kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья из опыта работы «Балаба?шамен ?амтылма?ан балаларды мектепке дейінгі орталы? жа?дайында т?рбиелеуді? тиімділігі.»

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Балаба?шамен ?амтылма?ан балаларды мектепке дейінгі орталы? жа?дайында т?рбиелеуді? тиімділігі.»

Орында?ан: МК?К  «Алпамыс»

балаба?шасыны? ме?герушісі

Ес?али  За?и  Алма?амбет?ызы

 

?мірді? е? бір ?ызы?ы, ол – т?лім-т?рбие беру

?л - Фараби

 

?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасында «Мектепке дейінгі т?рбие – ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы сатысы. Ол баланы? жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталы?» делінген. ?лемдік білім ке?істігінде мектепке дейінгі педагогиканы? м?селелерін шешуде т?рбиелеу мен білім беруді? жа?аша жетілдірілген ?діс-т?сілдерін іздестіру, ?немі жа?алы??а жол ашу ба?ыттары ?арастырылуда. ?асырдан астам тарихы бар ж?не ?лемдік ?о?амдасты?та балалар?а мектепке дейінгі т?рбие мен білім беруді? негізгі нысаны ретінде сыннан ?ткен балаба?ша б?гіні де ?здіксіз білім беруді? ал?аш?ы баспалда?ыны? ?лгісі болып ?алып отыр.

Балаба?шалар желісін арттыру ма?сатында «Балапан» ба?дарламасы бойынша елімізді? т?кпір-т?кпірінен б?бекжайлар ашу ?ол?а алынып, б?гінде б?л ж?мыс ?ар?ынмен даму ?стінде. Десек те, мектепке дейінгі ?йымдарда?ы орын тапшылы?ы м?селесі – к?н т?ртібінен т?скен емес. Балаба?ша?а барма?ан баланы? мектеп ?міріне бейімделуінде ?иыншылы?тар кездеседі. Оларды? т?рбиесі на?ты негізделген ба?дарламамен ж?зеге асырылма?ан. Балалар мен ата-аналар ?шін мектепке даярлау, бейімделуге бірден-бір септігі тиетін консультациялы? пункттерді? ?ажеттігі ?зекті м?селені? бірі.

Бізді? «Алпамыс» мемлекеттік коммуналды? ?азыналы? к?сіпорны ?аланы? шет айма?ында орналас?ан. Ашыл?анына 4 жыл бол?ан типтік жобада?ы балаба?ша 140 бала?а лайы?тал?ан. ?аланы? шет айма?ы деп атап ?ткендей, балаба?ша кезегінде б?гінде ж?здеген бала кезекте т?р. Осы м?селені тиімді шешуді? бірден бір жолы – б?л балаба?ша жанынан ашыл?ан ата-аналар?а арнал?ан консультациялы? пункт. М?нда ата-аналар балаба?ша жасында?ы балаларын ?келіп, арнайы ж?мыс жоспары бойынша ж?ргізілетін о?у іс-?рекеттерге ?атыстыра алады. Ж?не м?нда педагог, психологтардан ке?ес алу?а м?мкіндік бар.

Атап ?тейін, осыдан ?ш жыл б?рын, 2011 жылы балаба?шамызда «Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік ?ріптестік" та?ырыбында республикалы? семинар ?тті. Елімізді? т?кпір-т?кпірінен жинал?ан мектепке дейінгі мекеме ?ызметкерлеріні? басын ?ос?ан жиында біз ата-анамен ты?ыз байланыс жасауды? тиімді жолын т?жірибе ретінде к?рсеттік. Ж?не семинар?а ?атысушылар б?л ж?мыс?а о? ба?асын берді. Я?ни, баласы балаба?шамен ?амтылма?ан ата-анамен онлайн ж?йесі ар?ылы байланысты?. Ата-ана педагогтардан ?й жа?дайында баланы т?рбиелеуді? тиімді тетіктерін біле отырып, баланы ?ызы?тыратын ойын ??ралдарымен танысып, ке?ес алды. Міне сол ?рдіс балаба?шада ?лі к?нге дейін жал?асып келеді.

Балаба?шамен ?амтылма?ан баланы т?рбиелеу процесі м?лтек ауданда социологиялы? зерттеу ж?мыстарынан басталады. Б?л дегеніміз, біз балаба?ша аума?ында орналас?ан ?йді ?йді аралап, балаба?ша жасында?ы бал?ындарды аны?таймыз. Ол ?шін консультациялы? пунктте арнайы картаны пайдалана отырып, к?шелерді, ?й н?мірлерін белгілейміз. Міне, осыдан со?, ?й иелері, я?ни ата-аналармен пікірлесіп, балаба?шамен ынтыма?тасты? орнатуына м?мкіндік бар екенін т?сіндіреміз. На?ты дерек: б?гінде «Алпамыста» балаба?шамен ?амтылма?ан  9 бала?а о?у-т?рбие ж?мыстары ж?ргізілуде. Алда?ы уа?ытта оларды? ?атарын арттыру жоспарлануда.

Балаба?шамен ?амтылма?ан баланы? ата-анасы арнайы ?тініш пара?ын толтыру ар?ылы баласыны? тек ?й т?рбиесінде емес, балаба?шаны? т?лімін т?йсінуіне м?мкіндік ту?ызады. ?з ісіні? мамандары атан?ан педагог, психолог, д?рігерлер б?л балаларды? денсаулы?ын, ?арым-?абілетін, ойлау, с?йлеу де?гейін бірте-бірте зерттей бастайды. ?рине бал?ындар?а ?р аптаны? сенбі к?ні жоспар бойынша  о?у-іс ?рекеті ?йымдастырылып, танымды? шаралар ж?ргізіледі. Ал балаба?шада?ы консультациялы? пункттен ата-ана баласыны?  ?з жасында?ы бал?ындардан ерекшелігі бар ма, ?арым-?абілеті ?андай деген сауалдар?а жауап алады. Онымен ?оса ?й жа?дайында баласын ?алай т?рбиелеуді? жолдары туралы да мамандар ке?естеріне ж?гінуіне м?мкіндік бар.

Жалпы, аталмыш ?ызметті? ма?саты: мектепке дейінгі ?йымдар?а бармайтын ерте ж?не мектепалды жаста?ы  балаларды т?рбиелейтін жан?ялар?а  педагогикалы? к?мек к?рсету. Ал міндеттеріне мыналар жатады:

-жан?яны? дара психологиялы?-педагогикалы? ?олдануын ?амтамасыз ету;

-жан?яны?  т?рбиелік ?леуетін байыту;

- дамуында ауыт?улары бар балаларды дер кезінде аны?тау;

- балалармен дамыту ж?мыстарын  ж?зеге асыру.

«Баланы  б?зу?а,  т?зеуге   себеп   болатын бір   шарт  -   жас   к?нде   к?рген   ?неге» деп белгілі жазушы Ж?сіпбек   Аймауытов айтпа?шы, баланы т?рбиелеу ісі ?ашанда ма?ызды. ?сіресе мектепке дейінгі мекемеде т?рбиеленген бала о?у?а ?зір, орта?а бейім, ашы? болып келеді. Б?л ретте бала т?рбиесін тек балаба?ша т?рбиешілеріні? міндеті деп ?арамай, отбасында да т?лім ?станымы мы?ты болуы шарт.

Сондай-а? біз апта сайын баласы балаба?шамен ?амтылма?ан ата-аналармен онлайн ж?йесімен байланыс?а шы?ып, оларды тол?андыр?ан сауалдар?а жауап береміз. М?селен, аптасына бір рет ?атысатын о?у-іс ?рекетін бал?ын ?ткізіп алса, т?рбиеші ата-ана?а ол кезде ?андай сауат ашу ж?мысыны? ж?ргізілгенін интернет ар?ылы т?сіндіреді. Керек десе?із, баланы ?ызы?тыратын ойын саба?тарын да педагог ата-ана?а онлайн байланыс ар?ылы жеткізуіне м?мкіндік бар. Міне, ?аламыз бойынша «Алпамыс» балаба?шасы -  б?л жа?ашыл ба?ытта ж?мыс жасайтын бірден-бір т?лім орны екенін атап ?ткім келеді.

Т?жірибеден ?ткен іс ?ана ?зіні? на?ты н?тижесін береді. Баласы балаба?шамен ?амтылма?ан ата-аналармен ж?мыс істеу барысында біз бала т?рбиесіне ?атысты ай?ын ма?сатты іске асыру?а ?ле ?оса білдік деп айта аламын. ?рине б?л ба?ытта ат?арылар іс ау?ымды.

Енді осы педагогикалы? ?жым бас ?ос?ан тамыз м?слихатында мен ?з та?ырыбыма ?атысты мынадай ?сыныстарды ал?а ?ойдым:

  • біріншіден, консультациялы? пункт ?ызметін онан ?рі жетілдіре т?су ба?ытында, бала дамуы мен т?рбиесі саласында м?селелерді шешуге к?мектесетін  а?а т?рбиеші штатын ашу;
  • екіншіден, ата-аналарды а?арту, оларды педагогикалы? ?діс-т?сілдер туралы а?параттандыратын, бала дамуыны? жеке ерекшеліктеріне негізделген коррекциялы? ж?не дамыту технологиялармен таныстарын ?дістемелік к?мек ?йымдастыру;
  • ?шіншіден, консультациялы? пункт ?ызметкерлері ?шін жа?а о?ыту технологиялары ?амтыл?ан ?дістемелік жина?тау.
  • Бала тіліні? даму де?гейін аны?тайтын, ата-ана?а бала с?йлеуіндегі кемшіліктерді жоюды? жолдарын, тілдік ойындар мен жатты?уларды, оларды д?рыс ?олдануды ?сынатын м??алім логопед штатын ашу;

             ?орыта келгенде айтарым, ?р баланы? болаша?ы ?шін ала?дайтын уа?ыт келіп жетті. Ал?аш?ы т?рбие-білім бастауын балаба?шадан алатын бал?ындар білім оша?ында ?зіні? таным-т?йсігімен ерекшеленетіні с?зсіз. Ал ?й жа?дайында т?рбиеленген баладан м?ндай жетістікті бай?ау сирек кездеседі.Сонды?тан, балаба?ша жанынан ж?мыс жасайтын консультациялы? пунктті? ?ызметі бала болаша?ына ала?даулы ата-ана ?шін таптырмас м?мкіндік. Б?л ма?сатта ж?ргізген ж?йелі ж?мысыны? н?тижесінде «Алпамыс» балаба?шасы ?аза?стан Республикасы Білім ж?не ?ылым министрлігі ?ткізген мектепке дейінгі ?йымдар арасында?ы «Ата-аналар?а арнал?ан е? ?здік консультациялы? пункт» республикалы? бай?ауынан бас ж?лде иеленді.  Б?л бірігіп жаса?ан е?бекті? соны жемісі. Біз осы ба?ытта ?лі талай ж?мыс ат?аруды жоспарлаудамыз. Себебі, жар?ын болаша??а жол бастар ?скеле? ?рпа?ты т?рбиелеу – басты парызымыз! 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья из опыта работы «Балаба?шамен ?амтылма?ан балаларды мектепке дейінгі орталы? жа?дайында т?рбиелеуді? тиімділігі.» »

«Балабақшамен қамтылмаған балаларды мектепке дейінгі орталық жағдайында тәрбиелеудің тиімділігі.»




Орындаған: МКҚК «Алпамыс»

балабақшасының меңгерушісі

Есқали Зағи Алмағамбетқызы







Өмірдің ең бір қызығы, ол – тәлім-тәрбие беру
Әл - Фараби


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие – үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген. Әлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мәселелерін шешуде тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс-тәсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Ғасырдан астам тарихы бар және әлемдік қоғамдастықта балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі нысаны ретінде сыннан өткен балабақша бүгіні де үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағының үлгісі болып қалып отыр.

Балабақшалар желісін арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен бөбекжайлар ашу қолға алынып, бүгінде бұл жұмыс қарқынмен даму үстінде. Десек те, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселесі – күн тәртібінен түскен емес. Балабақшаға бармаған баланың мектеп өміріне бейімделуінде қиыншылықтар кездеседі. Олардың тәрбиесі нақты негізделген бағдарламамен жүзеге асырылмаған. Балалар мен ата-аналар үшін мектепке даярлау, бейімделуге бірден-бір септігі тиетін консультациялық пункттердің қажеттігі өзекті мәселенің бірі.

Біздің «Алпамыс» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны қаланың шет аймағында орналасқан. Ашылғанына 4 жыл болған типтік жобадағы балабақша 140 балаға лайықталған. Қаланың шет аймағы деп атап өткендей, балабақша кезегінде бүгінде жүздеген бала кезекте тұр. Осы мәселені тиімді шешудің бірден бір жолы – бұл балабақша жанынан ашылған ата-аналарға арналған консультациялық пункт. Мұнда ата-аналар балабақша жасындағы балаларын әкеліп, арнайы жұмыс жоспары бойынша жүргізілетін оқу іс-әрекеттерге қатыстыра алады. Және мұнда педагог, психологтардан кеңес алуға мүмкіндік бар.

Атап өтейін, осыдан үш жыл бұрын, 2011 жылы балабақшамызда «Мектепке дейінгі білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік" тақырыбында республикалық семинар өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің басын қосқан жиында біз ата-анамен тығыз байланыс жасаудың тиімді жолын тәжірибе ретінде көрсеттік. Және семинарға қатысушылар бұл жұмысқа оң бағасын берді. Яғни, баласы балабақшамен қамтылмаған ата-анамен онлайн жүйесі арқылы байланыстық. Ата-ана педагогтардан үй жағдайында баланы тәрбиелеудің тиімді тетіктерін біле отырып, баланы қызықтыратын ойын құралдарымен танысып, кеңес алды. Міне сол үрдіс балабақшада әлі күнге дейін жалғасып келеді.

Балабақшамен қамтылмаған баланы тәрбиелеу процесі мөлтек ауданда социологиялық зерттеу жұмыстарынан басталады. Бұл дегеніміз, біз балабақша аумағында орналасқан үйді үйді аралап, балабақша жасындағы балғындарды анықтаймыз. Ол үшін консультациялық пунктте арнайы картаны пайдалана отырып, көшелерді, үй нөмірлерін белгілейміз. Міне, осыдан соң, үй иелері, яғни ата-аналармен пікірлесіп, балабақшамен ынтымақтастық орнатуына мүмкіндік бар екенін түсіндіреміз. Нақты дерек: бүгінде «Алпамыста» балабақшамен қамтылмаған 9 балаға оқу-тәрбие жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта олардың қатарын арттыру жоспарлануда.

Балабақшамен қамтылмаған баланың ата-анасы арнайы өтініш парағын толтыру арқылы баласының тек үй тәрбиесінде емес, балабақшаның тәлімін түйсінуіне мүмкіндік туғызады. Өз ісінің мамандары атанған педагог, психолог, дәрігерлер бұл балалардың денсаулығын, қарым-қабілетін, ойлау, сөйлеу деңгейін бірте-бірте зерттей бастайды. Әрине балғындарға әр аптаның сенбі күні жоспар бойынша оқу-іс әрекеті ұйымдастырылып, танымдық шаралар жүргізіледі. Ал балабақшадағы консультациялық пункттен ата-ана баласының өз жасындағы балғындардан ерекшелігі бар ма, қарым-қабілеті қандай деген сауалдарға жауап алады. Онымен қоса үй жағдайында баласын қалай тәрбиелеудің жолдары туралы да мамандар кеңестеріне жүгінуіне мүмкіндік бар.

Жалпы, аталмыш қызметтің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын ерте және мектепалды жастағы балаларды тәрбиелейтін жанұяларға педагогикалық көмек көрсету. Ал міндеттеріне мыналар жатады:

-жанұяның дара психологиялық-педагогикалық қолдануын қамтамасыз ету;

-жанұяның тәрбиелік әлеуетін байыту;

- дамуында ауытқулары бар балаларды дер кезінде анықтау;

- балалармен дамыту жұмыстарын жүзеге асыру.

«Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге» деп белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов айтпақшы, баланы тәрбиелеу ісі қашанда маңызды. Әсіресе мектепке дейінгі мекемеде тәрбиеленген бала оқуға әзір, ортаға бейім, ашық болып келеді. Бұл ретте бала тәрбиесін тек балабақша тәрбиешілерінің міндеті деп қарамай, отбасында да тәлім ұстанымы мықты болуы шарт.

Сондай-ақ біз апта сайын баласы балабақшамен қамтылмаған ата-аналармен онлайн жүйесімен байланысқа шығып, оларды толғандырған сауалдарға жауап береміз. Мәселен, аптасына бір рет қатысатын оқу-іс әрекетін балғын өткізіп алса, тәрбиеші ата-анаға ол кезде қандай сауат ашу жұмысының жүргізілгенін интернет арқылы түсіндіреді. Керек десеңіз, баланы қызықтыратын ойын сабақтарын да педагог ата-анаға онлайн байланыс арқылы жеткізуіне мүмкіндік бар. Міне, қаламыз бойынша «Алпамыс» балабақшасы - бұл жаңашыл бағытта жұмыс жасайтын бірден-бір тәлім орны екенін атап өткім келеді.

Тәжірибеден өткен іс қана өзінің нақты нәтижесін береді. Баласы балабақшамен қамтылмаған ата-аналармен жұмыс істеу барысында біз бала тәрбиесіне қатысты айқын мақсатты іске асыруға үле қоса білдік деп айта аламын. Әрине бұл бағытта атқарылар іс ауқымды.

Енді осы педагогикалық ұжым бас қосқан тамыз мәслихатында мен өз тақырыбыма қатысты мынадай ұсыныстарды алға қойдым:

  • біріншіден, консультациялық пункт қызметін онан әрі жетілдіре түсу бағытында, бала дамуы мен тәрбиесі саласында мәселелерді шешуге көмектесетін аға тәрбиеші штатын ашу;

  • екіншіден, ата-аналарды ағарту, оларды педагогикалық әдіс-тәсілдер туралы ақпараттандыратын, бала дамуының жеке ерекшеліктеріне негізделген коррекциялық және дамыту технологиялармен таныстарын әдістемелік көмек ұйымдастыру;

  • үшіншіден, консультациялық пункт қызметкерлері үшін жаңа оқыту технологиялары қамтылған әдістемелік жинақтау.

  • Бала тілінің даму деңгейін анықтайтын, ата-анаға бала сөйлеуіндегі кемшіліктерді жоюдың жолдарын, тілдік ойындар мен жаттығуларды, оларды дұрыс қолдануды ұсынатын мұғалім логопед штатын ашу;

Қорыта келгенде айтарым, әр баланың болашағы үшін алаңдайтын уақыт келіп жетті. Алғашқы тәрбие-білім бастауын балабақшадан алатын балғындар білім ошағында өзінің таным-түйсігімен ерекшеленетіні сөзсіз. Ал үй жағдайында тәрбиеленген баладан мұндай жетістікті байқау сирек кездеседі.Сондықтан, балабақша жанынан жұмыс жасайтын консультациялық пункттің қызметі бала болашағына алаңдаулы ата-ана үшін таптырмас мүмкіндік. Бұл мақсатта жүргізген жүйелі жұмысының нәтижесінде «Алпамыс» балабақшасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген мектепке дейінгі ұйымдар арасындағы «Ата-аналарға арналған ең үздік консультациялық пункт» республикалық байқауынан бас жүлде иеленді. Бұл бірігіп жасаған еңбектің соны жемісі. Біз осы бағытта әлі талай жұмыс атқаруды жоспарлаудамыз. Себебі, жарқын болашаққа жол бастар өскелең ұрпақты тәрбиелеу – басты парызымыз!






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Автор: Ескали Заги Алмагамбетовна

Дата: 16.07.2014

Номер свидетельства: 110055


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства