Просмотр содержимого документа
«"Өмір қиындықтарын жеңе білесің бе?" психологиялық сабағы»
«Өмір қиындықтарын жеңе білесің бе?»
психологиялық сағат жоспары
Ашық тренинг сабақ тақырыбы: Өмір қиындықтарын жеңе білесің бе?
Тренинг сабақ мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына өмірдің жағымды жақтары туралы түсінік бере отыра, ерік-жігерін дамыту, өмірді сүюге тәрбиелеу. Өмір қиындықтарымен күресе білуге, өзін дамытуға, өзіндік сенімділігін арттыра түсуге жұмыстану.
Сабақ көрнекілігі: мультимедиялық тақта, 2 топқа арналған қарындаштар, 2 жүрекше пластмасса, гүл қималары, бейне-аудиожазбалар .
Психологиялық сабаққа жауапты: Ақсай қаласының ЖББ№2ОМ педагог-психологы Усербаева М.Т.
Қамтылған сынып: 8-11 сынып
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру бөлімі. 1. «Әліппе қатары» ойын-жаттығуының мақсаты: үнсіз бір бірін ұғыну, есімдерінің алғашқы әрпіне орай қатар түзу, одан соң 2 топқа бөлініп отыру. (2 мин)
2. «Жажда жизни» - Өмір үшін күрес – бейнежазбаны талдау. (5 мин)
3.Педагог-психолог сабақ тақырыбын «Өмір, Сен, маған қымбатсың!» жариялауы
6. «Маған Сен...» релаксациялық босаңсу жаттығуы (5 мин) Оқушы көзін жұмып, артқа құлауы керек, егер ол сенсе, өзін еркін ұстауы қажет. Егер оқушы босаңсый алмаса, құлай алмайды.
7. Рефлексия. «Бұл – Өмір» бейнежазбасын тамашалаумен қатар «Өмір» - сөзіне ассоциалық түйін ойын өлең жолымен жазу, символ, не суретпен бейнелеу. Оқушылар өз ойларын дауыстап оқып, не үшін ол бейнелерді салғандығын ұғындырып, гүл шоғырын толықтырады. (10 мин)
Бекіту: сұрақ-жауап.
Ұран сөз:
Өмірімнің иесі – МЕН Ешқашан мұңайма – СЕН Өмірді сүйеміз – Б!З
Түйін сөз:
Көтеріп тұрып құлатады өмір,
Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.
Етегің толып еңіреген кезде
Қайтадан өзі жұбатады өмір.
Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,
Құлап барып та гүл атады өмір.
Үп еткен желге дірілдей берме,
Шыдамдылықты ұнатады өмір, - деп Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен аяқтау.
Қорытынды: Оқушыларға өмір жолында сәттілік тілей отыра, смайлик сыйға тарту. (2 мин)