kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Жиі кездесетін тіс аурулары"

Нажмите, чтобы узнать подробности

   Сырқаттың пайда болуына ауыз кусында ұялаған микробтар мен тіс тасы себеп болады. Тіс тасы қызыл иек пен тістің арасында қызыл иек қалтасының түзілуіне көмектеседі. «Қалтада» микробтар жиналып, тіс шетіндегі қызыл иекті қабындырады, сонымен қатар тіс беттерінде тас жиналады, тіс шөгінділері, қақтар пайда болады. Парадонтоз ауырмай, біртіндеп дами отырып тістің босауына әкеледі. Тіс тіпті үстінгі ерінді көтере өз орындарынан алға жылжып кетеді, тіс түбі ашылып, тіс босап түсе бастайды.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Жиі кездесетін тіс аурулары"»

Жиі кездесетін тіс аурулары


  1. Тақырыбына қарап, мәтіннің қандай сырқатттар жайында екеніне болжам жасаңыз.

  2. Мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?

  3. Өзіңіздің болжамыңыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін мәтіннің 1 – бөлігін оқып шығыңыз.


... өте кең тараған ауру, халық арасында «қанжел» деп аталған. Бұл аурумен жер шары тұрғындарының жартысынан көбі ауырады, көбінесе орта және егде жастағы адамдар зардап шегеді.

Аурудың атауы «пара» айнала , «одонт» - тіс деген латын сөзінен шыққан. Ол тісті қоршаған тіндердің ауруы дегенді білдіреді.

Сырқаттың пайда болуына ауыз кусында ұялаған микробтар мен тіс тасы себеп болады. Тіс тасы қызыл иек пен тістің арасында қызыл иек қалтасының түзілуіне көмектеседі. «Қалтада» микробтар жиналып, тіс шетіндегі қызыл иекті қабындырады, сонымен қатар тіс беттерінде тас жиналады, тіс шөгінділері, қақтар пайда болады. Парадонтоз ауырмай, біртіндеп дами отырып тістің босауына әкеледі. Тіс тіпті үстінгі ерінді көтере өз орындарынан алға жылжып кетеді, тіс түбі ашылып, тіс босап түсе бастайды.

Бұл сырқаттан ойдағыдай сауығу үшін ертерек тіс дәрігеріне көрінген жөн. Ауырған адам дер кезінде дәрігерге көрініп емделсе, тез сауығып кетеді. Ол үшін тісті үнемі тазалатып, тіске жиналған тасты алдырту керек. Тек жүелі және табанды ем арқылы ауруды тоқтатуға болады.

Парадонтоз кезінде тіс тасын тазарту қажет және қызыл иекке массаж жасау, дәрілер, физиотерапия арқылы емдеу керек. Ас құрамына витамині мол тамақтар енгізу қажет. Сондай – ақ, осы ауруға себепкер болған басқа ауруларды да емдеу қажет. Мұндай кезде тері астына, бұлшық етке алой, В1,В6,В12 витаминдерін егу пайдалы, адамның жүйке жүйесін нығайтатын – ұйқы, тынығу, дене шынықтырумен айналасу да көп әсер етеді. Егер ауру асқынып кетсе, онда бұл босаған тісті жұлдырып тастау керек. Кейбір адамдар жоғалған тіс орнына протез қоюға болады деп тістерін емдетпейді, бірақ тіпті ең керемет протездің өзі адамның өз тісіне жетпейді.

Бұл аурудың алдын алу үшін тамақтан соң тісті жақсылап тазартып, тіс арасында ас – қалдықтарының қалмауын қадағалау қажет.


  1. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Өте кең тараған, егде, зардап шегу, тістің босауы, жүйелі, табанды, нығайту, ұйқы, ойдағыдай, біртіндеп, дер кезінде, сауығу, тер асты, орындарынан алға жылжып кету, жүйке жүйесін нығайтатың, дене шынықтырумен айналасу, тісті жұлдыру.


  1. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

ұялаған – гнездящиеся

қызыл иек қалтасы – десневой карман

босау – расшататься

тіс шөгінділері – зубные отлажения

қақтар – налеты

бұлшық ет – мышцы

егу - прививка

асқыну – обострение

қадағалау – следить


  1. Сол бағандағы етістіктер мен оң бағандағы керекті сөздерден сөз тіркесін жасаңыз.

Еңгізу (не?) ойдағыдай

Көмектесу (неге?) қалтаның түзілуіне

Жиналу (қайда?) витаминді тамақтар

Тазарту (нені?) қызыл иек қалтасында

Сауығу (қалай?) алға

Жылжу (қайда?) тіс тасын


  1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Парадонтоз қандай ауру?

Аурудың атауы нені білдіреді?

Аурудың пайда болуына не себеп болады?

Парадонтоз қалай дамиды?

Парадонтозды қалай емдейді?

Ас құрамы тіс ауруына әсер ете ме?


  1. Мәтіннің екінші бөлігін (жалғасын) оқыңыз.

Альвеолит – бұл тіс ұяшығының қабынуы. Тісті жұлу кезінде ұяшыққа инфекцияның түсуі ұяшықтың жарақаттануына себеп болады. Ауру тісті жұлған соң 3 – 4 күннен кейін басталады. Науқастың тіс ұяшығы үнемі сыздап аурады, қызуы көтеріледі. Ауру сезімі аналгетиктер ішіп, ыстығын түсірсе де басылмайды. Тексеру барысында ұяшықта нашар иісті, сұр түсті, шіріген ұйыған қан, кейде тамақ қалдықтары бар екені анықталады, қоршаған қызыл иектің қызарғаны, ісінгені байқалады, тісті басқанда ауру сезімі күшейеді.


  1. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріңіз.

Тіс ұяшығының қабынуы, тісті жұлу кезінде, ұяшыққа инфекцияның түсуі, ұяшықтың жарақаттануы, тіс ұяшығы үнемі сыздап аурады, қызыл иектің қызарғаны, ауру сезімі, басқанда ауру сезімі күшеюі, тамақ қалдықтары, ертіңді, жансыздандыру жасалу, жылы ерітіңділерімен жуу, жаңадан қан ұйығы, жаңадан қан ұйығы түзілу.


  1. Мәтінде кездескен төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің аудармасын еске сақтаңыз.

тіс ұяшығы – альвеола зуба

үнемі – постоянно

ұйыған қан – сгусток крови

шіріген – гнилой

жаңсыздандыру – обезболивания

жергілікті – местный

тексеру барысында – в результате проверки


  1. Төмендегі берілген мағынасы жақын сөздерді есіңізге сақтаңыз.

тісті жұлу – тісті суыру – тісті алу

жарақаттану – жаралану – зақымдану

үнемі – ылғи – ұдайы

қызу көтеріледі – қызуы жоғарылайды

ауру басылмайды – ауру қоймайды

тексеру кезінде – тексеру барысында

түзілу – пайда болу


  1. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Альвеолит дегеніміз не?

Альвеолит не себептен болады?

Ауру қашан басталады?

Науқастың қай жері ауырады?

Тексеру барысында не анықталады?

Қалай емдейді?

Үйде істеуге не тағайындалады?

Альвеолит кезінде науқасты неден босатады?


  1. Асты сызылған сөздердің синонимін тауып, орнына қойыңыз.

  • Ауру тісті жұлған соң 3 – 4 күннен кейін басталады.

  • Ауру сезімі аналгетиктер ішіп, ыстығын түсірсе де басылмайды.

  • Тексеру барысында ұяшықта нашар иісті, тамақ қалдықтары бар екені анықталады.

  • Содан кейін ұяшықта жаңадан қан ұйығы түзіледі.

  • Науқастың тіс ұяшығы үнемі сыздап аурады.

  • Үйде ауыз шаюға ас содасынан ванналар тағайындалады.


  1. Мәтіннен сын есім мен зат есімнің тіркесін тауып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Мысалы: жүйелі ем. Мұндағы сын есім зат есімге – лі жұрнағы арқылы жасалған.


  1. Төмендегі берілген дәрігердің сұрақтарына науқастың жауабын әзірлеңіз (парадонтоз ауруы бойынша).

  • Аурудың басталғанын қашан байқадыңыз?

  • ... .

  • Тісіңіздің қызыл еті ауыра ма?

  • ... .

  • Босаған тістеріңіз бар ма?

  • ... .

  • Қашаннан бері босай басталды?

  • ... .

  • Тістеріңіз қанай ма?

  • ... .

  • Тістеріңіз суық ауадан ауыра ма?

  • ... .

  • Себебі тістеріңіздің түбі ашылған, сондықтан суық ауа әсер етеді. Сіздің тісіңіздің ауруы – пародонтоз. Оны ұзақ уақыт емдейді.

  • ... .?

  • 20 күндей.

  • ... .







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Прочее

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Жиі кездесетін тіс аурулары"

Автор: Серікова Нұржауған Әбідсейтқызы

Дата: 04.02.2019

Номер свидетельства: 498309

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Ж?рек ?ан тамырлар ж?йесіні? аурулары "
    ["seo_title"] => string(42) "zhuriek-k-an-tamyrlar-zhuiiesinin-aurulary"
    ["file_id"] => string(6) "212061"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431743437"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(62) "Саба?ты? та?ырыбы "Адам генетикасы""
    ["seo_title"] => string(33) "sabaktyntakyrybyadamghienietikasy"
    ["file_id"] => string(6) "276983"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1452822634"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "Ж?рек ж?не ?ан тамырлар ж?мысыны? гуморальды? реттелуі."
    ["seo_title"] => string(64) "zhuriek-zh-nie-k-an-tamyrlar-zhu-mysynyn-ghumoral-dyk-riettielui"
    ["file_id"] => string(6) "252876"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1447483767"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "Адам генетикасы "
    ["seo_title"] => string(18) "adam-ghienietikasy"
    ["file_id"] => string(6) "166726"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422983952"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(26) "зиянды заттар "
    ["seo_title"] => string(14) "ziiandy-zattar"
    ["file_id"] => string(6) "178838"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1424885007"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства