Мақсаты: балалардың коммуникативті қабілеттілігін дамыту, сенімді қарым – қатынас қабілеттілікті дамыту
Міндеті:
- Топ арасында ұйымшылдықты арттыру.
- Ұжымда балалардың бірін – бірі жақсы тануға мүмкіндік жасау.
- Топ арасында жағымды қарым – қатынас қалыптастыру.
- Адамдармен, өз - өзімен дұрыс қарым –қатынас қалыптастыру.
Көрнекіліктер: таратпа қағаздар,стикерлер, суреттер, қағаз майлықтар
Сабақтың түрі: тренинг сабақ
Сабақ барысы :
Кіріспе
Сәлемдесу жаттығуы: «Қуанышты амандасу» .
Балалар әртүрлі халықтардың амандасу рәсімдері арқылы бір – бірімен амандасады.
Алақананын бір – біріне түйістіріп, сәл еңкею ( Қытай халқы)
Қолды маңдайға түйістіріп, сәл еңкею ( Индия халқы)
Қолды жанға жайып, сәл еңкею ( Япония халқы)
Бір – бірінің көзіне қарап, кол беру арқылы амандасу. ( Германия халқы)
Саусақтардың ұшын тигізу арқылы, қол алысу. ( Малазия халқы)
Сабақтың ережелері :
Бір – бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз
Беленді болу
Құпиялылықты ұстану
« Қазір және осында » принципі
Негізгі бөлім
Балалар «қарым - қатынас» сөзін қалай түсінесіңдер?
Қарым – қатынас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынас жасауы,реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттрін айтамыз.
«Қағаз майлықтар» жаттығуы.
Ортаға қағаз майлықтар беріледі. Балалар өзіне керектей қағаз майлықтар алады. Алынған қағаз майлықтар саны бойынша балалар өздері туралы мәлімет айтады.
Тақтаға вербальды және вербальды емес қарым - қатынас сөздері тақтаға ілінеді.
- Вербальды қарым – қатынас дегеніміз не ?
Тіл, сөйлеу арқылы адамдардың қарым – қатынас жасауы.
«Қызықты оқиға» жаттығуы.
Қатысушылар басынан өткен бір қызықты оқиғаны есіне түсіріп ,баяндап берулеріңіз тиіс.
«Мен кіммін» жаттығуы .
Ортаға тренинге бір қатысушы шығады, оның артына сөз жабыстырылады. Оның артындағы сөзді басқа қатысушылар сөйлемей, ым – ишара арқылы көрсетуі тиіс. Арқасына сөз жабыстырылған қатысушы өзін кім немесе не екенін табуы тиіс.
Балалар сендер бір – біріңмен сөйлемей, ым – ишара арқылы бір - біріңмен қарым – қатынас жасадыңдар. Бұл қарым – қатынас жасаудың түрін вербалды емес қарым – қатынас, яғни адамның бір – бірімен ым - ишара, дене тілі, мимика арқылы қарым – қатынас жасауын вербалды емес қарым – қарым деп атаймыз.
Қорытынды бөлім
Рефлекция. «Көңіл – күй».
Қатысушылар сабақтан алған әсерін, көңіл – күйін стикерге смайликтер арқылы бейнелейді.
«Қоштасу» жаттығуы.
Қатысушылар әр түрлі халықтардың тілінде бір – бірімен қоштасады. Ол үшін балаларға таратпа қағазда жазылған, әртүрлі тілде жазылған қоштасу сөздері таратылады.
"Hasta la Vista". Айтылуы: Аста-ла-вииста
"Despedida". Айтылуы:: Дес-пэ-ди-да
"Adios". Айтылуы: а-тьос "
"Tchau". Айтылуы: Чау
"Adieu". Айтылуы: адью
"Au Revoir". Айтылуы: о-ре-вуар
- Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет.