kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Өмірдің кереметтері"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Өмірдің кереметтері» тренинг сабақ

Мақсаты:Өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынастың дамуы, өзіне деген сенімділік сезімін көтеру.

Жүру барысы:

І.«Мен кіммін» серпімділік ойыны

ІІ. «Сәбіз, жұмыртқа, кофе» аңыз әңгіме

ІІІ. «Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы

ІҮ. «Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы

Ү. «Бәрі де өз қолында» Релаксациялық жаттығу.

ҮІ. Қорытынды

 «Мен кіммін» серпімділік ойыны

            Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтырысу арқылы «Мен кіммін» деген сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипаттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен сезімдері қолданылады. Әрбір сөйлем «Мен»: «Мен қызбын», «Мен көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. деге сөздермен басталуы қажет.

Әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екендігін айтып мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдарды да біздің басқа жақсы жақтарымыздан қарап таң қалдыру үшін, нені сүйіп, нені армандайтындығымызды да білу мақсатында өз іс-әрекетімізді талқылағанымыз жөн.

«Сәбіз, жұмыртқа, кофе» аңыз әңгіме

Әкесіне қызы келіп:
-     Әке, мен шаршадым. Менің өмірім сондай қиын. Әрқашан алдымнан қиын- шылықтар мен кедергілер шығады да тұрады. Ағысқа қарсы жүзіп келем. Күшім де қалмады, - деп мұңын шағады.
         Әкесі тіл қатпастан үш түрлі ыдысқа су құйып отқа қояды. Бірінші ыдысқа - сәбіз, екіншісіне - жұмыртқа, ал үшіншісіне кофе салады. Біраз уақыттан соң судан сәбіз бен жұмыртқаны алып, кофені шыныаяққа құяды да қызынан:
-         Не өзгерді? - деп сұрайды.
-         Жұмыртқа мен сәбіз қайнады, ал кофе еріп кетті, - дейді қыз.
-      Жоқ, қызым. Бұл жай сыртқы көрініс қана. Қара – қатты сәбіз ыстық суда жұмсақ, иілгіш болып шыға келді. Нәзік, сұйық жұмыртқа керісінше, қатты болды. Сырттай қарағанда олар өзгермеген тәрізді. Алайда ыстық судың әсерінен олар ішкі құрылысын да өзгертті. Адамдар да солай. Мықты адам қопарылып, әлсізге айналуы мүмкін. Ал нәзіктер қатайып, беки түседі.
-         Ал кофе ше?
-         О! Бұл өте қызық! Кофе жаңа жағдайға бейімделіп, яғни ыстық суда толықтай еріп, қайнаған суды хошиісті сусынға айналдырды. Кейбір ерекше адамдар бар, қиын жағдайды оңай әрі жеңіл өткереді де, болған нәрседен пайда мен сабақ алады.
Сондықтан, қызым, ешуақытта Алланың берген өміріне налушы болма. Өмірге сынақ үшін келген құлмыз. Жаратушы берген сый – өміріңді тура жолдан таймай, ізгілікке жұмсасаң, жеңіс сенікі болады.

 

 «Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы

      Өзіңді өткен, осы және келер  шақтарда қалай көресің, елестете отырып суретін сал.

Талдау:

Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?

Келешекте өзіңді кім деп көресің?

Қандай қасиеттер сенде пайда болады?

Сен өзіңе не тілер едің?

Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде.» деген фразаны қоса отырып өзінің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы: «Мен бірде дене шынықтыру сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».

«Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы

            Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзін қалай сезінентіндігін кім елестете алады? Шеңбер бойынша тұрыңыздар. Араңыздан біреуіңіз кімге де болса жақындап оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң олар бірігіп тағы да біреуіңіздің қасына барып сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы  қатысушылардың барлығына қошемет көрсетіледі.

            Талдау:  қандай сезімде болғаныңыз туралы әрқайсымыз айтып  береміз.

«Бәрі де өз қолында» Релаксациялық жаттығу.

Денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, өздеріңізге ыңғайлы жайғасыңыздар. Терең дем аламыз, қайта сыртқа шығарамыз. Аяқ-қолымыз босаңсиды. Мен сендерге мәтін оқимын, тыңдап отырып елестетуге тырысыңыздар.

Ерте- ерте заманда, бір ескі шаһарда Ғұлама өмір сүріпті. Оның шәкірттері көп болыпты шәкірттерінің ішінде ең қабілеттісі, ақылдысы: «Ұстазым жауап қайтара алмайтындай, қандай сұрақ қойсам екен?»  деп ойланыпты. Сөйтіп, ол гүл бағына барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Көбелекті  алақанына жасырып, ұстазыңа барады. Көбелек болса баланың алақанына жабысып алып, қытықтайды. Соған қарамастан бала ұстазына келіп: -Айтыңызшы, қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме? -деп сұрақ қояды. Бала іштей: «Егер көбелекті тірі десе, көбелекті қысып өлтіре салармын, ал өлі десе, ұшыра салармын»- деп ойлайды.  Сонда ғұлама баланың қолына қарамастан: «Бәрі де өз қолында»  деп жауап берген екен.

1,2,3 бойымызға күш жинап, жұдырығымызды  түйіп, аяғымызды жинап, көзімізді ашамыз.

Талдау: Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар?

Ғұламаның жауабын қалай түсінесіздер?

8. Қорытынды

Дүниедегі ең қымбат нәрсе – ол сенің өз өмірің. Ал ол өз қолыңда. өміріңе қауіп төнсе, ешкім де көмектесе алмайды.

 «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп. Тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік демекпін!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Өмірдің кереметтері"»

Тақырыбы: «Өмірдің кереметтері» тренинг сабақ

Мақсаты:Өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынастың дамуы, өзіне деген сенімділік сезімін көтеру.

Жүру барысы:


І.«Мен кіммін» серпімділік ойыны

ІІ. «Сәбіз, жұмыртқа, кофе» аңыз әңгіме

ІІІ. «Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы

ІҮ. «Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы

Ү. «Бәрі де өз қолында» Релаксациялық жаттығу.

ҮІ. Қорытынды


«Мен кіммін» серпімділік ойыны

Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтырысу арқылы «Мен кіммін» деген сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипаттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен сезімдері қолданылады. Әрбір сөйлем «Мен»: «Мен қызбын», «Мен көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. деге сөздермен басталуы қажет.

Әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екендігін айтып мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдарды да біздің басқа жақсы жақтарымыздан қарап таң қалдыру үшін, нені сүйіп, нені армандайтындығымызды да білу мақсатында өз іс-әрекетімізді талқылағанымыз жөн.

«Сәбіз, жұмыртқа, кофе» аңыз әңгіме

Әкесіне қызы келіп:
-     Әке, мен шаршадым. Менің өмірім сондай қиын. Әрқашан алдымнан қиын- шылықтар мен кедергілер шығады да тұрады. Ағысқа қарсы жүзіп келем. Күшім де қалмады, - деп мұңын шағады.
         Әкесі тіл қатпастан үш түрлі ыдысқа су құйып отқа қояды. Бірінші ыдысқа - сәбіз, екіншісіне - жұмыртқа, ал үшіншісіне кофе салады. Біраз уақыттан соң судан сәбіз бен жұмыртқаны алып, кофені шыныаяққа құяды да қызынан:
-         Не өзгерді? - деп сұрайды.
-         Жұмыртқа мен сәбіз қайнады, ал кофе еріп кетті, - дейді қыз.
-      Жоқ, қызым. Бұл жай сыртқы көрініс қана. Қара – қатты сәбіз ыстық суда жұмсақ, иілгіш болып шыға келді. Нәзік, сұйық жұмыртқа керісінше, қатты болды. Сырттай қарағанда олар өзгермеген тәрізді. Алайда ыстық судың әсерінен олар ішкі құрылысын да өзгертті. Адамдар да солай. Мықты адам қопарылып, әлсізге айналуы мүмкін. Ал нәзіктер қатайып, беки түседі.
-         Ал кофе ше?
-         О! Бұл өте қызық! Кофе жаңа жағдайға бейімделіп, яғни ыстық суда толықтай еріп, қайнаған суды хошиісті сусынға айналдырды. Кейбір ерекше адамдар бар, қиын жағдайды оңай әрі жеңіл өткереді де, болған нәрседен пайда мен сабақ алады.
Сондықтан, қызым, ешуақытта Алланың берген өміріне налушы болма. Өмірге сынақ үшін келген құлмыз. Жаратушы берген сый – өміріңді тура жолдан таймай, ізгілікке жұмсасаң, жеңіс сенікі болады.

 

«Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы

Өзіңді өткен, осы және келер шақтарда қалай көресің, елестете отырып суретін сал.

Талдау:

Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?

Келешекте өзіңді кім деп көресің?

Қандай қасиеттер сенде пайда болады?

Сен өзіңе не тілер едің?

Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде...» деген фразаны қоса отырып өзінің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы: «Мен бірде дене шынықтыру сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».

«Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы

Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзін қалай сезінентіндігін кім елестете алады? Шеңбер бойынша тұрыңыздар. Араңыздан біреуіңіз кімге де болса жақындап оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң олар бірігіп тағы да біреуіңіздің қасына барып сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы қатысушылардың барлығына қошемет көрсетіледі.

Талдау: қандай сезімде болғаныңыз туралы әрқайсымыз айтып береміз.

«Бәрі де өз қолында» Релаксациялық жаттығу.

Денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, өздеріңізге ыңғайлы жайғасыңыздар. Терең дем аламыз, қайта сыртқа шығарамыз. Аяқ-қолымыз босаңсиды. Мен сендерге мәтін оқимын, тыңдап отырып елестетуге тырысыңыздар.

Ерте- ерте заманда, бір ескі шаһарда Ғұлама өмір сүріпті. Оның шәкірттері көп болыпты шәкірттерінің ішінде ең қабілеттісі, ақылдысы: «Ұстазым жауап қайтара алмайтындай, қандай сұрақ қойсам екен?»  деп ойланыпты. Сөйтіп, ол гүл бағына барып, ең әдемі көбелекті ұстап алады. Көбелекті  алақанына жасырып, ұстазыңа барады. Көбелек болса баланың алақанына жабысып алып, қытықтайды. Соған қарамастан бала ұстазына келіп: -Айтыңызшы, қолымдағы көбелек тірі ме, өлі ме? -деп сұрақ қояды. Бала іштей: «Егер көбелекті тірі десе, көбелекті қысып өлтіре салармын, ал өлі десе, ұшыра салармын»- деп ойлайды.  Сонда ғұлама баланың қолына қарамастан: «Бәрі де өз қолында»  деп жауап берген екен.

1,2,3 бойымызға күш жинап, жұдырығымызды  түйіп, аяғымызды жинап, көзімізді ашамыз.

Талдау: Жаттығу барысында қандай сезімде болдыңыздар?

Ғұламаның жауабын қалай түсінесіздер?



8. Қорытынды

Дүниедегі ең қымбат нәрсе – ол сенің өз өмірің. Ал ол өз қолыңда. өміріңе қауіп төнсе, ешкім де көмектесе алмайды.

«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп. Тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын түсініп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік демекпін!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Психологу

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
"Өмірдің кереметтері"

Автор: Киреева Сагида Сериковна

Дата: 23.11.2017

Номер свидетельства: 440440

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Мен ?мірді та?даймын "
    ["seo_title"] => string(22) "mien-omirdi-tan-daimyn"
    ["file_id"] => string(6) "160109"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422004639"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "«Қызыққа толы бұл әлем»"
    ["seo_title"] => string(25) "k_yzyk_k_a_toly_bu_l_liem"
    ["file_id"] => string(6) "457675"
    ["category_seo"] => string(14) "estestvoznanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518711683"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(51) ""?аза?станны? жеті кереметі " "
    ["seo_title"] => string(33) "k-azak-stannyn-zhieti-kieriemieti"
    ["file_id"] => string(6) "227171"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1440617421"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(28) "М.Дулатов "?оян" "
    ["seo_title"] => string(16) "m-dulatov-k-oian"
    ["file_id"] => string(6) "182459"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425535400"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "“Т?бі адам болатын бала” (Бердібек Со?па?баев “Мені? атым ?ожа” хикаяты) "
    ["seo_title"] => string(76) "tubi-adam-bolatyn-bala-bierdibiek-sok-pak-baiev-mienin-atym-k-ozha-khikaiaty"
    ["file_id"] => string(6) "183137"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425737914"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства