kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мероприятия: "Қиын балалар және олардың психологиясы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

            Қиын балалар және олардың психологиясы

Қазіргі кезде қиын балаларды тәрбиелеу басты проблемаға айналып отыр. Қиын балалар – бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі – үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналарының жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті тұғызады. «Қиын» аталатын балалар – педагогткалық назардан тыс қалған балалар.

«Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны,

Бесіктің қалай тербелетініне байланысты» ( Станислав Ежи Лец)

«Таяқтау оңай, тарбиелеу қиын» (Халық мақалы) сияқты нақыл сөздер бар.

Тәрбиенің ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс екендігінің дәлелі.

 Бала тәрбиесі салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқа одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

 Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек:

  • біріншіден, бұған қоғамдық орта мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.

  • екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе қалыпты нормадан ауытқуы.

Бұзақылыққа бейім тұратын жас өспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әр түрлі екені белгілі. Олар:

  1. Әлеуметтік жағдай

  2. < >

    назардан тыс қалуы;

  3. бос уақытының болмауы;

  4. отбасының толық болмауы;

  5. Психологиялық жағдай:

  6. балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;

  7. оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;

  8. балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау;

  9. балаға жасынан толық еркіндік беру;

Тәрбие – кең мағынасында қандай да болсын бір жан деген сөз. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған бала емес екендігін ескеру керек. Сондықтан «қиын» бала тәрбиесінде мына жайыттарды ерекше ескерген жөн.

  1. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу

  2. Баланың ішкідүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.

  3. Мейіріммен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.

  4. Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділк керек.

  5. Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқын қанды, ұстамды болу қажет.

  6. Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.

  7. Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.

  8. Орынсыз жазаламау керек

  9. Жан жылуын зәруліктен құтқару.

10.Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.

Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың  әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерттеп, өзіне лайықты шара қолданып тәрбие жұмысын жүргізу керек.

 Осы мәселе мен жұмыс жасай отырып, мынадай мақсат көздедік:

«Қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім берумен жоғары әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу керек. Ол үшін : Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн. «Қиын бала», «тәрбиесі қиын бала», «педагогикалық назардан тыс қалған бала», «әлеуметтік назардан тыс қалған бала», «адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала».

«Қиын бала» - оқуға енжер, тәртібі нашар, отбасы тәрбиесіне көнбейтін, жағымсыз істермен айналысатын баланы айтамыз.

«Тәрбиесі қиын бала» - тәртібі нашар, бұзақылыққа бейім, жағымсыз істерге құмарбаланы айтамыз.

«Педагогикалық назардан тыс қалған бала» - ата-ана мен мұғалімнің бақылаусыздығынан, отбасының толық болмауынан және сабақ үлгерімінің нашар болуынан немесе қызықпауынан туындайды.

«Әлеуметтік назардан тыс қалған бала» - қоршаған ортадан, яғни сыныптастарының, құрбы-құрдастарынан артта қалған және назардан тыс қалған баланы айтамыз.

  Оны жүзеге асыру үшін, біріншіден: «Халық айтса, қалып айтпайды »  дегендей, «қиын» балалармен жұмыста топ жетекшілерінің күнделікті қағидасына айналған мақалдар бар.

  1. «Баланы жастан» немесе, «Баланы бесігінен түзе» бала бақша тәрбиешілеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбиежұмысын жүргізу қиынға соғады. Сондықтан бала бақшаға дейінгібаланың отбасындағы мінез - құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтері болған жөн.

  2. «Өнер үйренсең қор болмайсың»,оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс-шаралармен толтыру керек. Бірақ ол оқушының қызығушылығын түғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса, өйткені бала үйірмеге ешкімнің зорлығынсыз өз еркіменкеледі, ал қиын балалар көбінесе сенім тұғызатын әңгімеге мұқтаж, жеке назардың, қамқорлықтың мейірімділіктің жеткіліксіздігінің ересек қылмыскерлер пайдаланып «қиын» балаларды өз тобына қосып алады.

  3. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» демекші, баланың көңілін таба білу оның сенімін тұғызады. Жас ерекшелігін ескере отырып жеткіншектер мен жас өспірім балалармен өз тілінде сөйлесу керек. Өйткені қиын балалардың сен «қиынсың» деген сайын олар да көкірек кере түседі немесе өздері жайлы төмен баға беріп, мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді. Осыдан барып еш нәрсеге құлқы жоқ немқұрайлы болады.

Екіншіден, «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дегендей тәрбие отбасына байланысты екендігіне айрықша назар аудару қыжет және «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп қазақ халқымыз айтқандай, балаларымызды «қиын» деген сөзге жеткіздірмей тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан құрметті ата-аналар балаларыңызға үлкен жауапкершілік пен қарауларыңызды және де балаңыздың бойынан жағымсыз бір нәрсе байқасаңыз, психолог маманынан кеңес алуыңызды сұранамын.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мероприятия: "Қиын балалар және олардың психологиясы"»

Қиын балалар және олардың психологиясы

Қазіргі кезде қиын балаларды тәрбиелеу басты проблемаға айналып отыр. Қиын балалар – бұлар оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жағымсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді. Мұндай тәрбиесі қиын балаларды тудыратын себептердің бірі – үйелмен тәрбиесіндегі кемшілік, яғни балаларын оқытуда, тәрбиелеуде ата-аналарының жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, яғни қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілдікті тұғызады. «Қиын» аталатын балалар – педагогткалық назардан тыс қалған балалар.

«Тағдыр таразысының қайда қарап ауатыны,

Бесіктің қалай тербелетініне байланысты» ( Станислав Ежи Лец)

«Таяқтау оңай, тарбиелеу қиын» (Халық мақалы) сияқты нақыл сөздер бар.

Тәрбиенің ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс екендігінің дәлелі.

Бала тәрбиесі салғырттыққа, себеп-сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқа одақ, нәтижелі жұмыс қажет.

Тәртібі нашар балалардың шығу себебіне үңілсек:

  • біріншіден, бұған қоғамдық орта мен өмірдегі тұрмыс жағдайы себепші болады.

  • екіншіден, балалардың мінез-құлқындағы жағымсыз ерекшеліктері мен психикасының өзгеше қалыптасуынан, немесе қалыпты нормадан ауытқуы.

Бұзақылыққа бейім тұратын жас өспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың жіберетін қателіктерінің әр түрлі екені белгілі. Олар:

  1. Әлеуметтік жағдай

  • бақылаусыздық;

  • назардан тыс қалуы;

  • бос уақытының болмауы;

  • отбасының толық болмауы;

  1. Психологиялық жағдай:

  • балалардың жас кезінде педагогикалық тәрбиемен жете қамтылмауы;

  • оларды қайта тәрбиелеудегі асығыстық;

  • балаға балдырған кезінде қатал болып, ал жеткіншек кезінде айтқанын орындата алмау;

  • балаға жасынан толық еркіндік беру;

Тәрбие – кең мағынасында қандай да болсын бір жан деген сөз. «Қиын» деген оқушының өзі бұзылған бала емес екендігін ескеру керек. Сондықтан «қиын» бала тәрбиесінде мына жайыттарды ерекше ескерген жөн.

  1. Баланың жас ерекшелігін ескере отырып, рухани дүниесін терең зерттеп білу, жүрегіңізбен сезініп, оған қайырымды болу

  2. Баланың ішкі дүниесі мен қылықтарын, іс-әрекеттерін білу керек, мінезін түсіну үшін оның дамуына қажетті не екенін білу керек.

  3. Мейіріммен сүйіспеншілік екі жақты да адамдық сипатқа жеткізетінін ұғыну керек.

  4. Психологиялық түзету кезеңінде тек қана төзімділк керек.

  5. Тәрбиелік іс-әрекет кезінде сабырлы, ілтипатты, салқын қанды, ұстамды болу қажет.

  6. Баланың саналы түсінгендігіне сенім көрсетіп, әділетті болу керек.

  7. Құр уағыз айтып, мезі етіп, жанын жараламай, қателігін үнемі бетіне баспау керек.

  8. Орынсыз жазаламау керек

  9. Жан жылуын зәруліктен құтқару.

10.Жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету жағын ескеру қажет.

Осы жағдайлардың бәрін ескере отырып, тәрбиеленуі қиындардың әрқайсысына әр түрлі қатынас жасап, оларды жеке-жеке бақылап, зерттеп, өзіне лайықты шара қолданып тәрбие жұмысын жүргізу керек.

Осы мәселе мен жұмыс жасай отырып, мынадай мақсат көздедік:

«Қиын» балалармен жұмыс жүргізу жолдарын жетілдіре отырып, оқушыларға құқықтық білім берумен жоғары әлеуметтік құқықтың мәдениетін қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін табу керек. Ол үшін : Әуелі мына терминдерді ажырата білгеніміз жөн. «Қиын бала», «тәрбиесі қиын бала», «педагогикалық назардан тыс қалған бала», «әлеуметтік назардан тыс қалған бала», «адамгершілік дамуында ауытқушылық бар бала».

«Қиын бала» - оқуға енжер, тәртібі нашар, отбасы тәрбиесіне көнбейтін, жағымсыз істермен айналысатын баланы айтамыз.

«Тәрбиесі қиын бала» - тәртібі нашар, бұзақылыққа бейім, жағымсыз істерге құмарбаланы айтамыз.

«Педагогикалық назардан тыс қалған бала» - ата-ана мен мұғалімнің бақылаусыздығынан, отбасының толық болмауынан және сабақ үлгерімінің нашар болуынан немесе қызықпауынан туындайды.

«Әлеуметтік назардан тыс қалған бала» - қоршаған ортадан, яғни сыныптастарының, құрбы-құрдастарынан артта қалған және назардан тыс қалған баланы айтамыз.

Оны жүзеге асыру үшін, біріншіден: «Халық айтса, қалып айтпайды » дегендей, «қиын» балалармен жұмыста топ жетекшілерінің күнделікті қағидасына айналған мақалдар бар.

  1. «Баланы жастан» немесе, «Баланы бесігінен түзе» бала бақша тәрбиешілеріне бірінші күннен бастап баламен мақсатты түрде жеке тәрбие жұмысын жүргізу қиынға соғады. Сондықтан бала бақшаға дейінгі баланың отбасындағы мінез - құлқы жайлы, кейбір жеке ерекшеліктері жайлы мәліметтері болған жөн.

  2. «Өнер үйренсең қор болмайсың»,оқушының бос уақытын әр түрлі көпшілік іс-шаралармен толтыру керек. Бірақ ол оқушының қызығушылығын түғызған көңілінен шығатын іс-шаралар болса, өйткені бала үйірмеге ешкімнің зорлығынсыз өз еркімен келеді, ал қиын балалар көбінесе сенім тұғызатын әңгімеге мұқтаж, жеке назардың, қамқорлықтың мейірімділіктің жеткіліксіздігінің ересек қылмыскерлер пайдаланып «қиын» балаларды өз тобына қосып алады.

  3. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады» демекші, баланың көңілін таба білу оның сенімін тұғызады. Жас ерекшелігін ескере отырып жеткіншектер мен жас өспірім балалармен өз тілінде сөйлесу керек. Өйткені қиын балалардың сен «қиынсың» деген сайын олар да көкірек кере түседі немесе өздері жайлы төмен баға беріп, мені ешқашан мақтамайды деп еті үйреніп кетеді. Осыдан барып еш нәрсеге құлқы жоқ немқұрайлы болады.

Екіншіден, «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дегендей тәрбие отбасына байланысты екендігіне айрықша назар аудару қыжет және «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп қазақ халқымыз айтқандай, балаларымызды «қиын» деген сөзге жеткіздірмей тәрбиелеуіміз қажет. Сондықтан құрметті ата-аналар балаларыңызға үлкен жауапкершілік пен қарауларыңызды және де балаңыздың бойынан жағымсыз бір нәрсе байқасаңыз, психолог маманынан кеңес алуыңызды сұранамын.

















Ештаева Мухлиса Мирзакарим қызы

Ж.Ш.С «Маърифат ана» бала бақшасы

педагог-психолог


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Мероприятия: "Қиын балалар және олардың психологиясы"

Автор: Ештаева Мухлиса Мирзакаримовна

Дата: 16.02.2017

Номер свидетельства: 392611


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства