kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

М??а?али Ма?атаев – ?асыр а?ыны Ма?атаев ?лемі – Планета, Жер, Адам болмысы, Тынышты?, Сенім ахла?ы. Алашты? а?иы? а?ыныны? екінші болмысыны? ?лемді шарлап ж?ргеніне де 35 жыл толыпты. И?, ?аза?ты? ма?дайына біткен біртуар а?ыны М??а?али Ма?атаев – биыл 80 жаста. ?ара ?ле?ні? ?арагері Ма?атаев Ке?естік кезе? боданды?ында?ы Ке?істік пен Уа?ытта ?ара??рым ?алы? о?ырман тарапынан жалпыхалы?ты? ?олдау тауып, оны? е?бектері еліміз Т?уелсіздігімен ?ауышып, поэзия Ке?істігінде ?мір с?руге м?дделі жандарды? ?арасын молайтумен келеді. Тату-т?тті бармысы?дар, армысы?дар, бауырлар, ?лем-дархан, саяла?дар, б?рі?е де орын бар, ?ор?ан емес салтанатты, с?нді сарай со?ы?дар, Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болы?дар! Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылды?, туысты?, Алайда біз ?ан да т?ктік, ?алжырады?, ?рысты?… Армысы? сен, арамызда жал?ыз перзент – Тынышты?! Жаны – жайса?, ж?регі – ж?мыр, ??ша?ы – ке? а?ынны? тынышты?ты а?са?ан жалынды ?ні ??ла?ы?нан кетпейді. «Мені адамны? ?зі, сырт?ы с?лдері емес, мінез ??л?ы, ?атынасы, ойы мен психологиясы ?ызы?тырады. Оларды т?сінуге тырысамын. Адамдарды т?сіне отырып, оларды? да мені т?сінгенін ?алаймын. Мені? б?кіл поэзиямны? м?ні, міне, осы. Поэзия – мен ?шін жанымны? шырылы». Деп а?иы? а?ын тегін айтпаса керек-ті. «Тіл дегеніміз – адамзат м?дениетіні? ?уаты, энергиясы» деген аты ?лемге м?ш??р ?алым Вернадскиді? пікірі к?ркем с?зде кесте тіккен а?ын М??а?али Ма?атаев шы?армашылы?ына т?н десек, ?ателеспеспіз. Иа, оны? тілі шынында да бай, ш?райлы… А?иы? а?ынны? эпикалы? туындыларыны? алапат ?уаты – оны? Т?л?а ретіндегі болмысын биіктете, аспандата т?седі. Ма?атаевты? ?аламынан саулап, а? пара? бетін шиырла?ан дастандары: «Ару Ана», «М?збала?», «?мірдастан», «Райымбек! Райымбек!», «А??улар ?йы?та?анда», «?ырандар, ?ош болы?дар», «Жер ?стінен репортаж», «?аш?ын», «Чили – шуа?ым мені?», «Шекарада», «Моцарт «Жаназасы», (реквием), «Боз орамал» (баллада), «Жыл ?келген жыр» (Новелла)… Б?л д?ниелерді? барлы?ы болмысы шынайы лирикамен т?мшалан?ан жанны? поэзиясында?ы ой мен сезім бірлігі, оларды? ара-?атынасы логикалы? ж?йені са?тауымен де ??ндылы?ын арттырып, сюжетті лирикалы? д?ниелерді? с?лбасын ??райды. Жа?а ?зірде аты атал?ан шы?армаларыны? ?атарына «Аппассионата» атты к?лемді поэмасын ?осса?, а?ын поэтикасы н?рлана т?сері даусыз. Ма?атаев ?зі айтпа?шы «лирика мен эпиканы егіз теліген, екеуін де Пегас?а жап?ан ер-то?ымны? табан тірер екі ?зе?гісі еткен» деуінен а?ын шы?армаларыны? ?лемі мен айтар ойы – адам та?дыры, адамны? тірлігі, мінез-??л?ы, сезімі мен т?йсігін тани т?семіз. А?иы? а?ынны? ?зі айт?андай, оны? лирикалы? «мені» жалпы халы?, ?ауым, заман, ?о?ам. Ма?атаев ?ай та?ырып?а барса да, не туралы жазса да, шы?армаларыны? астарына адамны? ??мыры, та?дыры, д?уірді? ы?пал-?серін шебер то?ыстырады, ?июластырады. Тіпті, алма-кезек ауыс?ан таби?ат ??былыстарыны? ?аны? бояуын тауып, ?айыр?анда да ж?гінер т??ірі – Адам, «Адам о?итын жыр?а адамды ?атыстырмау – ессіздік» деуі – оны? азаматты? кредосы. Келдім ?мір, ?ойыны?ды аш, енейін, Ашты-т?тті тама?ы?нан ?бейін. Тартылма?ан талабымды ?уат ?ып, Со?па?ы?мен мен де алысып к?рейін. Жас жанымды бере алмаспын бекерге, Арпалысып, азабы?ды алармын. Жер бетінде жа?сы тіршілік етерге, ?зіме лайы? ба?ытымды табармын. Ба?ыт іздеп, со??ы с?улем с?нгенше, Азабы?мен аянбай-а? алысам, Сені? т?рткі к?ндері?е к?нгенше, М??гі дым?ыл т?сегіммен табысам!.. М??а?али Ма?атаев ?з с?зінде: «Мені? ?ымбатты достарым! Егер сендер шынымен мені? ?мірбаянымды, шы?армаларымды зерттемек болса?дар, онда мен не жазсам, соны? б?рін т?гел о?ып шы?уды ?мытпа?айсыздар. Мені ?з ?ле?дерімнен б?ліп ?арамаулары?ызды ?тінемін. Естері?де болсын, мені? жеке ?ле?ім ?зінше еште?е ??рамайды. Ол поэма іспетті бірт?тас». А?ынан жарыл?ан шынайы а?ынны? «Б?кіл мені? жаз?аным бір ?ана поэма» деуі – шын м?ніндегі парасат иесі, ?мірге ойлы к?збен ?арайтын жанны? жан тебіренісі, ?леуметтік орта?а айтар к?з?арасы бар а?ынны? ширы??ан ?ні. Адамны? психикалы? ш???ымаларын тере? білетін а?ынны? жыр кестелерінен та?ылымы мол жайттар к?птеп кездеседі. Осыдан барып, оны? жыр дестелерінен лингвистикалы?, психологиялы? ?рі дидактикалы? мотивтерді? танымды? ?абылдауымызды т?рлендіре т?сетін ?асиетіне т?нті боламыз. М?ны оны? жыр жолдарын жан-жа?ты талда?анда тану?а болады. З?редей ?ылы?ы? жо? мен сенбеген, Жасудамын, жаныммен к?рсем деп ем. Жасымнан жаманды?ты же?сем деп ем, Жасырмай б?рін айтып берсем деп ем. Жаманды? к?ре алмайсы? сенсе? менен, ?зі?ні? ?алыбы?мен ?лшенген ем, Аманат бір ?зі?е, ?лсем денем, …самал сырын жеткізіп, б?ла? с?зін, Болсам деп ем ?зі?ні? ??ла?-к?зі?. Бастап кетті бас?а?а шуа? сезім, Шуа? сезім – секірген ла? кезім. Менде ?зі?дей болмады т?ра? т?зім. Неге б?лай? …Білесі? біра? та ?зі?, Несін білдім ?мірді?, несін к?рдім? К?з жазып ?алмайын деп к?ші?е ердім. Ту?ан ел, к?з жасы ?шін кешір мені, Кешегі жетімдер мен жесірлерді?! Ортасында ?шу мен ?сулерді? Тая?ын тарттым талай кесірлерді?, Ту?ан ел, сол ?шін де кешір мені! И?, «Халы??а хат» а?ын жырыны? лейтмотиві іспеттес, хал?ыны? алдында есеп беруі. Б?л – Ма?атаевты? психикалы? ?рдістері мен айры?ша ?асиеттері ме дерсі?! ?з-?зіне сын к?збен ?арау дегенні? ?лгісі де осы болар! М?ндай ?адам?а барып, м?ндай ?ле?ді жазу – с?з жо? ?лы а?ындарды? ?ана ?олынан келеді. …«К?п кешікпей к?ктем де келер енді…» Осы бір ?арапайым тарма?тан адамны?, келешекке, ба?дарлы болаша??а бет т?зеген, ал?ы ?мірге асы??ан жанны? са?ыныш-шері, ?здіктірген ?міт, та?атсыз ж?ректі? л?пілін тас?ынды жыр?а айналдырып, к?дуілгі ?арапайым с?здермен-а?, ?діптелген ?арапайым жолдан на?ыз а?ын?а т?н алапат к?ш сезіледі. Таби?ат лирикасын суреттеу м?нерінен эстетикалы? тал?амны? исі а??иды. «Бізді? к?ктем», «К?ктем де келер», «К?ктем», «Осы бір к?ктемді» ж?не та?ы да ?зге ?ле?дері айтарыны? серкесі, жазарыны? к?кесі де, к?ктем т?жырымы ар?ылы талдау мен жина?талуы да бірге ?тіп жатады. Жан?а жайма шуа? б?л кез – жыл мезгіліні? бірі ретінде ?ана емес, а?ынды? к?з?арасты? ой?а ?уат берер к?ші де. К?ктем де келер, От ойнар ?лі аспанда. К?герер ?лі: К?рі емен, ?айы?, жас тал да. Д?лейді? шо?ы т?спесе екен деп тіле, Аспанда апат зарядтар жа?алас?анда! К?кірек к?кжиегі кіршіксіз таза, ойы т?ны?, сезімі та??ы шы?тай м?лдір а?ынды бірауы? к?м?н-к?дік билеп кететін т?стар да баршылы?: Саз?а та?ы оралды сары ала ?аз, Сарша тамыз, та?ы да бола ма жаз!.. Сал?ын жайлау, самал жел, саумал б?ла? Жатар ма екен к?піршіп, таудан ??лап?! Биыл жазда та?ы да к?гере ме, Былтыр к?зде ?уарып ?ал?ан ??ра??! «К?гереді б?рі де к?гереді» — б?л а?ынны? ж?рдек сезімі мен сенім отыны? т?тан?ан т?сы. К?ктем жай ?ана жайма шуа? кезе? емес, ол – а?ын жанын жадыратар таусылмайтын ?уаныш: «К?ктем келді. ?мірді? келешегі – К?кпен бірге д?ркіреп т?л ?седі. Са?ым ?ызды? ап ?ашып орамалын, асыр сап тентек жігіт – жел еседі. К?ктем келіп ауыл?а ?ыз к?рікті, та? тамаша д?ние ж?зге еніпті. Ас?ар ала таулардан асып ?рі, Аяз ата? барады м?з б?рікті». А?ын келешекке сенеді. Ол ?міт-к?ктемімен сары уайым?а салын?ысы келмейді. Ол жасыл желекке оран?ан к?ктемнен жа?ымды хабар к?теді. Жа?сылы?ты? лебін сезінгісі келеді… О?ан т?мендегі шума? д?лел бола алады: К?п кешікпей к?ктем де келіп ?алар, Есінетіп, есіртіп, ерікті алар. Азан-?азан аспанны? ?о?ырауы Жа?сылы?тан т?рса игі беріп хабар… Ма?атаевты? к?ктем-жыры жасты?-жалын а?сат?ан, жер атаулы планетаны жа??ырт?ан ша?ты ?ызы?тап, тамсану, шал?ып-шары?тау емес, арман а?сатар, ?міт арта т?рып, к?дік ойлатар айры?ша ?сем д?ние. Бір мезгіл ойланып та ?аласы?: к?ктем де келер, мына д?ние к?геріп, д?ркірей т?леп, т?рленер дей т?ра, а?ын жанын жегідей жеген бір бейм?лім м?? неге ?апталдаса береді дейсі?. Ш??ылалы ?мітпен ?атар таусылмас м??ны? сар?ынша?ы к?ктемдей бол?ан к??ілді? к?кжиегін неге торлай береді деп ой?а шомасы?. С?йтесі? де мына д?ниені? ?зі екі жа?ты таразы басыны? те?дігінен т?ратынын мойындап, а?ын жырыны? алдында д?рменсіздік танытасы?. Бас ш?л?исы?, иланасы?. ?сілінде, бір меридианны? бойын бойлап кетпей, екі жа?ты паралельді ?атар алып отыр?ан алып ж?ректі? д?рсіліне т?нті боласы?, ?ызы?асы?. Бейм?лім ток бойы?ды, ойы?ды д?р сілкіндіргендей болады… Алып а?ынны? т?л?алы? ?ні, оны? адамгершілігі мен азаматты?ында ай?ын к?рініс табады да, ?леуметтік орта, адамдар та?дырын суреттеуде ?айшылы?тар сырына ой жібереді, адам атаулы?а тек жа?сылы? тілейді: «?алса екен н?рім ауамда, т?спесе екен к?ле?кем тірі адам?а», «Бас?аны? жан сырын ??у ?шін, ?зімді зерттегенді ж?н к?ремін», «К?йінішін хал?ымны?, с?йінішін, ?з ?німмен жырласам деген едім», «С?би хал?ым сарыла сыр а?тарам, жал?ан ой, жасырын к?й жыра? ма?ан, сені? ?ні? мендегі, сені? шыны?, сені? ойы? санамда т?ра?та?ан». М?ны? б?рі ту?ан елге деген орасан махаббаттан туында?ан тарма?тар. А?ын поэзиясы – т?н?ан лирика. Ма?атаев ?ле?деріні? ?ай-?айсысын о?ыса?ыз да ой мен сезімі ?атар келген дауылды а?ынды тани т?сесіз. ?адетте, поэзия ха?ында тіл безегенде азаматты? ?уен, таби?ат жырлары, махаббат ?азалдары, сол сия?ты, ??был?ан ауа, т?рілген т?н, м?нда?ы ?ыбырла?ан тіршілік, ??жына?ан ?мір, ж?рек шымырлатар тылсым сезім, оймен ?діптелген ж?мба? сыр, азаматты? ?уен тудырар, туындатар болмысты? ?зі емес пе? Д?л осы т?жырым биігінен зер салса?, Ма?атаевты? ж?регін жарып шы??ан отты жыр азаматты? ас?а? сезімні? символы іспеттес. А?ынны? ?ле? айшы?тары к?біне-к?п т?рт тарма?ты, он бір буынды ?ара ?ле? ?й?асыны? сан алуан ?лгілері болып ?ріліп отырады. Екі, ?ш, бес тарма?ты ?ле? айшы?тары да кездесіп ?алады. Т?жырымды т?рде с?йлей білетін а?ын к?терер ж?к тым ауыр, ал М??а?али Ма?атаев ке?ес болмысыны? шынайы келбетін халы?ты? демократия?а ?мтылу сезімінде ?з ойын б?кпесіз айтудан тайынба?ан. Шы?ыраудан шы?а алмай шыдам кетіп, Та?дырыма шынымен бас ?рам ба?! ?ор?ып т?рам орнымнан, ?ор?ып жатып, Б?рі келіп то?ысып, Ж?регіміні? Жа?алауын тебеді сол?ылдатып. Шы?ыраудан шы?а алмай, шыдам кетіп, та?дырыма шынымен бас ?рам ба, деген тарма?та ?лкен ой жат?ан секілді. Бір ?ара?анда б?л ?зіні? ішкі ?лемі, ал екінші к?збен ?араса?, ?аза?ты? боданды? ??рсауында?ы та?дырына ала?даушылы? білдірген ?рі н?зік, ?рі алып ж?ректі? д?рсілі. Батар, кетер, келмеске к?нім мені?, ?алар біра? киелі тілім мені?. ?асіретті ша?тардан т??ілгенде, ?асиетті тілімнен т??ілмедім. Б?л – ?лтты? тіліне бас иген а?ынны? а?ты? т?жырымы. «Тілді? міндеті – а?ылды? а?дауын а?да?анынша, ?иялды? ме?зеуін ме?зегенінше, к??ілді? т?юін т?йгенінше айту?а жарау. М?ны? б?ріне ж?мсай білетін адамы табылса, тіл де шама-шар?ынша жарайды. Біра? тілді ж?мсай білетін адам табылуы ?иын. Ойын ойла?ан ?алпында, ?иялын ме?зеген т?рінде, к??ілді? т?йгенін т?йген т?рінде тілмен айтып, бас?алар?а айтпай білдіруге к?п шеберлік керек» деген Ахмет Байт?рсыновты? цитатасында?ы айтпай жеткізу дегеніміз М??а?а арнал?андай ол айтпай, жазып, ?ле? ?алыбында ?демі жеткізеді. Сосын б?л жерде «Айтыл?ан лебіз ашы? ма?ыналы, т?сінуге же?іл, к??ілді к?діктендірмейтін болса, тіл аны?тылы?ы сол болады» деген Байт?рсыновты? аталы с?зін Ма?атаев ?аз-?алпында орында?ан ба дерсі?! Ж?регі жыр те?із а?ын М??а?али Ма?атаев Дала, Тау т?жырымдарымен ?зіні? д?ниетанымды? к?з?арасын барынша ай?ын, барынша шынайы т?рде жеткізуге ??штар. Со?ан ?мтылады. Солай етеді де. Таулар — мені? таусылмайтын ба?ытым, Ал ырысым, ?лан-?айыр ке? далам. Осы ?ос т?жырымды ?атар алып отырып ол: Дала, дала, Сол дала селеулеген, Жырмен ?йы?тап, Оян?ан ?ле?менен. Дала деген – к?й санды? б?л ?аза??а, Абай десе, ??ла?ы еле?деген. Дала тол?ан к?л-к?сір жыр, Дала – ?обыз т?тпайды Пернесін кір. Тірі Абайды ?лдиле, дархан далам, ?ле? селі ??ірі?ді тербесін бір. …Ы?ысы?дар, Ей, таулар, Ы?ысы?дар! Орын сайла орта?нан, ж?мысым бар. Ата болып, не ма?ан ?рысы?дар, Адам болып немесе ??ысы?дар, Ы?ысы?дар, ей, таулар, ы?ысы?дар! А?ын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз с?йеді, сол ар?ылы олар?а жан бітіріп, к?ркем тіл ар?ылы ?лем картинасыны? бейнесін ?ле?мен ?реді. Халы? даналы?ы келбетін с?збен суреттеуде М??а?али а?ынды?ы Т?л?а ретінде биіктен биікке к?теріліп, ?з ?ні, ?з к?з?арасымен де о?ырманды тербетті. «Мен таулы?пын! Таудан мен жаратыл?ам, Тау деген ана ту?ан дара т?л?ам… Тау?а барып, к?кке ?шып кетсем бе екен, ?стап алып, ?ыранны? ?анатынан» деп а?иы? а?ын ?зін м?лде жа?а ?ырынан танытты. ?зін ?ояр?а жер таппай, ?скен ортадан ?иян?а ?алы?тап кетуге ?мтылуы – оны? боданды? ?мірге ?арсылы?ы. Расында боданды? ??мыр синдромы ?лі де ?ал?ан жо?. Ол а?ын ретінде ода?ты? ??мыр тірлігіне жаса?ан ?арсылы?ын ж?зеге асыру?а о?тайлы ?діс таба алмады, ?иналды, тебіренді, шамыр?анды, ?ателіктерге де ?рынды… оны? жырында?ы астарлау мен алмастырулар, кейіптеулер айтар ойыны? п?рменділігіне ед?уір септігін тигізіп отырды. «?дебиет шынды?ты шындап шегелейді» деген Твардовскийді? т?жырымы М??а?али Ма?атаев?а ?аратылып айтыл?ан ба деп те ойлайсы? кейде… ?йгілі академик Зейнолла ?абдолов «С?з ?нері» атты монографиялы? ?ылыми о?улы?ында М??а?алидан мысал келтіре отырып. Мамасы, босат, еркімен ?ссін тал-шыбы?! Ауа мен к?нге, ай менен н?р?а малшынып. Б?л?ынып жатыр, ?мтылып жатыр, ?арашы, Кішкентай ж?рек к?рсетіп жатыр ?арсылы?! А?ынны? тал шыбы?ы да, кішкентай ж?регі де – ?зіні? с?би б?бегі, ??ым метонимия т?сілімен шартты т?рде алмастырыл?ан, ?згертілген. Кішкентай ж?рек бір жа?ынан мегзеу, яки синекдоха т?сілімен жымдас?ан. Шынында М??а?али Ма?атаевты? лирикалы? поэзиясы – заманымызды? кешегі де, б?гінгі де талаптарымен ?ндесе, к?бірлесе, ымдаса, жымдаса ал?ан ?ршіл де дауылды жыр ?лгісі. ?зі б? д?ниеден 45 жасында ?айт?анымен, екінші ??мырын ?оса есептегенде биыл сексенні? се?гіріне шы?ып отыр?ан алып а?ын шын м?ніндегі ?аза? поэзиясыны? ??былысы. Оны? сырлы да м??лы, н?рлы, ?ршіл жырларынан ?уат алып, сусындама?ан ?аза? баласы кемде-кем. И?, а?иы? а?ынны? сексен жылды?ын ж?рт болып жо?ары де?гейді тойлау – б?кіл ?аза?ты? азаматты?ына сын! Т?манбай Молда?алиев, ?аза?станны? Халы? жазушысы: «М??а?али Ма?атаев – адамдар арасында?ы, ?мірдегі, таби?атта?ы жарасты? пен келісімні? жаршысы. Оны? ?ле?дері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын ?уаныштан ту?ан». «?зге емес, ?зі айтады, ?з жайында»: «Ей, безілдектер, Сендер емессі?дер ма?ан ба?а беретін! На?ыз ба?алаушылар ?лі алда. Жылдар ?теді, жа?а ?рпа?тар келеді, бізді? ?р?айсымызды ?з орнымыз?а солар ?ояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен ?зім жайында мынаны айтам: мен жиырма бірінші ?асыр ?рпа?тарыны? ??рдасымын. Б?лкім, одан ?рідегі ?рпа?тарды? туысымын да…»
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев »

Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны

Мақатаев әлемі – Планета, Жер, Адам болмысы, Тыныштық, Сенім ахлағы. Алаштың ақиық ақынының екінші болмысының әлемді шарлап жүргеніне де 35 жыл толыпты. Иә, қазақтың маңдайына біткен біртуар ақыны Мұқағали Мақатаев – биыл 80 жаста. Қара өлеңнің қарагері Мақатаев Кеңестік кезең бодандығындағы Кеңістік пен Уақытта қарақұрым қалың оқырман тарапынан жалпыхалықтық қолдау тауып, оның еңбектері еліміз Тәуелсіздігімен қауышып, поэзия Кеңістігінде өмір сүруге мүдделі жандардың қарасын молайтумен келеді.


Тату-тәтті бармысыңдар, армысыңдар, бауырлар,

Әлем-дархан, саялаңдар, бәріңе де орын бар,

Қорған емес салтанатты, сәнді сарай соғыңдар,

Ей, адамдар, сендер тату, сендер тату болыңдар!

Анамыз – Жер, сол Анадан жаратылдық, туыстық,

Алайда біз қан да төктік, қалжырадық, ұрыстық…

Армысың сен, арамызда жалғыз перзент –

Тыныштық!

Жаны – жайсаң, жүрегі – жұмыр, құшағы – кең ақынның тыныштықты аңсаған жалынды үні құлағыңнан кетпейді. «Мені адамның өзі, сыртқы сүлдері емес, мінез құлқы, қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. Адамдарды түсіне отырып, олардың да мені түсінгенін қалаймын. Менің бүкіл поэзиямның мәні, міне, осы. Поэзия – мен үшін жанымның шырылы». Деп ақиық ақын тегін айтпаса керек-ті. «Тіл дегеніміз – адамзат мәдениетінің қуаты, энергиясы» деген аты әлемге мәшһүр ғалым Вернадскидің пікірі көркем сөзде кесте тіккен ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына тән десек, қателеспеспіз. Иа, оның тілі шынында да бай, шұрайлы…


Ақиық ақынның эпикалық туындыларының алапат қуаты – оның Тұлға ретіндегі болмысын биіктете, аспандата түседі. Мақатаевтың қаламынан саулап, ақ парақ бетін шиырлаған дастандары: «Ару Ана», «Мұзбалақ», «Өмірдастан», «Райымбек! Райымбек!», «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандар, қош болыңдар», «Жер үстінен репортаж», «Қашқын», «Чили – шуағым менің», «Шекарада», «Моцарт «Жаназасы», (реквием), «Боз орамал» (баллада), «Жыл әкелген жыр» (Новелла)… Бұл дүниелердің барлығы болмысы шынайы лирикамен тұмшаланған жанның поэзиясындағы ой мен сезім бірлігі, олардың ара-қатынасы логикалық жүйені сақтауымен де құндылығын арттырып, сюжетті лирикалық дүниелердің сұлбасын құрайды. Жаңа әзірде аты аталған шығармаларының қатарына «Аппассионата» атты көлемді поэмасын қоссақ, ақын поэтикасы нұрлана түсері даусыз. Мақатаев өзі айтпақшы «лирика мен эпиканы егіз теліген, екеуін де Пегасқа жапқан ер-тоқымның табан тірер екі үзеңгісі еткен» деуінен ақын шығармаларының әлемі мен айтар ойы – адам тағдыры, адамның тірлігі, мінез-құлқы, сезімі мен түйсігін тани түсеміз. Ақиық ақынның өзі айтқандай, оның лирикалық «мені» жалпы халық, қауым, заман, қоғам. Мақатаев қай тақырыпқа барса да, не туралы жазса да, шығармаларының астарына адамның ғұмыры, тағдыры, дәуірдің ықпал-әсерін шебер тоғыстырады, қиюластырады. Тіпті, алма-кезек ауысқан табиғат құбылыстарының қанық бояуын тауып, қайырғанда да жүгінер тәңірі – Адам, «Адам оқитын жырға адамды қатыстырмау – ессіздік» деуі – оның азаматтық кредосы.


Келдім өмір, қойыныңды аш, енейін,

Ашты-тәтті тамағыңнан өбейін.

Тартылмаған талабымды қуат қып,

Соқпағыңмен мен де алысып көрейін.

Жас жанымды бере алмаспын бекерге,

Арпалысып, азабыңды алармын.

Жер бетінде жақсы тіршілік етерге,

Өзіме лайық бақытымды табармын.

Бақыт іздеп, соңғы сәулем сөнгенше,

Азабыңмен аянбай-ақ алысам,

Сенің түрткі күндеріңе көнгенше,

Мәңгі дымқыл төсегіммен табысам!..

Мұқағали Мақатаев өз сөзінде: «Менің қымбатты достарым! Егер сендер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңде болсын, менің жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. Ол поэма іспетті біртұтас». Ағынан жарылған шынайы ақынның «Бүкіл менің жазғаным бір ғана поэма» деуі – шын мәніндегі парасат иесі, өмірге ойлы көзбен қарайтын жанның жан тебіренісі, әлеуметтік ортаға айтар көзқарасы бар ақынның ширыққан үні.


Адамның психикалық шұңғымаларын терең білетін ақынның жыр кестелерінен тағылымы мол жайттар көптеп кездеседі. Осыдан барып, оның жыр дестелерінен лингвистикалық, психологиялық әрі дидактикалық мотивтердің танымдық қабылдауымызды түрлендіре түсетін қасиетіне тәнті боламыз. Мұны оның жыр жолдарын жан-жақты талдағанда тануға болады.


Зәредей қылығың жоқ мен сенбеген,

Жасудамын, жаныммен көрсем деп ем.

Жасымнан жамандықты жеңсем деп ем,

Жасырмай бәрін айтып берсем деп ем.

Жамандық көре алмайсың сенсең менен,

Өзіңнің қалыбыңмен өлшенген ем,

Аманат бір өзіңе, өлсем денем,

…самал сырын жеткізіп, бұлақ сөзін,

Болсам деп ем өзіңнің құлақ-көзің.

Бастап кетті басқаға шуақ сезім,

Шуақ сезім – секірген лақ кезім.

Менде өзіңдей болмады тұрақ төзім.

Неге бұлай?

…Білесің бірақ та өзің,

Несін білдім өмірдің, несін көрдім?

Көз жазып қалмайын деп көшіңе ердім.

Туған ел, көз жасы үшін кешір мені,

Кешегі жетімдер мен жесірлердің!

Ортасында өшу мен өсулердің

Таяғын тарттым талай кесірлердің,

Туған ел, сол үшін де кешір мені!

Иә, «Халыққа хат» ақын жырының лейтмотиві іспеттес, халқының алдында есеп беруі. Бұл – Мақатаевтың психикалық үрдістері мен айрықша қасиеттері ме дерсің! Өз-өзіне сын көзбен қарау дегеннің үлгісі де осы болар! Мұндай қадамға барып, мұндай өлеңді жазу – сөз жоқ ұлы ақындардың ғана қолынан келеді.


…«Көп кешікпей көктем де келер енді…» Осы бір қарапайым тармақтан адамның, келешекке, бағдарлы болашаққа бет түзеген, алғы өмірге асыққан жанның сағыныш-шері, үздіктірген үміт, тағатсыз жүректің лүпілін тасқынды жырға айналдырып, кәдуілгі қарапайым сөздермен-ақ, әдіптелген қарапайым жолдан нағыз ақынға тән алапат күш сезіледі. Табиғат лирикасын суреттеу мәнерінен эстетикалық талғамның исі аңқиды. «Біздің көктем», «Көктем де келер», «Көктем», «Осы бір көктемді» және тағы да өзге өлеңдері айтарының серкесі, жазарының көкесі де, көктем тұжырымы арқылы талдау мен жинақталуы да бірге өтіп жатады. Жанға жайма шуақ бұл кез – жыл мезгілінің бірі ретінде ғана емес, ақындық көзқарастың ойға қуат берер күші де.


Көктем де келер,

От ойнар әлі аспанда.

Көгерер әлі:

Кәрі емен, қайың, жас тал да.

Дүлейдің шоғы түспесе екен деп тіле,

Аспанда апат зарядтар жағаласқанда!

Көкірек көкжиегі кіршіксіз таза, ойы тұнық, сезімі таңғы шықтай мөлдір ақынды бірауық күмән-күдік билеп кететін тұстар да баршылық:


Сазға тағы оралды сары ала қаз,

Сарша тамыз, тағы да бола ма жаз!..

Салқын жайлау, самал жел, саумал бұлақ

Жатар ма екен көпіршіп, таудан құлап?!

Биыл жазда тағы да көгере ме,

Былтыр күзде қуарып қалған құрақ?!

«Көгереді бәрі де көгереді» — бұл ақынның жүрдек сезімі мен сенім отының тұтанған тұсы. Көктем жай ғана жайма шуақ кезең емес, ол – ақын жанын жадыратар таусылмайтын қуаныш: «Көктем келді. Өмірдің келешегі – Көкпен бірге дүркіреп төл өседі. Сағым қыздың ап қашып орамалын, асыр сап тентек жігіт – жел еседі. Көктем келіп ауылға қыз көрікті, таң тамаша дүние жүзге еніпті. Асқар ала таулардан асып әрі, Аяз атаң барады мұз бөрікті». Ақын келешекке сенеді. Ол үміт-көктемімен сары уайымға салынғысы келмейді. Ол жасыл желекке оранған көктемнен жағымды хабар күтеді. Жақсылықтың лебін сезінгісі келеді… Оған төмендегі шумақ дәлел бола алады:


Көп кешікпей көктем де келіп қалар,

Есінетіп, есіртіп, ерікті алар.

Азан-қазан аспанның қоңырауы

Жақсылықтан тұрса игі беріп хабар…


Мақатаевтың көктем-жыры жастық-жалын аңсатқан, жер атаулы планетаны жаңғыртқан шақты қызықтап, тамсану, шалқып-шарықтау емес, арман аңсатар, үміт арта тұрып, күдік ойлатар айрықша әсем дүние. Бір мезгіл ойланып та қаласың: көктем де келер, мына дүние көгеріп, дүркірей түлеп, түрленер дей тұра, ақын жанын жегідей жеген бір беймәлім мұң неге қапталдаса береді дейсің. Шұғылалы үмітпен қатар таусылмас мұңның сарқыншағы көктемдей болған көңілдің көкжиегін неге торлай береді деп ойға шомасың. Сөйтесің де мына дүниенің өзі екі жақты таразы басының теңдігінен тұратынын мойындап, ақын жырының алдында дәрменсіздік танытасың. Бас шұлғисың, иланасың. Әсілінде, бір меридианның бойын бойлап кетпей, екі жақты паралельді қатар алып отырған алып жүректің дүрсіліне тәнті боласың, қызығасың. Беймәлім ток бойыңды, ойыңды дүр сілкіндіргендей болады…


Алып ақынның тұлғалық үні, оның адамгершілігі мен азаматтығында айқын көрініс табады да, әлеуметтік орта, адамдар тағдырын суреттеуде қайшылықтар сырына ой жібереді, адам атаулыға тек жақсылық тілейді: «Қалса екен нәрім ауамда, түспесе екен көлеңкем тірі адамға», «Басқаның жан сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін», «Күйінішін халқымның, сүйінішін, өз үніммен жырласам деген едім», «Сәби халқым сарыла сыр ақтарам, жалған ой, жасырын күй жырақ маған, сенің үнің мендегі, сенің шының, сенің ойың санамда тұрақтаған». Мұның бәрі туған елге деген орасан махаббаттан туындаған тармақтар.

Ақын поэзиясы – тұнған лирика. Мақатаев өлеңдерінің қай-қайсысын оқысаңыз да ой мен сезімі қатар келген дауылды ақынды тани түсесіз. Ғадетте, поэзия хақында тіл безегенде азаматтық әуен, табиғат жырлары, махаббат ғазалдары, сол сияқты, құбылған ауа, түрілген түн, мұндағы қыбырлаған тіршілік, құжынаған өмір, жүрек шымырлатар тылсым сезім, оймен әдіптелген жұмбақ сыр, азаматтық әуен тудырар, туындатар болмыстың өзі емес пе? Дәл осы тұжырым биігінен зер салсақ, Мақатаевтың жүрегін жарып шыққан отты жыр азаматтық асқақ сезімнің символы іспеттес. Ақынның өлең айшықтары көбіне-көп төрт тармақты, он бір буынды қара өлең ұйқасының сан алуан үлгілері болып өріліп отырады. Екі, үш, бес тармақты өлең айшықтары да кездесіп қалады. Тұжырымды түрде сөйлей білетін ақын көтерер жүк тым ауыр, ал Мұқағали Мақатаев кеңес болмысының шынайы келбетін халықтық демократияға ұмтылу сезімінде өз ойын бүкпесіз айтудан тайынбаған.

Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,

Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?!

Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,

Бәрі келіп тоғысып, Жүрегімінің

Жағалауын тебеді солқылдатып.

Шыңыраудан шыға алмай, шыдам кетіп, тағдырыма шынымен бас ұрам ба, деген тармақта үлкен ой жатқан секілді. Бір қарағанда бұл өзінің ішкі әлемі, ал екінші көзбен қарасақ, қазақтың бодандық құрсауындағы тағдырына алаңдаушылық білдірген әрі нәзік, әрі алып жүректің дүрсілі.


Батар, кетер, келмеске күнім менің,

Қалар бірақ киелі тілім менің.

Қасіретті шақтардан түңілгенде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бұл – ұлттың тіліне бас иген ақынның ақтық тұжырымы. «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл де шама-шарқынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген түрінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек» деген Ахмет Байтұрсыновтың цитатасындағы айтпай жеткізу дегеніміз Мұқаңа арналғандай ол айтпай, жазып, өлең қалыбында әдемі жеткізеді. Сосын бұл жерде «Айтылған лебіз ашық мағыналы, түсінуге жеңіл, көңілді күдіктендірмейтін болса, тіл анықтылығы сол болады» деген Байтұрсыновтың аталы сөзін Мақатаев қаз-қалпында орындаған ба дерсің!

Жүрегі жыр теңіз ақын Мұқағали Мақатаев Дала, Тау тұжырымдарымен өзінің дүниетанымдық көзқарасын барынша айқын, барынша шынайы түрде жеткізуге құштар. Соған ұмтылады. Солай етеді де.

Таулар — менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым, ұлан-ғайыр кең далам. Осы қос тұжырымды қатар алып отырып ол:

Дала, дала,

Сол дала селеулеген,

Жырмен ұйықтап,

Оянған өлеңменен.

Дала деген – күй сандық бұл қазаққа,

Абай десе, құлағы елеңдеген.

Дала толған көл-көсір жыр,

Дала – қобыз тұтпайды

Пернесін кір.

Тірі Абайды әлдиле, дархан далам,

Өлең селі өңіріңді тербесін бір.

…Ығысыңдар,

Ей, таулар,

Ығысыңдар!

Орын сайла ортаңнан, жұмысым бар.

Ата болып, не маған ұрысыңдар,

Адам болып немесе ұғысыңдар,

Ығысыңдар, ей, таулар, ығысыңдар!


Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді. Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті. «Мен таулықпын! Таудан мен жаратылғам, Тау деген ана туған дара тұлғам… Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен, ұстап алып, қыранның қанатынан» деп ақиық ақын өзін мүлде жаңа қырынан танытты.

Өзін қоярға жер таппай, өскен ортадан қиянға қалықтап кетуге ұмтылуы – оның бодандық өмірге қарсылығы. Расында бодандық ғұмыр синдромы әлі де қалған жоқ. Ол ақын ретінде одақтық

ғұмыр тірлігіне жасаған қарсылығын жүзеге асыруға оңтайлы әдіс таба алмады, қиналды, тебіренді, шамырқанды, қателіктерге де ұрынды… оның жырындағы астарлау мен алмастырулар, кейіптеулер айтар ойының пәрменділігіне едәуір септігін тигізіп отырды. «Әдебиет шындықты шындап шегелейді» деген Твардовскийдің тұжырымы Мұқағали Мақатаевқа қаратылып айтылған ба деп те ойлайсың кейде…


Әйгілі академик Зейнолла Қабдолов «Сөз өнері» атты монографиялық ғылыми оқулығында Мұқағалидан мысал келтіре отырып.

Мамасы, босат, еркімен өссін тал-шыбық!

Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.

Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,

Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!

Ақынның тал шыбығы да, кішкентай жүрегі де – өзінің сәби бөбегі, ұғым метонимия тәсілімен шартты түрде алмастырылған, өзгертілген. Кішкентай жүрек бір жағынан мегзеу, яки синекдоха тәсілімен жымдасқан.

Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Өзі бұ дүниеден 45 жасында қайтқанымен, екінші ғұмырын қоса есептегенде биыл сексеннің сеңгіріне шығып отырған алып ақын шын мәніндегі қазақ поэзиясының құбылысы. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем. Иә, ақиық ақынның сексен жылдығын жұрт болып жоғары деңгейді тойлау – бүкіл қазақтың азаматтығына сын!


Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған».

«Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»:

«Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді де. Мен өзім жайында мынаны айтам: мен жиырма бірінші ғасыр ұрпақтарының құрдасымын. Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да…»


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
А?иы? а?ын М??а?али Ма?атаев

Автор: Тотенова Ару Тажибаевна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171638


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства