kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Заманға сай мамандықтар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ 9 сыныпқа арналған қазіргі заманға сай мамандық түрлері таныстырылды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Заманға сай мамандықтар»

Тақырыбы:  Заманға сай мамандықтар

Мақсаты: Мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру, өзін-өзі тану

аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу: қазіргі

заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа бағыттау.

Жоспар:

  1. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»

  2. Психологиялық жаттығу: «Көңіл-күй»

  3. Менен сұрақ, сенен жауап.

  4. Қазіргі заманның табысты мамандары

  5. Заманға сай мамандықтар бейнероликтер

Психологиялық жаттығу: «Көңіл-күй»

Екі қолыңызды жоғары көтеріп 3 рет шапалақтап көңіл –күйімізді білдіріп қоялық. 
Жүргізуші: «Бір күнгі танысыңа, қырық күн сәлем» дегендей амандасып алалық. 
Қатысушылардың орындықтарының арқасында жасыл, сары, қызыл, көк, ақ түсті қағаздар ілінеді.Түстері сәйкес келген адамдар бір- бірімен амандасады. 
1 топ-(көк түстілер) Сәлем! Деп екі қолдарын жоғары көтеріп амандасады 
2 топ- (сары түстілер) Нai- деп оң қолдарын көтеріп амандасады 
3 топ-(жасыл түстілер) Бір бағытта айналып оң қолдарын көтереді 


1.Психологиялық сәт: «Психогеометрия»- өзін- өзі тану

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді. Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік.

Квадрат. Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетің баршылық. Сенен үздік администратор шығады

Зигзаг.  Сенде әсемдікті көре білу қабілеті жоғары қалыптасқан, сондай- ақ  шығармашылық қабілеті, ой- өрісің дамыған. Сенде табиғи өткіройлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.

Шеңбер. Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен  өз әріптесінді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауартпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан.Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың Сенен үздік психолог шығуы мүмкін.

Үшбұрыш . Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан қайтпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігін бар

Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау міндеті тұрады . Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу керек.

Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып , тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді.

Жеке өмірге қадам басқан әрбір жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып табылады.

Психолог мамандардың айтуынща, кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келген мамандықты армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра білгені жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да қиынға соғатыны тағы бар.Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 –ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен.Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем, қабілет және мінез қажет.

Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын қызметтері бар.Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай болуы, қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық таңдауда бірін-бірі толықтырады.

2.Менен сұрақ, сенен жауап

1) «Маман иесі»-дегенді қалай түсінуге болады?
2) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты, қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
3) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін аймаққа қандай мамандықтар қажет.

4). Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

5)Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?

6)Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?

7)Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?

8)Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?

9)Адам белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындалуы керек?

10)Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

Осы аталған мамандықтарды игеру үшін кәсіптік білім алуымыз қажет.

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ  ҚҰРЫЛЫМЫ:

Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік бар. Оның негізгі түрлері:

 Бастауыш кәсіптік білім: профессионалды лицеилер, кәсіптік мектептер

Бұл оқу орындарында жұмысшы мамандықтарын даярлайды.

  Арнаулы орта білім: техникумдар, колледждер. Бұл оқу орындарына жалпы орта, орта және бастауыш кәсіптік білім алуға болады.

 Жоғары кәсіптік білім:  ЖОО- ры (институттар, университеттер, академиялар). Бұл оқу орындарына орта біліммен және арнаулы орта білімнен кейін түсуге болады.

Еліміздегі ЖОО жайлы айта кетер болсақ, статистика агенттігінің мәліметі бойынша қазір елімізде 148 ЖОО орны бар, оның 52 Алматыда орналасқан.Университеті көп өңірлер қатарына Қарағанды(13), Астана қаласы(12), ОҚО (10), ШҚО (10).

Елімізде айрықща мәртебесі бар мемлекеттік жоғарғы оқу орындар(ұлттық):

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті(Алматы),

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (Алматы)

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы)

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. (Алматы)

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана)

Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті. (Алматы)

.Қазіргі заманның табысты мамандар

Тәуелсіздігіміздің тұғыры мықты болуы үшін сендер өз үлестеріңді қосуларың керек. 11 жылдық мектепті жақсы аяқтап қазіргі заманға лайықты мамандық иесі болуларың қажет. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.

Араларыңызда кейбіреулерің қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды армандап жүрген шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Осы орайда осы заманға лайықты табысты мамандықтармен таныстырып өткім келіп отыр.

Аниматор-суретке жан бітіруші. Мультипликатор-мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3D-аниматор-үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер. Мұндай мамандар мультфильмдерді және арнайы эффектілер мен телевидениеге арналған заставкаларды жасайды.. Қазіргі таңда шетелдік кинолар мен мультфильмдер, телеарналар осынысымен өтімді болып отыр.

Витражист-көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра алатын мамандар. Олар сөрелердің және олардың бөлшектерінің дизайнын жасап, көрме кешендерін әрлендіреді.

Декоратор- түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші. Театр түсірілімдеріне арнайы сурет, графика, сәулет туындыларын таңдап, техникалар жарықтандыру құрылғыларын орнатушылар.

Интерьер дизайнері-үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналыстыра білетін маман.. Бұл қазіргі заманның таптырмайтын мамандары.

Импрессарио немесе продюсер- түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.Бұларды белгілі бір өнер адамының агенті деуге де болады. Аса бір қабілеттілікті, ізденімпаздықты, тапқырлықты қажет ететін мамандық.

Клипмейкер-бейне және дыбыс жазу маманы. Олар жарнама идеяларын ойлап тауып, қысқа бейне хабарламалар жасайды.









Осыған орай жаңадан пайда болған мамандықтарға тоқталып кетейік:

Брокер – делдал, яғни тауар өндіруші мен тұтынушы арасында келісімге келтіруші.

Дилер – саудалық келісімді өз есебі, қаражаты арқылы үйлестіруші.

Маркетинг – өнімді өткізу проблемаларын мақсатты шешу барысындағы өнім мен

қызмет етудегі сұраныстарды қалыптастырушы.

Маркетолог – маркетинг проблемаларымен кәсіби айналысатын маман.

Менеджмент – кәсіпорынды басқару жүйесі; өндірістік қызмет процесінде адам қатынастары теориясы мен практикасын зерттейтін экономикалық ғылым.

Менеджер – басқа қызметкерлерге басшылық жасайтын адам


Қорытынды. Әбунасыр әл Фараби «... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді...Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет , қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады» деген.

























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
Заманға сай мамандықтар

Автор: Нурекешова Мейрамгул Мажитқызы

Дата: 27.03.2017

Номер свидетельства: 403777

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(91) "Білім беру ?рдісіндегі заман?а сай жа?а технология"
    ["seo_title"] => string(60) "bilim-bieru-urdisindieghi-zamang-a-sai-zhan-a-tiekhnologhiia"
    ["file_id"] => string(6) "273330"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1452185833"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(96) "Маманды?  та?дауда,  ?зі?ді  ?зі?  таныса? - істі?  басы..... "
    ["seo_title"] => string(50) "mamandyk-tan-dauda-ozin-di-ozin-tanysan-istin-basy"
    ["file_id"] => string(6) "174845"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1424186027"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(72) "Заман талабына сай жас ?рпа?ты т?рбиелеу"
    ["seo_title"] => string(45) "zaman-talabyna-sai-zhas-u-rpak-ty-t-rbiielieu"
    ["file_id"] => string(6) "273326"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452185259"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Маманды? - ?мір та?дауы " атты т?рбие са?аты."
    ["seo_title"] => string(35) "mamandykomirtandauyattytrbiiesagaty"
    ["file_id"] => string(6) "284443"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1453983405"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Мені? болаша? маманды?ым"
    ["seo_title"] => string(25) "mieninbolashakmamandygym1"
    ["file_id"] => string(6) "340243"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1471805201"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства