Сәлеметсіздер ме! Менің атым Шынар. Бүгін мен сіздермен жүргізетін психологиялық сағатымыз қарым-қатынасқа қатысты болмақ. Қарым-қатынас деген не?
Ойларын тыңдап аламын.
Қарым қатынас біздің өміріміздегі маңызды орын алатын құбылыс. Ол бізге су немесе тағам сияқты қажеттіліктің бірі. Толық жалғыздықта адамда алтыншы күнде есту және көру галлюцинациялары басталады. Қарым қатынас ол мәліметтермен тіл және жест арқылы алмасу.
Жақсы, енді алдымен сіздермен танысып алайық, ол үшін келесі жаттығуды қолдансақ.
1. «Танысу шеңбері» жаттығу
Уақыты: 10 минут.
Мақсаты: Тренинг қатысушыларымен танысу, жұмыс жасауға деген жағымды қатынас.
Жүргізуші алдымен өз атын атайды, келесі қатысушы жүргізуші атын, содан кейін өз атын айтады. Келесі қатысушы алдындағы екі адамның есімін, содан кейін өз есімін атайды. Осылайша, соңғы қатысушыға дейін жалғастырады.
Талқылау:
– Өз есіміңді басқа адам жаңылмай атағанда қандай сезімде болдың?
2. «Кезек» жаттығуы
Уақыты: 15 минут.
Мақсаты: Коммуникативті мінез-құлықты дамыту.
Уақыты: 5 мин.
Нұсқау: Қазір барлығымыз орнымыздан тұрып, екі қатарға тұра қалайық. Мен атаған пікірлер бойынша орнымызды ауыстырамыз:
Шашының ұзындығы бойынша:
Бойының ұзындығы бойынша;
Есімдерінің бірінші әрпінің алфавиттік бірізділігімен;
Туған айлары бойынша;
Қолдарыңның температурасы бойынша;
Содан кейін жалпы талқылау жүргізіледі.
Ойынның барлық сәттеріне талдау жасалынады. Балалардан бір команда болып, айтылған нұсқауларды орындай алуда қандай қиындықтардың болғаны, ненің жеңіл болғаны туралы сөз қозғалынады.
3. «Пианино» жаттығуы
Уақыты: 10 минут.
Мақсаты: Вербалды емес қарым-қатынасты, балалардың өзара келісімге келе алуын дамыту, зейінін шоғырландыра алуға үйрету.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады, әр қатысушы өзінің оң қолын оң жақтағы көршісінің тізесіне, сол қолын сол жақ көршісінің тізесіне қояды. Жүргізушінің командасымен кезекпен пианинодағыдай алақандарымен тізелерін шапалақтау арқылы бірізділікті сақтау керек. Жаттығу біртіндеп жылдамырақ орындалады. Шатысқан оқушылар алақаны ойыннан шығып отырады.
4. «Жағымды сөйлейік» жаттығуы. Кері байланыс.
Уақыты: 10-15 минут.
Мақсаты: сабақты позитивті күйде аяқтау.
Жүргізуші қатысушыларға бір біріне жасаған жұмыстары үшін алғыс айтуды ұсынады.
Сұрақтар:
Біздің бүгінгі тренингіміздің тақырыбы өзекті деп есептейсіздер ме?
Қай жаттығу сіздерге көбірек ұнады?
Өз белсенділігіңізді қалай сипаттар едіңіз?
Не ұнамады? Неліктен?
Болашақта қандай тақырыптар бойынша жұмыс жасауды ұсынасыз?
Барлықтарыңыздың жасаған жұмыстарыңыз үшін рахмет айтамын! Келесі кездескенше!
Психологиялық сағат сәттерінен...
Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі