kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат сыйы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                    Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: № 34 ОМ

Мерзімі:  25.04.2017
Тақырып: «Табиғат сыйы» № 30 сабақ
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: қамқорлық, адамгершілік, ізгілік.
Мұғалiм:     Агысбаеа А.А        Сынып 3 «Б»  Оқушылар саны - 22

Сабақ мақсаты:
Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларға табиғаттың берген сыйына қамқорлық жасау, әрбір адамның міндеті екенін түсіндіру;

 - Оқушыларға табиғатқа деген адамгершілік қабілеттерін дамыту;

- Оқушыларды табиғат ғажаптарын тани білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, гүлдер арқылы оқушыларды топқа бөлу.
«5-Т»
Тыныштық
Татулық
Талап
Тазалық
Тәртіп

 Тыныштық сәті «Саялы орман»
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шарашағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар, сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар….Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздағы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жұпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай. Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шын сезініп тұрмыз.

Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.
- Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?
- Сендер осындай табиғат аясында серуендеп көрдіңдер ме?
 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат сыйы.»



Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мектебі: № 34 ОМ

Мерзімі: 25.04.2017
Тақырып: «Табиғат сыйы» № 30 сабақ
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: қамқорлық, адамгершілік, ізгілік.
Мұғалiм: Агысбаеа А.А Сынып 3 «Б» Оқушылар саны - 22

Сабақ мақсаты:
Оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- Оқушыларға табиғаттың берген сыйына қамқорлық жасау, әрбір адамның міндеті екенін түсіндіру;

- Оқушыларға табиғатқа деген адамгершілік қабілеттерін дамыту;

- Оқушыларды табиғат ғажаптарын тани білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, гүлдер арқылы оқушыларды топқа бөлу.
«5-Т»
Тыныштық
Татулық
Талап
Тазалық
Тәртіп

Тыныштық сәті «Саялы орман»
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шарашағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар, сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар….Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздағы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жұпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай. Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шын сезініп тұрмыз.

Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.
- Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?
- Сендер осындай табиғат аясында серуендеп көрдіңдер ме?

2. Үй тапсырмасын тексеру.
«Наурызгүл» аңызы

Сұрақтар:
- Наурызгүлдің қандай қасиеті бар?
- Наурызгүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?
-Өсімдіктердің адам өміріне қандай маңызы бар?

-Балалар, бұл табиғат сыйы. Өйткені, табиғат-ана адамның қыстан шаршап, көктемді сағынғаның біліп, қар ерімей жатқан шақта –ақ наурызгүлді сыйға тартады. Суықтан қажыған ел қарды жарып шығып, суыққа шыдап тұрған қайсарлы гүлді көргенде қуаттанып, қайраттанып қалады.
Сабақ барысын талдау:
3. Дәйексөз.
«Табиғатым аң-құсымен ажарлы»
Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
Ұл балалар қайталайды, қыздар қайталайды, сосын бәрі түгел хормен айтады.

-Балалар, табиғат-ана адамдар әдемі болсын деп сан алуан гүлдерін, сан-алуан аң-құстарын сыйға ұсынған, ұлдарының емендей мықты болуын ойласа, қыздарының қайыңдай нәзік майысқаның қалайды. Ал табиғаттың әсемдігі адам жаның тазалыққа, сұлулыққа, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелейді.


4. Әңгімелеу. «Табиғат - Ана».
Табиғат – Ананың Жер, Су, Ағаш деген үш ұлы болыпты. Олар өте ақылды, мейірімді екен. Табиғат - Ана бір күні ұлдарын шақырып алып:
- Адамдарға көп қызмет еткен ұлыма үлкен сый тартамын, - деп уәде береді.
Сонда ұлдары анасының айтқанына қуанып келісіп, адамдарға жақсылық жасауға жолға шығыпты. Үшеуі үш жаққа кетіп, адамдарға көп игілікті істер жасапты. Күндердің күнінде үшеуі еліне қайтып оралғанда, аналарының бұрынғыдан да бетер көріктене түскеніне риза болған ұлдары:
- Апатай, Сіз қандай керемет күйге түскенсіз, мұның сыры неде?- дегенде Табиғат - Ана:
- Аяулы ұлдарым менің, бұның сыры сендердің адамзатқа жасаған қайырымдылықтарыңда,- деп жауап береді. Содан бері Жер, Су, Ағаш аналарының сұлулығын сақтап қалу үшін, адамдарға адал қызмет етумен келеді екен.
Балаларға сұрақтар қою.
1. Табиғат әдемілігін сақтау үшін ең бірінші не керек екен?
2. Жер, су, ағаш бір - бірімен байланыста ма?
3. Су болмаса жердің көркі бола ма?

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І топ Ормандағы жануарлардың суретін салу
ІІ топ Ағып жатқан өзен-көлдердің суретін салу

ІІІ топ Табиғат туралы 5 мақал-мәтел жазу
ІV топ Туған жеріміз бізге несімен ыстық? (гүлдің жапырақшаларына жазу)

6. Топпен ән айту.
Әдемі А. Шаяхметов Ғ.Наурызбев



Күн сәулесi төгiгенi, әдемi
Кемпiрқосақ керілгенi, әдемi
Көк шалғында асыр салып, жүргенде
Көк көбелек көрiнедi әдемi
Жас шыбықтың гүлi ашқаны, әдемi
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемi
Қариялар жол үстiнде, кездесiп
Амандықты сұрасқаны әдемi

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемi
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемi
Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның
Қойды өрiске айдағаны, әдемi

Ақ ботаның үлкен көзi, әдемi
Әжемiздiң күлген көзi, әдемi
Бәрiненде жасқа толған бөпемнiң
Тәй-тәй басып жүрген кезi әдемi

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемi
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемi
Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның
Қойды өрiске айдағаны, әдемi

Домбыраны баппен тартсаң, әдемi
Шарықтата әнге салсаң, әдемi
Ұлан асыр думанды той үстiнде
Құрбылармен ойнап күлген әдемi

Бұл-бұл құстың сайрағаны, әдемi
Қозы-лақтың ойнағаны, әдемi
Ақ боз атын ертiп мiнiп атамның
Қойды өрiске айдағаны, әдемi



7. Үй тапсырмасы.

Р.Әбілқадырованың «Қандай тілек жақсы?» әңгімесін оқу.

8. Соңғы тыныштық сәтi.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

















Ақтөбе қаласы

№34 орта мектебі

















«Табиғат сыйы»

(ашық сабақ)













Өткізген: А.А.Агысбаева












2016-2017 оқу жылы





Ақтөбе қаласы

№34 орта мектебі

















«Қазіргі білімге жаңаша көзқарасым»













Өткізген: А.А.Агысбаева












2016-2017 оқу жылы



Қазіргі білім берудегі жаңаша көзқарасым



Алғашында ең бірінші осы мектепке келгенде, мен неден бастарымыды білмей абдырағанымы рас. Бұрын дәстүрлі сабақ беру кезеңінде ертеңгі сабаққа міндетті түрде дайындалатынмын. Қазір байқағаным, ол дайындық аз болып көрінентін секілді, өйткені қазір біз мектепішілік курс оқып, қысқа мерзімді, орта мерзімді жоспарлауда жаңаша, тың идеяларды үйреніп жатырмын. Сабақта осы жоспарларды, барлығын қамти алсам, сабағым тиімді болмақ.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Алайда қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. «Жаңа сабағым өткен сабақтың жалғасы ғана емес, ол жаңа ой, жаңа сезім, жаңа қызығушылык және құмарлық тудыратындай сабақтасуы керек». Сондықтан менде әр сабағымда балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді топтық жұмыс, топқа бөлу, сын тұрғысынан ойлаудың әдістерін, диалог арқылы оқытуды қолданып келемін. Сонымен қатар өзін-өзі тану пәні өзіндік ерекшелігімен «Тыныштық сәті», « Сергіту сәті», «Мұғалім сыйы әңгімелеумен», «Сахналау», «Жағдаяттарды талдау», «Шығармашылық жұмыс», « Ойын жаттығулары» әдістері арқылы жүргізілетіндіктен, оқушылар мейірімділік, сүйіспеншілік, сыйластықты үйреніп қана қоймай, адамгершілік-рухани құндылықтарды игереді деп сеніммен айта аламын.

«Ұстаз» деген ұлы атаққа ие болу үшін әлі талай маңдай тер төгіп, үздіксіз еңбектеніп ,талай - талай белестерді бағындыру керектігін мойындаймын.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Табиғат сыйы.

Автор: Агысбаева Айдана Аскаровна

Дата: 12.05.2017

Номер свидетельства: 414706

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "Симметрия таби?ат сыйы "
    ["seo_title"] => string(25) "simmietriia-tabig-at-syiy"
    ["file_id"] => string(6) "179949"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425102796"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Симметрия – таби?ат сыйы. "
    ["seo_title"] => string(27) "simmietriia-tabig-at-syiy-1"
    ["file_id"] => string(6) "198023"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428339485"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(35) ""Күн– табиғат сыйы""
    ["seo_title"] => string(17) "kun_tabig_at_syiy"
    ["file_id"] => string(6) "466661"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1524031680"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Табиғат сыйы. Табиғат құбылыстары"
    ["seo_title"] => string(36) "tabig_at_syiy_tabig_at_k_u_bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "471429"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1527583138"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(23) "Таби?ат сыйы "
    ["seo_title"] => string(13) "tabig-at-syiy"
    ["file_id"] => string(6) "129446"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1415711424"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства