kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?аза?станны? жеті кереметі "

Нажмите, чтобы узнать подробности

Та?ырыбы:
                     ?аза?станны? жеті кереметі.
Ма?саты: о?ушыларды ?аза?станны? тарихи м?раларымен таныстырып, м?дениетке дегн ?ызы?ушылы?ын арттырып, т?рбиелеу,атамекен  ба?дарламасын   ж?ргізіп  отыру.
1-о?ушы:Б?гін ма?ан керек емес ертегі,
Ертегіні ?з басымда шертеді.
Тарих керек іргетасы халы?ты?,
Іргетассыз ?аланбайды ерте?і.
2-о?ушы: Б?гінгі т?рбие са?атымызда 7 керемет жайында айтылып отыр. Адамзат тарихында ?лем кереметтеріні? саны жетеу ?ана. Неге жетеу? Кездейсо? алынды ма б?л сан? Б?л с?ра?тар?а жауап беру ?шін ?ткенді еске ал?ан арты? емес. Кереметтер туралы ?ыс?аша айтып кетейік.
3-о?ушы: « Жеті» деген санды ?адірлеу к?не заманнан басталады,?асиетті сан болып есептеледі. Ай к?нтізбесін негізге ал?ан есеп бойынша-бір аптада жеті к?н бар, демек, Ай фазалары жеті к?нде бір ?згеріп отырады. Аспан ?лемінде жеті шыра?: К?н, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті ??дайы атымен байланысты болып, оларды? ??рметіне Вавилонда жеті сатылы к?мбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті дегн сан?а табынды.
4-о?ушы. Ендігі ??гіме б?дан к?п ?асыр б?рын с?улет ж?не м?сін ?нері шеберлеріні? ?олымен жасал?ан асыл м?ралар туралы. Суы жо?, тіршілігі жо? Нуби ш?лінде орналас?ан Мысыр пирамидалары да жеті кереметтерді? бірі. Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл б?рын т?р?ызыл?ан, с?улетшісі Имхотеп.
5-о?ушы: На?ыз керемет деп саналатын Хеопс пирамидасыны? биіктігі 147 метр, ?р ?ырыны? ?зынды?ы 235 метр. Пирамиданы? алып жат?ан ала?ы 55 мы?.??лдар азабыны? ку?сі, б?л тарихты ?мыту?а болмайды.
6-о?ушы: К?не тарихты? мыз?ымас ку?сі бол?ан пирамидалар уа?ыт сынынан ?тіп, ?лі де талай ?рпа?тарды? тамашалап ?арайтын м?дени – с?улет ескерткіші ретінде ?ала береді.
7-о?ушы: Тарих атасы- Геродот десек, ?нер атасы, ?нерді? на?ыз алтын бесігі деп Ежелгі Грекия елін атау ?бден орынды. М?нда 3000 жылдай б?рын бейнелеу ж?не бас?а да ?нерлерді? сан алуан т?рлері ?алыптаса бастады. Енді осы тарихты баяндап к?рейік.
8-о?ушы: Классикалы? Грек ?нері тарихынан келіп жеткен аты ?лемге ?йгілі ескерткішті? бірі- Зевс м?сіні. Б?л біз с?з етіп отыр?ан « Жеті кереметті?» бірі.
9-о?ушы:Ендігі с?з Артемида ?ибадатханасы туралы. Эфес жерінде 7-6 ?асырда Артемида ??рметіне салын?ан, Грек ж?ртыны? ма?танышы.
10-о?ушы: Ба?ытымыз Эгей те?ізіндегі Родос аралы. 4-?асырда Родос аралыны? экономикалы? ж?не м?дени жа?ынан г?лденуіне жол ашылды. Родос т?р?ындары к?н ??дайы Гелиос?а айры?ша табын?ан. Арал иесі атан?ан ??дай?а арнап б?рын – с?ды болма?ан ескерткіш орнату Родос азаматтарыны? борышы деп санал?ан. Оны т?р?ызу 12 жыл?а созылды. ??рылысты бас?ар?ан м?сінші Хареске.
11-о?ушы: Кіші Азия, 6-?асыр. Аты сирек естілетін ша?ын ?ана Галикарнас ?аласы. 356- жылы осы елді? патшасы ?з ажалынан д?ние салды. Патшаны? м?рагерлеріні? б?йры?ы бойынша о?ан екі ?абат, биіктігі 40-45 метрлік ?ибадатхана ?рпа?тан ?рпа??а ?лгі болды, кейіннен кесене деп атала бастады.
12-о?ушы: Енді за??ар тау мен телегей те?із ортасында, к?кпен тілдесіп, б?лт б?ркенген тол?ын ?стінде тербетілген ?имарат- Александрия шамшыра?ы туралы с?з. Александрия шамшыра?ы ІІІ ?асырда, Фарос аралы мен ??рлы?ты? арасына салынды. Ж?мысты ж?ргізген архитектор Сострат Книдский.
13-о?ушы: Ба?ытымыз алды??ы Азия, Тигр ж?не Ефрат- жарыса а??ан ?ос ?зен а??арын жайла?ан Месопатамия – м?дениет, т?рмыс – салт, ?нер тарихынан із ?алдыр?ан тамаша ел. Б?л заманымыздан б?рын?ы ?І ?асыр шамасы.Вавилон ша?арында?ы Семирамида аспалы ба?ы-жеті кереметті? бірі.
14-о?ушы: Міне, б?гін біз сіздерге ?лемні? жеті кереметі туралы ?ыс?аша айтып кеттік. Осыларды бір жіпке тізсек, онда:
1.Пирамидалар ( Мысыр)
2.Семирамида ба?ы ( Вавилон )
3.Зевс м?сіні ( Олимпия )
4.Артемида храмы ( Эфес )
5.Родос алыбы ( Родос аралы )
6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )
7.Александрия шамшыра?ы ( Мысыр)
Б?ларды? ?айсысы болса да, м?сін ж?не с?рет ?неріні? те?десі жо? тамаша ?лгілері.
15-о?ушысы: Д?рыс айтасы?. Б?лар ?лемдік т?р?ыдан ал?анда?ы ??ымдар, ал енді ?р елді? ма?танышына, символына айнал?ан кереметтер ?аншама. Мысалы, Эйфель м?нарасы десе, Франция к?з алды?ыз?а келеді. Оларды сырттан барып тамашалаулар эстетикалы? л?ззат алады, ал жергілікті т?р?ындарды? кеудесін ?з Отаныны? м?дени байлы?ына деген ма?таныш пен ?уаныш сезімі
кернейді.
16-о?ушы: Б?гінгі ?аза?станды?тар да ондай ба?ыттан кенде болмаса керек. ?аза?станда?ы тарих, археология, с?улат ж?не монументалды ?нер ескерткіштеріні? саны 25 мы?нан асады. Б?л салада ?аза?стан,Таяу Шы?ыс, Орта Азия, ?ытай, ?нді ж?не Жерорта те?ізі бойында?ы мемлекеттермен те?еседі. Осы ба?ытта біз: «?аза?станда ?ажайыптар к?п, соны? е? керемет жетеуі ?айсысы?» деген сауал?а жауап іздене отырып, ?аза?станны? кереметі деп санайтындарды? тізімін жасау?а, д?лелдеуге тырысып к?рдік. Оны аны?тау ?шін керек дейтін шы?арсыз? Жеті деген ?аза? ?шін ?асиетті сан. Б?гінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, ?з Отаныны? тарихы мен м?дениетін ма?таныш етіп, с?йе білуі тиіс.
17-о?ушы: ?аза? хал?ыны? санасында жеті саны сонау ерте заманнан ?асиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті о? елі»,»Жеті нан» (??дайы беру), б?рын ?аза?тар жеті атадан ас?анша ??да болма?ан.
( О?ушылар жетіге байланысты ма?ал-м?тел айтып кетеді).
Ал енді «?аза?станны? жеті кереметіне» то?тайы?. Бірінші керемет деп біз ежелден ата?ы жер жар?ан Т?ркістан ?аласында орналас?ан, орта ?асырдан ?ал?ан к?гілдір к?мбезді ?аламат ?имарат – Ахмет Иассауи кесенесін алып отырмыз.
18-о?ушы: ?рине, Т?ркістан – Орта Азия мен ?аза?стан халы?тарыны? материалды? ж?не рухани ?мірінде ма?ызды орын ал?ан Шы?ысты? к?не ?алаларыны? бірі. 1500 жылды?ын тойлап ?ткен Т?ркістан-руханият ордасы, о?ан ерекше м?ртебе беру ?ажет. Біра? б?гінгі с?зіміз ?. А. Иассауи ?имараты туралы. Ахмет Иассауи О?т?стік ?аза?станны? Сайрам (б?ры??ы Испиджаб) ?аласында 1103 жылы д?ниеге келген. Ол ал?аш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. ?зіні? ана тілінен бас?а арабша ж?не парсыша с?йлей білген. ?ыпша?, ?а?лы, ?о?ырат ж?не к?не т?ркі тайпалары арасында Ислам дінін уа?ыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы сана?ан халы? оны «?улие ата» атап кеткен.
19-о?ушы: ?ожа Ахмет- ?з ?мірінде а? ?ле?мен жазыл?ан к?п хикметтерді д?ниеге келтірген п?лсапашыл а?ын. Бізді? ?олымыз?а жеткен екі ж?зден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, со??ы 12 жылын ол жер астында жатып, к?н с?улесін к?рмей ?ткізді. Б?кіл Шы?ыс?а ?мірін ж?ргізген ата?ты ?олбасшы А?са? Темір далалы?тар мен ?алалы?тар ?осылып пір т?татын, к?ніне ж?з м?ртебе та?ызым етіп, мін?жат ?ылатын ?ожа Ахметке з?уілім ескерткіш т?р?ызуды ?ол?а алды. Ескерткіш ??рылысын Темір ?арама?ында игі істермен к?рінген М?улен ?байдулла Садыр?а ж?ктейді. Кесене на?ты ?рі гармониялы? жоспармен салын?ан. Екі жа?ы м?нарамен жал?ас?ан бас портал е?селі ар?адан т?рады. ?ожа Ахмет Иассауи кешені порталды- к?мбезді ??рылыс. Оны? к?лемі 46,5х65,5 метр. Орталы? залды? айналасына ?р т?рлі ма?сат?а пайдаланыл?ан ?лкенді-кішілі 35 б?лме орналас?ан. Оны? бірінде сопы а?ынны? м?рдесі жерленген. Орталы? б?лмеде ?олымен жазыл?ан ??ранны? к?шірмесі, діни кітаптар, шежірелер са?таулы.
20-о?ушы:Б?л к?нде ?ожа Ахмет Иассауи ?имараты-шы?ыс халы?тарыны? тамаша с?улет ?нері ж?лдыздарыны? бірі. Жылда 100-150 мы?нан астам адам келіп тамашалайды. Оларды м?нда с?лулы? пен ?лылы?ты? тылсым сырын білуге деген ??штарлы? сезімдері жетелейді.
?ожа Ахмет Иассауи ?имаратында?ы ба?алы ескерткіштерді? бірі – тай?азан. Петергбург Эрмитажынан ?з т??ырына ?айта ?он?ан тай?азанды ?бділ?зиз шебер ??йып жаса?ан. Ол ?аратау ішінен, Ащысай, Мыр?алымсай кеніштерінен тай?азан?а ?ажетті ?орытпа шы?атын тастарын жинап, ?арна? ?аласына жеткізеді де, ?азанды жасау?а кіріседі. Тай?азан дайын бол?анда, оны арба?а тиеп ?келіп, ?ожа Ахмет ?имарат к?мбезіні? астында?ы кіреберіс ?ажайып ке? б?лмесіні? ортасына ?ш б?т етіп иген шойын т??ырды? ?стіне орнатты.

1-о?ушы: Б?дан былай б?л жер «?азанды?» деп аталады. ?аза? ?лысыны? ?ара ша?ыра?ы алыстан к?з тартып, ?р?ашан ?азаны асулы т?рсын деген ырымды ниет етті. Сонды?тан, тай?азанды кереметтерді? санына кіргізуге болады.
2-о?ушы: Ел мен тарихын, ата-бабалар тарихын тере? білуге ?ндеп, ?айта-?айта жадына салып, халы?ты? к?з алдында?ы к?кке бой соз?ан тарихи ескерткіштерді? бірі-Тараз ?аласыны? о?т?стігінде жиырма ша?ты ша?ырым жерде т?р?ан Айша бибі мазары. Айша бибі кесенесі – с?улет ?нері ескерткіші. ХІІ ?асырда салын?ан. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі тарихтан белгілі ?араханны? ?йелібол?ан. К?мбезді сол ?арахан сал?ыз?ан, с?улетші туралы на?ты дерек жо?. Халы?ты? ауызында?ы а?ыз?а ?ара?анда Айша бибі Тараз ?аласында ?араханды ?арсы алу?а аттанады. Тараз?а жа?ындап ?ал?анда ?асында?ы ??рбыларымен бірге ?зенге шомылады, ?зенні? жа?асында жылан ша?ып ?айтыс болады. Б?гінгі к?нде айша бибі мазары ма?ынан адам ?зілмейді. ?сіресе, жа?адан ша?ыра? ??р?ан жастар мазарына барып, та?зым етіп жатады. Айша бибі кесенесі ?аза?станны? жеті кереметіні? бірі деген ойдамыз.
3-о?ушы: ?ола д?уіріні? тас?а салын?ан суреттері к?рген адмды та? ?алдырады. Ертедегі адамдар к?нге к?йген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, со?ыс к?ріністерін ?ашап салды. Б?л адамзатты? рухани м?дениетін, аны? д?ниетанымын білдіретін аса ма?ызды деректер жиынты?ы саналады. ?аза?стан жартаста?ы суреттер, петроглифтерді? саны ж?не ?р алуанда?ы ж?нінен ?лемдегі е? бай жерлерді? бірі Там?алы жартаста?ы та??ажайып суреттерді археологтеріміз ?бден зерттеді. Н?тижесінде олар д?ниеж?зі м?дениетіні? ?азыналы ?орына ?осылды. Мына суреттер ежелгі адамдарды? ?мірі, к?не тайпаларды? салт-д?ст?рі, діни нанымдары, а?шылы? пен со?ыс існе байланысты салынган туындылар. Алматы обылысында?ы Тама?алы кешені жартас суреттері – б?кіл ?лемдік м?дени ж?дігерлер ?атарында. Б?ларды ?аза?станны? кереметіне кір?ізуге болады деген ойдамыз.
4-о?ушы: 1960жылдарды? ая? кезінде археолог ?алымдар Есік ?аласына жа?ын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол м?нан 2500 жылдай б?рын жерленген жас жігіт екен. Мар??м?а кигізілген бас киімні?, етігіні? ?онышыны? сыртына алтыннан жасал?ан т?рлі ?са? атты?, барысты?, таутекені?, ??сиарды? бейнелері жапсырыл?ан. Оларды? саны т?рт мы?дай. Есік ?ор?анынан табыл?ан олжа б?гінде ?лемге ?йгілі. Алматыда?ы Т?уелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы к?нге дейін са?талып келген Алтын адамны? ?зі неге т?рады? Б?л да ?аза?станны? кереметіні? бірі деп санау?а болады.
5-о?ушы: Ендігі с?з ?аза? хал?ыны? жан сезімі, жан серігі-домбыра туралы. Домбыра-халы? даналы?ы. Олхал?ымызды? ?мір т?жірибесі мен таби?ат, адам, ?лем туралы білімдерін, ескі діни наным- сенімдері мен философиялы? к?з?арасын бейнелеп, оларды атадан-бала?а, ?рпа?тан-?рпа??а жал?асиырып отырды. Домбыра – к?шпелі елді? к?нек?з шежіресі, к?пті к?рген ?арияны? к?кірек к?йі. Ол халы?ты? тарихи та?дырмен тамырлас. Тарихты? хат?а т?спеген талай беттерін паш еиіп, хал?ымызды? тарихнамасына айналады. ?алымдар осыдан кемінде 2 мы? жыл б?рын?ы бейнелердегі ?ос шекті аспапты? ?аза? домбырасымен ??састы?ын айта келіп, оны? ?аза?стан жеріндегі байыр?ы к?шпелілер арасында е? тара?ан аспапты? бірі бол?анды?ын д?лелдейді.
6-о?ушы: Домбыра - ?р д?уірде м?дениетімізде дарынды т?л?аларды? д?ниеге келуіне м?мк?ндік ту?ызды. Аты а?ыз?а айнал?ан Кетб??ы, Асан?ай?ы, ?арт Но?ай сия?ты е? та?даулы есімдері бізді? заманымыз?а да жетті.
( а?ырын к?й орындалып т?рады)
Домбыра д?ст?ріні? дамуы ХІХ ?асырда шары?тау шы?ына жетті. М?дениетімізді? д?ст?рінде к?птеген к?сіби к?йші-композиторлар ?алыптасып, к?йшілік д?ст?р к?птеген мектептерге б?лінді. Б?л к?йші- композиторлар ?зіндік стильдік ерекшелігімен, ?а?ыс техникасымен, музыкалы? тілімен, орындау шеберлігімен о?шауланып, ?нерімізде жар?ын із ?алдырды. Атап айтса?, т?кпе к?й шеберлері:??рман?азы, Дина, Баламайсан, Д?улеткерей, ?за?, Махамбет, т. б.
Шертпе к?й шеберлері:Т?ттімбет, С?гір, М.Хамзин т. б. ?азіргі заманда ата?ты домбырашы- к?йшілер: Н. Тілендиев, ?.Ахмедияров, А.?лкенбаева т. б.
7-о?ушы: Енді 7-кереметіне то?талса?: мені? ойымша, К?лтегін ескерткіші. (К?лтегін тас жазуы тарихын айта кетеді)
Міне, б?гін біз сіздерге ?аза?станны? жеті кереметіне осы ескерткіштер кірсе деген ойда ?ыс?аша айтып кеттік.
1. ?ожа Ахмет Иассауи кесенесі.
2. Тай?азан.
3.Айша биі мазары.
4. Тама?алы кешені жартас суреттері.
5. Алтын Адам.
6. Домбыра.
7. К?лтегін ескерткіші.
Осы жеті керемет ?йгілі, бізге ма?таныш болады деген ойдамыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?аза?станны? жеті кереметі " »

«Атамекен» бағдарламасы бойынша











Сынып сағаты:

«Қазақстанның жеті кереметі»


Сынып жетекшісі:Мұстафина Қ.Қ





























Тақырыбы:
Қазақстанның жеті кереметі.
Мақсаты: оқушыларды Қазақстанның тарихи мұраларымен таныстырып, мәдениетке дегн қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу,атамекен бағдарламасын жүргізіп отыру.
1-оқушы:Бүгін маған керек емес ертегі,
Ертегіні өз басымда шертеді.
Тарих керек іргетасы халықтың,
Іргетассыз қаланбайды ертеңі.
2-оқушы: Бүгінгі тәрбие сағатымызда 7 керемет жайында айтылып отыр. Адамзат тарихында әлем кереметтерінің саны жетеу ғана. Неге жетеу? Кездейсоқ алынды ма бұл сан? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін өткенді еске алған артық емес. Кереметтер туралы қысқаша айтып кетейік.
3-оқушы: « Жеті» деген санды қадірлеу көне заманнан басталады,қасиетті сан болып есептеледі. Ай күнтізбесін негізге алған есеп бойынша-бір аптада жеті күн бар, демек, Ай фазалары жеті күнде бір өзгеріп отырады. Аспан әлемінде жеті шырақ: Күн, Ай, Меркурий, Сатурн, Марс, Юпитер, Шолпан- жеті құдайы атымен байланысты болып, олардың құрметіне Вавилонда жеті сатылы күмбез орнатылды. Ежелгі гректер де жеті дегн санға табынды.
4-оқушы. Ендігі әңгіме бұдан көп ғасыр бұрын сәулет және мүсін өнері шеберлерінің қолымен жасалған асыл мұралар туралы. Суы жоқ, тіршілігі жоқ Нуби шөлінде орналасқан Мысыр пирамидалары да жеті кереметтердің бірі. Мысыр пирамидалары осыдан 5000 жыл бұрын тұрғызылған, сәулетшісі Имхотеп.
5-оқушы: Нағыз керемет деп саналатын Хеопс пирамидасының биіктігі 147 метр, әр қырының ұзындығы 235 метр. Пирамиданың алып жатқан алаңы 55 мың.Құлдар азабының куәсі, бұл тарихты ұмытуға болмайды.
6-оқушы: Көне тарихтың мызғымас куәсі болған пирамидалар уақыт сынынан өтіп, әлі де талай ұрпақтардың тамашалап қарайтын мәдени – сәулет ескерткіші ретінде қала береді.
7-оқушы: Тарих атасы- Геродот десек, өнер атасы, өнердің нағыз алтын бесігі деп Ежелгі Грекия елін атау әбден орынды. Мұнда 3000 жылдай бұрын бейнелеу және басқа да өнерлердің сан алуан түрлері қалыптаса бастады. Енді осы тарихты баяндап көрейік.
8-оқушы: Классикалық Грек өнері тарихынан келіп жеткен аты әлемге әйгілі ескерткіштің бірі- Зевс мүсіні. Бұл біз сөз етіп отырған « Жеті кереметтің» бірі.
9-оқушы:Ендігі сөз Артемида ғибадатханасы туралы. Эфес жерінде 7-6 ғасырда Артемида құрметіне салынған, Грек жұртының мақтанышы.
10-оқушы: Бағытымыз Эгей теңізіндегі Родос аралы. 4-ғасырда Родос аралының экономикалық және мәдени жағынан гүлденуіне жол ашылды. Родос тұрғындары күн құдайы Гелиосқа айрықша табынған. Арал иесі атанған құдайға арнап бұрын – сңды болмаған ескерткіш орнату Родос азаматтарының борышы деп саналған. Оны тұрғызу 12 жылға созылды. Құрылысты басқарған мүсінші Хареске.
11-оқушы: Кіші Азия, 6-ғасыр. Аты сирек естілетін шағын ғана Галикарнас қаласы. 356- жылы осы елдің патшасы өз ажалынан дүние салды. Патшаның мұрагерлерінің бұйрығы бойынша оған екі қабат, биіктігі 40-45 метрлік ғибадатхана ұрпақтан ұрпаққа үлгі болды, кейіннен кесене деп атала бастады.
12-оқушы: Енді заңғар тау мен телегей теңіз ортасында, көкпен тілдесіп, бұлт бүркенген толқын үстінде тербетілген ғимарат- Александрия шамшырағы туралы сөз. Александрия шамшырағы ІІІ ғасырда, Фарос аралы мен құрлықтың арасына салынды. Жұмысты жүргізген архитектор Сострат Книдский.
13-оқушы: Бағытымыз алдыңғы Азия, Тигр және Ефрат- жарыса аққан қос өзен аңғарын жайлаған Месопатамия – мәдениет, тұрмыс – салт, өнер тарихынан із қалдырған тамаша ел. Бұл заманымыздан бұрынғы ҮІ ғасыр шамасы.Вавилон шаһарындағы Семирамида аспалы бағы-жеті кереметтің бірі.
14-оқушы: Міне, бүгін біз сіздерге әлемнің жеті кереметі туралы қысқаша айтып кеттік. Осыларды бір жіпке тізсек, онда:
1.Пирамидалар ( Мысыр)
2.Семирамида бағы ( Вавилон )
3.Зевс мүсіні ( Олимпия )
4.Артемида храмы ( Эфес )
5.Родос алыбы ( Родос аралы )
6.Галикарнас кесенесі ( Кіші Азия )
7.Александрия шамшырағы ( Мысыр)
Бұлардың қайсысы болса да, мүсін және сүрет өнерінің теңдесі жоқ тамаша үлгілері.
15-оқушысы: Дұрыс айтасың. Бұлар әлемдік тұрғыдан алғандағы ұғымдар, ал енді әр елдің мақтанышына, символына айналған кереметтер қаншама. Мысалы, Эйфель мұнарасы десе, Франция көз алдыңызға келеді. Оларды сырттан барып тамашалаулар эстетикалық ләззат алады, ал жергілікті тұрғындардың кеудесін өз Отанының мәдени байлығына деген мақтаныш пен қуаныш сезімі
кернейді.
16-оқушы: Бүгінгі қазақстандықтар да ондай бақыттан кенде болмаса керек. Қазақстандағы тарих, археология, сәулат және монументалды өнер ескерткіштерінің саны 25 мыңнан асады. Бұл салада Қазақстан,Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытай, Үнді және Жерорта теңізі бойындағы мемлекеттермен теңеседі. Осы бағытта біз: «Қазақстанда ғажайыптар көп, соның ең керемет жетеуі қайсысы?» деген сауалға жауап іздене отырып, Қазақстанның кереметі деп санайтындардың тізімін жасауға, дәлелдеуге тырысып көрдік. Оны анықтау үшін керек дейтін шығарсыз? Жеті деген қазақ үшін қасиетті сан. Бүгінгі жас буын «Міне, біздерде мынадай бар!» деп, өз Отанының тарихы мен мәдениетін мақтаныш етіп, сүйе білуі тиіс.
17-оқушы: Қазақ халқының санасында жеті саны сонау ерте заманнан қасиетті саналатыны белгілі. Мысалы: «Жеті оқ елі»,»Жеті нан» (құдайы беру), бұрын қазақтар жеті атадан асқанша құда болмаған.
( Оқушылар жетіге байланысты мақал-мәтел айтып кетеді).
Ал енді «Қазақстанның жеті кереметіне» тоқтайық.. Бірінші керемет деп біз ежелден атағы жер жарған Түркістан қаласында орналасқан, орта ғасырдан қалған көгілдір күмбезді ғаламат ғимарат – Ахмет Иассауи кесенесін алып отырмыз.
18-оқушы: Әрине, Түркістан – Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. 1500 жылдығын тойлап өткен Түркістан-руханият ордасы, оған ерекше мәртебе беру қажет. Бірақ бүгінгі сөзіміз Қ. А. Иассауи ғимараты туралы. Ахмет Иассауи Оңтүстік Қазақстанның Сайрам (бұрыңғы Испиджаб) қаласында 1103 жылы дүниеге келген. Ол алғаш білімді жергілікті дінбасы Арыстан бабтан алады. Өзінің ана тілінен басқа арабша және парсыша сөйлей білген. Қыпшақ, қаңлы, қоңырат және көне түркі тайпалары арасында Ислам дінін уағыздаушы Ахмет Иассауиді рухани басшы санаған халық оны «Әулие ата» атап кеткен.
19-оқушы: Қожа Ахмет- өз өмірінде ақ өлеңмен жазылған көп хикметтерді дүниеге келтірген пәлсапашыл ақын. Біздің қолымызға жеткен екі жүзден асатын хикметі бар. 63 жасынан бастап, соңғы 12 жылын ол жер астында жатып, күн сәулесін көрмей өткізді. Бүкіл Шығысқа әмірін жүргізген атақты қолбасшы Ақсақ Темір далалықтар мен қалалықтар қосылып пір тұтатын, күніне жүз мәртебе тағызым етіп, мінәжат қылатын Қожа Ахметке зәуілім ескерткіш тұрғызуды қолға алды. Ескерткіш құрылысын Темір қарамағында игі істермен көрінген Мәулен Ұбайдулла Садырға жүктейді. Кесене нақты әрі гармониялық жоспармен салынған. Екі жағы мұнарамен жалғасқан бас портал еңселі арқадан тұрады. Қожа Ахмет Иассауи кешені порталды- күмбезді құрылыс. Оның көлемі 46,5х65,5 метр. Орталық залдың айналасына әр түрлі мақсатқа пайдаланылған үлкенді-кішілі 35 бөлме орналасқан. Оның бірінде сопы ақынның мүрдесі жерленген. Орталық бөлмеде қолымен жазылған Құранның көшірмесі, діни кітаптар, шежірелер сақтаулы.
20-оқушы:Бұл күнде Қожа Ахмет Иассауи ғимараты-шығыс халықтарының тамаша сәулет өнері жұлдыздарының бірі. Жылда 100-150 мыңнан астам адам келіп тамашалайды. Оларды мұнда сұлулық пен ұлылықтың тылсым сырын білуге деген құштарлық сезімдері жетелейді.
Қожа Ахмет Иассауи ғимаратындағы бағалы ескерткіштердің бірі – тайқазан. Петергбург Эрмитажынан өз тұғырына қайта қонған тайқазанды Әбділәзиз шебер құйып жасаған. Ол Қаратау ішінен, Ащысай, Мырғалымсай кеніштерінен тайқазанға қажетті қорытпа шығатын тастарын жинап, Қарнақ қаласына жеткізеді де, қазанды жасауға кіріседі. Тайқазан дайын болғанда, оны арбаға тиеп әкеліп, Қожа Ахмет ғимарат күмбезінің астындағы кіреберіс ғажайып кең бөлмесінің ортасына үш бұт етіп иген шойын тұғырдың үстіне орнатты.

1-оқушы: Бұдан былай бұл жер «Қазандық» деп аталады. Қазақ ұлысының қара шаңырағы алыстан көз тартып, әрқашан қазаны асулы тұрсын деген ырымды ниет етті. Сондықтан, тайқазанды кереметтердің санына кіргізуге болады.
2-оқушы: Ел мен тарихын, ата-бабалар тарихын терең білуге үндеп, қайта-қайта жадына салып, халықтың көз алдындағы көкке бой созған тарихи ескерткіштердің бірі-Тараз қаласының оңтүстігінде жиырма шақты шақырым жерде тұрған Айша бибі мазары. Айша бибі кесенесі – сәулет өнері ескерткіші. ХІІ ғасырда салынған. Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйеліболған. Күмбезді сол Қарахан салғызған, сәулетші туралы нақты дерек жоқ.. Халықтың ауызындағы аңызға қарағанда Айша бибі Тараз қаласында Қараханды қарсы алуға аттанады. Таразға жақындап қалғанда қасындағы құрбыларымен бірге өзенге шомылады, өзеннің жағасында жылан шағып қайтыс болады. Бүгінгі күнде айша бибі мазары маңынан адам үзілмейді. Әсіресе, жаңадан шаңырақ құрған жастар мазарына барып, тағзым етіп жатады. Айша бибі кесенесі Қазақстанның жеті кереметінің бірі деген ойдамыз.
3-оқушы: Қола дәуірінің тасқа салынған суреттері көрген адмды таң қалдырады. Ертедегі адамдар күнге күйген жылтыр тау жартастарына жануарларды, адамдарды, арбаларды, соғыс көріністерін қашап салды. Бұл адамзаттың рухани мәдениетін, анық дүниетанымын білдіретін аса маңызды деректер жиынтығы саналады. Қазақстан жартастағы суреттер, петроглифтердің саны және әр алуандағы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі Тамғалы жартастағы таңғажайып суреттерді археологтеріміз әбден зерттеді. Нәтижесінде олар дүниежүзі мәдениетінің қазыналы қорына қосылды. Мына суреттер ежелгі адамдардың өмірі, көне тайпалардың салт-дәстүрі, діни нанымдары, аңшылық пен соғыс існе байланысты салынган туындылар. Алматы обылысындағы Тамағалы кешені жартас суреттері – бүкіл әлемдік мәдени жәдігерлер қатарында. Бұларды Қазақстанның кереметіне кірғізуге болады деген ойдамыз.
4-оқушы: 1960жылдардың аяқ кезінде археолог ғалымдар Есік қаласына жақын жердегі обадан «Алтын киімді адамды» тапты. Ол мұнан 2500 жылдай бұрын жерленген жас жігіт екен. Марқұмға кигізілген бас киімнің, етігінің қонышының сыртына алтыннан жасалған түрлі ұсақ аттың, барыстың, таутекенің, құсиардың бейнелері жапсырылған. Олардың саны төрт мыңдай. Есік қорғанынан табылған олжа бүгінде әлемге әйгілі. Алматыдағы Тәуелсіздік монументіне де негіз болып отыр. Осы күнге дейін сақталып келген Алтын адамның өзі неге тұрады? Бұл да Қазақстанның кереметінің бірі деп санауға болады.
5-оқушы: Ендігі сөз қазақ халқының жан сезімі, жан серігі-домбыра туралы. Домбыра-халық даналығы. Олхалқымыздың өмір тәжірибесі мен табиғат, адам, әлем туралы білімдерін, ескі діни наным- сенімдері мен философиялық көзқарасын бейнелеп, оларды атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасиырып отырды. Домбыра – көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Ол халықтың тарихи тағдырмен тамырлас. Тарихтың хатқа түспеген талай беттерін паш еиіп, халқымыздың тарихнамасына айналады. Ғалымдар осыдан кемінде 2 мың жыл бұрынғы бейнелердегі қос шекті аспаптың қазақ домбырасымен ұқсастығын айта келіп, оның Қазақстан жеріндегі байырғы көшпелілер арасында ең тараған аспаптың бірі болғандығын дәлелдейді.
6-оқушы: Домбыра - әр дәуірде мәдениетімізде дарынды тұлғалардың дүниеге келуіне мүмкүндік туғызды. Аты аңызға айналған Кетбұғы, Асанқайғы, Қарт Ноғай сияқты ең таңдаулы есімдері біздің заманымызға да жетті.
( ақырын күй орындалып тұрады)
Домбыра дәстүрінің дамуы ХІХ ғасырда шарықтау шыңына жетті. Мәдениетіміздің дәстүрінде көптеген кәсіби күйші-композиторлар қалыптасып, күйшілік дәстүр көптеген мектептерге бөлінді. Бұл күйші- композиторлар өзіндік стильдік ерекшелігімен, қағыс техникасымен, музыкалық тілімен, орындау шеберлігімен оқшауланып, өнерімізде жарқын із қалдырды. Атап айтсақ, төкпе күй шеберлері:Құрманғазы, Дина, Баламайсан, Дәулеткерей, Ұзақ, Махамбет, т. б.
Шертпе күй шеберлері:Тәттімбет, Сүгір, М.Хамзин т. б. Қазіргі заманда атақты домбырашы- күйшілер: Н. Тілендиев, Қ.Ахмедияров, А.Үлкенбаева т. б.
7-оқушы: Енді 7-кереметіне тоқталсақ: менің ойымша, Күлтегін ескерткіші. (Күлтегін тас жазуы тарихын айта кетеді)
Міне, бүгін біз сіздерге Қазақстанның жеті кереметіне осы ескерткіштер кірсе деген ойда қысқаша айтып кеттік.
1. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі.
2. Тайқазан.
3 .Айша биі мазары.
4. Тамағалы кешені жартас суреттері.
5. Алтын Адам.
6. Домбыра.
7. Күлтегін ескерткіші.
Осы жеті керемет әйгілі, бізге мақтаныш болады деген ойдамыз.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"?аза?станны? жеті кереметі "

Автор: Мустафина Карлыгаш Кабдешевна

Дата: 26.08.2015

Номер свидетельства: 227171


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства