Тақырыбы: | «Жапырақ тамырдан нәр алады» |
Жалпы мақсаты: | 1. Отбасы тәрбиесінде ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру, тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін ашып көрсету. 2.Ұрпақ тәрбиесінде халық педагогикасының жүйелері, яғни жүрек пен ақыл тәрбиесі арқылы тәрбиелеудің маңызын ашып көрсету. 3.Тәрбиенің ең тамаша жері - отбасы екенін,олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екендігін және бүгінгі заман талабынан шығатынын дәлелдеу. Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсінуі |
Нәтижелері: | Тапсырмаларды орындау барысында, топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеріп, тиімді қарым-қатынасқа түсе отырып, баланы тәрбиелеудегі үдерісте бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым- қатынасты орнату маңыздылығын түсінеді |
Негізгі идеялар: | Топтық жұмыс арқылы табысқа қол жеткізу. |
Сабақта қолданылатын материалдар: | Интерактивті тақта Бейнежазба, слайдтар. Ақ қағаз, маркерлер, стикерлер |
Дереккөздері: | МАН, интернет көздері |
Тапсырмалар: | Психологиялық ахуал, сұрақтарға жауап беру, постер жасау, сергіту сәтін ұйымдастыру, бейнежазба көрсету, кері байланыс |
№ | Мұғалімнің іс-әрекеті | Ата-аналардың іс-әрекеті | Уақыты | Күтілетін нәтиже |
1. Ата-аналарға психологиялық ахуал тұғызу, тоқа бөлу | - Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз. Сіздерді ортаға шаттық шеңберіне шақырамын. Киіз үйді құру. Тілек айту: Осы киіз үй сияқты біздің мектебіміздің шаңырағы биік, керегесі кең, босағасы мықты болсын дегім келеді. Шаттық шеңберде атаған негізгі тірек сөздерге байланысты сөздер арқылы 3 топқа бөлу | Ата-аналармен танысу. Мына үлгі бойын-ша: өз есіміңіздің алдына жақсы қасиетіңізді қосып айтасыз. Мысалы: мен сабырлы Майгүлмін. Ал,мен ақкөңіл Амангүл-мін..... «Шаңырақ, кереге, босаға» сөздері арқылы топқа бөлінеді. | 3 минут | Шаттық шеңбер құру арқылы топқа бөлу |
2. Ой қозғау | «Өзіңнен баста» бейнежазба арқылы тренингтің тақырыбын ашу. | Ата-аналар бейне жазбадан түсінгендерін, өз ойларын ортаға салады. | 4 минут | Балаға тәрбие беру үшін өзін тәрбие-леуден бастау керектігін түсінеді |
3. Мақсат қою | Мұғалімнің кіріспе сөзі Бүгінгі тренинг тақырыбы : «Жапырақ-тамырдан нәр алады» Қазіргі кезде ата-ананың бірінші мақсаты қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала -шағаның қамымен жүрген ата-ана олардың тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Осыдан келіп баламен арада кейбір түсініспеушілік те болып қалады.Баланы тек қана киіндіріп, ішіндірумен ғана шектеліп қоймай,олардың тәрбиесіне де аса мән берулеріңіз қажет. Біздің мақсатымыз - балаларыңызбен қарым-қатынастарыңызды бұрынғыдан да жақсартып,бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында егемен еліміздің азаматтарын қалыптастыруда тәрбие жұмысының ерекше рөлі барын баса айтып келеді. Ал, жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады. Демек,баланың келешекте қандай адам болуы ең алдымен өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесіне,ондағы қарым-қатынасқа байланысты екені күмәнсіз.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт.Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді. | Баланың бас ұстазы - ата-анасы екенін ұғыну. Бала барлық үлгі өнегені алдымен өзі шыққан отбасы мен ата-анасынан алатынын түсіну. Ата-ананың ең ардақты міндеті: бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіре беру,күн сайын емес, сағат сайын бала оқуын, еңбегін, ойынын,жолдастарымен қарым-қатынасын үнемі шаршамай, ерінбей бақылап, жақсылыққа жол сілтеу керек екенін түсіну. | 2 минут | Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы, сондықтан бала тәрбиесі - ата-анадан жауапкершілікті талап ететінін ұғынады. |
4. Сергіту сәті Миға шабуыл | «Қызықты сұрақтар» сергіту жаттығуы 1. Балаңыздың сүйікті түсі? 2. Сынып жетекшісінің толық аты -жөні 3. Балаңыздың сүйікті мультфилмі немесе көркем фильмі қандай? 4. Қандай жануарды жақсы көреді? 5. Балаңызды қалай еркелетесіз? 6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз? 7. Балаңыздың жақын досы кім? 8. Қызығып оқитын пәні 9. Балаңыз қандай спорт түрімен айналысады? 10.Соңғы рет қашан балаңызбен шүйіркелесіп әңгіме- дүкен құрып, күлдіңіздер? 11. Мама, мен сізді қатты жақсы көремін деп соңғы рет қашан айтты? 12.Балаңыздың күнделігін аптасына қанша рет тексересіз? 13.Сізге анаңыз сыйлаған қымбат алтын алқаңызды балаңыз байқамай үзіп алса бірден не дейсіз? 14.Балаңыздың шашының түсі қандай? 15.Балаңыз, маматай бүгін мен мектепке бармай-ақ қояйыншы, өтінем десе не дейсіз? | Сұраққа жауап береді. Ата-аналар өздерінің баларын қаншалықты жақсы білетінін аңғарады. | 3 минут | «Біздің бақытты үйіміз» өзін-өзі бағалау. |
5.«Ой толғау» | «Бала мен алма ағашы» бейнежазба бойынша постер жасау арқылы ата-ананың балаға берген тәрбиесіндегі олқылықтар Керекті құрал-жабдықтарды беріп, постер жасату. | Бала тәрбиелеудегі ата-ананың ролі түсіндіреді. | 15 минут | Балаға тәрбие берудегі ата-ананың ролі-нің ерекше екенін түсінуі |
6. «Ой пісіру» Жағдаяттар | Жағдаяттарды көрініс ретінде көрсету және топтық өзара бағалату. 1.Жанұядағы еңбек тәрбиесі - баланың мінез-құлқының қалыптасуына себепші болатын негізгі фактор. Мысалы: ер балаға су әкелу, малға шөп салу, қыз балаға ыдыс-аяқ, еден жуу, үй-ішін жинастыру жұмыстары тапсырылады. Балаңыз сіз тапсырған жұмыстарды жақсы орындады, бірақ сабағына дайындалмады. Не дер едіңіз? 2.Балаңыздың оқу үлгерімі орта деңгейде. Үйде ешкім жоқ болып, бүгін үйде қалуды ескерттіңіз. Балаңыз сабақтан қалғысы келмейді. Сіз былай деп жеңдіңіз: "Сен мектепке барғанмен не бітірем дейсің, оқығанмен сенен бәрібір ештеңе шықпайды, сенің басың істемейді". Ата-анасы ашумен айтып қалды. Сіз не дер едіңіз? 3.Балаңыз сыныптасымен керісіп, көйлегін жыртып келді. Сіз не істер едіңіз? Баланың арасына түсесіз бе? | Ата-аналар жағдаяттар бойынша өздерінің ойларын ортаға салады. | 10 минут | Ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершіліктері артады. . |
7.«Түртіп алу» | Ата-анаға айтылар ұсыныс. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. «Баланы 5-ке дейін патшадай көтер, 15-ке дейін құлындай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла». 1. Оған әрдайым көңіл бөліп, сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз. 2. Таңертең сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс. 3. Егер балаңыз сабақтан кешіге-тіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек тұруға қалыстастырыңыз. 4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз. 5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келгенде көңілді қарсы алыңыз, оның сабақ-тан шаршап келгенін ескеріңіз. 6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады. 7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайын-далтпаңыз. Олар да 2-3 сағат ойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудің сәтті кезі. 8. Сабаққа әзірленіп жатқан бала-ның желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмек-тесіп, бірлесіп дайындалыңыз. 9. «Егер сен осы сабақты орын-дамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз. 10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балалары-ңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз. 11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. 12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен, дәрігермен кеңесіңіз т.б. | | 2 минут | |
8. «Сөз-тапқанға қолқа жоқ» | БАҚЫТ, БАЛА, ОТБАСЫ, ТӘРБИЕ, СҮЙІСПЕНШІЛІК. Осы сөздерді қатыстыра отырып, өз ойларыңызды бір ауыз сөзбен қорытындылаңыздар. | Жапырақ стикерге балаға деген сүйіспеншілігін білдіретін ойын жазып, ағашқа жапсырады | 3 минут | Ата ананың балаға деген махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт екенін түсінеді |
9. Кері байланыс | Жүректен жүрекке: Құрметті ата-аналар! Енді осы балапандарымызға жүрегімізден шыққан жылы сөздеріңізбен, тілектеріңізді қағазға (алма) жазып ағашты көркейтейік. | Ата-аналар өз тілектерін білдіреді | 3 мин | |
Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі" деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады. Айтарым, балаларымыздың бүкіл өміріне азық болатындай саналы тәрбие беру әр ата-ананың негізгі міндеті екенін ұмытпаңыздар. Балаларымыздың болашағы сізбен біздің, яғни, ата-ана мен ұзтаздың қолында демекшімін.