Психологиялық ахуал тудыру 2 мин Білу 7 мин Түсіну 5 мин Қолдану 8 мин Талдау 5-7 мин Жинақтау 10 мин Рефлексия 2 мин Үй тапсырмасы 1мин | Жасырылған сазсырнай, домбыра, жетіген суреттері арқылы топқа бөлемін. Оқулықтағы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын оқуды ұсынамын. Әр топ алдын ала әңгімені оқып келгендіктен, бір-біріне сұрақтар 2 сұрақтан қойыңдар деген тапсырма беремін. Жоғары деңгейлі сұрақ қойған оқушыға жұлдыз ұсынамын. Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар? Бір-бірімен қарым-қатынасы қандай? Оқиға барысына, оның дамуына қандай қатынасы бар? Қала жастарына сипаттама беріңдер. Интернеттен прототип туралы түсінік алуларын тапсырмамын. Әңгімедегі Әмірқан прототипі кім деп ойлайсыңдар? Әңгімеге композициялық талдау жасатамын. Бүгін сабақта сендерге не ұнады? Жазушы орнында болсаң әңгімені қалай аяқтар едің? | Үш топқа бөлінеді Топтар оқулықта берілген берілген жазушы туралы мәліметті оқиды. Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Сұрақтарға жауап береді. Прототип (грек. prototypon – түп, төркін бейне) – әдебиет шығарасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын, өмірде болған адам, яғни өмірде бар бастапқы, түпкі тұлға. Әмірқан прототипі Әміре Қашаубаев екендігін анықтайды. І топ Тақырыбы: Жазушы Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Идеясы: Әншінің ән өнеріне деген ІІ топ Оқиғаның басталуы: Жетішатыр қаласының тұрмыс-тіршілігі. Оқиғаның дамуы: Қымыз ішкен жастардың Әмірқанмен кездесуі. Шиеленісуі: Наурыз мерекесі. Әмірқан – театр сахнасында. Шарықтау шегі: Әмірқан басынан кешірген оқиға. Шешімі: Ән тәңірісінің құдіретті әні. ІІІ топ. Әңгімеде қазақ халқының қандай салт-дәстүрі суреттелгенін анықтайды. Шығармадан тұрақты тіркестерді, теңеулерді табады. Стикерге жазып қалдырады. |