kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мұғалім психологиясы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалім псиологиясы пәні, міндеттері мен мазмұны туралы жазылған

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мұғалім психологиясы»

Тақырыбы: Мұғалім психологиясы

Мақсаты: Мұғалімнің психологиясын анықтай отырып, мінезін, айналасындағылармен қарым-қатынасын, өзі жәйлі нақты не білетінін, жеке қасиеттерін және санадан тыс ойларын, ақылдылығын анықтау.


1-жаттығу.“Танысуға рұқсат етіңіз” жаттығуы. (3 минут)


Тренинг басында қатысушы мұғалімдер есімдерін атап, балабақшаларына сипаттама береді. Мысалы менің есімім Ұлжалғас, балабақшам әрдайым ұқыптылықпен,ұтқырлықпен алда жүреді.


2-жаттығу. «Өзің жәйлі бәрін біл» әдістемесі (6-7 минут)


Мақсаты: Бұл әдістемеде адам өз болашағы жәйлі болжай біледі.

Инструкция: Тақтаға – «үй, тал, күн, көлшік, жылан, дарбаза, жол» деген сөздер жазылған плакат ілінеді. Осыдан әркім өз фантазиясы бойынша үйлестіріп сурет салу қажет.

Қорытынды:

Үлкен үй – болашақтағы материалдық жағдайға көп көңіл бөліп, үлкен мән беру.

Кішкентай үй – материалдық жағдайға көңіл бөлмеу, ертеңгі күнін ойламау, бүгінгі күнмен жүру.

Жол – үйден тік шықса – мақсатқа тез жетеді.

Жол – басқа жақта орналасса – мақсатқа жетеді, бірақ көптеген қиыншылыққа кездеседі.

Тал – мінез-құлықты білдіреді.

Күн – әкеге деген көзқарас.

Күн күлімдеп салынса – әкесін қатты сыйлау, құрметтеу. Өте жоғары дәрежедегі сүйіспеншілікпен қарау.

Көлшік – шешеге деген көзқарас

Көлшік жақында салынса – анасын өте ыстық сезіммен жақсы көру.

Көлшік алыста салынса – анасына деген салқын қандылық байқалады.

Дарбаза – ұялшақтық әрекетінің деңгейі, яғни дарбаза үлкен, жан-жағының бәрі қоршаған болса, ар-намысы, ұяты өте жоғары деңгейде.

Жылан – сезім.

Ұзын жылан – жоғарғы сезімді білдіреді.

Кішкентай жылан – сезімнің төмендігі байқалады.


3- жаттығу: «Джунглидегі жаңбыр» (10 минут)


Мақсаты: Иық. мойын, омыртқа аймақтарындағы бұлшық еттің жирылуын жою, босаңсу, шаршағанды басу.

Нұсқау: Тар шеңбер құрамыз. Джунгли ну орманындамыз деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда өте керемет болады. Күн көтерілгенде өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдынызда тұрған адамның арқасына қолынызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі. (арқаға батырынқырайтын кимылдар жасалады) Құйын басталады (күшті айналыс қозғалыстарын жасаңдар) .Содан кейін жәй жаңбыр сіркірейді ( көршіңнің арқасын саусақтарынмен түртесің). Нөсер жауын басталады (жоғары төмен алақан, саусақтармен сипайсың) . Бұршақ аралас жауын жауа бастады ( барлық саусақтарынызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, жай жаңбыр, одан кейін күн ашылады.

Енді 180 градусқа бұрылып,жаттығуды қайталаймыз.

Талдау:

Мұндай массаждан кейін өзіңізді қалай сезіндіңіз?

Жаттығуларды орындағанда қай әрекеттер жағымды, қайсысы жағымсыз болды?

Өз сезімдеріңізбен көңіл –күйлеріңізбен бөлісіңіз.


4-жаттығу. «Мұғалім әділеттілігі» (тест 3-4 минут)

Сұрақ:

1. Топта төрайымды тағайындайсыз:

а) мұғаліммен дос баланы;

ә) жақсы оқитын баланы;

б) көшбасшылық қасиеті бар баланы.

2. Топта көбінесе кімді мақтайсыз?

а)мұғаліммен дос болып, барлығын жариялайтын баланы;

ә) үлгерімі жоғары, барлық жайды мұғалімге баяндап отыратын баланы;

б) әрекеттің нәтижесіне қарамастан талаптанатын баланы.

3. Ашық сабақтағы ең маңызды жауапкершілікті кімге сеніп тапсырасыз?

а) ең жақсы оқитын, жаттауға бейім балаға;

б) үлгерімі төмен баланы өзін көрсетуге мүмкіндік беріп, даярлайсыз.

в) ата-анасы баласының өзін көрсетуін қалайтын баланы.

4. Сіз жоқ кезде топ терезесі сындырған

а) сіз топ белсенділерінің әр қайсысымен жеке-жеке сөйлесесіз.

б) өзіңіз күмәнданатын баламен жұмыс жасайсыз;

в) кінәлінің өзі айтуға мүмкіндік жасайсыз, әңгіме айтасыз, жазалау шарасын қолданбайтыныңыз жөнінде хабардар етесіз.

5. Топта сіз үнемі шиеленісетін бір бала бар. Сіз:

а) бала басқа топқа ауысқанша «күн көрсетпейсіз»

ә) қатаң жаза қолданып, қайта тәрбиелеуді қолға аласыз

б) шыдамдылық танытып, баламен жақсы қарым-қатынас орнатуға талпынасыз.

6. Мұғалімдер бөлмесінде басқа ұстазбен болған күлкілі жағдай туралы әңгіме болып жатыр. Сіз:

а) барлығымен бірге қосыла күлесіз

ә) мұғалімге ескерту жасап, күлкіге айналдыруға болмайтынын ескертесіз

б) үндеместен тақырыпты өзгертуге талпынасыз.

7. Ата-ана сіздің «жақсы көретін» баланың бағасын көтеріп қоятындығыңыз жайлы шағымдануда.

а) ешқандай әрекет етпейсіз, не ойласа да өздерінің еркінде

ә) ата-ана жиналысында барлық баланың бағасын талдап өтесіз

б) шағымданушы ата-ананың сабаққа қатысуға шақырасыз

Баға:

А-0 ұпай

Ә- 1 ұпай

Б – 3 ұпай

0-6 ұпай – Сізге психолог көмегі қажет. Сіз өзіңіздің тәлімгерлік қателігіңізді түсінбейсіз. Топтағы бала сізден қорқады.

7-12 ұпай – сіз үнемі оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде әділетті емессіз.  Өз қателігіңізді бала түсінігімен талдап, өзіңізге демеу бересіз. 

13-16 ұпай – сіз заманауи мұғалімдерге үлгісіз, бірақ сіз өз біліктілігіңізді жетілдіру қажет, әлем күнделікті өзгеріске енуде, сіз сол жаңалықты игеріп үлгеруіңіз қажет. Әрекет етуге асықпағаныңыз жөн, сонда сіздің балаға деген қатынасыңыз да әділетті болмақ. 

17-21 ұпай – сіз барлық жағдайды мінсіз сезіне аласыз. сіз өте әділетті ұстазсыз. бірақ басқа ұстазды үйретуге талпынбай-ақ қойыңыз, олар сіздің «үнсіз» тәліміңізден үлгі алады.


5-жаттығу. Ситуациялық жағдайлар. (7-8 минут)


Жанды анкета





Белсене қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін үлкен рахмет.

Сәттілік!!!








Сабақтың технологиялық картасы №

Пәні: Психология

Топ: Күні:

Тақырыбы: Мұғалім тұлғасына оқушы тұлғасына қалыптасуына әсері.

Сабақтың мақсаттары: Мұғалім психологиясының негізін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушылар мұғалімдік кәсіп туралы білім қалыптастырады. Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері , мұғалімге тән қабілеттері туралы мағлұмат алады.

Дамытушылық: Оқушылар сөйлеу мәнерін жетілдіреді.Ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыра түседі.Топтаса отырып, оқушының жауабын тыңдап, оған талдау жасау сияқты іскерлік-дағдыларын жетілдіре түседі.

Тәрбиелілік:Сыпайы сөйлеуге, мұғалімдік шеберлікті шыңдауға тәрбиеленеді. Мұғалімге тән әдептілік, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойларына сіңіреді.

Сабақтың типі: Білімді іс – тәжірибеде қолдану сабағы

Сабақтың түрі: практикум

Оқыту әдіс-тәсілдері:

Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Пәнаралық байланыс: педагогика, психология

Жабдықталуы: слайд-презентация

Көрнекі құралдар: оқытудың идеалды құралдары (вербалдау)

Қосымша тапсырмалар: тренингтер

Қолданылған әдебиеттер: Қ. Жарықбаев «Психология»,

Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, педагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі

Сабақтың жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі -1 мин.

Сәлемдесу. Түгендеу. Оқу журналымен жұмыс. Аудитория тазалығын бақылау

2. Сабақ мақсат қою-2 мин.

Білім алушылардың назарын сабаққа аудару, жағымды атмосфера туғызу.

Сабақтың дәйексөзі:
«Мектепте мұғалім – басты тұлға, онымен ешкім теңесе алмайды»
(Ы. Алтынсарин)

Талқылауға арналған сұрақтар:
Дәйексөздердің мағынасын қалай түсінесіздер?
Практикалық сабақты бастамас бұрын мұғалім психологиясы тақырыбына байланысты білімдерімізді еске түсірейікші:
3. Үй тапсырмасын тексеру және білімді өзектілендіру -10 мин.

Ұстаз психологиясы

4. Іс тәжірибелік тапсырмаларды орындауда білім алушылардың алған білім, іскерлік, дағдыларына сүйену -25 мин.

Тақырыбы: Мұғалім тұлғасына оқушы тұлғасына қалыптасуына әсері.

1-тапсырма: Мұғалім имиджін құрастыру/ постерға

2-тапсырма: педагогикалық жағдаяттардан шыға білу/ презентацияда көрсетілген

3- тапсырма: Әрбір топтан екі студент шығып, түрлі эмоциямен «Мен сізді көргеніме қуаныштымын» деп айтулары тиіс. Мысалы: Қатты қуанып тұрған, қорқып тұрған, уайымдап тұрған, ренжіп тұрған, абыржып тұрған, ұялып тұрған кейіпте.
4-тапсырма: Шығармашылық жұмыс: «Дәл қазір сен не сезініп отырсың, көңіл-күйің қандай?» Осы сұрақ бойынша сурет салу және оны қорғау.

5-тапсырма: Эссе «Мамандық таңдау өмір - талабы»

5. Жұмысты орындау туралы есеп жазу-2 мин.

Білімді студенттердің практикалық жұмыстарын бағалау.

7. Қорытындылау бағалау-2 мин.

Сабаққа қатысып отырған білім алушыларды бағалау

9. Үй тапсырмасын беру-1 мин.

Мұғалімнің өзіне-өзі жетілдіруіндегі психологиялық проблемаларға талдау, анализ жасау.

10. Рефлексия -2 мин.

1. Қандай ой түйдіңіздер?

2.Нені ұсынар едіңіз?




















  1. Педагогикалық іс-әрекет

  2. Педагогикалық іскерлік

  3. Педагогикалық іс-әрекет стилдері және кәсіби сапалар

1.Педагогикалық іс-әрекет – оқушының  тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік  дамуына  бағытталған, сонымен  бірге өзін-өзі  дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің негізі болып  табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.

  • Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары

  • мақсаттылық;

  • түрткі;

  • пәнділік;

  • өнімділік.

  • Педагогикалық іс-әрекет формалары

  • әңгіме (сократтың әңгіме) немесе майевтика;

  • шеберханадағы жұмыс;

  • сабақ;

  • лекция;

  • семинар;

  • сынақ;

  • практикум;

  • тренингтер және т.б.

  • Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық  іс-әрекет дәрежесі

I (минималды) репродуктивті;  педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

II (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

III (орташа) локальды модельдеуші ; педагог  оқушыларды курстың әр бөлімдері  бойынша  білімге , дағдыларға, іскерліктерге уйрету стратегияларына  ие ; орташа продуктивті.

IV (жоғары) – оқушылардың  жүйелі модельдеуші білімдері ; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар , іскерліктер, ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

V (ең жоғарғы) – оқушылардың  жүйелі модельдеуші  іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту,өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін  қалыптастыру құралына  айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.

  • Педагогикалық іс-әрекеттің  пәндік  мазмұны:

  • мотивация;

  • мақсат;

  • пән;

  • құралдар;

  • тәсілдер;

  • өнім;

  • нәтиже.

  • Педагогикалық іс-әрекет тәсілдері:

  • түсіндіру;

  • көрсету (иллюстрация);

  • оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;

  • оқушы тәжірибесі;

  • тренингтер және т.б.

  • Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары:

1.Педагогтың  шығармашылық потенциалы мен педагогикалық стереотипті жою мүмкіндіктері проблемасы;

  1. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы.

  2. 3. Мұғалімді психологиялық дарярлау проблемасы.

  3. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.

  4. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.

6.Мұғалімнің инновациялық  процестерді жете ұғыну проблемаласы.

  • Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар

  • Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында;

  • Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында;

  • Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;

  • Күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру, сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында;

  • Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында;

  • Әлеуметтік – кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогикалық кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.

Мұғалім  функциялары

  • Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау;

  • Мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық,бақылау және коррекциялық функциялар;

  • Аналитикалық функциялар;

  • Педагогикалық білімді насихаттаушы функция.

А.И.Щербаков бойынша  педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық функциялары:

  • Ақпараттық функция (материалды меңгеру және оны бере білу өнері);

  • Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару);

  • Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның оның мотивінің, идеалының бағыттылығы);

  • Жұмылдыру функциясы (оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіру , олардың өзбеттілігін дамыту);

  • Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс , тәжірибе жүргізу іскерлілігі , тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру).

Окытушы мен окушылар қарым-қатынасындағы негізгі функциялар

Koнcmpvкmивтi. Білім мазмұны мен пәнің практикалық мәнің талдау мен түсіндірудегі оқытушы мен окушынын педагогикалық әрекеттері .     Ұйымдастырушылық. Бірлесе мағмұлаттандыру мен оку-тәрбиелік әрекет нәтижесіне  жауапкершілікпен жетудегі  оқытушы мен окушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Коммутікативті-стимулдандыру. Оку-танымдық іс-әрекетгш әр түрлі формаларынын үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронтальдық)    педагогикалық  ынтымақтасу   мақсатында  өзара   комек  көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі керектігі жөнінде түсінік беру.

         Ақпараттық — білім берушілік. Қоғамдық өмір аумағындағы жаңалыктарға оқушыларды бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды түсіңдірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту.

         Эмоционалдық түзетушілік. Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін қолдану барысында, оқытушы мен окұшылардын сенімділік қатынасында «ашық перспектива» және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру.

         Бақылау-бағалау функциясы. Оқытушылар мен окушылардын өзара бірін-бірі бақылауын ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып мұғалімнін кәсіби қасиеттерін жетілдіру.

  1. Іскерлік — белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы. Педагогикалыц іскерлік — мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы, олар, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялык ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік:кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді.

  Педагогикалық іскерліктің А.КМаркова 9 тобын сипаттаған.

   1-топ. Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-тәрбие беру процесін белсенді даму үстіндегі оқушыға бағыттау; педагогикалық ситуадияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және же дел түрде нақтылау, белгісіздік жагдайда оңтайлы педагогикалық шешім
қабылдау,       педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардын өзіеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагог икал ық жағдаяттардан абыроймен шығу: педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу, т.б. іскерліктер.

2-топ: 3 топшадан тұрады.

I топша: «Нет оқыту керек». Оқу материалымен жүмыс жасай білу іскерлігі (оқыту туралы жаңа концепциялар мен технологияларды меңгеру), оку пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алe оқу пәнін жаңарту (үғым, термин, дискуссияларды пайдалану арқылы), педагогикалык жаңалықтарды талдау қабілетплігі, мектеп оқушыларында жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пән аралық байланысты жүзеге асыру.

II топиіа: «Кімді окыту керек». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу (ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының окуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс т.б.

III топша: «Қалай оқыту керек». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс тандап алу іскерлігі, оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпылай алу, біріктіру; оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын іздестіру; қолайлы жол таңдау.

3-топ: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қорытындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа мүғалімдердін тәжірибесімен салыстыру, алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту барысында жоспар жасай білу іскерлігі.

4-топ: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялык қауіпті болдырмау, жою.

5-топ: Жоғары дорежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған деген қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез-құлық бойьшша оқушының ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудын демократиялық стилінің басымдығы; окушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, окушының сөзін бөлмеу, окушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу.

6-топ: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәңділігін түсінетін, онын әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылыгы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті: өзінін педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оньш көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінін эмоционалдық күйін бас кару; өзінің және окушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша өзінін «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.

7-топ: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық деңгейге өте білу.

8-топ: Оқу жылының басы мен аяғында окушының білім деңгейіне сипаттама бере злу; өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін  табу   (оқушыға  көмек  көлемі,   үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жал пылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға дайындықты ынталандыру.

9-топ:  Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнін бағалау іскерлігі; мінез-құлық   арқылы   окушының   адамгершілік   нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, аландаушылык коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуте жағдай жасау).

Іскерліктің қалыптасу кезендерімен психологияқ құрылымы:

Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады.

1кезең.  Бастапқы   іскерлік  —  іс-әрекет  мақсатын  ертеректе қамтылған білім мен дағдыға  негіздей отырып сезіну және оған жету қүралын іздестіру; іс-әрекет байқап көру — қателесу жолымен орындалады.

2-кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі — іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану.

3-кезең. Жекеленген жалпы іскерлік — әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жөспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылык, іскерлік).

4-кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік — нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін сезіну.

5кезең. Шеберлік — әртурлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану.

  1. Қабілет — алған білімді белгілі бір іске нәтижелі етіп жұмсай білуінде және сол ісін белгілі бір дәрежеде дағдыға айналдыра білудегі адамның индивидуалдық психологиялық ерекшеліктері.

Нышан — қабілетгің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын нерв қызметінін ерекшелігі.

Дарындылық — нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттін түрі.

Талант — белгілі іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қабілет.

Кемецгерлік — шығармашылық қабілеттің ен жоғарғы деңгейдегі көрінісі.

  • Негізгі педагогикалық қабілеттілік сапалары:

  • балаға білімді кыска жэне қызықты формада жеткізу қабілеттілігі;

  • баланы бақылай отырып түсіну қабілеттілігі;

  • өз бетімен және творчестволық ойлай алу қабілеттілігі;

  • тапқырлық немесе тез және нақты бағыт алу;

  • ұйымдастыру қабілеттілігі.

Педагогикалық қабілеттілік (В.А. Крутецкий бойынша):

  1. Дидактикалыққабілеттілік — оку материалын окушыға нақты, түсінікті етш бере білу; пәнге қызығушылық тудыру; белсенді өзбетілік ой тудыру. Қиын материалды жеңіл, түсініксізді-түсінікті қылып бере білу қабілеттілігі. Окушыны өзбетімен еңбек етуге үйрету, білім алуға жол сілтеп отыру.

  • Академиялық қабілеттілік — нақты ғылым бойынша (математика, физика, биология, әдебиет) қабілетті мұғалімнің өз пәнін, курсын көлемі бойынша ғана емес, терен де ауқымды түрде меңгеруі, ғылыми жаңалыктарды үнемі бақылап отыру, шағын болса да ғылыми жұмыс атқару;

  • Перцептивті қабілеттілік — окушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу қабілеттілігі; психологиялық байқағыштық, түсіну, талдау.

4.Сөйлей алу қабілеттілігі – ойды нақты, анық, түсінікті түрде жеткізе алу қабілеттілігі , мимика, понтомимиканы қолдану. Ұстаз сөзі  үнемі оқушыларға арналуы керек.

5.Ұйымдастырушылық қабілеттілігі- оқушы ұжымын  ұйымдастыру ; өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жүргізу.

6.Беделдік қабілеттілігі.Оқушылар арасында беделге ие болу.

7.Коммуникативті қабілеттілік. Оқушылармен қарым-қатынастың жолдарын дұрыс табу.

8.Педагогикалық қиял немесе прогноздық қабілеттілік. Оқушының болашағын  болжау.

9.Зейін бөлгіштік қабілет. Бір  мезгілде ұстаздың бірнеше әрекетті атқара алуы.

  1. А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:

  • педагогикалық эрудиция (білімдарлық);

  • ғылым салаларын терең меңгеру;

  • педагогикалық мақсат қоя білушілік ;

  • педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;

  • педагогикалық интуиция (сезімталдылық);

  • педагогикалық импровизация (суырып салмалық,жанынан жедел шығару, шешім қабылдау);

  • педагогикалық байқағыштық;

  • педагогикалық көрегендік.

Митина Л.М бойынша кәсіби сапалар:

  • әдептілік;

  • сыпайылылық;

  • сезімталдық;

  • тәрбиелілік;

  • зейінділік;

  • ізденімпаздық;

  • шыдамдылық;

  • адамгершілік;

  • іскерлік;

  • тәртіптілік;

  • белсенділік;

  • саяси сауаттылық;

  • сыншылдық;

  • патриоттық;

  • болжағыштық;

  • өзбеттілік;

  • принципшілдік;

  • батырлық;

  • кешірімшілдік;

  • кішіпейілдік;

  • балаға деген сүйіспеншілік.

М.М.Мұқанов бойынша  педагог мамандығына лайықты  сапалар:

  • педагогикалық идеялық сенімі;

  • педагогтың қабілеті;

  • педагогтың ұстамдылығы;

  • әділеттілік және абырой;

  Осының ең ортасы, өзегі, жеке  бас сапасының ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау,»Мен» бейнесі.

Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:  

  • Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.

  • Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық,мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.

  • Экспрессивті – перцептивті — — байқағыштық , креативтілік, интеллектуалдылық , белсенділік,зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы,икемділік.

  • Кәсіби қабілеттілігі.

  • Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалды- еріктік тонустың жоғарылылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік.

  • Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша):

Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі) , ғылыми дайындығы,қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.

Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.

  • Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша):

Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы;

Эгоцентрлік   бағыт   —   ұстаздын   тек   өзше,   оз   мұлдесіне, қажеттілігіне назар аударуы;

Бюрократтық (төрешілдік) бағыт — ұстаздын окімшіліктің нұскауларын, жоғарыдаы келген құжаттарды өзіне бағыт етуі.

 Конформистік багыт — ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі.

Авторгітеттік бағыт — ұстаз оқушының ата-аналарына, олар қоғамдағы орнына сүйенуі.

Когитивтік багыт — ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі.

  • Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М.Тален бойынша):

«Сократ»     пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.

«Генерал» — екі ойльшықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатан түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, окушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді.

«Топ дискуссиясынын жетекшісі» — оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлді атқарады.

«Менеджер» — белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет-мазмұнды сапалы бағалауға, талдаута ұмтылады.

«Шебер» өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді.

«Жаттықтырушы» — бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мүнда бір команданың мүшесі сияқты, эрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ші бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог -топқа дем беруші. мүндағы ен басты сонғы нәтиже — жеңіс, табыс.

«Гид» білімді, жан-жакты, энциклопедист бейнесінде. Қыска сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұракқа жауабы үнемі дайын.

Педагогикалық іс-әрекет стилі

Іс-әрекет стші  объектінің өзінін қабілеттерін айқындай отырып және онын даралық-психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, онын операционалдық құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (В.Э. Чудновский).

Педагогикалык іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар: іc-әрекет  субъектісі  мұталімнің  жеке  даралык-психологиялық ерекшеліктерін,   ол   даралық-типологиялык, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; окушылардың ерекшеліктері.       

Педагогикалық  іс-әрекет стгадерінің  түрлері     (А.К.Маркова бойынша)

Өктемшілдік стиль. Оқушы тен құқылы серіктес емес, педагогикалық әсер ету объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған талагггарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен шэкірттердің пікірлерін есепке алмай, оз құқықтарын пайдаланады. Осының салдарынан шәкірттері белсенділіктерінен айырылады, езін-өзі томен багалайды, бойларында агрессия пайда болады. Окушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мүғалімнін әсер етуінің негізгі әдісі — бұйрық ақыл айту. Мұталімге өз кэсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән.

Демократиялық стшь. Окушымен қарым-катынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде әріптес. Мұгалім окушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардын түлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға  әсер ету әдістері — түрткі болу, кеңес, өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты қанағаттан;, өзін-озі жоғары бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінін психологиялық іскерліктеріне көбірек назар аударады, оларга кәсіби орныктылық, оз мамандығына қанағаттану тән.

Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардын іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақгаушылық, толку байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат  жасырын қатынастар байқалады.

Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі:

  • Эмоционалды-импровизациялық стиль

  • Эмоционалды-әдісқойлық стиль

  • Пайымдаушы-импровизациялық стиль

  • Пайымдаушы-әдісқойлық стиль.

Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал — ахуал). Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің тиімділігі ондағы моральдық-психологиялық климатқа байланысты. Осы моральдық-психологиялық климатқа мұғалімнің мектептегі көңіл-күйі, оның педагогикалық әрекетте бар ынтасымен жұмыс істеуі байланысты. Өзінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны бойынша ол психологиялық жағдайлардың бірлігінде байқалатын, біріккен нәтижелі іс-әрекет пен топта жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатын тұлға аралық қарым-қатынастың сапалы жағын береді.

Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық сипат топтың даму деңгейіне байланысты және әрбір мұғалімнің шығармашылығының өлшемін анықтайды. Педагогикалык ұжымның психологиялық климатына оның бірнеше жағының тиімді сабақтастығы тән, атап айтқанда:

  • мектеп әкімшілігінің басқару стилі;

  • еңбек ету жағдайы;

  • мұғалімдер — ұжым   мүшелерінін   әлеуметтік-психологиялыж сәйкестігі;

  • әлеуметтік — психологиялық мақсатты мұғалімнің жүзеге асыруы;

  • әкімшілік тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік — психологиялық мақсат.

         Жайлы  психологиялық  атмосфера —  педагогикалық ұжымда төмендегі сапалардын болуын болжайды:

  • еңбек куанышы;

  • оптимизм;

  • сергектік;

  • қорғаныш сезімі;

  • қарым-қатынастағы қуаныш;

  • сенім;

  • сүйеніш сезімі.

Жалпы мақсат қана емес, достық, бір-бірін құрметтеу, ұнату негізінде   қалыптасқан  педагогикалық  ұжым  балаларға  білім береде, тәрбиелейде алады.

Педагогикалық ұжымдағы іс-әрекет жетістігінің критерийлері:

  • окушылардың білімділігі;

  • окушылардың тәрбиелілігі;

  • педагогтардың кәсіби біліктілігі;

  • педагогикалық ұжымның туындаған міндеттерді жедел шешуқабілеттілігі;

  • педагогтардың жеке тұлғалық сапаларының жетілуі.

 

Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет дәрежесі, мұғалім функциялары.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

  1. Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз не?

  2. Педагогикалық іскерлік дегеніміз не?

  3. Педагогикалық іс-әрекет стилдері қандай?

  4. Ұстаз мамандығына қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Маркова А.К. психология труда учителя. – М.,1993.

  2. Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М.,1994.

  3. Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.

  4. Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008























Х тарау. Мұғалім психологиясы

10.1 Мұғалім деонтологиясы

 

1 Бұл грекше  deon - қажет, парыз,  логос - ілім терминдерінен пайда болған. Ағылшын фиолсофы, құқық мораль зерттеушісі И. Бентам ендірген ілім, этиканың яғни моральдің бір саласы. «Деонтология или наука о морали» деп, әр түрлі мамандық саласына, әсіресе медицинаға арналған моральдік, этикалық, адамгершілік келбетін, оның өз жұмысына байланысты қоғам, халық алдындағы парызын, міндетін адамға, халық, қолғам мүддесіне сәйкес ұйымдастыру проблемаларын қарастырады. Көріп отырсыздар, деонтология қағидалары ұстаздық етушілер үшін де өте қажетті екені айқын яғни ұстаздық этика қамтылады. Педагогика - гр.paidagogos - тәрбиеші. Педагогика - гр. Paidagogike - жеке адамды қалыптастыру үшін белгілі бір мақсатқа бағытылған, жүйелі тәрбие, білім беру және оқыту жайлы ғылым. Педагогиканың негізгі қарастыратыны - тұлғаны қалыптастыру, тәрбие беру, білім беру, оқыту. Бұл - мектептің мұғалімнің парызы, борышы, міндеті. Ол қағидаларды ұстай білген педагогтың ерекшелігі- кездесетін қиыншылықтарды алдын-ала болжауында, сезуінде, оларды болдырмаудың жолын таба білуінде.пеагогикалық деонтология қағидаларын орындау-педагогикалық шеберліктің басты шарты. Олай болса, ол қағидаларды бұзу оңай, ол заң емес деп бұзу оңай, ол заң емес деп теріс түсінуге болмайды. Заңды бұзушылық моральдік, ар-ождандық норманы бұзудан әлдеқайда басқаша. Өйткені заңды бұзу да, одан кұтылу да өмірде кездеседі. Ал нағыз педагог үшін моральдік, адамгершілік қағидаларын бұзу, өзінің намысын аяқ асты ету қазақ салтында тірілей өлумен бірдей құбылыс. Педагогикалық этика, мораль, такт кәсіптік заңдар жиынтығы емес, ол адамгершілік борыш, шәкіртіне деген жүрек соғысы, рухани норма. Педагогте қыран бүркіттің көзі, жас арудың жұмсақ алақаны, жыланның арбаушы даналығы, арыстанның айбары болуы шарт. Педагогтың күші де, құдіреті де оның жүрегінде, адамдар арасындағы деонтологиялық қарым-қатынасында. Бұл-өте күрделі мәселе.

Ұжымдағы қарым-қатынас мұғалімдердің  көңіл-күйін, олардың жұмысқа деген  ықыласын, мектептің білім беру, тәрбиелеу, оқыту нәтижесіне әсер ететін құбылыс. Ұжымда жылы климат, бір-біріне сенім болмаса, нәтижелі жұмыс болмайды. Шындық айтылмаса, шынайы қарым-қатынас болмаса, қате-кемшілік жіберген әріптесіне көмектеспесе, реті келсе, бірін-бірі жамандайтын болса, «өзіңе сол керек» сыңай танытса, ондай ұжымға мүше болу азаптың нағыз өзі. Мұндай ұжымда өнімді жұмыс болмайды. Директордан бастап жаңа келген жас мұғалім, лаборантқа дейін қолайсыз атмосфера болдырмау үшін қарым-қатынас психологиясы мен деонтологиялық қағидаларды қатаң сақтауы ләзім. Деонтологияның талаптарын мұқият сақтауға ұжым мүшелері бәрі бірдей жауапты, ұжымда жақсы дәстүрлі қалыптастыруға барлығы түгелдей атсалысуы тиіс. Әрқайсысының адамгершілік қасиетіне, кәсіби білім дәрежесіне қарай қосатын үлесі болады. Солай бола тұрса да, ұнамды дәстүр қалыптастыруда мектеп директорының алатын орны, атқаратын міндеті ерекше зор.

Менеджердің (директордың, оның орынбасарларының) бойында ұлағатты қасиеттер болуы  шарт. Ең алдымен менеджер адамгершілігі мол, парасатты, шынайы, әділ, ұжым мүшелерінің мүддесін өз басының қамынанкем санамайтын азамат болуы тиіс. Бұл бір. Екіншіден, кәсіби білімі жөнінен ол ұжымның басқа мүшелерінен бір саты да болса ілгері болғаны керек, мамандықтың ғылыми теориялық жағынан да, тәжірибелік тұрғысынан да, ақылман, шешімпаз, күрделі істің жолын көрсете алатын жетекші болуы тиіс. Үшіншіден, барлық істе шыншыл, әділ болу, ұжым мүшелерінің жұмысын еңбегінің нәтижесіне қарап бағалау, «өз адамым», «өзге адам» принципінен аулақ болу, оған жол бермеуі қажет. Төртіншіден, ұжымдағы кемшіліктерді бүкпелемей, ашық жариялылықпен талқыға салып, оларды түзету шараларын белгілеуде көрегендік, шешімпаздық танытуы тиіс. Өз ас қатесін де, істелмей жатқан істі де жұртшылық талқысына салудан бір сәтте бас тартпаса, оның беделі арта түсері хақ, мұғалімнің кәсіби сезіміне нұқсан келтірмей, бетіне ашық айтып сенім көрсету дұрыс болады. Бесіншіден, ұжымдағы күрделі мәселелердің басында мектеп басшысының өзі тұрғаны ләйім. Үлгілі сабақ өткізу, мазмұнды дәріс оқу, бәсекелікке лайық білім беру-азаматтық борышы ғана емес, бұлжытпай орындалатын деонтологиялық қағидат. басшы-барлық істе ұжым мүшелері үшін ұнамды эмоция өкілі. Алтыншыдан, ұжым мүшелерінің кәсіби өсуіне бағыт беру, әркімнің іс қабілетіне, тәжірибесіне, біліміне қарай міндеттер бөліп беру, бір-бірінеілтипаттық сыйластық туғызу, сонымен бірге жаман пікір айтуға, өсек, өтірік, айтуға, күндестік ситуациясына жол бермеу керек, қателіктерді түсіне білу, демеу көрсету, орынсыз езгілемей, рухани қолдау қажет. Қол жеткенге мәз болып одан әрі өсуге ұмтылмайтындарды қамшылау да керек. Басшының беделі, абыройы-ұжымның жақсы көрсеткіші. Оны сақтай білу шарт.

 

10.2 Мұғалім  психологиясының мәні

Мұғалім психологиясы оның педагогикалық  іс-әрекеті үстінде көрініс табады, қалыптасады және өзгереді. Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби мақсаты жас ұрпақты қалыптастыру болып табылады. Оны жүзеге асыру тәсілдері, мазмұны, ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері бар. Педагогикалық іс-әрекеттің элементтеріне жататындар:

- іс-әрекеттің мақсат-қоғамның мүшелерін тәрбиелеу;

- іс-әрекет субъектісі-мұғалім;

- іс-әрекет объектісі-оқушы;

- белгілі әрекеттер мен іс-қимылдарының жиынтығы ретінде іс-әрекеттің өзі-білім беру, оқытушылық (үйретушілік), дамытушылық және тәрбиелеушілік ықпал ету;

- іс-әрекеттің құралдары-тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері;

- іс-әрекеттің жағдайлары-жалпы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеуге көңіл бөлуі, жалпыға бірдей міндетті орта білім беру т.б. ал жеке түрлері- сол лоқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің материалдық жабдықталуы, педагогикалық ұжымның ынтымақтастық деңгейі, істі жетік білетін басшылық болуы, көмек көрсету, т.б.;

- іс- әрекеттің нәтижелері- оқушының тұлғалық қасиеттері мен сапаларының нағыз қалыптасуы. Тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болуы деңгейге көтерілу. (Н. Назарбаев).

- Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық ғылымның әр түрлі салаларының зерттеу объектісі. Айталық, дидактика педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлшегі ретінде оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейді. Жеке методикалар нақтылы пәндерді оқытудың тиімдірек тәсілдерін жасап шығарады. Тәрбие теориялары мұғалімнің оқушыға тәрбиелік ықпалының принциптері мен заңдылықтарын анықтап береді. Мектептану мұғалімнің еңбегін ұйымдастыруды зерттейді.

Педагогикалық іс-әрекеттің психологиясы

- Мұғалімнің еңбегінің психологиялық заңдылықтарын зерттеуші психологиялық білімнің саласы ретінде;

- Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттары мен жүйесін тәрбие институттары арқылы қоғам міндеттерін мұғалім қабылдаушы, іске асырушы ретінде;

- Ол нақтылы жағдайларға тәуелділік тұрғыда өзінің іс-әрекетінде міндеттердің формалар мен әдістерінің дұрыстығын саналы түрде түсінуші ретінде анықтама береді.

Маман – пән мұғалімі қазіргі педагогикалық практиканың талаптарын қанағаттандыруға бейім болмай тұр. Қазір кәсіби – педагог болу талап етіледі. Біріншіден, ол ғылыми білімдер жиынтығының (өз пәнінің) білгірі, оларды беру тәсілін меңгеруші ғана емес, педагогикалық қызметтік субъектісі болып табылады. Екіншіден, білімдерді, икемділік пен дағдыларды тасымалдаушы ғана емес, адами қабілеттердің дамуына бағыттаушы болуы тиіс. Үшіншіден, дидактикалық тапсырмаларды құрастырушы және шешуші емес, білім беру процестерін іс жүзіне асырушы, дамытушы ситуацияларды құрастыра алушымаман болуы керек. Білімнің дамуы дәстүрлі функциялардың мән-мағынасын қайта ойластыруды, прогрессивтік тенденцияларды яғни даму бағыттарын қарастыруды қажетсінеді. Альтернативтік модель бүгінде ізгілендіру моделі болып табылады. Оның функциялық белгілеріне мыналар жатады: 1) адамды қоршаған шындықтың көкейкестілігін және мәнін ашу; 2) әлеуметтік мәдени құндылықтар өрісіне қатысуға ерікті таңдауға жағдай туғызу; 3) тұрмыстың маңызды мәселелерінің мәнін қоя білу мен шешу үшін мұғалім мен оқушының ынтымақтастығына жағдай туғызу; 4) мұғалімнің де, оқушының да творчестволық белсенділігінің әр түрлі формаларын әдетке айналдыру.

Педагогикалық іс - әрекетті жобалауда  Г.П. Щедровицкий деген ғалым мұғалімге  қажетті білімдердің үш типін ұсынады: практикалық – әдістемелік; конструкторлық – инженерлік; ғылыми – теориялық немесе өзінің ғылыми білімдері.

Қазіргі психологтар рефлесивтік  психологияға жете мән береді. Бұл  тұрғыдан алғанда педагогтармен  жұмыстың мынадай қажеттіліктері аталады:

- Өзінің эмпирикалық тәжірибесін ойластыруға, талдауға және қайта ойластыруға жағдай туғызу;

- Педагогикалық іс – әрекетте білім өрісінде әлемдік мәдениеттің, ғылымның, практиканың жетістіктерін конструкциялық ассимиляцияға икемдеуі.

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күрделігінен және адамдардың оған қоятын талаптарының әр жақтылығынан да көрінеді. 21 ғасырда білімнің жаңа сипатына ие болуына қарай, нарықтық экономикалық қатынасқа байланысты мұғалімнің тұлғасына және оның қызметіне қойылатын әлеуметтік үміттер күрделене түсті. Мұғалімді отбасында балаға берілмегеннің орнын толтырушысы, оқушыларда кездескен әр түрлі ықпалдарының кіріктірушісі (интеграторы), акселерация, урбанизацияға байланысты пайда болатын тәрбиеде кездесетін қиыншылықтарды жеңе алушысы ретінде көргісі келеді.

        Педагог-ғалымдар  бастамасымен қазіргі заман мұғалім  бағдарламасы жасалған. Онда үш парадигмасының негізгі аспектілері-мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісіне маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмалары шеше білуі тиіс. Алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиет танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстырып бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 300-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Мұғалімдер мектеп өмірінде және қоғамда сан алуан шараларға қатыса отырып, көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға кездеседі. Бүгінгі қоғам қазіргі заман мұғаліміне қажетті перманенттік білім алу және оқушылардың оқутанымдық қызметін меңгеруді игерту талабын қойып отыр. Мұғалімнің саяси-идеялық және адамгершілік ұстанымы бойынша, ол оқушысы қарым-қатынас объектісін іс-әрекет субъектісіне айналдыру, білім мазмұны мен оқыту әдістемесін болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығына бағыттап бейімдеу қажетігі шығады.

        Оқыту процесі-әлеуметтік  мінезді қалыптастырушы фактор. Кеңестік замандағы адамдардың дәстүрлі қасиеттер - ұстамдылық, сабыр сақтау, асықпаушылық, сақтық, жайбасарлық болды. Қазіргі нарықтық іскерлік танытуды талап ететін заманда жаңа сапалар атап айтқанда, белсенділік, білімдарлық, инициатива білдіру, тәуекелшілік, ассертивтік, тағы басқалар қажет. Дәстүрлі қасиеттер әлеуметке, прогреске бөгет болуы мүмкін. Қоғамда экономикалық және психологиялық эволюциялық арасында алшақтық тууы мүмкін.

                                   

10. Жаңа дәуір педагогының бейнесі

 

Қазіргі жүргізілген зерттеулерде жаңа дәуір педагогының бейнесі қандай болу керектігі жайында мағлұматтар бар. Бірінші орында, әдеттегідей пәнді білу, әдістемені меңгере алу мен оқыта білу, оқушыларды сабақ үстінде басқара алу тұрады. Екінші орында, атап өтуге тұрарлық нәрсе-бей ресми қарым-қатынастар, тәрбиеленушілермен қарым-қатынасты дұрыс жолға қоя білу тұр. Жаңа дәуір мұғалімдері авторитарлық педагогиканың бұрынғыдай рөл атқара алмайтындығын ескергені жөн болады. Қазір алдыңғы шепке оқытудың жеке тұлғаға, ізгілікке бағытталған жаңа парадигмасының қалыптасып келе жатқан уақыт талабына сай келеді. Үшінші орынға, ғылыми педагогикалық ізденіс әдістері мен оқытудың жаңа технологияларын шебер қолдана білу шығады.

          Жаңа  дәуір мұғаліміне сипаттама бергенде, кәсіптік іскерлігі, кәсіби икемділігі және тұлғалық адами қасиеттердің толық болғанын қалайды.

          Мұғалім  дайындаудағы бұрынғыдан жаңа  бағыттың түбірлі айырмашылықтары  бар екендігін ескеру қажет. 1. Бұрын оқыту технологиясының негізінде мұғалім тұратын-ды. Енді оқушы тұруы керек. 2.Бұрын оқушылар арасында білім үшін жарыс бәсеке жариялы түрде болмайтынды, енді оқу, білім алу негізінде ынтымақтастық және білімдаралық  болуы шарт. 3.Бұрын оқытудың мәні-дайын білімді беру ғана болатын-ды, қазіргі білім беру технологиясы мәні оқушының өз бетінше оқу қабілетін, білім алуын дамыту болып отыр. Мұғалім даярлаудың басты ұстанымы-жаңашыл шығармашылық, терең мазмұндық, ғылыми-әдістемелік жолдарды еңгізу, сөйтіп кадр даярлаудың сапасын жетілдіру, интеллектуалды кәсіби бәсекелестікке сай маманды қалыптастыру шарт.

         Педагогика  ғылымында зерттелуге тиісті  негізгі бағыттар: 1) болашақ мұғалімдерді даярлаудың теориясы практикасы 2) табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды тиімді  пайдаланудың педагогикалық аспектілері 3) этнопедогогика мен халықтық педагогиканы өмірге ендіру проблемалары 4) этномәдени білім берудің психологиялық аспектілері             5) қоғамды демократияландыру және білім жүйесін басқару аспектілері 6) білім берудің жаңа мемлекеттік стандартқа көшуіне байланысты қазіргі заман оқулықтарының проблемалары 7) экономикалық-әлеуметтік   және нарықтық қатынасқа көшуде тәжірибе, бағдарлау білімін     беру проблемалары, т.б. Осыған орай, жыл сайын қажетті деп саналатын диссертациялық тақырыптарды жариялап тұру қажеттілігі шығады.

  Еліміздің егемендігіне ие болуына және нарықтық қатынасқа көшуге байланысты, сондай-ақ жиһандану процесінің ендеп өмірге енуіне қарай бұрынғы дәстүрлі мұғалім мен жаңа дәуір мұғалімі арасындағы айырмашылықты нақты айқындау үшін бірнеше параметрді салыстырайық. 1. Оқушының меңгеруге тиіс білімге мұғалімнің қарым-қатынас бойынша: Дәстүрлі педагог-бір рет және өмір бойғы қабылданған пәндік білімдерді, білік пен дағдыларды тасмалдаушы еді. Жаңа  дәуір педогогы - оқушының дамуы үшін, өзін-өзі жетілдіру үшін жағдай туғызатын қозғаушы күші болуы тиіс. 2.Оқушылардың білімді игеруіне қолайлы жағдайлар бойынша: Дәстүрлі педагог білімді оқушыларға өңделген, игеруге дайын күйінде беріп келді. Жаңа дәуір педогогы жаңа білімді қабылдауға байланысты оқушының оқу процесіне білім алу ортасын қалыптастыруы, шәкіртке білім алу проблемаларын шешуге көмек көрсетуі тиіс.                3. Оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасының сипаты бойынша: Дәстүрлі мұғалім субъектіге-объектілік қарым-қатынас жасап, оқушыға ұстаздық үстемдік етіп келді. Жаңа дәстүр педагогы субъектіге субъективтік қарым-қатынас жасап, теңдікке ұмтылу керек. 4.Оқу процесінің нәтижесі дәстүрлі оқытуда оқушының білімді игеру деңгейі, білігі дағдысы бағаланады. Жаңа бағыттағы оқытуда-оқушылардың игерген біліктілігі мен өмірлік дағдылары бағаланады. 5.Жаңа дәуір педагогы-өзі мамандық пәндік білім жүйесін, ғылыми білімнің сол саласы бойынша білік пен дағдыны игеруі тиіс, оның үстіне оқыту технологиясының жүйесін, оқушылардың оқу қызметінің біліктілік пен өмірлік дағдылары игеруіне бағытталған құралдары мен әдістерін игеруі тиіс.Сонда ғана ол толық маман бола алады.



10.7. Мұғалімнің мәдениеті

 

Өте ауыр еңбек-ой еңбегі, оның өкілі-мұғалім. Мұғалім-мектептегі басты тұлға. Мұғалімнің өмір тұрмысы, отбасы жағдайы, демалуы, тамақтануы, киінуі-оның нәтижелі жұмыс жасауының кепілі. Өз басының қамы ойдағыдай шешілмеген, жатса-тұрса ойында отбасының, бала-шағасының мұқтажы тұратын болса, онда ұстаздың еңбегінен жеміс болмайды, одан жұмыс талап ету де орынсыз. Ұстаз да адам, олай болса, өмірінде кездесетін баспанасыздық, еңбекақының төмендегі, киер киімнің тапшылығы, ашқарындық оны аздырып жібереді. Еңбектің салмағына, нәтижесіне қарай бағалануы, еңбегіне қарай жалақы мөлшерінің тиімді коэффициентке сай болуы-жұмыстың жемісті болуының кепілі. «Бір күн аштыққа ұшырағаннан қырық күнге дейін ақыл сұрама» дейді халық даналығы. Қазіргі өмір салтына еніп кеткен оқу орындарындағы алымқорлық, пара алу, шәкіртті біліміне қарай емес, оның дәулетіне қарай бағалау, шәкірттерден ақша алу жолымен («5» - 100 доллар, «4» - 60 доллар, «3» - 40 доллар) күнелту-ең азғынның ісі. Ондайларға орын болмауы тиіс. Ұстаз жұмыс бабында сөз саптаудың қас шебері болуы тиіс. Ата-аналармен қарым-қатынаста білімдарлық таныту-ұстаздың ішкі мәдениетінің көрінісі. Мәдениеті төмен ата-аналар нарық заманының қыспағын көрген, қаржы жетіспегендігінен шығатын ащы тілін ұстаздарға да тигізетін деректер бар. Мұндайда сені шатасуға шақырып тұрғандығын сезген бойда эмоцияға жол бермей, өзіңді сабырлы ұстап, инабатты сөйлесе алуың керек. Педагогикалық деонтология заңы төзімділік пен ұстамдылықты талап етеді. «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» - дегендей, кейбір байлардың балары да мұғалімге ірілік көрсетеді, әкелерін ертіп әкеліп, күш көрсетеді. Бастықтар, бастық қолдауына сыйынғандар да мұғалімге үстемдік жасайды. Ондайларға ешқандай жол беруге болмайды. Оның емі-педагогикалық тактпен мақтамен бауыздау: «Менің кәсібімнің түпкі мақсаты-бала бақытын нұрландыру, оның жан дүниесінің кемшілік жақтарын емдеу, түзету ,оның жүрегіне қайғы мен уайым ұялатпау. мен осы мақсатқа өмірімді арнадым». Мұндай ұлы мақсатқа негізгі параллельдерді мұғалім-оқушы, мұғалім ата-ана, мұғалім-мұғалім, мұғалім-мектеп әкімшілігі, мұғалім-жұртшылық арқылы жететіндігін ескеру керек.

        Мұғалім мәдениеті-балалардың  көз алдында болатын үлгісі.

        Мұғалім жұмысында  тәрбиелік мәні жоқ нәрсе болмайды. Соның ішінде мұғалімнің киім киісі, мұғалім киіміндегі эстетизм, сән және мұғалім киімі еш жерде зерттелініп ,бір жүйеге келмеген проблема. Нақты форма жоқ. Әрбір мұғалім өзінің жеке эстетикалық талғамына, жалпы мәдени деңгейіне қарай киініп жүруі керек. Ескеретін норма – мұғалім оқушылардың қалт жібермей, құштарлықпен бәріне назар салып отыратын білуі тиіс. «Киіміне қарай қарсы алып, ақыл – ой өрісіне қарай шығарып салатыны» анық. Сондықтан, нақты қағида – мұғалім жұмысқа жарасымды, сәнді киініп келуі. Мұғалімнің сыртқы келбеті – оның төңірегіндегі адамдарға аса құрмет көрсетуі болып табылады. Өйткені ол - қоршаған  ортада жағымды ықпал жасайтын ерекше тұлға. Киім адамды тәртіптендіреді, жинақыландырады, оқушыға да әсер етіп, оны ілтипаттылыққа шақырады. Мұғалімнің салдыр-салақ киініп, еркек мұғалім сақалын қырмай, әйел мұғалім шашын сәндемей, бет – жүзін әсемдемей сабаққа келетін болса, ондай ұстазды оқушылар құрметтемейді. А.С. Макаренко кезінде эстетикалық талғамнан кейін қалған мұғалімді сабаққа жібермегенін білеміз. Барлық уақытта мұғалім – салауатты өмір салтының насихатшысы, үлгісі. Ішімдік ішпеу, темекі шекпеу, наша пайдаланбау, құмар ақшалы ойынмен әустенбеу – мұғалім үшін басты шарт. Мұндай улы заттар мұғалімнің миын уландырады да, оның басындағы білім қорын аздырыды. Оқушылар ондайларды тез айыра алады. Лебінен арақ иісі аңқыған, демінен темекінің күмүлжі күйік иісі бас қатыратын мұғалімді ешкім де қадірлемейді. Улы заттардан уланған  мұғалімнің дұрыс білім беруі де екіталай. Мұғалімнің мәдениетсіздік көрінісі оқушылардың психикасын бұзады; теріс әсер етеді, ұнамсыз эмоция туғызады.

         Ұлы ұстазымыз  Ыбырай Алтынсарин мұғалімдерге темекі шегуге, насыбай атуға, ішімдік ішуге, құмар ойындар ойнауға тыйымды салған. Ұлы Ұстаздың осы ұстанымын қазір өмірге ендіру-міндет әрі парыз.

                                           

10.8 Педагогикалық оптимизм және эниология

          Педагогикалық оптимизм біріншіден, жүйелі турде дене шынықтырумен, спортпен айналысуға денісаулық сақтауға. «Бұлшылық ет куанышын жасау» жолы . Ертеңгілік қан тарату жаттығуларын жасау, салқын суға шомылу, бір жарым-екі сағат таза ауада демалу немесе жүгіру (10минут жүгіру 1сағат жаяу жүргенге тең) –көңіл күйдің,психологиялық сауығудың құралдары.Үнемі сергек жүру,шат-шадыман,әрекетке дайын тұру,өмірге риза болу жөн.Шырылдауық шегірткедей болу зиян. Екіншіден,мұғалім өзін әрқашанда қуанышқа,мейірімділікке бөлейтін сезім гимнастикасымен,музыкамен,сауықтыру ойындарымен айналысу тиіс.Ұжымдағы этикалық,достық,жолдастық,жылылық атмосфера

-мұғалім оптимизімін күшейтетін  екінші құрал.Үшіншіден мұғалімнің  жаман,жүйкені бұзатын ситуациалардан аулақ болуы,өзіне-өзі аутогендік терапия жасау жолымен жаттықтыруы керек. Жылы шырай,ақ-жарқын мимика )бет-пішін),күлімсірей сәлемдесу,адамзаттың сыпайы қарым-қатынасының ұлттық үлгілерін бойға сіңіру-өзін ұзтаз санайтын кісінің аса қымбат қасиеттері.Таңғы ұйқыдан шаттана ояну,өзін-өзі сендіру,басқалармен тек ұнамды қатынас жасау,өзіңді-өзің жақсылыққа үндеуің,өзіңе-өзің әсер етуің төсектен тұрған бойда басталған жөн.Мен қазір жұмысыма барамын,достарымды көремін,оларды көру мені үлкен шаттыққа бөлейді,бәрі жақсы болады.Жұмысымды сүйемін,сабаққа толық дайынмын,оны жақсы өткіземін,балаларға рахат сезімін тудырамын,-деген психологиялық сезіну әрбір арайлы таң шаттығы болғаны ләзім.

  Төртіншіден, эниология туралы  білім алу керек.

Эниология-табиғаттағы және қоғамдағы энергоақпараттық алмасулар туралы,пәнаралық саланың білімдері туралы ғылым.Сонымен бірге,

табиғатта және адамдарда болатын  жұмбақ  кұбылыстар мен феномендер туралы, білініп болмаған тылсымдар туралы ғылым. Бүл жас ғылым дүниеге өткен ХХ ғасыр соңында көптеген ғылыми пәндер қиылысында Ресейде пайда болды және онымен басқа да елдер шұғылданған. Аталмыш ғылымның авторы КНБ генералы майор Фирьяз Ханцеверов. Ол космостық тағылымдара мен шұғылданған, сондай-ақ парапсихология бағдарларын қадағалын, оны эниология деп таған.

Шындығында эниология бізге  ерте дүниеден келген. Бұл ғылым-дүниеге  тірі объектілер мен өлі материяның нәзік әсерлері туралы, аламзат тәжірибесі (мыңдаған жылдар) туралы сыр шертеді.

Дәстүрлі бағдарларда мыңдаған сұрақтар туындаған, оларға дәл жауап жоқ. Мысалы, Бермудтық үшбұрыш, телепортация туралы бұрын біле алмадық. Эниология бұл сұрақтарға жауап бере алады. Оның негізгі факторы – энергоаппраттық алмасулар. Мәсеоен, сізбен біз біреу туралы жағымды, жақсылықтары туралы айтамыз, ойлап отырмыз. Дәл солсәтте оған ұнамды толқында құйылып жатады. Қазіргі адамдар ақпараттар мәліметтеріне тұншыққандай, әсіресе көбіне ұнамсыздары көп кездеседі. Жаман қылықтар, зорлық-зомбылық фильмдер жеткілікті. Соның барлығы, жамандық туралы айта беруге, ондай әрекеттерді беруге болмайды Рухсыздандыру, дүниеқорлық, көбірек ақшалы болу тәрізді жамандықтың батпағына отырғандаймыз. Бұныңбәрі толқынды сипап алады. Ұнамсыз психоэмоциялыды  және рухани-адамгершілік жағынан азған соң фон біздің физиологиямыз қатты теріс әсер етеді. Тибеттің балгері адамның тамырып ұстап отырып, оның бойындағы барлық ауруын айтып кетеді. Қазір медицинада лабораториялық анализдр толық картинаны ашып беруге дәрмнсіз, кейде адамдарға теріс диагноз қояды. Ең маңызды нәрсе-дәрігер мен науқас адамның арасындағы қатынас, дәрігердің өзінің алдына келген науқас адамды емдеуге ықыласады. Емдеу әдісінің дұрыс қолданылуының үлкен мәні бар және ол кімнің қолында екендігінде.Яғни гипнозбен өлтіруге де, емдеуге де болады. Дәрігерлердің ойланбай айтқан сөзі адамда ятрогендік ауруды күшейтеді. Бұл талап мұғалімге де тән. Тіпті әрбір айтылған сөз әр түрлі интонацияда айтылуына қарай әр түрлі нәтижеге жеткізеді. Психикалық зақымдану кейбір ойсыз, педагогикалық мәдениеті кем мұғалімдердің шәкіртіне айтқан дөрекі сөздерінен бала дидактогендік ауруға шалдығады, қорқады, қалтырайды, сөйлей алмайды, қабілетінен айырылады.  Энилогия толқынды энергиямен айналысады. Қазіргі адамдар электржелісі, компьютерлер, ұялы телефондар, теледидарлар толқындарымен тұншырықтырылуда. Бұлардан адамдарды қорғау құралы «Оберег» бар. Адамдардың өздерінің де қорғануының жолдары бар. Айталық, жұмыстан шаршап келген адам үйінде салқын суға шомылуға, ұнамдымузыка тыңдауға, достарымен жақсы тақырыпта сырласуға, телефон шалуға болады. Мұның бәрі организмнің күндізгі жұмсаған энергиясын қалпына келтіруіне әсер етеді. Ұйқыға кетер алдында босаңсып, аутоген жасау керек. Француз аптекары Эмиль Куэ «Сананы сендіру арқылы өзін-өзі басқару мектебін» ашқан. Аутогендік емдеу әдісін тапқан. Науқас адам күніне 20-30 мәрте сендіруінің, «Мен тәуір боламын,мен тәуірмін», «Ауру бәсеңдеді»-деп күніне 3-4 рет сеанс жасауының сауығуға пайдасы мол. Адам ішкі ағзаларын (асқазан,жүрек,бауыр), дене мүшелерін (аяқ,қол) қиял арқылы импульстер жасай алады. Ғылымда бұл-идеомотор делінген.12

    

Бірсарынды, жалаң көңілсіз сөздер оқушыларды зеріктіреді, жалықтырады, ұйқысын келтіреді, оларда сабаққа  немқұрайлылық  пен қалай болса, солай қарауды туғызады.

     Тез асығыс айтылған  ойлар, сөздер  ұғынып алуға қиындық келтіреді және тез шаршатады. Дауыстың қаттылығы да психикаға әсер етеді. Орынсыз айқайлаңқырап айту балалардың жүйкесіне тиеді, ал әлсіз жай дауысты мұғалімді де тыңдау қиын. Қол сермеп сөйлеу сөзді жандандырады, бірақ көбірек, бірыңғай, ылғи, қол сермей беру, орынсыз қозғалыстар тітіркендіреді. «Біз ұшін біздің әдебиетшіні тыңдағаннан басқа рахат жоқ, ол әдемі сөйлейді. Қоңырау соғылуы рахаттан айырғандай әсер етеді.» Шешендік өнерін меңгерген мұғалімге арналған пікір осындай.

 

Академиялық қабілеттер

 

        Бұл қабілеттілікті  тиісті беретін пәніңді, дәлірек  айтқанда, ғылым саласын толық  игеру деп ұғынамыз. Айталық, әдебиет  мұғалімнің  әдеби  дарындылығы,  шығармашылыққа бейімділігі қажет  болса, математиктің  математикалық  қабілеті, ал еңбек сабағы мен физика мұғалімінің конструкторлық-техникалық қабілеті болса, ондай мұғалімдердің өткізген сабағы балаларға әсерлі болады, қызығуы күшейеді. Өз мамандығы саласына бейімді мұғалім, азда болса творчествалық инициативамен, көп нәрсені өзі де жасай алатын болса, оқушылардың  сүйіспеншілігіне бөленеді және еліктеуге тұрады.

    Академиялық  қабілеттілікке  мұғалімнің эрудиясы, оның білімінің  қазынасы, ақыл-ойының  кеңдігі де  кіреді.  Мұндай мұғалім өзінің  пәнін өте  кеңірек және  тереңірек біледі, материалды еркін меңгереді, ғылым жаңалықтарын үнемі қадағалап отырады. Ол басқа мұғалімдердің тәжірибелерін зерттейді, олардан бағалыларын алады, әрине басқаның жұмысын соқыр сезімдікпен көшіре салмайды. Басқаның тәжірибесі қанша жақсы болғанымен, оның жағдайы басқа, оқушылардың ерекшеліктері бөлек және мұғалімнің өзі де оған ұқсас емес екенін ескерген жөн.

   Мұғалім – мәңгі оқушы,  ол оқуын оқуын тастаса, мұғалім  болуын  тоқтайтындығы деп түсіну  керек. «А,А нағыз профессор!  Біз көбінесе ойлаймыз – оның  өзінің саласынан білмейтіні бар ма екен сірә?» - академиялық қабілетті  ұстазға арналған ой-пікір осындай болады.

 

 

Ұйымдастыру – коммуникативтік  қабілеттер

 

         Ұйымдастырушылық  қабілеттер. Олар екі жағдайда  көрінеді. Біріншіден, сабақта  оқушылар  ұжымын ұйымдастыру, оны топтастыру, олардың ақылға сиымды инициативасы мен өздігінен істей алуына мүмкіндік бере отырып, маңызды міндеттерді шешуге жұмылдыру қабілеті. Екіншіден, сабақта өз жұмысын дұрыс ұйымдастыра алу қабілеті. Мұнда ұқыптылықты, дәлдікті, жұмыс түрлерін жоспарлай алуды және өзін-өзі бақылай алуды көздейді. Тәжірибелі мұғалімдерде уақытты дәл сезе білу қасиеті бар, оларда  жұмысты уақытына қарай бөле алу, белгіленген мерзімге үлгеру қанына сіңіскен сияқты. «Біз Н.С.Жақсы көреміз. Ол сыныпты жұмысқа жұмылдыруды шебер ұйымдастырады, оның дәлдігі, ұқыптылығы және іскерлігі бізді таңдандырады». «С.А. бізді ашындырады, бір істі де ақырына дейін апармайды, ал көп нәрсені істегісі келеді.» Екі пікір, біріншісі – шеберге, екіншісі – ұқыпсызға арналған.

 

Коммуникативтік қабілет яғни қарым-қатынас  жасау қабілеті

 

     Бұл – жас ерекшеліктері  мен жеке психикалық қасиеттерін  ескере отырып, барлық оқушылармен,  ұжыммен, жеке оқушылармен дұрыс  қарым-қатынас жасау қабілеті. Бұл  жерде екі мәселені ескерген  жөн. Оқушыларды үнемі төмендету, шектету тұрғыда ұстамау, мұғалімдік биік дәреженің айырмашылығын бетке ұстап, олардан қашқақтамау керек. Бұл бір. Екіншісі, оқушылармен тым қоян-қолтық араласып, өзінің және оқушының арасындағы шек қоюшылықты жоққа шығаруға тағы болмайды.

 

Педагогикалық байқағыштық

      Бұл – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне  үңіле білу, баланың кім екендігіне  бойлай білу және оның сол  сәттегі психикалық жағдайына  ене білу қабілеті.

     Шебер мұғалім, жақсы  тәрбиеші сәл ғана өзгерісінен, сырт пішінінің азда болса толқуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім сылтаушылардың зейінін шын мәніндегі зейінділіктен жеңіл айыра алады.

   Жаңа материалды түсіндіру  кезінде әр түрлі белгілері бойынша (сабақтағы мінезі, бет пішіні, мимикасы, т.б.) әр түрлі оқушының материалдың мазмұнын қалай меңгере алғанын, түсіндірген материалды қалай түсінгенін дәл ажырата  алады және қажеттігіне қарай тиісті шара қолданады. «Қарамай-ақ бәрін көреді. Е.П. Баланың сабақ оқымағанын не көңіл-күйінің өзгеруін көзінен таниды». «Сабақта әркім өз дегенін істейді, мұғалімнің ешкімде жұмысы жоқ». Екі пікір – бірі – бақылампаз серген ұстаз туралы, екіншісі – бейқам ұстаз туралы айтылған.

 

Суггестивтік қабілет

 

      Латыншадан аударғанда – сендіруге ұйытуға негізделген қабілет. Бұл оқушыларға эмоциянальдық – ерік әсер ету қабілеті, талап қоя білу және оның орындалуына қол жеткізу қабілеті. Суггестивтік қабілет ерік дамуына өзіне терең сенімділікке, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жауапкершілікті сезінуге, мұғалімнің өзінің дұрыстығына көзін жеткізе алатындығына байланысты. Талап ете алу және оған жету қабілеті туралы сөз болғанда оған дөрекілік, зорлау және қорқыту жолымен емес, педагогикалық шеберлік, сенімге ие болу арқылы жетуді айтамыз.

    Мұғалімнің орынсыз жұмсақтық,  жалған сенімділік, босандық, ынжық  принципсіздік, кешірім жасау  қасиеттері педагогикалық жұмыста  табысқа жеткізбейді. Мұғалім  оқушыларға жалыну-жалбарыну тонмен  сөйлеп, өзін істің қожасы ретінде сезіне алмаушылық көрсетсе, оқушылар оны басынады және оның төбесіне шығады. Оның қасиеті тамаша – айқай-шусыз істесе алады. «Біз оны қаталдығы мен талап қойғыштығын, әділеттілікпен ұштастыратыны үшін жақсы көреміз» Ол әрқашанда қарапайым, кішіпейіл, бірақ еріксіз тыңдайсың, сондай сендіреді, әділ талап етеді. Н.С. бізге әсері күшті. Ол үнемі талап ете бермейді, ал талап еткенде тыпырлай алмайсың құтылатын жер таппайсың». «И.М. былжыр өзі айтқанын өзі түсінбейді, эмоциясы жарқын емес, ойы да анық емес. Қойған талабын ұмытып кетеді». Екі түрлі пікір. Біріншісі – талап ұқойғыш, әділ, ұстанымы нық ұстаз. Екіншісі – талабы әлсіз, ұстанымы тұрақсыз кісі.


Педагогикалық такт

 

          Бұл   оқушыларға әсер етудің ең  тиімді шараларын қолдана білуде  көрінеді. Әрине олардың жас және жеке басының психикалық ерекшеліктерін, нақтылы жағдайға байланыстылығын ескерген жөн. Такт оқушыларды құрметтеу мен талап етуді, сенім арту мен  үнемі бақылауды  ұштастыруда, мадақтау мен жазалауды дұрыс пайдалануда көрінеді. Тактілі мұғалім қайырымды, сезімтал, түсінгіш. Балалармен сөйлескенде қарапайым жадыраңқы болады. «Ол өте әділетті еді, ешқашанда оқушыларға жалған қатынас жасап, не сөгіп көрген емес». «Біздің жетекшіміздің әлсіз жағы – әрқайсысын сәл нәрсе үшін  жазғырады. Оқушының қатесінің себебін  ашпайды. Жазалау – оның құралы.» Екі пікір – біріншісі, педагогикалық такт принципін ұстаушы, екіншісі – оны игермеген ұстаз.

 

Педагогикалық қиялдау

 

          Бұл  оқушыларда кісілікті жобалауда,  олардан келешекте қандай сапаларын дамытуға, қалыптастыруға болатындығын алдын-ала көре білуде, өзінің тәрбиелік шараларының қандай нәтижеге жеткізетінін сезіне алуда байқалатын қабілет. Бұл қабілет педагогикалық оптимизмге, тәрбиенің күшіне сенуге, адамға сенуге байланысты болады. «Е.Е. біздің ішіміздегі ең нашар оқушыға да сенімін жоғалтқан емес, бұл оған ұстаздық сенімді күшейте түсті.» Ең жаман деген балалардың да, кісінің де сәл ғана бір жақсы қасиеті болуы мүмкін. Мұғалім сол факторларға сүйеніп сенім артуы тиіс. Шәкірттің келешегіне жол сілтеуі, бағдарлауы керек.

 

Зейінді бөле білу

        Қабілетті  мұғалім сабақ үстіндегі зейінін  екі немесе бірнеше объектіге  не жұмыстарға бөле алады, ондай  дарындылықты бойына сіңіре алады.  Ол өзі материалды қалай түсіндіріп  тұрғанын, өзінің ойын қалай дамыта алатынын, оқушыны тыңдағанда да солай өте ұқыптылықпен тыңдайды, оның үстіне барлық оқушыға түгел көңіл бөледі, олардың  шаршағанын, кейбіреулерінің сабаққа зейін қоймай, не қалғығанын сезе қояды, тәртіп бұзушыларды көре қояды, өзінің мінез-құлқында қатты қадағалайды, мимикасы, жүріс-тұрысы, қолс ермеу, қол бұлғау, бас изеу, бас шайқау, т.б. әрқашан өз бақылауынан шықпайды. Тәжірибесіз мұғалім материалды баяндауға беріліп кетеді де, балалардың немен шұғылданып отырғанымен жұмысы болмайды, егер балаларды бақылайтын болса, кейбіреулеріне ескерту жасаса, өзінің айтып тұрған ойынан жаңылып қалады. Бұл зейіні тар мұғалімнің ісі.

 

Педагогикалық қабілеттерді қалыптастыру мен дамыту

          Қабілеттер  – туа біткен құбылыс және  олар адамның өмірінде және қызметінде қалыптасатын құбылыс. Педагогикалық қабілет көбінесе сыртқы жағдайларға тәуелді болады. Олар жоғары не орта педагогикалық оқу орындарында оқу процесінде ғана емес, негізінен балалармен практикалық жұмыс жүргізу процесінде тәжірибелер жинау арқылы дамиды және қалыптасады. Оның үстіне мұғалім өзінің мамандығын жетілдіруде үнемі жұмыс жасауы тиіс. Сөйтіп өзінің жұмысын табысты ететін педагогикалық қасиеттерді өз бойына сіңірумен шұғылданады.

      Әрбір адам жақсы  мұғалім және жақсы тәрбиеші  бола ма? Психикалық жағынан кемшілік, сотпен тиым салынған, педагогикалық жұмысқа бейімсіздерден басқа әрбір адам мұғалім бола алады.

    Ол үшін педагогикалық  еңбекке бейімділігі керек. Балаларды  оқыту мен тәрбиелеу ісін өте  сүюі, мұғалімге тән қасиеттерді  өз бойына сіңіруде тайсалмай, шаршап-шалдықпай ізденуі қажет. Атақты психолог Ж.Аймауытов айтқандай, әр адам қабілетіне өз орнында қызмет етпесе, әлеуметке пайда орнына зиян келтіреді..... адам өзінде қандай қабілет барлығын білу қажет. Әр адамның іс-әрекет түріне  қарай жарамдылығы болады. Қабілет – бұл әр адамның басқа адамнан айырмашылығын танытатын дербес психологиялық ерекшелігі. Мұғалім өзінің жеке үлгісімен, өзінің мінез-құлқымен оқушыларға  әсер етеді, олардың өмір жолын белгілеуге әсері бар. Мұғалім туралы, оның сапалары туралы сөз болғанда, мұнда ұсақ-түйек болуы да мүмкін емес. Тіпті мұғалімнің сыртқы бейнесінің өзі оның беделін қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.

    Идеалды мұғалімде тамаша  оқытушылық пен тамаша тәрбиешілік  сапалар ұштасып жатады. Мұғалімнің адамгершілік борышы әрқашанда қайда да ісімен, өзінің үлгісімен, өзінің мінез-құлқымен оған сеніп тапсырылған баларды тәрбиелеу екенін тұрақты есінде ұстауы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Мұғалім деонтологиясының ерекшелігі

2. Мұғалім психологиясының ерекшелігі

3. Мұғалімнің қоғамдағы алатын орны, оның қызметінің мәні

4. Мұғалім қызметінің кәсіби талаптары

5. Қазіргі заман мұғалімдері бағдарламасы

6. Педагогика ғылымының мұғалім даярлау проблемалары

7. Мұғалімнің ішкі және сыртқы мәдениетінің көріністері

8. Педагог – оптимист және эниология ықпалы

9. Мұғалім мәртебесі, құқықтары, жауапкершілігі, міндеттері – жаңа қоғамдағы сипаттапы

10. Мұғалім – өмір бойы оқушы, әдіскерлікке, шеберлікке ұмтылушы.

11. Мұғалім – ерекше қабілеттер иесі

12. Мұғалім – дикдактик

13. Мұғалім – қарым-қатынас психологі

 

Семинарлық тақырыптар

1. Психолого-педагогикалық қабілеттер проблемасы

2. Мұғалім мен оқушының сабақтағы қатынасының психологиялық компоненттері

3. Мұғалімнің өзін-өзі тәрбиелеу мен қалыптастыру проблемалары

4. Мұғалімнің қоғамдағы орны және оған қазіргі заман талаптары

 

Рефераттық тақырыптар (студенттің өздігінен жұмысы)

 

1.Педагогтік шеберлік – оның  психологиялық негіздері

2. Мұғалім мен оқушы

3. Бұрынғы және қазіргі  мұғалімдік  мамандық проблемалары

4. Мектеп ұстаздар қауымы қандай болуы тиіс.

5.Өзінің сүйікті мұғаліміңіздің  сипаты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

1. Возрастная и педагогическая психология. М-проведение,1979.258-283

2. Кортецкий В.А. Психология М. просемуете 1980. 338-345

3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары А.Ғылым. 1974-201

4. Берікұлы Н.Педагогика Ақтөбе.2004. 365-367

5. Ушинский К.А. Таңдамалылар. А.Мектеп. 1951.101

6. Кобеев А.Ә. Ә.Фарабидің ашылмаған әлемі А.2002. 103-104

7. Сластенин В.А.  Общая педагогика М.Владос.2002. 103-104

8. Назарбаев Н.Ә. Халыққа жолдауы   Е.Қ. 16 ақпан 2005 ж

9. Педагогикалық психология: учебник для студентов ВУЗов. Н.В.Клюевой,-М Владос-Пресс, 2006

 

 











Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мұғалім психологиясы

Автор: Хайруллаева Алия Базарбаевнаа

Дата: 28.11.2021

Номер свидетельства: 592825

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "М??алім мен о?ушылар арасында?ы ?арым-?атынас психологиясы "
    ["seo_title"] => string(69) "mu-g-alim-mien-ok-ushylar-arasyndag-y-k-arym-k-atynas-psikhologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "170326"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1423544993"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(98) "Мероприятия: "Қиын балалар және олардың психологиясы""
    ["seo_title"] => string(59) "mieropriiatiia_k_iyn_balalar_zh_nie_olardyn_psikhologhiiasy"
    ["file_id"] => string(6) "392611"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1487261063"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(121) "М??алім мен о?ушылар арасында?ы жа?ымды ?арым-?атынас орнату жолдары"
    ["seo_title"] => string(64) "mugalimmienokushylararasyndagyzhagymdykarymkatynasornatuzholdary"
    ["file_id"] => string(6) "304266"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457693241"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев "
    ["seo_title"] => string(35) "ak-iyk-ak-yn-mu-k-ag-ali-mak-ataiev"
    ["file_id"] => string(6) "171638"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1423686798"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(127) "Мектеп психологиясы п?нінен ашы? саба? "психологты? ?стаздармен ж?мысы""
    ["seo_title"] => string(72) "miektieppsikhologhiiasypninienashyksabakpsikhologhtynustazdarmienzhumysy"
    ["file_id"] => string(6) "278003"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1453029547"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства