kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі жаста?ы ?алыпты балаларды? ж?не к?тімсіз ?ал?ан балаларды? психологиялы? дамуы, оларды зерттеу ерекшеліктері туралы студенттерді? білімдерін   ж?йеге келтіру.  Психодиагностикалы? ?дістер ж?нінде студенттерді? білімдерін тексеру. Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері ж?нінде білімдерін ке?ейту.  Студенттерді? мектепке дейінгі балалармен ж?мыс істей алу икемдерін ?алыптастыру.  Коммуникативті, адамгершілік ?асиеттері дамыту. Болаша? маманды?тарына деген ?ызы?ушылы?тарын арттыру, оларды? маманды?ыны? ма?ыздылы?ын ашу, ?жымда, топта ж?мыс істей алу ?абілетін арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері. »

Психодиагностика және түзету негіздері

Тақырыбы: Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері.

Мақсаты: Мектепке дейінгі балалардың психологиялық дамуы мен зерттеу ерекшеліктерін қарастыру және талдау.

Міндеттері:

Оқыту: Мектепке дейінгі жастағы қалыпты балалардың және күтімсіз қалған балалардың психологиялық дамуы, оларды зерттеу ерекшеліктері туралы студенттердің білімдерін жүйеге келтіру. Психодиагностикалық әдістер жөнінде студенттердің білімдерін тексеру. Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері жөнінде білімдерін кеңейту.

Дамыту: Студенттердің мектепке дейінгі балалармен жұмыс істей алу икемдерін қалыптастыру. Коммуникативті, адамгершілік қасиеттері дамыту.

Тәрбелеу: Болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру, олардың мамандығының маңыздылығын ашу, ұжымда, топта жұмыс істей алу қабілетін арттыру.

Негізгі ұғымдар: мектепке дейінгі бала, әлеуметтік бейімделе алмаушылық, жетекші іс-әрекеті- ойын, мектепке дейінгі баланың психологиялық дамуы, психодиагностикалық әдістер, байқау, экперимент, тестілеу, проективті тестер, экспертті бағалау.

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: интерактивті тақта, дәрісбаян, студенттерге тапсырмалар, көмекші құралдар.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ-жауап, тапсырмалармен жұмыс, сәйкестікті табу, жағдаятты талдау, балалардың суреттерін талдау, фронталды сұрау, дәрісбаян.


Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Студенттерді сабаққа психологиялық жағынан дайындау. - Бүгін бізде ашық сабақ. Ашық сабақтың нәтижелі өтуі сендердің топтық ұйымшылдығына, көңіл-күйлеріне байланысты. Сондықтан әр топ, ал бізде 4 топ бар, алдарында жатқан ватманға тез арада ұйымдасып, өздерінің топтық көңілдеріңді, топпен жұмыс істеуге дайындықтарыңды ватман бетіне түсіреді.

Студенттер топпен жұмыс істейді. Ватмандарын көрсетеді (3 минут)..

Керемет! Сабақта топпен жұмыс істеуге дайынбыз .

Студенттердің білімдерін тексеру:

  • Сендер –болашақ әлеуметтік қызметкерсіңдер. Әртүрлі категориядағы адамдармен жұмыс істейсіңдер. Интерактивті тақтаға қандай категориядағы адамдармен жұмыс істейтіндеріңді анықтайық.

Интерактивті тақтамен жұмыс:

Әлеуметтік қызметкер:

ЖЕТІМДЕР, МҮГЕДЕКТЕР, СӘТСІЗ ОТБАСЫЛАР, ТҰРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРІ ЖОҚ ТҰЛҒАЛАР, ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ ҚАРТ АДАМДАР, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР, ҚАРАУСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР, БОСҚЫНДАР, ҚАШҚЫНДАР, ДЕВИАНТТЫ ТӘРТІБІ БАР ТҰЛҒАЛАР, ЖАСТАР, КӨПБАЛАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР, МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАР, Т.Б.

Сендер әртүрлі категориядағы адамдармен жұмыс істейсіңдер. Олар әртүрлі жасты қамтиды. Сондықтан, жас ерешелік психологиясы бойынша адамның жас кезеңдерін еске түсірейік.

Интерактивті тақтамен жұмыс: сәйкестігін табу.

  1. Жаңа туған бала -1 15-17 жас

  2. Мектепке дейінгі балалық шақ -4 0 ай-1-2 ай

  3. Жасөспірім -6 1-2 ай-1 жас

  4. Балаң жас -8 3-6 жас

  5. Нәрестелік шақ -2 20-30 жас

  6. Ерте балаң жас -7 70-тен ары қарай

  7. Жастық -9 11-15 жас

  8. Ерте сәбилік шақ -3 60-70 жас

  9. Бастауыш мектеп жасы -5 30-60 жас

  10. Кемел жас -10 17-20-23 жас

  11. Қартаю -11 1-3 жас

  12. Кәрілік шақ -12 7-10-11 жас


Студенттер интерактивті тақтамен жұмыс істейді.

Осының ішінде қандай жас кезеңге келіп тоқтадық? Мектепке дейінгі балалардың психологиялық дамуы және күтімсіз қалған балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы үйде қайталап, білімдеріңді толықтырып келу үйге берілген болатын. Қазір топпен жұмыс істейміз. Әр топтың алдында тапсырмалар жатыр.

1-топ: Мектепке дейінгі балалардың таным процестері ҚЫЗЫЛ ҚАҒАЗ.

2-топ: Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық қасиеттері

3-топ: Мектепке дейінгі балалардың ересектермен және құрбылармен қарым-қатынас ерекшеліктері.

4-топ: Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік бейімделе алмауы.

1-топ: 1. Мектепке дейінгі балалардың таным процестерінің дамуы.

Жауабы: Таным процестері 3 жастан бастап дамиды, жасөспірімдік шақта даму процесі аяқталады. Сөйлеуі 1,2,3-кезеңдер. Қабылдау саналы, мақсатты бола бастайды. Баланың қабылдауы- қарау, байқау, іздеу- үш әрекетке негізделеді. Сөйлеумен ойлау дамиды. Ойлауы көрнекі-әрекеттіктен көрнекі –бейнелікке көшеді. Ойлау қабылдаумен тығыз байланысты болғандықтан бала таныс жағдай туралы логикалық құрастырылған пікір айта алады. Егер ережені түсінсе, шешімін шығара алады. Есте сақтаудың жақсы даму кезеңі -мектепке дейінгі кезең. Егер оған дейін оның есте сақтауы эмоционалды, ырықсыз болса, енді ол ырықтала бастады. Бала ойын барысында мақсатты, саналы түрде ережелерді, сөздерді есінде сақтай алады. «Болады», «болмайды» , «әдемі», «әдемі емес»деген ұғымдарымен байланысты жоғары эмоциялар мен сезімдердің бастапқы формасы қалыптаса бастайды. Зейіні ырықсыз. Баланың бойы мен физикалық дамуы, қозғалыс координациясының, қолдың ірі және ұсақ моторикасының дамуы қарқынды дамиды. Баланың қарындашпен, ермексазбен, қайшымен жұмысы жақсара түседі. Қозғалыстары нақты. Мектепке дейінгі жастың соңында қолы жазуға үйренуге дайын. Іс-әрекеттің өнімді түрлері дамиды: сурет салу, жабыстыру, құру, еңбек әрекеті. Бұл кезеңде ересектердің көмегімен баланы оқытуға болады.

2. Азамат сұрақтар қоя береді: сенің қолында не? Бұл қандай машина? Кім келді? Не айтты саған? т.б. күні бойы сұрақтарды қоя береді. Жауапты соңына дейін тындамай, кетіп қалады, басқа іспен айналыса бастайды. Біраз уақыттан кейін келіп қайтадан сұрақтар қояды: жаңбыр неге жауады? Мынау не? т.б. Бала даму ерекшелігін түсіндіріңдер.

Жауабы: кім? Не? Қандай? 3-4 жасқа тән. Бала бір нәрсені бірінші рет, жаңадан көрсе осындай сұрақтар қояды. Бұл сұрақтарда танымдық белсенділік жоқ, сондықтан бала жауапты тыңдамастан жүгіріп кетеді. Неге? Деген сұрақ 4-5 жасар балалар қояды. Бұл жаста сұрақты көп қояды. Қабылдау ерешелігіне қарай сұрақтар жүйесіз. Ал 5-6 жаста неге? Деген сұрақты танымдық белсенділікпен, білгім келеді деген мақсатпен қояды. Сұрақтары әртүрлі. Жауапты соңына дейін тындайды. Өздерінің ойларымен, тәжірибелерімен салыстырады, кейде жауаппен келіспей, өз көргенін –білгенін айтады.


2-топ: 1. Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық қасиеттерінің дамуы.

Жауабы: 3 жасар бала өзін тұлға ретінде санай бастайды. ересектерден дербестікті, тәуелсіздікті талап етеді, ол ересектер сияқты болғысы келеді. 3 жас дағдарысы- жағымсыз жақтары: негативизм (ересектердің кез келген талаптарын орындаудан бас тарту), қырсықтық (өз айтқанын істету), қыңырлық (өмірлік нормаларға қарсы шығу), өз еркімен болу (шешім қабылдаудағы дербестік), бунт,қарсы шығу(тұрақты жанжалдасу, ұрысу, жағымсыз сөздер айту. Жағымды жақтары-ересектерден бөліну, өзін тұлға ретінде көрсету, дербестіктің пайда болуы. Баланың психикалық дамуына ықпал ететін жетекші іс-әрекет- сюжеттік –рөлдік ойын. Бала іс-әрекетінің мотиві- ересектер өміріне ену, олардың заттарын қолдану, ересек адамша өзін сезінуге ұмтылыс. Бірақ бала әлі кішкентай және ересектер өмірінде дербес өмір сүре алмайды. Сондықтан ол өз ұмтылыстарын ойын барысында іске асырады. Ойын барысында бала басқалардың пікірін қабылдауға, олардың позициясын ұстануға, моралды және адамгершілік нормаларды меңгеруді үйренеді. Ережелері бар ойын процесінде баланың ырықты тәртібі дамиды. Бала өз тәртібін, әрекетін меңгере бастайды.

2. Анасы қызын балабақшадан үйге әкеліп, шешіндіре бастады. Бір уақытта қызы ашуланып, жерге жатып алды. Анасы шошып кетті:- Қызым, тұра ғой. Не болды? Қызы тұрмады. –Тұра ғой-шы. Айтшы, не болды? Ол болса анасына қарап, әлі жатыр. анасы оны көтергісі келді, қызы оны итеріп жіберді. Анасы өтінді, қызы жылай бастады. Анасы айғай салды, қызы-одан сайын өкірді. Үйдегілердің түгелі қызды тыныштандыра бастады. Ал ол болса қоятын түрі жоқ. Қыздың жағдайын түсіндіріңдер.

Жауабы: Қыз өзін құрбыларының арасында ашылмай, оларға өзін көрсете алмай жүр. Ол өзін көрсету мақсатында ересектердің назарын аулағысы келеді. Көбінесе құрбылардың арасында өзін көрсете алмай жүрген баланың қылығы осындай болады.

3-топ: 1. Мектепке дейінгі баланың қоршаған адамдар арасындағы алар орны.

Жауабы: Баланың әлеуметтік дамуында тұлғалық өзгерістер болады. Өзгеріске келесі жағдайлар ұшырайды:

-өздік «Мені»; -тәртібі; -ересектер өміріне қызығушылығы.

Мектепке дейінгі бала ересекпен байланысты болғанымен де, ересектер оларды әлі де үйретеді, оқытады, көмектеседі. Сонымен қатар балаға балалар қоғамы әсерін тигізеді. Оларда қоғамдық көзқарас пайда болады. Балалар бір-бірімен қарым-қатынасы жасауға үйренеді. Балалар арасындағы қарым-қатынас ойын арқылы іске асады. Баланың ересектермен қарым-қатынасы бірнеше кезеңдерден өтеді. 1-формасы- қарым-қатынастың жағдайлық-тұлғалық формасы(6 айға дейін, ересектерден мейірімді көңілді қажетсіну)

2-формасы- қарым-қатынастың жағдайлық-іскерлік формасы(6 айдан-3 жасқа дейін, іс-әрекетінде ересектердің қатысуына қажетсіну)

3-формасы- қарым-қатынастың танымдық формасы(5-6 жас, ересектерден сыйластық қатынасын қажетсіну).

2. Айдар. 6 жаста. Ол «Әскер» атты ұжымдық ойынын ойнағанда әрқашан офицер рөлінде болатын. Бірақ ол өзін дөрекі ұстап, «сарбаздарға» айғайлай беретін. Содан балалар мен тәрбиеші оны офицер рөлінен алып тастады және өзін адамдар арасында дөрекі ұстауға болмайтыны жөнінде түсіндірді. Айдар «сарбаз» болғысы келмегендіктен, мүлдем ол ойынды ойнамай қойды. Бірақ өзін өзгертуге, ұстамды болуға тырысты. Айдардың құрбыларымен қарым-қатынасы түзелгеннен кейін, оны қайтадан офицер рөліне тағайындады. Ол енді «сарбаздарын» түсінетін, оларға жақсы қарайтын офицер болды. Осы жағдайды психологиялық тұрғыдан талдаңдар.

Жауабы: бала ойын үстінде дамиды. Құрбыларымен қарым-қатынас жасауға ойын арқылы үйренеді. Айдар үшін офицер болу өте маңызды еді. Сол үшін ол өзін өзгертугеде тырысты. Тәрбиеші оған көмек жасады.


4-топ: 1. Мектепке дейінгі балалардың әлеуметтік бейімделе алмауы.

Жауабы: Баланың екі даму ортасы: отбасы және балабақша. Осы екі орта баланың дұрыс дамуына әсерін тигізеді. Бала үшін ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау, ол қарым-қатынастың негізінде әлеуметтену өте қажетті. Егер қарым-қатынас барысында ересектер тарапынан күтім көрмесе, олармен эмоционалды қатынас болмаса немесе құрбыларымен қарым-қатынасы шектеулі, не мүлдем болмаса баланың толық дамуына зардап келеді. Әлеуметтік педагогикалық асқынушылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Бұл процесс 3 жас аралығынан басталады. Себебі 3 жасар баланың санасы қалыптаса бастайды. Жағымсыз жағдайлардың көбеюі әлеуметтік-педагогикалық асқынушылықты күрделендіре түседі. Отбасындағы, балабақшадағы жағымсыз жағдайлар баланың түгел тұлғалық құрылымына әсерін тигізеді, психикалық дамуының бұзылуына, тұлғалық сананың қалыптасу процесінің бұзылуына әкеліп соғады. Осыдан бала әлеуметтік бейімделмеген балаға айналады, бұл жағдай баланың психологиялық, психикалық және физикалық жағына теріс әсер етеді. Ондай балалар басқа балалармен ойнай алмайды, дамуында артта қалушылық байқалып жатады (аз қозғалу, төмен қарым-қатынас). Әлеуметтік бейімделе алмаушылық себептері (бір себептің өзі жеткілікті):

қарым-қатынас дағдысының жоқтығы;
— қарым-қатынаста өзін адекватты бағалай алмауы;
— қоршаған ортаға жоғарғы талаптар қоюшылық (әсірісе баланың интеллектуалды дамуы, ойлау қабілеті орташа деңгейден жоғары болса);
— эмоционалды тұрақсыздық;
— қарым-қатынас жасауға кедергі жасайтын ұстанымдардың болуы, мысалы, адамдарды төмендету, өзін жоғары ұстау;
— қарым-қатынас жасауға мазасыздану және қорқу;
— тұйықтық.

Әлеуметтік бейімделе алмай жүрген бала басқа балалардан өзін алшақ ұстап, жоламайды, немесе оларға ызылы болып, агрессиясын көрсетеді. Неге бала қарым-қатынасқа түсе алмайтыны жөнінде ата-анасынан сұрау керек. Көбінесе бала басқа құрбыларымен қатынаста болмағандықтан, немесе балалармен тіл табыса алмағандықтан үйде отырды деген жауаптарды естуге болады. Әрине баланың үйдегі отбасылық тәрбие алып жатқаны дұрыс, бірақ бала құрбылармен қарым-қатынас жасауға үйрену керек.

Ондай баланың өзін-өзі бағалауы жоғары немесе төмен болады, бұл жағдай әлеуметтік бейімделе алмауға әкеледі. Өзін-өзі бағалауы төмен баланың мазасыздануы жоғары, өзіне сенімсіз, кейде өзін агрессивті ұстайды. Өзін-өзі бағалауы жоғары бала құрбысының пікірімен санаспайды.

Бұл жастағы балаларда қабылдау саналы, мақсатты болу керек, баланың қабылдауы- қарау, байқау, іздеу- үш әрекетке негізделеді.

Ал күтімсіз баланың қабылдауы ондай деңгейге жете бермейді.

2. Әлия. Жасы 6-да. Дайындық тобына барады. Қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасай алмайды. Тұйық. Балалардан өзін алшақ ұстайды. Ата-анасы баланың тәрбиесімен айналыспайды.

Жауабы: Баланың жаңа өмірлік тәжірибелері жақын ересектер арқылы жүзеге асады. Ересектер оларға қарым-қатынас арқылы әсер етеді. Баланың ересектермен қарым-қатынасы басқалармен қарым-қатынас жасау сферасына, сөйлеуді меңгеруіне, баланың тұлғалық дамуына, құрбылар арасында достық қатынастың қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бастапқы кезеңдерде ересектермен қарым-қатынастың тапшылығы бала ойлауының дамуына ғана емес, жалпы тұлғалық дамуына да кері әсерін тигізеді. Ата-аналар жағынан көңілдің аз болуы, балаға мән бермеушілік невроздарға, психикалық және психологиялық ауруларға, терең тұлғалық бұзылуларға әкелуі мүмкін. Балалық невроздарды алдын алу оңай, бірақ емдеу өте қиын.

Әр топ өз тапсырмаларын орындап, жауап береді.

Сендермен мектепке дейінгі балалардың жалпы психологиялық дамуын, қарым-қатынас ерекшелігін, таным процестері мен тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктерін, әлеуметтік бейімделе алмайтын балалардың психологиялық жағдайларын талдап өттік.

Видеоға назар аударайық. «Жетімдер» видеосы (2,25 мин).

Қалай ойлайсыңдар, тамашалап өткен видеоның біздің талданған тақырыбымен қандай байланысы бар? Жауаптарды тыңдау.

Әлеуметтік қызметкер ретінде, сендер әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж жандармен жұмыс істейсіңдер, ал жетімдер-бұл мектепке дейінгі,мектеп жасындағы балалар. Туа сала жетім атанып жатқан қаншалықты балалар бар екенін статистика арқылы біліп өтейік. Статистикамен бізді қазір екі студент таныстырып өтеді.

Петропавл қаласы бойынша жетімдер бойынша статистикалық мәлімет.

Статистикаға жүгінетін болсақ сендердің жұмыстарын қаншалықты ауқымды екенін көріп отырмыз. Сендер балалар категориясымен жұмыс істегенде- жетімдермен, ата-анасының күтімінсіз қалған балалармен, мүгедек балалар, әлеуметтік бейімделе алмай жүрген балалармен жұмыс атқарасыңдар. Олардың әрқайсының психологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Олардың қалыпты балалардан қандай айырмашылығы бар екенін анықтау, зерттеу ерекшеліктерін білу, олармен түзету жұмыстарын жүргізу әлеуметтік қызметкердің міндеттерінің бірі болып табылады. Осындай жұмыстарды атқару барысында –психодиагностикалық әдістер –көмекші құрал болып келеді. Ол үшін психодиагностиканың қандай іс-әрекет екенін еске түсірейік.

Интерактивті тақтамен жұмыс:

Психодиагностика- грек. айырып тануға қабілетті дегенді білдіреді- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы.

Сауалнама- зерттелушіге оның көзқарасын, пікірін анықтайтын жазбаша сұрақтар қою.

Контент-талдау- зерттелушінің жазбаша мәтіндері, оның шығармалары, хаттары, іс-әрекет өнімдері талданады.

Байқау- белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалау.

Эксперимент- зерттеуге қажетті психикалық құбылыстардың көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына жағдай жасау.

Әңгіме- белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және жеке ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірленген сұрақтар қою. Жанама түрде ұйымдастырылады.

Сұхбат- сұрақ қоюшы сыналушыға сұрақтар қояды және жауаптарын жазыып отырады. Сұрақтар алдын ала белгіленеді.

Анкета- зерттелуші өзі туралы жазбаша әлеуметтік-демографиялық мәлімет береді.

Тест- зерттеліп жатқан қасиеттің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін беретін психодиагностикалық стандартты әдістеме.


Жаңа тақырып: -Психодиагностикалық әдістердің түрлерін қайталап шықтық, енді мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктерін талдап шығайық. Ол үшін видеоға назар аударайық.

Видео «Дайындық тобына баратын балалармен эксперимент» .

Бұл бейнекөріністе дайындық тобына баратын 5-6 жасар балалармен ойын ойнап жатырмыз. Ойынның мақсаты: қоршаған ортаның, дәлірек айтқанда құрбылардың пікірі баланың жеке пікірінің қалыптасуына қаншалықты әсерін тигізетінін анықтау. Ойын барысында 1 бала ғана ешкіммен келіспей, өз пікірін ұстанды, ал қалғандары өз пікірін шетке қойып, құрбыларының айтқаны қате болса да қайталады. Ойыннан келесідей қорытынды шықты: бала өзінің құрбылары сияқты болғысы келеді, бала ойнау, еліктеу процестері арқылы дамиды. Қоршаған адамдардың ережелерін ұстану керектігін түсіне бастайды. Соның негізінде бала әлеуметтенеді.

Жаңағы ойынды қандай психодиагностикалық әдістердің қай түріне жатқызуға болады?

  • Эксперимент дегеніміз не? Бұл ойын эксперименттің қай түрі?

  • Дәптерлеріне бүгінгі тақырыпты жазып қойындар: Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері. Енді осы жастағы балалармен өткізуге болатын әдістемелерді жазайық: эксперимент. Ғылыми-зерттеу жұмысында эксперимент- баланың психологиясы, тәртібі жөнінде дұрыс ақпарат беретін сенімді әдіс. Әсіресе байқау арқылы баланы зерттеу қиын болғанда эксперимент өте орынды. Эксперимент нәтижелі болу үшін- оны ойын түрінде, немесе балаға үйреншікті жағдай арқылы: сурет салу, құрастыру, жұмбақтарды шешу арқылы ұйымдастыру керек. Балалар ойынның зерттеу үшін жүріп жатқанын сезбеу керек. Баланы қызықтыратын әрекеттер арқылы ғана экперимент жүру керек, егер эксперимент шарттары баланы қызықтырмаса, ол өзінің мүмкіндіктерін, психологиялық жағдайын толық ашпайды. Бұл жастағы балалар өзін қызықтыратын істе ғана өзін ашады. Эксперимент барысында келесі жағдайларды ескеру қажет:

  • 1. Балалар ересектермен қарым-қатынас жасағанда өте эмоционалды. Ересек бала үшін психологиялық маңызды фигура. Ересек балаға немесе ұнайды, немесе ұнамайды, немесе жақын тартады, немесе алшақтатады. Бала орта позицияны ұстамайды. Сондықтан эксперимент өткізетін адам балаға ұнау керек.

  • 2. Баланың қиял, фантазиясы ересекке қарағанда ерекше. Сондықтан оның жауаптары да басқаша, ересек адам күтпегендей болуы мүмкін.

-3. Балалар психологиясының эксперименті баланың күнделікті жасап жүрген әрекеттерімен байланысты болуы қажет. Егер балаға таныс емес аппаратураларды, немесе таныс емес жерге апарып эксперимент өткізсе, одан нәтиже болмайды.

Сендерге топтық тапсырма. Қазір сендерге бейнекөрініс көрсетіледі. Мектепке дейінгі балалармен эксперимент.

1-топ: экспериментке қатысқан балалардың статистикасын жүргізісіңдер.

2-топ: балалардың көңіл-күйін, әрекеттерін талдайсыңдар.

3-топ: эксперименттің мақсатын анықтайсыңдар.

4-топ: эксперименттің қорытындысын шығарасыңдар.

Видео «Эксперимент на детях» (2.39). Әр топ өз тапсырмасын орындайды. Жауап береді.

Екі студентке жеке тапсырма ретінде мектепке дейінгі балаларға мінездеме жасап келу болған еді. Сол мінездемелерді тыңдап өтейік.

Мінездеме-1. Сабина- жасы 5-те. Толық, көпбалалы отбасынан. Ашық, қарым-қатынасқа тез түседі. Балалар арасында өте белсенді. Психологиялық дамуы өзінің жасына сай. Сөздік қоры жақсы дамыған, түгел дыбыстарды анық айтады. Ұғымтал. Зерек. Қозғалмалы ойындарды ойнағанды жақсы көреді. Билегенді ұнатады.

Медет-жасы 4-те. Толық емес отбасынан. Тұйық, қарым-қатынасқа түсе қоймайды. Балалармен тіл табысып кету оған қиын. Балалармен ойнағаннан, өзі жалғыз ойнағанды ұнатады. Ересектерден ұялып, жасқанады. Мультфильмдерді көргенді жақсы көреді. Таза, ұқыпты. Тілалғыш. Жағымсыз әдеті- қобалжығанда тырнақтарын тістейді.

Мінездеме оқылады.

Жақсы. Осы мінездемені жасау үшін қандай психодиагностикалық әдістерді қолдану жеткілікті деп ойлайсыңдар?

Байқау, эксперттік бағалау әдістері жеткілікті. Эксперттік бағалау дегеніміз не? Не себептен бұл әдісті мектепке дейінгі балаларға қолдану керек?

Мінездеме жасап келген студенттердің өздері бізге байқау әдісін практикалық жағынан баяндап берсің, яғни байқау әдісінің қандай қиындықтары, кемшіліктері бар, несімен бұл қызықты екенін баяндап береді.

Екі студент байқау әдісі туралы өз пікірлерімен бөліседі.

Байқау әдісі- балалармен жұмыс істеуде негізгі әдістің бірі. Әсіресе сәбилермен байқаудан басқа ешқандай әдіс өткізуге де келмейді. Көптеген ғалымдардың балалар жөніндегі еңбектері байқау әдісіне негізделеген. Кез келген байқаудың мақсаты, жоспары болуы тиіс. Алдымен өзіне «бұл байқау маған не үшін қажет?» деген сұраққа жауап беру керек. Байқаудың мақсаты анықталғаннан кейін байқаудың жоспарын жасау керек. Байқау нәтижелі болу үшін баланың дамуы күнделікті байқаған жөн. Байқау интервалы баланың жасына қарай әртүрлі: туғаннан 2-3 айға дейін баланы күнделікті байқау керек, 2-3 айдан 1 жасқа дейін апталап, яғни бір аптада қандай өзгерістер болды, 1 жастан 3 жасқа дейін айлап, 3 жастан 6-7 жасқа жарты жылда бір, бастауыш сыныптарда жылына бір рет, т.б. Ересекке қарағанда баланы байқау оңай, себебі бала өзін шынайы ұстайды, ересек сияқты әдейі ұнау үшін әрекеттер жасамайды. Байқаудың құндылығы: баланың өмірін ашады, баланы табиғи жағдайда зертеуге болады, бала өмірінен қызықты фактілер мен оқиғаларды көруге болады. Кемшіліктері: үлкен еңбекті, көп уақытты талап етеді. Зерттеуші өзіне керекті психологиялық құбылыстың, қасиеттің пайда болуын күтеді.

     Сонымен қатар балалар психологиясында пайдаланылатын әдістердің бірі- экспертті бағалау. Мектепке дейінгі балалар өздерінің тұлғалық қасиеттеріне, тәртіптеріне дұрыс баға бере алмайды. 4-6 жасар бала өзін тұлға ретінде бағалай алады, бірақ шектеулі деңгейде. Сонымен қатар бала өзін жоғары бағалап жібереді. Сондықтан эксперттік бағалау өте құнды әдіс болып табылады, яғни баланы жақсы білетін ересектерден ақпарат жинау.

Психодиагностиканың тағы бір түрі –тест. Тест қандай әдіс, ол туралы не айта аламыз?

Тестің қандай түрлері бар? Тест

Стандартты тест Проективті тест

Стандартты тест дегеніміз не? Стандарттау кезеңінен өткен тестер. Талаптары: валидтілік(теориямен сәйкес), сенімділік (көрсеткіш тұрақты).

Біз білеміз тестер бірнеше топқа бөлінеді. Еске түсірейік. Ол үшін мен сөйлемді бастаймын, сендер аяқтайсыңдар.

Тестілеу затына қарай... 3-ке бөлінеді: интеллект, тұлғалық, өзара тұлғалық.

Тестілеу тапсырмалардың ерекшелігіне қарай... 4-ке бөлінеді: практикалық, бейнелік, сөздік, комплексті.

Тестілеу зерттелушіге берілген материал бойынша... 2-ге бөлінеді: бланкті, аппаратуралы.

Тестілеу бағалау объектісіне қарай... 3-ке бөлінеді: процессуалды, нәтижеге жету, қасиеттер мен жағдайлар.

Тестердің тағы бір ерекше тобы бар. Қалай аталады?

Проективті тестер жөнінде не айта аласыңдар? Егер керекті қасиетті, ақпаратты басқа жолмен бағалауға мүмкін болмаса.

Тест- балалар үшін арнайы құрастырылған тапсырмалар жинағы. Әр тапсырма үшін баланың психологиялық қасиеті балдық шкаламен бағаланады. Тест арқылы баланың интеллектуалды қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін анықтауға болады. Бірақ сол қасиеттерін бала толық көрсету үшін, оны ынталандыру қажет, мақтау, марапаттау, т.б. Негізгі талап: тест тапсырмалары баланы жалықтырып жібермеуі керек, тапсырмалар баланы қызықтыру керек. Кері жағдайда бала дұрыс жауаптар бермейді. Тапсырмалар уақыты шектеулі, бір тапсырмаға бала 5 минут уақытын кетіре алады. Балаларды тестілеудің 2 кезеңі бар: 1- кіші және орта жас 3-5, 2- ересек мектепке дейінгі жас- 5-6-7 жас.

Сонымен көмекші әдістер де балалар психологиясында орын алған: балалар іс-әрекеттерін талдау (суреттер, балалардың өздері шығарған ертегілері, т.б). Әсіресе балалар суреттеріне үлкен мән беріледі. Олар суреттерінде өздерінің эмоцоналды жағдайларын, адамдар мен заттарды қабылдау ерекшеліктерін, қоршаған ортаға қатынасын білдіреді. Балалар өздерінің отбасы мүшелерінің суреттерін салғанды ұнатады. Жақсы көретін адамын әдемі салуға тырысады, оған сурет салғанда уақытын кетіреді, түрлі түсті бояумен безендіреді. Ал ұнатпайын адамын салмайды, немесе сала салады. Баланың суреттерін талдағанда «суретшінің» әлі де дұрыс сурет сала алмайтынын ескеру қажет. Сондықтан суреттерде адамдардың бет-әлпеті қисық, қол-аяқтарының пропорциялары келмей жатса, оған мән бермеңдер. Суретті талдағанда баланың таңдаған түстеріне, кімді салып, кімді салмағанына, өзін кімнің қасына орналастырғанына назар аудару керек. Сурет талдау әдісі бұл-көмекші әдіс, яғни оның негізінде қорытынды шығаруға болмайды.

Алдымыздағы балалар суреттерін талдап көрейік. Ол үшін алдымен 5-6 жасар балалардың суреттеріне мән берейік.

Интерактивті тақтада балалар суреттерін көрсету.Студентер топпен суретті талдайды. Олардың жауаптары.

Сурет талдау әдісі қорытынды жасауға жеткіліксіз болып шықты, сондықтан оған қоса басқа әдістерді де қолдану қажет. Көмекші әдістердің бірі- әңгіме әдісі. Әңгіме әдісін (сұрақтар әдісі) 4 жастан бастап өткізуге болады, бұл жастағы баланың сөйлеу қабілеті дамығанмен де шектеулі деңгейде. Мектепке дейінгі балалар өздернің ойларын, толғаныстарын сөзбен жеткізе алмайды. Сондықтан олардың жауаптары қысқа, немесе ересектің айтқанын қайталау арқылы жүзеге асады. Сұрақтар балаға түсінікті және қызықты болу керек. Кері жағдайда бала түсінбегендіктен қате жауап береді. Сауалнама, әңгіме әдістерін балалармен көп өткізуге болмайды. Бұлар- қосымша әдістер, яғни нақты қорытынды жасауға болмайды.

Саулнамалардан гөрі мектепке дейінгі балалармен тестер, құжаттарды талдау, баланың іс-әрекеттерін талдау, байқау, эксперимент әдістері өте өнімді. Балалармен өзін-өзі бағалау әдістемелерін қолданбаған жөн.    
  
Мектепке дейінгі баланы зерттеу шарттары:

  • Баланы қызықты ісінен айрып зерттеу жұмысын бастау ешқандай нәтиже бермейді. Ол үшін психодиагностикалық әдіс қызықты болу керек.

  • Зерттеу нәтижелері өнімді болу үшін- баламен тіл табысу керек.

  • Зерттеу жұмыстары баламен жеке бөлмеде өту керек. Бала бөлменің интерьеріне көп мән береді, сондықтан егер бөлме аз мөлшерде офистік болса, бала өзін еркін ұстайды. Бөлме әртүрлі суреттер, балалар кітаптары болғаны жөн, бала оларды қарағанды ұнатады. Көзге түсерлік қызықты заттардың, ойыншықтардың болғаны –үлкен кедергі, себебі баланың түгел көңілі сол затта болады.

  • Баланың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Егер бала шаршаса үзіліс жасау, онымен сөйлесу, дене шынықтыру жаттығуларын жасау, доппен ойнау, т.б. Түгел зерттеу жұмысы 30-дан 60 минут уақытты алу керек.

  • Баланы ойын барысында құрбылармен қарым-қатынасын байқау. Баланың санасы төмен деңгейде болғандықтан, және есте сақтау, зейін, ойлау, қиял сияқты таным процестері толық дамып болмағандықтан негізгі әдістер: байқау, эксперимент болса, ал көмекші әдістер: әңгіме, баланың іс-әрекетін талдау әдістері болып табылады.

Сонымен мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктерін қарастырып өттік. Енді берілген жағдаятқа болашақ маман ретінде талдау жасайсыңдар. Қазіргі кезде сәтсіз отбасылардың көбеюінің салдарынан тастанды балалар, қараусыз қалған балалардың саны өсуде. Ақпарат желісі бойынша күнделікті жағымсыз жаңалықтарды естіп жатамыз. Сондай жағдайлар еліміздің түгел қалаларында болып жатады.

Жағдай: Белгісіз бір әйел үш баласын бір үйдің маңында тастап кеткен. Балалар жұқа киінген (қыстың күні). Оларды бір адам тауып алып, 102 номіріне хабарласады. Патрульдық қызмет келіп балаларды бірден реабилитациялық орталыққа жеткізеді. Балалардың жасы- қыз бала -5-те, ұл балалар -3-те және 8-айлық. Балалар медициналық тексерістен өтті, ең кішісінде- өкпесі қабынған, қазір балалар ауруханасында емделіп жатыр. Екі үлкені реабилитациялық орталықта, ата-анасы әлі де табылмағандықтан балалардың тағдыры әлі де шешілген жоқ.

Болашақ әлеуметтік қызметкерлер, алдымызда мәселе. Сендер осындай балалармен тікелей жұмыс істейсіңдер. Олармен жұмыстарың жан-жақты, бірақ осы балалармен психодиагностикалық іс-әрекет ерекшелігін ғана қарастырайық. Үш баланың қайсысымен психологиялық зерттеу жұмыстарын өткізуге болады. 3 және 5 жасар.

Келесі тапсырма:

  1. 3 жасар баланы қандай психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеуге болады? Байқау, эксперимент, тесттер балаларға арналған, таным процестерін, тұлғалық қасиеттерін анықтайтын тесттер.

  2. 3 жасар балаға қандай психодиагностикалық әдістерді қолдануға келмейді? Экспертті талдау-негізгі әдіс, әңгіме, сауалнама, сұхбат, контент-талдау.

  3. 5 жасар баланы қандай психодиагностикалық әдістер арқылы зерттеуге болады? Байқау, эксперимент, тесттер балаларға арналған, таным процестерін, тұлғалық қасиеттерін анықтайтын тесттер,проективті әдістер, сауалнама (бірақ бала өзін жоғары бағалап жіберуі мүмкін), әңгіме.

  4. 5 жасар балаға қандай психодиагностикалық әдістерді қолдануға келмейді? Экспертті бағалау -негізгі әдіс,контент-талдау.

Студенттер жауабы. Жауаптарын қорытындылау.

Тақырыптың негізгі ұғымдарын бекіту жұмысы:

Бүгінгі сабақта қандай тақырыптарды талқыладық? Мектепке дейінгі бала және психодиагностикалық әдістер.

Мектепке дейінгі баланың дамуы үшін ең қажеттісі не? Ересектермен және құрбылармен қарым-қатынас, әлеуметтену.

Мектепке дейінгі баламен психодиагностикалық әдістердің қандай түрлерін өткізуге болады? Қандай формада өткізу керек? Байқау, эксперимент, экспертті талдау, сауалнама, тестер. Ойын түрінде өту керек.

Мектепке дейінгі баламен психодиагностикалық әдістерді өткізудің қандай шарттары бар?

Сабақты қорытындылау: Сендер -әлеуметтік қызметкер ретінде әр түрлі категориядағы әр түрлі жастағы адамдармен жұмыс атқарасыңдар. Соның ішінде балалар категориясы ерекше категорияның бірі. Қазіргі күнгі бала - ертеңгі азамат, маман, отбасы иесі, еліміздің болашағы. Сондықтан саналы, салауатты ұрпақ тәрбиелеу- бұл еліміздің бақытты болашағы, берекесі. Баланың қамын ойлаған адам- бұл елдің келешегін ойлаған азамат. Баланың негізгі тәрбиесі – отбасы тәрбиесі, ата-аналық тәрбие. Өкінішке орай көптеген біздің кішкентай ғана отандастарымыз жетімсіреп, тастанды атанып, отбасылық тәрбиеден жұрдай болып жатыр. Әлеуметтік-психологиялық көмекке мұқтаж балалармен жұмыс істеу жауапкершілікті, адамгершілік қасиеттердің болуын талап етеді. Сондықтан сендер әлеуметтік қызметкердің кәсіби- тұлғалық портретін жасап көріңдер.

1-топ, 2-топ- балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік қызметкердің тұлғалық қасиеттері. Баланы түсіне білу; мейірімділік, жұмсақтық; кішіпейілділік, сыйластық; өмірді жақсы көру; толеранттылық; жауапкершілік; энтузиазм; жақсы есте сақтау қабілеті; адамдардың есімін атау; басқаларға қамқор бола білу, уәдеңде тұру, т.б.

3-топ, 4-топ- балалармен жұмыс істеуде әлеуметтік қызметкердің кәсіби қасиеттері. Тиянақтылық, құжаттарға тақуалдылық, жұмыс белсенділігінің жоғарылығы, жоспар құра білу қабілеті, басқа мамандармен, қызметкерлермен тіл табыса білу, өз ісін соңына дейін жеткізу, идеяларды іске асыру, балаларға қатысты түгел заңдарды білу, құжаттармен жұмыс істей алу, т.б.

Топтық жұмыс. Жауаптарын қорытындылау.

Алдарындағы қағазға бүгінгі сабақ жөнінде пікірлеріңді жазыңдар.

Сабақ несімен ұнады?

Сабақ несімен ұнамады?

Сабақта қандай тапсырмаларды орындадың?






Үй тапсырмасы: Шығарма «Мен балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкер ретінде...», яғни маман ретінде балалармен жұмысты қалай атқарар едіңдер, олардың тағдырларының шешілуіне қалай ат алысар едіңдер? Балалармен қандай жұмыс түрлеріне ерекше мән берер едіңдер? деген сұрақтарға жауапты шығарма түрінде жазыңдар.

Бағалау.

Сабақ соңы: Студенттермен қоштасу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектепке дейінгі балаларды зерттеу ерекшеліктері.

Автор: Макажанова Жулдыз Максутовна

Дата: 02.10.2015

Номер свидетельства: 235571

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) "Мектеп жасына дейінгі балаларды? таным процестерін дамыту"
    ["seo_title"] => string(65) "miektiep-zhasyna-dieiinghi-balalardyn-tanym-protsiestierin-damytu"
    ["file_id"] => string(6) "303523"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1457535712"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(171) "Материал на тему "Мектепке дейінгі ?йымдарда ?ш тілін о?ытуда ойын технологиясыны? ма?ыздылы?ы""
    ["seo_title"] => string(109) "matierial-na-tiemu-miektiepkie-dieiinghi-u-iymdarda-ush-tilin-ok-ytuda-oiyn-tiekhnologhiiasynyn-man-yzdylyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "325537"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1462978368"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(221) "Статья из опыта работы «Балаба?шамен ?амтылма?ан балаларды мектепке дейінгі орталы? жа?дайында т?рбиелеуді? тиімділігі.» "
    ["seo_title"] => string(133) "stat-ia-iz-opyta-raboty-balabak-shamien-k-amtylmag-an-balalardy-miektiepkie-dieiinghi-ortalyk-zhag-daiynda-t-rbiielieudin-tiimdilighi"
    ["file_id"] => string(6) "110055"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1405458790"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(138) "Семинар-практикум:?«Мектепке дейінгі мекемеде жобалау  ?рекетін пайдалану»"
    ["seo_title"] => string(80) "sieminarpraktikumdwaegmiektiepkiedieiinghimiekiemiediezhobalauriekietinpaidalanu"
    ["file_id"] => string(6) "288731"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1454670181"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(130) "«Мектепке дейінгі жаста?ы балаларды? тіл дамыту м?селесіні? ?зектілігі»"
    ["seo_title"] => string(71) "miektiepkiedieiinghizhastagybalalardyntildamytumsieliesininoziektilighi"
    ["file_id"] => string(6) "319116"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1460732969"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства