Просмотр содержимого документа
«Көтеріңкі көңіл күй»
Құрметті: Оқушылар және апталыққа қатысушы мұғалімдер! Бүгінгі апталығымыздың ІІ күні «Қарым-қатынас әліппесі.
Мақсаты: Балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату. Адам арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету. Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.Тренингке қатысушыларға айналасындағы адамдармен, қоршаған ортамен қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Қарым-қатынас – бұл əлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани жəне материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғары қажеттіліктердің бірі. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал жəне қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кəсіби, жеке, шығармашылық жəне тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бірбірімен байланысын жəне қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді жəне дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-əрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда мұның барлығы өзге адамдармен ақпарат жəне толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің əрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.М.В. Ломоносов осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын «Ресейлік грамматикада» мынадай пікір айтқан: «...Қандай да бір мəшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда жəне өзіне белгіленген əрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса, олардың болмысы бос əрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының əр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылатын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік ...». Осы пікір арқылы ол кез келген іс-əрекетте қарым-қатынас қаншалықты мəнге ие болатынын ерекшелеген.Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-əрекеттегі бірін-бірі қабылдауы жəне түсінуі; еліктеуі, иландыруы мен сенімі; ұйымшылдық пен қақтығысқа түсушілігі; бірігіп əрекет ету мен тұлғааралық қатынастар сияқты құбылыстарды зерттейтін сала. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан, олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы.
1. «Амандасу» тренингі. Нұсқау: Оқушылар өздерін таныстыру барысында, өздерінің жеке қасиеттерімен таныстырып өту. Мысалы: Меніңатым – Шыңғыс. Мен суре тсалуды, күреске қатысқанды жақсы көремін деп... 2.«Ақ парақ»жаттығуы Мақсаты: ұжымда ауыз бірлікпен жұмыс істеуге бағыттау. Екі оқушыдан отырғызып, бір параққа суре салу арқылы олардың қарым-қатынасын, мінезін анықтау. Кері байланыс жасау. Сурет салу оңай болдыма? Кім кедергі болды? Өзіңді қаншалықты сенімді болдың? 3.«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. Жаттығу шарты: Қобдишадан әрқатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Рефлексия: сонымен, қоршаған ортада осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке – жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
4. «Өзіңді тереңірек тани біл!» сурет терапиясы тақырыбында берілген сөздерді қатыстырып сурет салу ұсынылады: күн, тау, үй, ағаш, қапшық ,жол сақина ,гүл , жылан. Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты , батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш ,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй- суретте ағаш үй салынса , арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса ,ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын ,өсек құмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды.Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.
Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса , байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық Қапшық жерде жатса жалқау ,түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
Жол- үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса , тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа ,айналасына тарататын адам.
Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды ,қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды . Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын болса, қуаныш , той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.
Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс ,егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
Қорытынды: Адами қарым-қатынастағы игі әрекеттердің бірі-тіл табысу және өзара түсінісу болып табылады. Қолдан келгенше кикілжіңді болдырмауға әрекеттенген дұрыс. Тіл табысудың басты кілті-кешірім болып табылады. Өмірде адамдардың ашулану, ызалану сезімін тудыратын жағдаяттар болып жатады. Сол жағдаяттар өзара қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соғады. Оларды мәдениет тұрғысынан шешкен абзал. Сондықтан да қарым-қатынасымызды жақсы болу үшін алдымен өзіңізден бастаңыз! Сонымен «қарым-қатынас» атты психологиялық апталығымыз тәмамдады.