мән-жайға қанық екенін баса айтты. Берілген мысалдағы келсем, айтпаса да деген шартты рай тұлғалы етістіктер өздері бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып, келесі басыңқы сөйлемнің мезгілін және оған қарсы мағынаны білдіріп тұр.
Шартты райлы етістік І, ІІ жақ жіктік жалғауында тұрып, оған –шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Мысалы: Оның осында келетінін білсемші. Оның атын сұрасаңшы.
Ескерту: Шартты рай жұрнағы –са, -се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс-әрекеттің болу шартын білдіре бермейді. Мысалы: Мен болсам ауылда қалдым. Оның оқуы бітсе керек еді ғой. Бұл мысалдағы болса, бітсе деген етістіктер шартты рай тұлғасында жіктеліп (І және ІІ жақ) тұрса да, ол іс-әрекеттің ешбір болу шартын білдіріп тұрған жоқ.
Бұрынғы өткен шақ есімше
Есімшенің бұл түрі –ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағымен жүзеге асады. Бұл жұрнақ арқылы жасалған есімше формалары мейлі атрибуттық, мейлі предикаттық қолданыста болсын өте жиі әрі кеңінен қолданылады.
–ған (-ген, -қан, -кен) жұрнағы арқылы жасалған форма, сөйлемнің қай орнында қалай түрлендіріліп жұмсалса да және құрылымы жалаң я күрделі түрде қолданылса да, қашанда өткен шақ мәнін білдіреді.Мысалы:1. Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы нысан бойынша іссапар куәлігі беріледі. 2. Іссапардың шығыстары тәулік бойынша төленетін болғандықтан, іссапар куәлігі қызметкердің межелі жерге барған және ол жерден шыққан, қайтыпкелген уақытын белгілеуші есептік құжат болып табылады.
Синтаксис
Синтаксис – сөз тіркесі, сөйлем туралы ғылым. Синтаксис сөйлемді, сөйлем ішіндегі тиісті сөз тіркестерін не жеке сөздерді (сөйлем мүшелерін), олардың қарым-қатынастары мен грамматикалық сыр-сипаттарын талдайды.
Сөз тіркестері
Етістікті сөз тіркестері
Атынан байқалып тұрғандай-ақ, етістікті сөз тіркестерінде етістік негізгі шешуші қызмет атқарады. Өйткені етістік табиғатында өзінің лексика-грамматикалық мағынасына, сөз табы ретіндегі жалпы категориялық қасиетіне орай басқа сөздерді жетегіне алып, маңайына үйіріп тұрады.
Етістіктер мағынасы жағынан орайлас жатқан сөздермен әр түрлі тәсілдер арқылы байланысқа түседі де, соның негізінде сөз тіркесінің белгілі бір байланысу формасы (типі) жасалады, нақтылай айтқанда, меңгеру, қабысу, жанасу. Мысалы: өзі салған, ара тұру, өмір сүріпті, мәселелер қою, жолын өзгерту, аударып отыр, жылмен салыстыру, пайда болу, өзгеруіне әкелу, іс-шаралар жүргізу, шығын болу, кеңінен таралу, денсаулық нашарлау, қысымы арту, жалғасына айналу, т.б.
Есімді сөз тіркестері
Есімді қабыса байланысқан сөз тіркестері көлемі жағынан өте көп. Оның өзі есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарының құрамына байланысты. Есімді сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары зат есім, сын есім, сан есім, есімдіктер болады. Әрине олардың басыңқылық дәрежесі әр сөз табымен тіркесінде әртүрлі. Ал сөз таптарының жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбіне есімдер, сол сияқты басқа да сөз таптары да жұмсалады.
Есімді сөз тіркестері сөз таптарының тіркесінің негізінде үш түрлі құрамда өзара сөз тіркесін құрайды.
Біріншіден, әртүрлі сөз таптарының тіркесі арқылы үш жыл, бас сарапшы, біздің ұжым.
Екіншіден, бір сөз таптарына жататын сөздердің тіркесі арқылы:
а) зат есім + зат есім: Қазақстан халқы, жұмыс жоспары, қызмет этикасы;
ә) есімдік + есімдік: бұл өзі;
Үшіншіден, бір сөздің қайталануы арқылы: даңқымен даңқты, жақсының жақсысы, пысықтың пысығы.
Есімді сөз тіркестері өзара қабыса, меңгеріле және матаса байланысады.
Сын есімді сөз тіркестері
Сын есімдер табиғатында затқа қатысты сөздер. Сондықтан да олар заттың түрлі қасиетін көрсетуде басқа сөз таптарынан ерекшеленетіні белгілі. Тілімізде барлық сөз таптарына қатысты сөздердің ішіндегі ең көбі, әрі танып білуге күрделі сөз табы – зат есімдер. Сонша зат есімдердің барлығы да бір қырынан сындық жағынан айқындалатыны анық.
Сын есімдер зат есімдермен сапалық та, қатыстық та түрінде тіркеседі. Мысалы, жүйрік тұлпар,анық ақыл,мемлекеттік қызметші, күнделікті жұмыс, статистикалық есептеу, тиімді шешімдер, салыстырмалы әдіс, есепті мәліметтер, құпиялық қағидасы, ұтымды деңгей, құқықтық акті, негізгі талап, орайлы іс, т.б.
Жатыс жалғаулы сөз тіркесі
Жатыс септігі табиғатында мекенді, орынды білдіретіндіктен, мұндай септік жалғауы арқылы қалыптасқан сөз тіркестері, ең алдымен, көлемдік қатынасты білдіреді. Алайда жалғаулы сөз тіркестері өзге көлемдік септіктер тәрізді мезгілдік мағынаны және тағы басқа да мағыналарды білдіреді.
Жатыс жалғаулы сөздермен тіркесетін етістіктердің табиғатына назар аударатын болсақ, олардың тіркесімділік қабілетінің тең еместігін аңғару қиын емес. Қимыл-әрекетті, қозғалыс-әрекетін, кісінің ішкі психикалық әрекетін білдіретін етістіктер табиғатында жатыс септігіндегі сөздерді тікелей тілеп тұрмайтын болса, ал бірқатар етістіктер сөздердің жатыс жалғауында тұруын белгілі дәрежеде қажет етеді. Ондай етістіктердің қатарына: отыру, жату, тұру, жүру және қалу, жайлау, болу, көрсетілу, сақтау, тәрбиелену, жұмыс істеу тәрізді сөздер жатады. Олардың көпшілігі заттың күйін білдіретін салт етістіктер болып келеді. Жатыс жалғаулы етістікті тіркес: толықтауыштық қатына а) қимыл процесіне жанама объект болатын заттар мен нәрселерді атап көрсетеді.
ә). Қимыл-әрекеттің нендей нәрсеге қатысты екендігін атап көрсетеді.
Пысықтауыштық қатынас 1). Көлемдік. Мұндай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларында көлемдік мәні бар зат есімдер қолданылып, қимыл-әрекеттің болған орнын атап көрсетеді. 2). Мезгілдік. Бұлар мезгілді, кісінің немесе Жан-жануарлардың жас мөлшерін білдіретін есімдер мен есімшелер болып келеді.
Мысалы: 1960-1969 жылдары – Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. Еліміздің өңірлері бірінен соң бірі ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге көшіп жатыр. Мемлекеттік тілге, өзінің ана тіліне құрметпен қарамауы оныңқызмет бабында өсуіне де әсер ететін болуы керек. Ең бастысы – біздің шын мәнінде кириллицаның дәл өзін емес, соның негізінде жасалған қазақ алфавитін пайдаланатынымызды түсіну.
Матасу
Біріншісі зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында, екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз. Матасу – есімді сөз тіркесі, өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғауы жалғанған заттанған сөз болады. Мысалы: Менің Қазақстаным, сенің тірегің, елдің болашағы, Шәкәрімнің еңбектері, баланың жақсысы, сенің болғаның, егемендіктің белгісі, халықтарының мекені т.б.
Қазақ тілінде кейде алдыңғы сөздегі ілік септік жалғауы түсіп қалып та жұмсала береді: байлықтың өлшемі – байлық өлшемі, тәрбиеліліктің өлшемі – тәрбиелілік өлшемі, министрліктердің үйі – министрліктер үйі, ақынның өлеңдері – ақын өлеңдері т.б. Мұндай үлгідегі сөз тіркестері де матасу болады.
Ілік септікте тұрған сөз біздің, өзіміздің, сіздің деген есімдіктер болса, кейде екінші сөздегі тәуелдік жалғауы да түсіп қалып жұмсала береді: Біздің Қазақстанымыз – біздің Қазақстан, сіздің шығармашылығыңыз – сіздің шығармашылық, өзіміздің мемлекетіміз - өзіміздің мемлекет, біздің достарымыз – біздің достар т.б. Сондай-ақ халық жырларында, ақын-жыраулар шығармаларында кейде ІІІ жақ тәуелдік жалғауы да түсіп қолданыла береді.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркесі
Матаса байланысқан сөз тіркестері басыңқы сыңардағы сөз таптарының қатысына қарай есімді матаса байланысқан сөз тіркестері, ортақ басыңқылы матаса байланысқан сөз тіркестері болып екіге бөлінеді.
Матаса байланысқан сөз тіркестері: есімді матаса байланысқан сөз тіркестері, ортақ басыңқылы матаса байланысқан сөз тіркестері
Сонда есімді матаса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғаулы есімдер болса, ортақ басыңқы басыңқы матасудың сыңарлары тәуелдік жалғаулы есімдерге түйдектелген көмекші етістіктер болады. Мысалы:1. Мақұлданғаннан кейін хаттама түрінде халықаралық бөлімнің бастығына бекітілуге жіберіледі.
2. Оның өзі өмір бойы, өмір тәжірибесінің, өзімен-өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың нәтижесі еді.
Матасудың басыңқы сыңары ретінде тәуелденетін мына сөз таптары қатысады: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік (есімше, қимыл есім т.б.), үстеу, тұрақты тіркес.
Меңгеріле байланысқан зат есімді сөз тіркестері
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқы сыңары болып жиі жұмсалады.
Зат есімдердің ішінде үй, ағаш, тас сияқты атаулардан гөрі сын, бай, мейрам сияқты абстракт зат есімдер баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы) бөлшегі болып көп жұмсалады. Мысалы: Қашпақ, қумақ – ерге сын, көшпек, қонбақ – жерге сын (Мақал).
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
Меңгеріле байланысатын сөз тіркестерінің ерекшелігін олардың құралу тұлғасынан білеміз: бағыныңқы сөз барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының бірінде болады да, басыңқы сөз сол жалғаудағы сөзді керек ететін етістік не есім болады. Осыдан меңгеріле байланысқан сөз тіркесі жасалады. Мысалы: тілді меңгеру, қорғауында болады, алатындығына орай, сөзге бай т.б.
Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері онша көп кездеспейді және барлық есімдер бірдей ондай сөз тіркесінің меңгеруші сыңары бола алмайды. Есімдердің ішінде көбінесе бастауыштың күйін, халін білдіретін сөздер есімді сөз тіркесінің басыңқысы болып жиі қолданылады.
Барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары мен септеулік шылаулар арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері немесе меңгеру дейміз.
Меңгеру басыңқы сыңарының қандай сөз табынан болғанына қарай есімді меңгеру, етістікті меңгеру болып келеді. Мысалы: өзге ауыл, қаладан алыс дегендер есімді меңгеру, басыңқы сыңарлары ауыл, алыс – есім сөздер; іспен дәлелде, әңгіме айтты етістікті меңгеру, басыңқы сыңарлары – дәлелде, айтты сөздері етістік болғандықтан.
Ортақ меңгеріле байланысқан сөз тіркестері
Ортақ меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы зат есім, есімдік, сан есім, есімше, үстеу сөз таптары болады. Ол көбіне толықтауыштық, сол сияқты пысықтауыштық қатынаста да жұмсалады. Ондай кезде басыңқы сыңары үнемі күрделі болып келеді, ал бағыныңқы сыңарлары дара да күрделі де түрде бола береді.
Мысалы: 1.Сондай-ақжан-жануарларғадаөте бай. 2. Пайдалы кен қазбаларының бәрінтабуға болады. 3. Ол жерінің үлкендігі жөнінендүниежүзіндетоғызыншы орында тұр.
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі.
Қабысу. Сөздердің қатар орын тәртібі нәтижесінде, қатар тұру арқылы байланысу түрін қабысу деп атайды.
Қабысу қазақ тілінде өте жиі қолданылады. Оның объектілері басқа байланысу формаларына қарағанда кең. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру (кейде алшақ та тұру) арқылы тіркеседі. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің амалы – сөздердің орын тәртібі. Мысалы: 1. Көркемшығарма, жеке сөздер, тұтас құбылыс, көріктеу құралы, көрінген сәттер, көркем әдебиет, көркем сөз, жағымды нәрсе. 2. Көркем ой, ана тілі, өз мәні, ақ сүті. 3. Адамдық белгісі, жазу заманы, бір шеті, халық өмірі, ұзақ өмір, әр халық, орыс сөзі, қазақ сөздері, өз тілі.
Қабыса байланысқан сан есімді сөз тіркестері
Тілімізде бағыныңқы сыңары таза сан есімді қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері кездеседі. Жалпы зат бар жерде оның саны айқындалады. Сан есімдер де қаншалықты затқа қатысты делінгенмен, олар кез келген зат есімдермен жапа-тармағай тіркесе бермейді. Сан есімдер қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде құрамы жағынан дара және күрделі түрі кездеседі, ондай кезде сан есімдердің ішінде тек есептік және реттік сан есімдері ғана қолданылады. Басқа сөз таптары олармен онша тіркесте ұшырай бермейді. Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің басыңқы сыңары қаншалықты есімдер дегенімізбен, олардың ішінде тек өзі де жалқы және жалпы болып бөлінеді десек, сан есімдер солардың зат есімдер ғана қолданылады екен.
Зат есімдердің ішіндегі жалқы есімдермен тіркесе бермейді де, көбіне жалпы есімдермен ғана тіркесе алады.Мысалы:жиырма жеті батыр, елу ел, сексен көл т.б.
Зат есімдердің ішіндегі жалқы есімдердің өзі деректі, дерексіз болып бөлінетіні белгілі. Сан есімдер көбіне деректі, яғни санауға болатын зат есімдермен он ұшақ, жиырма палатка, екі адам т.б. зат есімдермен тіркесуге қабілетті десек, ерлік, ой, атақ т.б. зат есімдермен тіркесуі кездеспейді. Олай болса есептік, реттік сан есімдердің дара және күрделі түрлері де зат есімдермен тіркесіп, анықтайтын затының сандық көлемі мен ретін білдіреді. Мысалы:1. Ақмола топырағынан шыққан Кеңестер Одағының 27 батырының ішінде Мәлік Ғабдуллиннің тұлғасы жаратушы сый еткен асыл алмастың қырларындай жан-жақтылығымен жарқырай көрінеді. 2. Қазір оның қарауында 65 миллион солдат, 80 дивизия, 32 мың ұшақ, 3 мың корабль, қыруар ракеталық қару.
Сөйлем
Хабарлы, лепті сөйлемдер
Айтылу мақсатына қарай сөйлем үш түрге бөлінеді: хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлем.
Бұлардан ерекше, адамның көңіл-күйін білдіретін лепті сөйлем деген түрі де бар.
Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлемнің басқы жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдейді. Жазуда хабарлы сөйлем соңынан нүкте (.) белгісі қойылады.Осы бір ауыз сөзде атамекенімізге деген мақтаныш жатыр. Осы сөзде патриоттық, ерлік пен батырлық жатыр.
Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну, аяу т.б.) білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.
Лепті сөйлемді айтқанда, дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады. Жазуда лепті сөйлемнің соңынан леп (!) белгісі қойылады.
Лепті сөйлемнің құрамында көбінесе одағай сөздер, не еткен, не деген, қандай деген сияқты күшейткіш мәнді сөздер, -ай, -ақ, -ау деген сияқты демеулік шылаулар және басқа да күшейткіш мәнді сөздер болады. Мысалы: Менің Қазақстаным! Қазақ тілін – Қазақстанның достық тіліне айналдырамыз! Япыр-ай, ұшқыр екен мына жорға! Жасай бер, жаңа Астана! Отаным қандай кең байтақ, Астанам неткен тамаша!
Толымды жай сөйлем
Жай сөйлемнің кейбіреуінде айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысып, тыңдаушыны толық қанағаттандырады, іс-оқиға жайында толық хабар беріледі. Мысалы: 1998 жылдан бастап, жылма-жыл 22 қыркүйекте ресми түрде бүкіл ел көлемінде Қазақстан халықтарының тілдері күні кең аталып келеді.
Толымды сөйлемнің негізгі белгісі:айтылуға тиіс мүшелері басқа сөйлемге тәуелді болмай, дербес түгел қатысады;
Есімше оралымды жай сөйлем
Сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай есімше сөздері де алуан түрлі қызмет атқарады: бірде атрибуттық мәнге ие болса, енді бірде ол жай сөйлемнің баяндауышы ретінде жұмсалады. Мұның бәрі есімшенің әрі есім, әрі етістік сөздерінің орнына жұмсала беретін екі жақты қасиетінен туындайды.
Есімше оралым негізгі сөйлеммен байланысу тәсіліне қарай, екі түрлі амалмен жасалады: септік жалғаулары және көмекші (шылау) сөздермен тіркесе жұмсалуы арқылы.
Септік жалғаулы есімше оралымдар.
-ған+-да бұл оралым сөйлем ішінде қолданылу ыңғайына қарай мезгіл, кейде шарт мәндерінде жұмсалып отырады
-ған+-мен есімше оралымды сөйлемнің қанаты да болымсыз мәнді ұғымда болады, осыған сәйкес сөйлем баяндауыштары болымсыз тұлғада не болымсыздық мәндегі сөздермен беріледі
Мысалы: 1. Олар іссапарда болғанда көптеген қызық оқиғалардың куәсі болды. 2. Біз Алматыда іссапарда жүргенменжұмыста болып жатқан барлық жаңалықтарды біліп отырдық.
Көмекші сөзді есімше оралымдар.
-ған+ соң осындай жолмен аяқталған есімшелі оралым сөйлем ішінде қолдану ыңғайына қарай әр түрлі мағыналық қатынастарда жұмсалып отырады. соның бірі – себептік мән.
-ған+нан+ кейін есімше оралымының осы құрылысы мезгілдік мәнде жұмсалып, негізгі сөйлемдегі оқиға, әректтің орындалуына мүмкіндіктер туғызады.
-ған+нан+ бері бұлар да есімше оралымды жасауға қатынасып, сөйлем мазмұнына мезгілдік мәнінде құрылады. негізгі сөйлемдегі оқиға желісі осыған орайда екінші бір ойдың болған мезгілімен ұштастырыла айтылады.
Мысалы:1. Техникалық тапсырма бекітілген соң іссапарға барушының жеке ісі жасалады.2. Мақұлданғаннан кейінхаттама түрінде халықаралық бөлімнің бастығына бекітілуге жіберіледі.3. Ақнар іссапардан келгеннен бері өзін жақсы сезініп жүр.
Есімше оралымдар негізгі сөйлеммен синтаксистік қарым-қатынаста жұмсалуына орай әр түрлі мағынада қолданылады. Солардың ішінен есімше оралымның ең көп кездесетіні – мезгіл мәніндегілер.
Көсемше оралымды сөйлемдер
Көсемше оралым – бір субъектіге тән негізгі және көмекші әрекеттерді бір сөйлем бойында беруде қолданылатын құрылым. Көмекші әрекетті білдіретін көсемше әр түрлі мәндегі сөздерді өзіне бағындыра отырып, сөйлем ішіндегі бір синтагмаға ие болатын оралымды қалыптастырады.
Оралым құрамындағы көсемше екі түрлі қызмет атқарады:
а) есімді, етістікті сөздерді өзіне бағындырып, ұйымдастырушы тірек сөз орнында тұрса;
ә) тиянақсыз формасы арқылы оралымды негізгі бөлімге бағындырып, байланыстырушы болып тұрады.
Сөйлемде оралым құрамындағы сөздер көсемше – ұйтқы сөздің семантикасы басым көрінетін лексика-грамматикалық тұтастық сияқты қызмет атқарып, негізгі бөліммен пысықтауыштық қатынаста тұрады. Оралымның әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы көсемше формасында берілген етістік семантикасымен байланысты. Мысалы:1.Әйтеуір қалайда сынау керек деген пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында «бәрібір басшының бабын таба алмайсың», деген қаңқу сөз тарайды. 2. Іскер педагог ешқашанда «бұлай істеме» деп айтпайды, «былай істесек қайтеді?» дейді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпайы ғана жұмсайды.
Сөйлем мүшелері
Күрделі бастауыш
1. Матаса байланысқан сөз тіркестеріндегі ілік септігі жалғауы түсіріліп айтылған сөздерде меншіктілік мағына көмескіленіп барып бір күрделі атау мағынасын білдіруге бейімделеді. Мұндай сөздерді тұтас атау ретінде түсіну қалыптасқан деуге болады. Осындай сөздер күрделі бастауыш делінеді. Мысалы: Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Кейінгі он жылдың ішінде Қазақстанның экономикасы бес жарым есе көтеріледі. Бүгінде бүкіл әлемде қаржы дағдарысы орын алып отыр.
2. Көмекші есімдер тәуелдену арқылы ілік септікті сөздермен бірігіп күрделі бастауыш болады (қасы, маңы, жаны, алды, арты, іші, бойы т.б.). Мысалы: Негізгі жағы – ағылшын тілінің қазақтарды, қазақстандықтарды шын мәнінде әлемдік аренаға алып шығатындығы.
3. Өздік есімдігі тәуелденіп келеді де жіктеу есімдіктерімен біртұтастанып кетеді. Кейде ілік септігі түсіріліп те қолданылады. Мысалы: Орысша сөйлейтін, жазатындар пайдаланып жүрген кириллицаның өзі, сөздің толық мағынасында алар болсақ, славяндардың төл жазуы емес.
4. Бастауыштар күрделі етістіктен жасалып күрделенеді.
Мысалы: Жалпы, қазіргі жағдайда «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері 10 және 9 балалы аналарға емес, 7 және 6 балалы аналарға берілетін болатындығы жөнінде тиісті заңға түзету енгізу керек деп те ойлаймын.
5. Күрделі бастауыш заттанған күрделі сын есім мен сан есімдерден де жасалады. Мысалы: Тәуелсіз Қазақстанның Тұнғыш Президентіне, жусан исі бұрқырап, ермені енді-енді шашақтанып, адыраспаны жаңа бүр жара бастаған беткеймен толғана, тебірене өрлеп бара жатқан Елбасымызға жүз елу мыңнан астам адам, алуан елдерден, түрлі мемлекеттерден келген Президенттер, Премьерлер, басқа да басшылар, өзге де өкілдер таңырқай қарап қалған сонда.
6. Күрделі жалқы есімдер сөйлемде күрделі бастауыш болады.
Мысалы: Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
7. Хан, би, жолдас, азамат секілді қосалқы айқындауыштармен тіркескен кісі аты, тегі күрделі бастауыш болады.
Мысалы: Бір ерекшелігі – Елбасын ел мақтанына, аузы дуалы абыздарға айналған халық өкілдері құттықтап, ұлттық дәстүрге орай халық ақыны Шәкір Әбенов бата берді.
Бірыңғай бастауыштар
Бірыңғай бастауыштар біркелкі синтаксистік қызмет атқарады, белгілі-бір баяндауышқа біркелкі қатынаста тұрады. Бірыңғай бастауыштар жасалған сөзінің құрамына қарай дара, күрделі не үйірлі бола алады. Бірыңғай бастауыштардың соңғысының сөйлем құраудағы синтаксистік қызметі басым, салмақты болады.
Бірыңғай бастауыш әр түрлі жақта тұрса, яғни бірінші, екінші, үшінші жақта тұрса, баяндауыш бірінші жақта тұрған сөзбен көпше түрде қиысып айтылады. Ең соңғы бірыңғай мүшеден кейін жалпылауыш сөз қосылады. Мысалы: Мен, сен, Сәрсен үшеуіміз Бурабайға барамыз.
Сөйлемде бірыңғай екі бастауыш болып, бірі бірінші жақта, бірі екінші жақта келсе, баяндауыш оның бірінші жағымен көпше түрде жақтасады. Мысалы:Мен, сен екеуіміз таңертең көлге барамыз.
Бірыңғай бастауыштың бірі бірінші жақта, екіншісі үшінші жақта болса, баяндауыш бірінші жақта көпше түрде қиысады.Мысалы:Мен, Нұрлан екеуіміз қазір Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне барамыз.
4. Бірыңғай бірнеше бастауыш кісі аттары болғанда, олардың ең соңғысына ғана көптік жалғауы жалғанады. Мысалы:Сәрсен, Омар, Нұрландар Зерендіден келді.
Баяндауыш
Баяндауыш та бастауыш сияқты сөйлем құрауға негіз болатын тұрлаулы мүшенің бір түрі. Ол бастауыштың қимыл-әрекетін, кім, не екенін көрсетеді.
Бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін басқа сапасын көрсететін сөйлемнің тұрлаулы мүшесін баяндауыш дейміз. Сұрақтары: не істеді? не істейді? қайтеді? не етеді? Мысалы: Бір топ ара тұрыпты. Мұздықтарерігенде көлдер пайда болады.
Күрделі баяндауыштар
Кемінде екі не бірнеше сөзден құралып, бір-ақ ұғымды білдіретін баяндауышты күрделі баяндауыш дейміз. Олар бір-ақ сұраққа жауап береді. Мысалы, 1. Ойланып оны ақылға салса керек. 2. Алынатын мәлімет анық болуын қамтамасыз ету үшін құпиялық қағидасы сақталыну керек. 3. Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады.
Бірыңғай толықтауыштар
Тұрлаусыз мүшелердің барлығының бірыңғай болу амалдары бірдей емес. Толықтауыштар бірыңғай болғанда, олар жалғаулықты, жалғаулықсыз байланыста тұрып, екі түрлі тұлғаланады: бірде (көбінесе) әрбір бірыңғай толықтауыш тиісті септік жалғауында айтылса, кейде ондай жалғау ең соңғы толықтауышқа ғана жалғанып, алдыңғылары сол жалғауға сырттай телініп, жалғаусыз айтылады. Мысалы: 1. Сарбаздардың әскери міндеттеріжауаптылықты, ептілік пен қырағылықты, сақтықты,керек кезіндеөжеттікті қажет ететін аса жауапты қызмет. 2.Көпшілік ұжым үшін басшы – бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді.
Анықтауыш.
Іліксептігіндекеліп немесе қабыса байланысу арқылы зат есімніңнемесе зат есіммағынасында қолданылатынсөздің сынын, қасиетін, белгісін, сол сияқты басқа да сипатттарын білдіретін сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін анықтауыш дейміз. Анықтауыштар қайда? қай? кімнің? ненің? т.б. сұрақтарға жауап береді. Анықтауыштар - өзіндік лексикалық та, грамматикалық та дербестігі бар бірлік ретінде тұрақталған синткасистік категория. 1. Шығарманың «көркем» дегенанықтауышының өзі айтып тұрғандай, ол әсем, әсерлі болса ғана көркем әдебиет әлеміне кіреді (Р.Сыздық). 2. Көкейіңе келген көркем ойды көркейтіп айта алатындай дәрежеге жете алмасаңдар, мұны ана тіліңнің оралымсыздығынан көрмей, өзіңнің дәрменсіздігіңнен көргендерің дұрыс («Даналық сөздер»). 3. Тіл –адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі (А. Байтұрасымдықтар сатылық тәртіппен тізбектеледі (Егемен Қазақстан, 2001жыл, 14 ақпан).
Пысықтауыш
Қазақ тіліндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі – пысықтауыштар өз ішінен мағынасына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. 1. Мекен пысықтауыш (қайда, қайдан, қалай қарай) 2. Мезгіл пысықтауыш (қашан ,қашаннан, қашанға дейін) 3. Себеп пысықтауыш (неліктен, не себепті) 4. Амал (сын-қимыл) пысықтауыш (қалай, қайтіп) 5. Мақсат пысықтауыш (не үшін, қандай мақсатпен) 6. Сан-мөлшер пысықтауыш (қанша рет, неше рет, нешінші рет, қаншама, қаншалық)
Мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары мен тұлғалары
Мезгіл пысықтауыштардың жасалу жолдары мыналар: 1. Мезгіл үстеулерден жасалады. Мысалы: Бай Жиреншенің бұрын атын естіп, бір көруге құмар болып жүр екен. (Ш.С.) Мал жазғытұры бір жұма, күзге қарай бір жұма ащылайды екен. (Ш.С.) Ертеде ол қыдырған саудагерлер қазақтан үш түйе алыпты. (Ш.С.) 2. Барыс және шығыс, жатыс септіктеріндегі зат есім мен заттанған басқа сөз таптарынан мезгіл пысықтауыш жасалады. Олар қашан? қашанға дейін? қашанға шейін? деген сұрауларға жауап береді. Мысалы: Биылғы жарыста бұл команда белестер биігінен көрінді. Кешегі әңгімеде ол ерекше мінез-құлқымен сезіктендірді. Кеңшілікте еркін отырып сөйлесерміз. Ол кеткеннен оралған жоқ. Кешеден үйде жоқ. Қараңғыда жолды әрең таптық. Көргеннен таныды. Барғасын келді. 3. Есімшелер жатыс септікте келіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Кейін ауылға қайтарда тап осындай сөнбейтін шам алып қайтуға серт еттім. Осы ренжумен айна қасынан кете алмай тұрғанда ту сыртымнан бақташының бишігі сарт ете түскендей болды. Келерінде Шегенді ерте кел. Кетерде сен маған ескерт. (Ғ.М.) 4. Бірқатар мезгілдік ұғымды білдіретін зат есімдер (кез, уақыт, мезет, шақ, күн т. б.) атау немесе жатыс септік формасында келіп, әрі алдына анықтауыш салып мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Сол кезде тұра келіп, біраз жер жүгіріп аласың. Бір кезде екі гранатаны құшақтай көтеріп алып, Семен қарғып сыртқа шықты. Мұндай уақыттарда кім өжет қимылдаса сол күшті. (Ғ.М.) 5. Атау, барыс, шығыс септіктегі зат есімдер есімшелерден кейін, соң, дейін, бойы, бері, сайын деген көмекші сөздермен бірігіп мезгіл пысықтауыш болады. Мысалы: Күн бойы жол жүріп, шаршап келіп қатты ұйқыдан қатып қалыппын. Менің олақтығымнан үш күннен кейін қолға түсіп қалдық. Осы күнге дейін бағында жүретін қашанғы бала бола бересің? Ол сен келген соң кетті. (Ғ.М.) 6. Зат есім мен –а, -е, -й тұлғалы көсемшелер бастауыштық-баяндауыштық қатынаста келіп, үйірлі мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы:Базаршылар ел орынға отыра қалаға кірді. Әрі артынан айқай, әрі ит қабырлаған ат құйрықты көтеріп елірген бойы оның ішіне қақпанына тұмсығы тірелгенше шапты. 7. –ғалы, -гелі формалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш жасайды. Мысалы: Мында келгелі тек қана осы жұмыспен айналыстым. Кеткелі хабарласқан жоқ. Бұдан бұрынғы, айлар бойы созылған соғыс бейнеті ұмытылып, бүгін майданға жаңа кіргелі жатқандаймыз. (Ғ.М.) Бұлар мезгіл пысықтауыштың жасалу жолдары.