kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Материал на тему "Мектепке дейінгі ?йымдарда ?ш тілін о?ытуда ойын технологиясыны? ма?ыздылы?ы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мектепке дейінгі ?йымдарда тілін о?ытуда ойын технологиясыны? ма?ыздылы?ы

 Досаева А.А. т?рбиеші Приозерск ?аласы ?М?К «Айналайын» б?бекжайы

«Б?где тілді тек ?ана ?з тіліміз

 ар?ылыт?сінуге болатынды?ын

?мыту?а болмайды.»

                                                                                             К.Д. Ушинский
 

    Мектепке дейінгі ?йымны? бітірушісін т?рбиелеуде ана тілімен те? ж?не бас?а шетелдік тілдерде білім ?лкен р?л ат?арады. Елімізді? Президенті Н. ?. Назарбаев айт?андай: «?аза?стан б?кіл ?лемде хал?ы ?ш тілді пайдаланатын жо?ары білімді ел ретінде танылу?а тиіс. Б?лар: ?аза? тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ?лтаралы? ?атынас тілі ж?не а?ылшын тілі - жа?анды? экономика?а ойда?ыдай кірігу тілі». Сонымен ?атар осы ма?сат?а жету жолында тіл м?селесін с?зге тиек ете отырып, жа?а ?рпа? е? кем дегенде ?ш тілді біліп, ?аза?, орыс ж?не а?ылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты.

     ?аза?станны? білім беру ж?йесіні? ?лемдік білім ке?істігіне біртіндеп ?туі жа?дайында шетел тілдерін о?ытуды? р?лі артады. 12 жылды? білім беруге к?шуді? ?ажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлы?тан ?ткізудегі м?селе жалпы білім беретін мектептерде баланы? білім, білімдік сапасын арттыру, балаларды? бір мезгілде ?ш тілде - ?аза?ша, орысша ж?не а?ылшынша ауызекі с?йлеуді? негізін игеруге к?мектеседі. ?алымдарды? зерттеуінше, бала жас кезінде тілді ?иналмай ?рі еркін ме?гереді екен. Осы ретте Білім ж?не ?ылым министрлігіні? а?ылшын тілін балаба?шадан бастап ?йретуге назар аударуы - д?рыс талап. Б?л тілді ?йренуде мектеп жасына дейінгі балалардан баста?ан ?олайлы. Не??рлым к?п естіп білуге ынталан?ан балаларды? еске са?тау ?абілеті со??рлым жо?ары д?режеде дамиды. Ал ерте жастан бала?а к??іл аудармай оны? жан-жа?ты дамуына к?мек жасамаса? оны? а?ыл-ой, ?абылдау, есте са?тау ?абілеті баяу дамиды. Себебі, баланы? дамуы кішкентайынан бастап ?алыптас?анды?тан, тілді ?йрету м?селесін де ерте баста?ан тиімді екені айтылуда. Мектеп о?ушыларына ?ара?анда мектепке дейінгі жаста?ы балаларды?  еліктегіш ?асиеті жа?сы дамы?ан, сонды?тан олар а?ылшын тілін ?йренгенде азыра? ?иналады. Сонымен ?атар, олар а?ылшын дыбыстарын, с?здерін, с?йлемдерін ?айтала?анды ?натады.                                                                                                                       

    Мектепке дейінгі жаста?ы балалар?а ?ш тілін ?йрету барысында оларды? ?ызы?ушылы?тарын оята отырып, ауызша с?йлеуді? ал?аш?ы да?дыларын ?алыптастырамыз. О?ыту ?дісіні? бастап?ы кезе?інде с?ра?-жауап ?дісі ?олданылады, себебі диалог балаларды ?арапайым ауызша с?йлеуге ?йретіп ?ана ?оймай, сонымен ?атар, ты?дай отырып ??ынуына ж?не ?з ойын жеткізе білуіне ?йретеді. Балаларды ал?аш?ы о?ыту сатысында с?зді жаттау, тілдік ?лгідегі ??ымды т?сіндіру, ?ле? ж?не т.б. ?олданылады. Б?л жатты?уларды? ма?саты балаларды? ?з ойын толы? жеткізуге м?мкіндік береді. Сонды?тан ауызша с?йлемдерді енгізген кезде с?з тіркестерін балалар игеріп ?ана ?оймай тез ??ып алып, ??ымдарды д?рыс ?олдана алатындай етіп ж?ргізу ?ажет. Сондай-а?, ерте кезден о?ыту тілдік кемшіліктерді жою?а ж?не болаша?та тілді тез игеруге к?мектеседі. Бала тез есте са?тау ?шін ойындар, тез жатталатын с?здері ?й?ас та?па?тар, ?ле?дер ?йреткен тиімді.

     5-6 жаста?ы балаларды? негізгі іс-?рекеті ойнау іс-?рекеті болып табылады, сонды?тан ?ш тілін ?йрету ?шін педагог осы факторды ескере отырып ?рт?рлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар ар?ылы педагог балалар?а жа?а с?здерді, с?з тіркестерін ?йрете алады.

    ?ш тілін ерте жастан о?ытуды? ма?саты – мектеп жасына дейінгі балаларды? шетел тілінде ?арым - ?атынас жасай алу негіздерін ме?геруі болып табылады. Ерте жастан шет тілін о?ыту с?билерді? коммуникативті даму біліктілігін арттырады, ?ызы?ушылы?ын ояту?а м?мкіндік береді, бірден к?п тілдерде с?йлеуге м?мкіндік алады. Баланы? шет тіліндегі с?здерді ?абылдауыны? о? ы??айын жасау керек. Сол о? жа?дай жасауды? бірден - бір т?сілі ойын болып табылады.

    Ойын - баланы? білім -білік да?дысын ?алыптастыратын т?рбие ??ралы. Мектепке дейінгі жаста ойын ?рекеті жетекші ?рекет екенін ескере отырып, балалар ?зіні? жеткен н?тижесін ертерек к?ру ?шін ?йымдастырыл?ан о?у - іс ?рекеттерімізде к?біне с?йлеу ?абілетін дамыту?а ба?ыттал?ан ойын формасында ?ткізу ?те тиімді. Балалармен ж?мыс т?жірибесінде шет тілін о?ыту?а ба?ыттал?ан ?р т?рлі ойындарды ке?інен ?олдану?а болады: ережеге негізделген ойындар, р?лдік, білім тере?дету ойындары, лингвистикалы? ойындарды? ?р т?рлі н?с?алары. Ойынды ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетті? ?р кезе?інде пайдалану?а болады. Мысалы, ?йымдастыру б?лімі кезінде фонетикалы? рифмовка алу?а болады. Б?л кезе?де балаларды? саба??а ?ызы?уын жо?алтып алса?, оларды? тілді ?рі ?арай ме?геруі ?иын?а т?седі. Сонды?тан, саба? арасында ойын элементтерін ?олдану саба??а ?ызы?уын, белсенділігін, ойлау ?абілетін дамыту?а, жа?а саба?ты пысы?тау кезе?ін сапалы ?ткізуге материалды толы? ме?геруге к?мектеседі.
    Шет тілін о?ытуда е? негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалы? ?дісті белсенді ?олдану ма?ызды болып табылады. Балаларды д?рыс айту жатты?улары шаршатпауы ?шін ж?не де ?ОІ? к??ілді ?рі ?ызы?ты ?ту і?шін фонетикалы? жатты?улар ойын т?рінде ?олданыл?аны ж?н деп ойлаймыз. Мысалы, фонетикалы? жатты?уды ?р т?рі тіл ?старту?а арнал?ан та?па?тар айт?ызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату ар?ылы жасату?а болады.
    Жа?а с?здер енгізгенде 4-5 жаста?ы балаларды? психофизиологиялы? ерекшеліктеріне аса зор м?н беріледі. Б?л жаста балаларды? с?йлеуі сезім м?шелеріні? за?дылы?тарына ба?ынады. Ашы?, т?рлі-т?сті к?рнекілік кіші жаста?ы балаларды о?ытуда?ы таптырмас к?мекші болып есептеледі. Жа?а с?зді суретпен, немесе ?сем к?рнекіліктермен байланыстыра отырып т?сіндірсе, оны белгілі бір іс-?рекетте ?олданылып к?рсетілсе бала ?те тез ме?геріп кетеді. Бала бір суретті ?айталап к?ре беруден жалы?ады, сонды?тан к?рнекіліктерді тез-тез ауыстырып т?руды? да ма?ызы зор.
    ?йымдастырыл?ан  о?у іс-?рекеттерде 5-6 жаста?ы балалар?а сауса? ойындарын кіріктіріп ?туде о? н?тиже береді. Себебі сауса? ойындары ар?ылы баланы? ?са? ?ол моторикасы ж?не ой-?рісі дамиды.
    Шет тілін о?ытуды мектепке дейінгі мекемелерден бас?а, отбасы ортасында да ж?зеге асыру?а болады. Б?л ?шін педагогикалы? білімні? болуы міндетті емес, жай ?ана ?й жа?дайында балалармен дидактикалы? ойындарды ?йымдастырып ?ткізу ?ана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды шет тілінде атауын ?айталату. Мектепке дейінгі ?йымдарда ата-аналармен байланыста ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеттеріне, ерте?гіліктерге, пікір алмасу ма?сатында д??гелек ?стелге ша?ырылады, сауалнамалар ж?ргізіледі, а?ыл - ке?естер ж?не ?йге жеке тапсырмалар беріледі. Шет тілінде ж?мба?тар, с?зж?мба?тар, лото, лингвистикалы? ойындар, б?лмедегі жи?аздарды орнына ?ою, д?кендерді аралау, телефонмен с?йлесу, т. б. т?рінде де ойналады.

       Ойын тілді ?р жаста тез ме?геруге ?те жа?сы жа?дай жасайды ?рі к?мектеседі Ойын ?р?ашан шешім ?абылдауды ?сынады – ?алай істеу, не айту, ?алай ?ту ?ажет? Осы м?селелерді шешу тілегі ойнаушыларды? ойлау ?рекетін арттырады. Ал егер бала сонымен ?атар шетел тілінде с?йлесе, ол о?ытуды? бай м?мкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар ?шін е? бастысы – еліктіргіш саба?. Ойын кезінде барлы?ы те?. Ол тіпті ?лгерімі т?мен балаларды? да ?олынан келеді.Тіпті тіл даярлы?ынан т?мен бала ойында бастаушы болуы да м?мкін, кей кезде б?л жердегі тап?ышты? пен т?сінгіштік п?нді білуден де ма?ызды болады. Те?дік сезімі, ?уаныш атмосферасы, тапсырманы? ?олынан келетіндігін сезіну – с?зінде бас?а тіл с?здерін еркін ?олдану?а б?гет жасайтын балаларды? ?ялша?ты? сезімін же?уге м?мкіндік береді ж?не о?ыту н?тижесіне жа?ымды ?серін тигізеді. Бай?аусыз тіл материалы ме?геріледі – «мен бас?аларымен бірдей с?йлесе алады екенмін» деген ой бала жадына келеді.

      ?орытындылай келе, ойындар балаларды? таным белсендігін жандандыратын, ?здігінен ойлауын дамытатын т?сілдерді? бірі. Олар кез - келген о?у материалын ?ызы?ты да тартымды ?ылып, балаларды? к??іл - к?йін к?теруге, ?здеріні? ж?мыстарына ?ана?аттану?а ж?не ?тілген та?ырыпты же?іл ме?геруге к?мектеседі. Та?ырыпты ашу барысында ойын ар?ылы дамыту?а арнал?ан тапсырмалар ж?йелі ?олданылып, ?йымдастырылып отырса сонда ?ана педагогты? та?ырып ма?сатын ашуына м?мкіндік береді. Ал, д?рыс та?дау ?шін балаларды? психологиялы? ж?не жас ерекшеліктері мен м?мкіндіктерін білу керек. Тек ?ана осы жа?дайда ?ана, біз к?ткен н?тижелерімізге ?ол жеткізе аламыз. Тиімді ?олдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны ха?. Дамы?ан елу мемлекетті? ?атарына кіру ?шін білімді ?рпа? т?рбиелейік. Себебі, ?аза?станны? болаша?ы білімді ?рпа?ты? ?олында.

  Пайдалан?ан ?дебиеттер:

1.«Ойын ?рекеті ар?ылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
2.Ойын технологиясыны? ерекшеліктері // Интернет.
3.Креативтілікті дамытуда?ы ойын технологиясы // Интернет.
4. «Шет тілін о?ыту ?дістемесі» Аманды?ова Г.Н, М?хтарова Ш.Е,

     Байм??анова Б.С

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Материал на тему "Мектепке дейінгі ?йымдарда ?ш тілін о?ытуда ойын технологиясыны? ма?ыздылы?ы"»

Мектепке дейінгі ұйымдарда үш тілін оқытуда ойын технологиясының маңыздылығы

Досаева А.А. тәрбиеші Приозерск қаласы ҚМҚК «Айналайын» бөбекжайы

«Бөгде тілді тек қана өз тіліміз

арқылытүсінуге болатындығын

ұмытуға болмайды.»

К.Д. Ушинский

Мектепке дейінгі ұйымның бітірушісін тәрбиелеуде ана тілімен тең және басқа шетелдік тілдерде білім үлкен рөл атқарады. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев айтқандай: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі». Сонымен қатар осы мақсатқа жету жолында тіл мәселесін сөзге тиек ете отырып, жаңа ұрпақ ең кем дегенде үш тілді біліп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін білу тиіс екендігін айтты.

Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізудегі мәселе жалпы білім беретін мектептерде баланың білім, білімдік сапасын арттыру, балалардың бір мезгілде үш тілде - қазақша, орысша және ағылшынша ауызекі сөйлеудің негізін игеруге көмектеседі. Ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін балабақшадан бастап үйретуге назар аударуы - дұрыс талап. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың  еліктегіш қасиеті жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тілін үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерін, сөйлемдерін қайталағанды ұнатады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға үш тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырамыз. Оқыту әдісінің бастапқы кезеңінде сұрақ-жауап әдісі қолданылады, себебі диалог балаларды қарапайым ауызша сөйлеуге үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, тыңдай отырып ұғынуына және өз ойын жеткізе білуіне үйретеді. Балаларды алғашқы оқыту сатысында сөзді жаттау, тілдік үлгідегі ұғымды түсіндіру, өлең және т.б. қолданылады. Бұл жаттығулардың мақсаты балалардың өз ойын толық жеткізуге мүмкіндік береді. Сондықтан ауызша сөйлемдерді енгізген кезде сөз тіркестерін балалар игеріп қана қоймай тез ұғып алып, ұғымдарды дұрыс қолдана алатындай етіп жүргізу қажет. Сондай-ақ, ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді.

5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан үш тілін үйрету үшін педагог осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы педагог балаларға жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үйрете алады.

Үш тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың шетел тілінде қарым - қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан шет тілін оқыту сәбилердің коммуникативті даму біліктілігін арттырады, қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Баланың шет тіліндегі сөздерді қабылдауының оң ыңғайын жасау керек. Сол оң жағдай жасаудың бірден - бір тәсілі ойын болып табылады.

Ойын - баланың білім -білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Мектепке дейінгі жаста ойын әрекеті жетекші әрекет екенін ескере отырып, балалар өзінің жеткен нәтижесін ертерек көру үшін ұйымдастырылған оқу - іс әрекеттерімізде көбіне сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған ойын формасында өткізу өте тиімді. Балалармен жұмыс тәжірибесінде шет тілін оқытуға бағытталған әр түрлі ойындарды кеңінен қолдануға болады: ережеге негізделген ойындар, рөлдік, білім тереңдету ойындары, лингвистикалық ойындардың әр түрлі нұсқалары. Ойынды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Бұл кезеңде балалардың сабаққа қызығуын жоғалтып алсақ, олардың тілді әрі қарай меңгеруі қиынға түседі. Сондықтан, сабақ арасында ойын элементтерін қолдану сабаққа қызығуын, белсенділігін, ойлау қабілетін дамытуға, жаңа сабақты пысықтау кезеңін сапалы өткізуге материалды толық меңгеруге көмектеседі.
Шет тілін оқытуда ең негізгі орын фонетика екенін ескере отырып, фонетикалық әдісті белсенді қолдану маңызды болып табылады. Балаларды дұрыс айту жаттығулары шаршатпауы үшін және де ҰОІӘ көңілді әрі қызықты өту іүшін фонетикалық жаттығулар ойын түрінде қолданылғаны жөн деп ойлаймыз. Мысалы, фонетикалық жаттығуды әр түрі тіл ұстартуға арналған тақпақтар айтқызу, ертегі айтып беру, ойындар ойнату арқылы жасатуға болады.
Жаңа сөздер енгізгенде 4-5 жастағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне аса зор мән беріледі. Бұл жаста балалардың сөйлеуі сезім мүшелерінің заңдылықтарына бағынады. Ашық, түрлі-түсті көрнекілік кіші жастағы балаларды оқытудағы таптырмас көмекші болып есептеледі. Жаңа сөзді суретпен, немесе әсем көрнекіліктермен байланыстыра отырып түсіндірсе, оны белгілі бір іс-әрекетте қолданылып көрсетілсе бала өте тез меңгеріп кетеді. Бала бір суретті қайталап көре беруден жалығады, сондықтан көрнекіліктерді тез-тез ауыстырып тұрудың да маңызы зор.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерде 5-6 жастағы балаларға саусақ ойындарын кіріктіріп өтуде оң нәтиже береді. Себебі саусақ ойындары арқылы баланың ұсақ қол моторикасы және ой-өрісі дамиды.
Шет тілін оқытуды мектепке дейінгі мекемелерден басқа, отбасы ортасында да жүзеге асыруға болады. Бұл үшін педагогикалық білімнің болуы міндетті емес, жай ғана үй жағдайында балалармен дидактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізу ғана жеткілікті, мысалы ас дайындау, немесе серуен кезінде белгілі бір заттарды шет тілінде атауын қайталату. Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен байланыста ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне, ертеңгіліктерге, пікір алмасу мақсатында дөңгелек үстелге шақырылады, сауалнамалар жүргізіледі, ақыл - кеңестер және үйге жеке тапсырмалар беріледі. Шет тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т. б. түрінде де ойналады.

Ойын тілді әр жаста тез меңгеруге өте жақсы жағдай жасайды әрі көмектеседі Ойын әрқашан шешім қабылдауды ұсынады – қалай істеу, не айту, қалай ұту қажет? Осы мәселелерді шешу тілегі ойнаушылардың ойлау әрекетін арттырады. Ал егер бала сонымен қатар шетел тілінде сөйлесе, ол оқытудың бай мүмкіндігін ашады. Балалар ол туралы ойланбайды. Ойын олар үшін ең бастысы – еліктіргіш сабақ. Ойын кезінде барлығы тең. Ол тіпті үлгерімі төмен балалардың да қолынан келеді.Тіпті тіл даярлығынан төмен бала ойында бастаушы болуы да мүмкін, кей кезде бұл жердегі тапқыштық пен түсінгіштік пәнді білуден де маңызды болады. Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы, тапсырманың қолынан келетіндігін сезіну – сөзінде басқа тіл сөздерін еркін қолдануға бөгет жасайтын балалардың ұялшақтық сезімін жеңуге мүмкіндік береді және оқыту нәтижесіне жағымды әсерін тигізеді. Байқаусыз тіл материалы меңгеріледі – «мен басқаларымен бірдей сөйлесе алады екенмін» деген ой бала жадына келеді.

Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана педагогтың тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді. Ал, дұрыс таңдау үшін балалардың психологиялық және жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін білу керек. Тек қана осы жағдайда ғана, біз күткен нәтижелерімізге қол жеткізе аламыз. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік. Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Ойын әрекеті арқылы белсенділікке баулу». Петров А.В. 2001.
2.Ойын технологиясының ерекшеліктері // Интернет.
3.Креативтілікті дамытудағы ойын технологиясы // Интернет.
4. «Шет тілін оқыту әдістемесі» Амандықова Г.Н, Мұхтарова Ш.Е,

Баймұқанова Б.С



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Досаева Амина Амангельдиевна

Дата: 11.05.2016

Номер свидетельства: 325537


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства