Просмотр содержимого документа
«Жапыра? тамырдан н?р алады»
Тақырыбы: Жапырақ тамырдан нәр алады
Мақсаты: Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету.Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету.
Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер
Өту барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- өтетін орынды әзірлеу
- қатысушыларды түгендеу
ІІ. Негізгі бөлім
Психологтың кіріспе сөзі:
Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Олай болса, әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. Егер ата-ана, басқа да отбасы мүшелері өзара жақсы қарым-қатынаста болса, олардың балалары да әдепті, тәбиелі болып өседі. Сондықтан әрбір ата-ана бабаларымыздың әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлерін ұлықтап, аңыз, ертегі немесе жұмбақ түрінде балалардың санасына сіңіре беруі тиіс. Яғни, олар сол арқылы балаларын еңбекке, жақсылыққа үндейді, адал болуға және Отанын сүюге шақырады.
Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.
Сәлемдесу тренингі
Шарты: қатысушыларды ортаға шақырып қарама-қарсы тұрғызу.
Бір-біріне күлімсірей қарап, алақанның ішін және сыртын тигізіп амандасу
Оң жақ және сол жақ тізелерін тигізіп амандасу.
Оң жақ және сол жақ иықтарын тигізіп амандасу.
Маңдайларын бір-біріне тигізіп амандасу.
Топқа бөліну, түске қарап психологиялық мінездеме беру
Нұсқау: Әр ата-ана, таңдаған түсіне қарай топқа бөлініп отырады. Сары түсті таңдағандар «ӘКЕ» тобы – өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы адамсыз. Сіз бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз. Балаңыздың өсіп дамуына үнемі көңіл бөліп отырасыз. Балаңыздың болашағынан үлкен үміт күтесіз. «Әке туралы жыр» әнін айту Жас едім өмірге еркін бойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған. Шарықтап кетсем дағы қанат қағып, Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Қызыл түс – «АНА» тобы. Бірбеткей мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз. Балаңызға көп талап қоясыз, қатал қарайсыз. Айтқаныңызды орындатасыз. «Ана туралы жыр» Әлемнің жарығын сыйладың сен маған. Даланың әр гүлін жинадың сен маған. Сен бердің құстардың қанатын самғаған, Балалық құштарым өзіңе арнаған
Жасыл түс – «БАЛА» тобы – сіз ақ көңіл, бейқамшыл, табысқа құмар адамсыз. Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз. Балаңыздың оқу ісіне жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс Балдай тәтті тіліңнен, Құлыншақтай жүгірген. Балдай тәтті құлыным, Айналайын тіліңнен, тіліңнен.
«Мадақтау мен жазалау» жаттығуы
Мақсаты:Ата-ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.
Нұсқау: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданы-латын сөздерді жазыңыз. Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата-аналарға қорытынды жасау ұсынылады.
«Баламен сөйлесудің он ережесі» (ата-анаға кеңес)
1. Үйге ашығып келмеңіз. Ашыққан адам шыдамсыз, мазасыз болады. 2. Өте шаршап қажымаңыз. Шамадан тыс физикалық, ақыл-ой жүктемелер өзіңізді жайсыз сезінуге әкеледі. Жұмыстағы қиындыққа бала кінәлі емес. 3. Қызметіңіз туралы айтқанда бала қызметтің одан маңызды екенін сезінбесін. Қызметіңіз сізге ұнайды, баланы – жақсы көресіз. 4. Баламен сөйлесу бәрінен де маңызды. Ас дайындауда немесе басқа жұмыс барысында келген баланы итермеңіз. Бала – бұл адам, ал кешкі ас пен жұмысты күтуге болады. 5. Бала көмекші әрі отбасының тең құқылы мүшесі. Ыдыс жуу, еден жуу сияқты үйдегі ең ұнамсыз жұмыстарды тапсырып, баланы жалықтырмаңыз. Неге қоқысты бала төгу керек? Себебі, сіз бұйырасыз! 6. Бала арқылы мен білемге салмаңыз. Сіз ересексіз, сондықтан көп білесіз. Егер де балаңыз басқалармен салыстырғанда өзіне, өз күшіне сенімді болсын десеңіз, бала ересектердей ой түйетінін сезетіндей сөйлесіңіз. 7. Жұмыс – бұл жанұяны қамтамасыз ететін құрал. Егер өз өміріңіз үшін жұмыс маңызды болса, бала өзін бақытсыз сезінеді және тез ержетуге асығады. 8. Тыңдай біліңіз. Көпшілігімізге баланың ісі шала, сөзі маңызды емес деп санаймыз. Ол кішкентай болғанмен «ауқымды» болуы мүмкін. Негізінде оның ісі мен сөзі өзіміз сияқты маңызды. Егер балаға сондай көзқарас танытсаңыз, онда ешқандай сенімділік болмайды. 9. Баламен кеңесіңіз. Өз ойларыңыз бен уайыммен бөлісіңіз. Ақыл- кеңес сұраңыз және соған жүгініңіз. 10. Бір тілім нан үшін қинай бермеңіз. Балаңыз сізден материалды тәуелді екенін айтудан қашыңыз. Балада сізге ауыртпалық түсіремін деген ой туады, бұл баланы жаралайды. Қарттық шағыңызда осындай жағдайлардан ұялуыңыз әбден мүмкін.
• Егер күн дәл ортасына салынса – жастық шағы қызықты, ал шығысқа салынса-балалық шағы қызықты, батысқа салынса-кәрілік шағы қызықты. • Тау дөңгелек салынса – мінезі жұмсақ, мейірімді, сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш, тік мінезді адам. Егер аралас салынса – басында қар болса, өзгермелі адам. Үй – суретте ағаш үй салынса арманың орындалады. Егер бір терезе салынған болса, өзіне жақын бір адам туралы көп ойланады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса, ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын, өсек құмар адам. Ағаш – біреу болса, өзінің жолдасына ұнайды. Егер бірнешеу болса, балаларды жақсы көреді, оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қанша мықты әдемі салынса сұлулыққа соншалықты құштар Қапшық, қалта қаншалықты үйге жақын жатса, байлықта жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түргеліп тұрса еңбекқор адам. Жол – үйге жақын жатса – жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпай, айналасына тарататын адам. Сақина – көзсіз болса қонақ қабылдағанды, қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса, болашақты ойлайды, капитал жинайды. Неке жүзігі – мықты отбасын білдіреді.
6.Ой жинақтау .
Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады. 1топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар. 2 топ. Балалардың теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері. 3топ. Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек?
7.Ситуациялық сұрақтар
1-топ. Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?
2-топ. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?
3-топ. Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?