kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

“Т?бі адам болатын бала” (Бердібек Со?па?баев “Мені? атым ?ожа” хикаяты)

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? ?дебиет п?нінен к?нделікті саба? жоспары


         “Т?бі адам болатын бала”
(Бердібек Со?па?баев “Мені? атым ?ожа” хикаяты)

Саба?ты? ма?саты:
білімділік: ?ожаны? іс- ?рекетіне, мінез- ??л?ына екі т?рлі к?з?араста ба?а беру;
дамытушылы?: к?з?арастарын д?лелдеп, с?йлеу м?нерін ?алыптастыру;
т?рбиелік: жаманнан жирену, жа?сыдан ?йрену.
Саба?ты? т?рі: пікірсайыс, аралас
Саба?ты? ?дісі: с?з, логикалы? (негізгісін б?ліп алу, салыстыру, ?арсы ?ою, д?лелдеу)
Саба?ты ?йымдастыру формасы: топпен, жеке
 Жеке бас т?ртібіне байланысты м?селені тал?ылай кеп, ??пия ке?ес мынадай ?аулы алады (1- ші ж?не 2- ші ?аулы 187- 188- беттер)
??пия ке?есте жеке бас т?ртібін ?ара?ан кім?        ?ожа ?адыров
Ол туралы хикаят жаз?ан кім?            Бердібек Со?па?баев
?ожаны жазушы ?алай суреттеген екен?
?ожаны? портреті
Аты- ж?ні – ?ожаберген, я?ни, ?ожа ?адыров. Сырт бейнесіне келсек, екі танауына екі сауса?ы еркін сыйып кетерлік, ?осауыз мылты?ты? аузындай ??ірейген; екі шекесі шы?ы??ы, басы ?арбыз т?різді доп- домала?, тап- та?ыр; ал шашын алма?ан кезде ?аттылы?ы, ?айраттылы?ы шош?аны? ?ылшы?ынан бір кем емес, тікенек, мінезіні? шата?ты?ы осыдан- а? к?рінеді; ?ара бала, сол жа? ??ла?ыны? астына таман бір т?йір ?алы бар; бойы 139 см, жасы 12- де, 5- сыныпты бітірген.
         ?олымда “Мені? атым ?ожа” атты кітап, хикаят, я?ни, повесть, кіріспені ?оспа?анда 27 тараудан т?рады, ал бізді? о?улы?та?ы ?зінді  – 5 тарау.
         ?ане, осы тарауларда не туралы айтыл?ан екен. 3 топ ж?мыс істейді. Жеке тараулар бойынша ??р?ан жоспарлары?мен танысайы? (І топ- 1,4- тарау, ІІ – 17, 23, ІІІ – 24)
         2 эксперт ?р о?ушы жауабын ба?алап отырады.
         Шы?армамен т?геліміз танысты?, енді ?ожаны? іс- ?рекетіне ба?а беріп, тал?ылап к?рейік.   
 
Т?БІ АДАМ
БОЛМАЙТЫН    БОЛАТЫН
БАЛА
- ?ол ж?мса?ыш    - ?кесін са?ынады
- м??алімді ты?дамайды    - анасын аяйды
- ?тірікші    - спортпен ш??ылданады
- ?й?ышыл    - т?рпайылы?ын т?сінеді
- саба??а уа?ытында дайындалмайды    - м??алімді сыйлайды
- ма?танша?    - ?ділдікті с?йеді
- ойланбай т?ртіпсіздік жасайды    - ?ателігін мойындайды
- у?деде т?рмайды    - ?з ісіне ?ялады, ?кінеді
- шылым шегіп к?реді    - шылымны? зиянын т?сінеді
- ?лкендерді? с?зін а?диды    - ?зін т?ртіпке ша?ырады
-?й жануарларына ?астанды?       жасайды    - ?й жануарларына аянышы оянады
     - патриот, ?з ту?ан жерін, ?дебиетін с?йеді
    О?улы?тан алын?ан ?зінділермен  д?лел келтіреді.
(о?улы?та жо?ы:
шылым шегіп к?реді:
С?лтан ?йрен деп шылым ?сын?анда,
- Алдым. С?лтан отты? жа?ып ?сынды. Т?таттым да, б?р?ыратып тарта бастадым.
шылымны? зиянын т?сінеді:   
С?лтан берген темекіні тартып к?реді, біра? содан кейін темекіге жоламайтын болады.
- Міне, содан бері темекіні аузыма алма? т?гіл кісі м?рнына келсе, зытып ж?нелемін.
?ожа – патриот:
- О, ата мекенім, ?аза? жері. Сені? шет- шегі?е ?иялдан ?зге не жетіп ?лгереді. Сол алып ?лкені? бір п?шпа?ын ысты? к?збен, бар адал сезіммен аймалап, елеусіз бір перзенті? мен келе жатырмын. Мынау ас?ар тау, жасыл жазы?, м?лдір ?зен, ?алы?та?ан анау а?ша б?лттар, т?ны? аспан – осыны? б?р- б?рін ??ша?ым жетсе, е? ?ымбат, аяулы анамдай аймалап ??шар едім, с?йер едім. Япыр- ай, неге сонша ысты? болды?, ту?ан жер!
         Мен таби?атты с?йемін. Мен шынайы поэзияны с?йемін. Абай мен ?асымды ?анша о?ысам да, сусыным ?анбайды. ?айталап о?и бергім келеді, о?и бергім келеді… Махамбет жырыны? ?р с?зіні? астынан д?рсілдеген ат д?бірін, ?арыш- ??рыш сілтескен найза, ?ылыш ?ндерін естігендей болам. О, ?асиеті?нен айналайын ?аза? жері. Осыны? б?рі сені? топыра?ы?нан ?сіп, ?нген кереметтер емес пе… (Б. С. Мені? атым ?ожа.- А.: Жазушы, 1972. – 49- бет).
         ?ожа “Т?бі адам болады” деген пікірмен келісетіндері? ?ол к?тері?дерші.
         Енді шы?арма мазм?нына ?айта келейік, ?р топ ?зі жоспар ??р?ан тараулар бойынша с?ра? дайындады, сол с?ра?тарды ты?дап, жауап берейік.
         ?те жа?сы. Осы хикаят бойынша кинофильм де т?сірілген, оны к?бі? к?рді?дер. Сол фильм туралы м?лімет ты?дайы?:
         Б. Со?па?баевты? “Мені? атым ?ожа” повесі бойынша фильм 1963 жылды? наурызында т?сіріле бастап, 1964 жылы экран?а шы?арылды. Фильмді, тек  ?ытай мен Албаниядан бас?а, ?лемні? т?гел елі дерлік сатып алды.
         Б?л фильм Кан фестивалында “Режиссерлігі ?шін” деген арнайы сыйлы? алды. Фильмді т?сірген режиссер – Абдулла ?арса?баев.
         ?ожа р?лінде Н?рлан Сегізбаев, Жанар – Г?лнар ?урабаева, С?лтан – Марат К?кенов, одан бас?а Бикен Римова, Рая М?хамедьярова сия?ты актерлер ойна?ан.
         Н?рлан Сегізбаев ?азіргі кезде “?аза?фильмде” шы?армашылы? бірлестікте ж?мыс істейді, сценарийлер, кітаптар жазады.
         Жа?сы, енді саба?ты ?орытындылау ?шін тест тапсырмаларын орындайы?.
         Эксперттерге с?з берейік.
         Сонымен, б?гінгі пікірлерді саралай келіп, “?ожа – т?бі адам болатын бала” деген т?жырым жасады?.
         Сот?арлау, біра? жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Со?па?баев былай деген екен (?нтаспа ты?дау) :
         “Алыстан арбалап материалдар тасымаймын, архивті? ша?ын ж?тпаймын. Жа?ыннан, басымнан кешкенді, ?з айналамды дорбалап жинаймын. Бір с?збен айтсам, ?зін жазатын жазушымын. Мінез- ??лы? жа?ынан ?ожа ?зге емес, мені? ?зіме ??сайды.” 
?йге: ?ожа мен Жантас?а салыстырмалы мінездеме жасау.
 
          

Б. Со?па?баевты? “Мені? атым ?ожа” хикаяты бойынша тест тапсырмалары:
1. “?ожа, сен к?шедегі иттерді т?ртіпке салу ?шін ауылда ?алатын болды?” деген кімні? с?зі?
А) Май?анованы?  В) Жантасты?  С) Жанарды?  Д) Оспановты?
2. ?ожа Май?анованы е? ал?аш ?айда кездестіріп еді?
А) мектепте  В) к?шеде  С) д?кенде  Д) жиналыста
3. А. С. Пушкинні? “?ыс?ы кешін” ?те жа?сы жатта?ан о?ушы кім?
А) ешкім  В) Жанар  С) Жантас  Д) ?адыров
4. ?ожа?а ?кесін ма?та?ан ?ария
А) ?жесі  В) С?йбек  С) ?уб?кір  Д? Д?уірбаев
5. “?адыров – т?бінде адам болатын бала” деген пікір кімдікі?
А) директордікі  В) Оспановтікі  С) Май?анованікі  Д) Ахметовтікі
6. ?ожа: “Адам жанын ол керемет т?сінеді”,-   деп кімге ба?а берді?
А) С. Май?анова?а  В) Анфиса Михайловна?а  С) Оспанов?а  Д) Ахметовке
7. “Жа?сымен жолдас болса?, жетерсі? м?рат?а,
      Жаманмен жолдас болса?, ?аларсы? ?ят?а”, – деп кім туралы айтады?
А) Жантас  В) С?лтан  С) Жанар  Д) ?зі
8. “О, ?асиеті?нен айналайын, ?аза? жері. Осыны? б?рі сені? топыра?ы?нан ?сіп, ?нген кереметтер емес пе?!” Осы с?зден ?ожа бойында?ы ?андай ?асиетті к?руге болады?
А) ?ділдік  В) патриотты?  С) т?ртіптілік  Д) жомартты?
9. ?ожа ?ай команданы? капитаны?
А) “?айрат”  В) “ Динамо”  С) “Ертіс”  Д) “Спартак” 
10. “Мас?ара! С?рай ?алса, мас?ара болдым- ау!” деп ?ожа неге ?кінді?
А) ?ле? жаттама?ан?а             В) есеп шы?арма?ан?а
С) шы?арма жазба?ан?а          Д) ереже жаттама?ан?а
11. Оспанов ?ай п?ннен саба? береді?
А) география  В) ?аза? тілі  С) орыс тілі  Д) зоология
12. ?андай с?зді айт?анда ?ожаны? ж?регі ?арс айырылады?
А) ?ке  В) ана  С) Отан  Д) ?аза?
13. “Спартак” “?айратты?тардан” неше болып ?тылды?
А) 7/5    В) 6/6    С) 5/7    Д) 7/6
14. ?ай тарау “Бір с?тті кез” деп аталады?
А) 24    В) 4     С) 17    Д) 23
15. ?ожаны? басы не т?різді доп- домала??
А) доп  В) ?арбыз  С) ?ауын  Д) глобус
16. Хикаят неше тараудан т?рады?
А) 28    В) 30   С) 29    Д) 27
17. Кинофильмде ?ожа р?лінде ойна?ан кім?
А)  Марат К?кенов                  В)Ж?сіп Шамузов
С) Н?рлан Сегізбаев               Д) Бердібек Со?па?баев
18. Осы кинофильмді т?сірген режиссер
А) Абдулла ?арса?баев          В) Абай ?арпы?ов
С) Тал?ат Теменов                  Д) Ш?кен Айманов

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«“Т?бі адам болатын бала” (Бердібек Со?па?баев “Мені? атым ?ожа” хикаяты) »



Қазақ әдебиет пәнінен күнделікті сабақ жоспары



Түбі адам болатын бала”

(Бердібек Соқпақбаев “Менің атым Қожа” хикаяты)


Сабақтың мақсаты:

білімділік: Қожаның іс- әрекетіне, мінез- құлқына екі түрлі көзқараста баға беру;

дамытушылық: көзқарастарын дәлелдеп, сөйлеу мәнерін қалыптастыру;

тәрбиелік: жаманнан жирену, жақсыдан үйрену.

Сабақтың түрі: пікірсайыс, аралас

Сабақтың әдісі: сөз, логикалық (негізгісін бөліп алу, салыстыру, қарсы қою, дәлелдеу)

Сабақты ұйымдастыру формасы: топпен, жеке

 Жеке бас тәртібіне байланысты мәселені талқылай кеп, құпия кеңес мынадай қаулы алады (1- ші және 2- ші қаулы 187- 188- беттер)

Құпия кеңесте жеке бас тәртібін қараған кім?        Қожа Қадыров

Ол туралы хикаят жазған кім?            Бердібек Соқпақбаев

Қожаны жазушы қалай суреттеген екен?

Қожаның портреті

Аты- жөні – Қожаберген, яғни, Қожа Қадыров. Сырт бейнесіне келсек, екі танауына екі саусағы еркін сыйып кетерлік, қосауыз мылтықтың аузындай үңірейген; екі шекесі шығыңқы, басы қарбыз тәрізді доп- домалақ, тап- тақыр; ал шашын алмаған кезде қаттылығы, қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес, тікенек, мінезінің шатақтығы осыдан- ақ көрінеді; қара бала, сол жақ құлағының астына таман бір түйір қалы бар; бойы 139 см, жасы 12- де, 5- сыныпты бітірген.

         Қолымда “Менің атым Қожа” атты кітап, хикаят, яғни, повесть, кіріспені қоспағанда 27 тараудан тұрады, ал біздің оқулықтағы үзінді  – 5 тарау.

         Қане, осы тарауларда не туралы айтылған екен. 3 топ жұмыс істейді. Жеке тараулар бойынша құрған жоспарларыңмен танысайық (І топ- 1,4- тарау, ІІ – 17, 23 , ІІІ – 24)

         2 эксперт әр оқушы жауабын бағалап отырады.

         Шығармамен түгеліміз таныстық, енді Қожаның іс- әрекетіне баға беріп, талқылап көрейік.   

 

ТҮБІ АДАМ

БОЛМАЙТЫН

БОЛАТЫН

БАЛА

- қол жұмсағыш

- әкесін сағынады

- мұғалімді тыңдамайды

- анасын аяйды

- өтірікші

- спортпен шұғылданады

- ұйқышыл

- тұрпайылығын түсінеді

- сабаққа уақытында дайындалмайды

- мұғалімді сыйлайды

- мақтаншақ

- әділдікті сүйеді

- ойланбай тәртіпсіздік жасайды

- қателігін мойындайды

- уәдеде тұрмайды

- өз ісіне ұялады, өкінеді

- шылым шегіп көреді

- шылымның зиянын түсінеді

- үлкендердің сөзін аңдиды

- өзін тәртіпке шақырады

-үй жануарларына қастандық       жасайды

- үй жануарларына аянышы оянады

 

- патриот, өз туған жерін, әдебиетін сүйеді

    Оқулықтан алынған үзінділермен  дәлел келтіреді.

(оқулықта жоғы:

шылым шегіп көреді:

Сұлтан үйрен деп шылым ұсынғанда,

- Алдым. Сұлтан оттық жағып ұсынды. Тұтаттым да, бұрқыратып тарта бастадым.

шылымның зиянын түсінеді:   

Сұлтан берген темекіні тартып көреді, бірақ содан кейін темекіге жоламайтын болады.

- Міне, содан бері темекіні аузыма алмақ түгіл кісі мұрнына келсе, зытып жөнелемін.

Қожа – патриот:

- О, ата мекенім, қазақ жері. Сенің шет- шегіңе қиялдан өзге не жетіп үлгереді. Сол алып өлкенің бір пұшпағын ыстық көзбен, бар адал сезіммен аймалап, елеусіз бір перзентің мен келе жатырмын. Мынау асқар тау, жасыл жазық, мөлдір өзен, қалықтаған анау ақша бұлттар, тұнық аспан – осының бәр- бәрін құшағым жетсе, ең қымбат, аяулы анамдай аймалап құшар едім, сүйер едім. Япыр- ай, неге сонша ыстық болдың, туған жер!

         Мен табиғатты сүйемін. Мен шынайы поэзияны сүйемін. Абай мен Қасымды қанша оқысам да, сусыным қанбайды. Қайталап оқи бергім келеді, оқи бергім келеді… Махамбет жырының әр сөзінің астынан дүрсілдеген ат дүбірін, қарыш- құрыш сілтескен найза, қылыш үндерін естігендей болам. О, қасиетіңнен айналайын қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңнан өсіп, өнген кереметтер емес пе… (Б. С. Менің атым Қожа.- А.: Жазушы, 1972. – 49- бет).

         Қожа “Түбі адам болады” деген пікірмен келісетіндерің қол көтеріңдерші.

         Енді шығарма мазмұнына қайта келейік, әр топ өзі жоспар құрған тараулар бойынша сұрақ дайындады, сол сұрақтарды тыңдап, жауап берейік.

         Өте жақсы. Осы хикаят бойынша кинофильм де түсірілген, оны көбің көрдіңдер. Сол фильм туралы мәлімет тыңдайық:

         Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” повесі бойынша фильм 1963 жылдың наурызында түсіріле бастап, 1964 жылы экранға шығарылды. Фильмді, тек  Қытай мен Албаниядан басқа, әлемнің түгел елі дерлік сатып алды.

         Бұл фильм Кан фестивалында “Режиссерлігі үшін” деген арнайы сыйлық алды. Фильмді түсірген режиссер – Абдулла Қарсақбаев.

         Қожа рөлінде Нұрлан Сегізбаев, Жанар – Гүлнар Қурабаева, Сұлтан – Марат Көкенов, одан басқа Бикен Римова, Рая Мұхамедьярова сияқты актерлер ойнаған.

         Нұрлан Сегізбаев қазіргі кезде “Қазақфильмде” шығармашылық бірлестікте жұмыс істейді, сценарийлер, кітаптар жазады.

         Жақсы, енді сабақты қорытындылау үшін тест тапсырмаларын орындайық.

         Эксперттерге сөз берейік.

         Сонымен, бүгінгі пікірлерді саралай келіп, “Қожа – түбі адам болатын бала” деген тұжырым жасадық.

         Сотқарлау, бірақ жаны таза кейіпкері туралы Бердібек Соқпақбаев былай деген екен (үнтаспа тыңдау) :

         “Алыстан арбалап материалдар тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан, басымнан кешкенді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез- құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.” 

Үйге: Қожа мен Жантасқа салыстырмалы мінездеме жасау.

 

 



Б. Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” хикаяты бойынша тест тапсырмалары:

1. “Қожа, сен көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың” деген кімнің сөзі?

А) Майқанованың  В) Жантастың  С) Жанардың  Д) Оспановтың

2. Қожа Майқанованы ең алғаш қайда кездестіріп еді?

А) мектепте  В) көшеде  С) дүкенде  Д) жиналыста

3. А. С. Пушкиннің “Қысқы кешін” өте жақсы жаттаған оқушы кім?

А) ешкім  В) Жанар  С) Жантас  Д) Қадыров

4. Қожаға әкесін мақтаған қария

А) әжесі  В) Сәйбек  С) Әубәкір  ДӘ Дәуірбаев

5. “Қадыров – түбінде адам болатын бала” деген пікір кімдікі?

А) директордікі  В) Оспановтікі  С) Майқанованікі  Д) Ахметовтікі

6. Қожа: “Адам жанын ол керемет түсінеді”,-   деп кімге баға берді?

А) С. Майқановаға  В) Анфиса Михайловнаға  С) Оспановқа  Д) Ахметовке

7. “Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,

      Жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа”, – деп кім туралы айтады?

А) Жантас  В) Сұлтан  С) Жанар  Д) өзі

8. “О, қасиетіңнен айналайын, қазақ жері. Осының бәрі сенің топырағыңнан өсіп, өнген кереметтер емес пе?!” Осы сөзден Қожа бойындағы қандай қасиетті көруге болады?

А) әділдік  В) патриоттық  С) тәртіптілік  Д) жомарттық

9. Қожа қай команданың капитаны?

А) “Қайрат”  В) “ Динамо”  С) “Ертіс”  Д) “Спартак” 

10. “Масқара! Сұрай қалса, масқара болдым- ау!” деп Қожа неге өкінді?

А) өлең жаттамағанға             В) есеп шығармағанға

С) шығарма жазбағанға          Д) ереже жаттамағанға

11. Оспанов қай пәннен сабақ береді?

А) география  В) қазақ тілі  С) орыс тілі  Д) зоология

12. Қандай сөзді айтқанда Қожаның жүрегі қарс айырылады?

А) әке  В) ана  С) Отан  Д) қазақ

13. “Спартак” “қайраттықтардан” неше болып ұтылды?

А) 7/5    В) 6/6    С) 5/7    Д) 7/6

14. Қай тарау “Бір сәтті кез” деп аталады?

А) 24    В) 4     С) 17    Д) 23

15. Қожаның басы не тәрізді доп- домалақ?

А) доп  В) қарбыз  С) қауын  Д) глобус

16. Хикаят неше тараудан тұрады?

А) 28    В) 30   С) 29    Д) 27

17. Кинофильмде Қожа рөлінде ойнаған кім?

А)  Марат Көкенов                  В)Жүсіп Шамузов

С) Нұрлан Сегізбаев               Д) Бердібек Соқпақбаев

18. Осы кинофильмді түсірген режиссер

А) Абдулла Қарсақбаев          В) Абай Қарпықов

С) Талғат Теменов                  Д) Шәкен Айманов




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
“Т?бі адам болатын бала” (Бердібек Со?па?баев “Мені? атым ?ожа” хикаяты)

Автор: Махатова Зарина Дулат?ызы

Дата: 07.03.2015

Номер свидетельства: 183137


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства