kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Табиғат сыйы. Табиғат құбылыстары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Табиғат сыйы. Табиғат құбылыстары туралы түсінік беру

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Табиғат сыйы. Табиғат құбылыстары»

Өзін – өзі тану сабағының жоспары

Сынып – 3

Мектеп: №5 мектеп-лицейі

Мұғалім: Алшора Д.Б.

Тақырып: Табиғат сыйы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Адалдық,адамгершілік, әділ болу.

Мұғалім: Оқушылар саны


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың тарту еткен сыйын аялау,оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілікке тәрбиелеу .

Міндеттері:

• Оқушыларға табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті екенін түсіндіру.

• Оқушыларға адам табиғаттан сұлулықты, әдемілікті үйрене алатынын түсіндіру.

• Оқушылардың «Табиғат», «Табиғат – Ана» туралы түсініктерін қалыптастыру.

Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

Күннің орнында болсаңдар, жан – жағыңа қандай жылылық сылар едіңдер, өз ойларыңды жазыңдар.

2.Дәйексөз

Табиғаттың әдемілігі – адам жанының тазалығы.

В.А.Сухомлинский

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

Жаңа тақырыпқа дайындық.

«Адамның артықшылығы» шығармасын оқып, талдау.Сұрақтарға жауап беру.

1.Адамдар табиғаттан нені үйрене алады ?

2.Табиғаттың адам көңіл – күйіне қандай әсері бар ?

3. «Табиғат сыйы» деп неліктен айтамыз?

3.Әңгімелеу

Наурызгүл

Ертеректе Қаратау өңірінде бағасы асып, дәулеті тасыған жылқылы бай өтіпті. Сол төрт құбыласы түгел мырзаның жалғыз қызы ұзатылуға санаулы күн қалғанда мұрттай ұшып, ұшына ауырады. Қолы ұзын, қалтасы терең, уәлі ауызды адамға не тұрады, ат тұяғы жететін жерден бақсы – балгер, емші – тәуіп, құшнаш – тамыршыларды тегіс алдырып, апталап, айлап қаратады. Бірақ ештеңеден тапшылық та, таршылық та көрмей бұла болып өскен қыздың дертіне дауа табылмайды.

Бір мезгілде қырын келген қыс қайтып, мұз бұзылып, қар еріп,көктем иісі бұрқырап біліне бастайды. Күннің осы жылт еткенін қапы жібермейтін байдың жылқышылары малды таудың еңіс етегіне түсіріп, өздері кір – қоңын жудыруға үйлеріне келеді. Жылқышылар арасында «бай болып көрмеген, кедей болып өлмеген» аса намысты, кеудесін ешкімге бастырмайтын еті тірі сері жігіт болыпты.Байдың ерке қызы « ерді кебенек ішінен танып», әкесінің осы жылқышысын көптен ұнатып жүреді. Бірақ «қызға қырық үйден тыюдың» дәуірлеген шағында әдептен озбай, іш құсадан дерті меңдей түседі. Дауасыз дерттің неден екенін қапысыз білетін жігіт таудан етекке түсерде кез келгеннің қолы жете бермейтін, мұзарт шыңда өсетін наурызгүлдің бір уысын алып келіп, есебін тауып, ардақ тұтқан аруына ұсынады. Жігіттің жүрек сәлемі дер кезінде, дәл мезгілінде тиеді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мең – зең күйде жатқан қыз қасат қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, басын жастықтан жұлып алыпты. Ол ештеңеге елең етпей, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін гүлге қадап:

«О, айналайын сенен, қадірлім де қасиеттім, сарғайтып, сағындырған Наурызгүлім, жанымның шипасы» , - деп емірене иіскеп, кеудесіне құшырлана қыса беріпті.....

Сырқат қыздың сол күннен бастап беті бері қарайды. Тазалық пен пәктік, төзімділік пен қайсарлық тал бойына дарып, жинақталған осы асыл өсімдіктің емдік дәруінен бай қызы сауығып, әрі «ел мақтаған жігітке» көңілі толып, ауруынан айыққан екен дейді көнеден қалған аңыз.

1.Қызды Наурызгүл қалай сауықтырды ?

2.Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма ? Неліктен ?

3.Наурыз гүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Табиғат – Анаға» деген сүйіспеншіліктеріңді жазыңдар.

5.Топпен ән айту

6.Үй тапсырмасы.

«Табиғатым аң – құсымен ажарлы» тақырыбына өздеріңе ұнайтын аң – құстардың суретін салып келіңдер.

7.Соңғы тыныштық сәті.

5 мектеп-лицейі












Табиғат сыйы

(ашық сабақ)
















Өткізген: Алшора Д.Б.











2018 жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 3 класс

Скачать
Табиғат сыйы. Табиғат құбылыстары

Автор: Алшора Динара Бақтығалиқызы

Дата: 29.05.2018

Номер свидетельства: 471429

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(60) "Ашық сабақ "Табиғат құбылыстары ""
    ["seo_title"] => string(34) "ashyk_sabak_tabig_at_k_u_bylystary"
    ["file_id"] => string(6) "460988"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1520402714"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(176) "Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру"
    ["seo_title"] => string(80) "mektep_zhasyna_deiingi_eresek_balalarga_tabigatpen_tanystyru_urdisinde_estetikal"
    ["file_id"] => string(6) "562420"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1604491502"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Таби?ат ?ажаптары "
    ["seo_title"] => string(20) "tabig-at-g-azhaptary"
    ["file_id"] => string(6) "139689"
    ["category_seo"] => string(3) "izo"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1417778711"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Тылсым таби?ат аясында» "
    ["seo_title"] => string(24) "tylsym-tabig-at-aiasynda"
    ["file_id"] => string(6) "189132"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1426827444"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "«Табиғат-менің бөлшегім»"
    ["seo_title"] => string(27) "tabig_at_mienin_bolshieghim"
    ["file_id"] => string(6) "436630"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1509769227"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства